Дәріс. Қатты жанғыш қазбаларды талдау. Көмір құрылымын зерттеудің қазіргі заманғы әдістері.
Отын - табиғи немесе жасанды жанатын қабілеті бар, энергия көзі болып және өндірістерде, бірінші қатарда химиялық өндірістерге шикізат болып есептелінетін зат. Барлық отындар агрегаттық күйіне байланысты: қатты, сұйық және газ күйіндегі болып 3 топқа бөлінеді. Тегіне байланысты табиғи және жасанды болып екі түрге бөлінеді. Жасанды отындар табиғи заттарды өңдеу нәтижесінде алынады(3-кесте).
3-кесте: ОТЫННЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Агрегаттық күйі | Тегі | |
Табиғи отын | Жасанды отын | |
Қатты | Ағаш, шымтезек, қоңыр көмір, тас көмір, жанатын тақтатастар | Жартылай кокс, ағаш көмір, кокс |
Сұйық | Мұнай | Бензин, керосин, лигроин, соляр майы, газойль, мазут, тас көмір қара майы және олардың фракциялары |
Газ | Табиғи газ, мұнай өндірісіндегі жолай газдары | Кокс газы, жартылай кокс газы, генератор газдары, мұнай өңдегендегі газдар және т.б. |
Отынның маңызы ерекше, ол өнеркәсіптің қай саласында болмасын, ауыл шаруашылығында, күнделікті үй шаруашылығында шешуші орын алады. Отынның сапасы: оның жылу шығару мүмкіншілігі мен және ұшқыш заттардың бөлініп шығуымен анықталады. Отынның қызу шығару мүмкіншілігі дегеніміз 1 кг (газ болса (м3) отынды жаққанда бөлініп шығатын жылу мөлшері.
Қатты және сұйық отындар құрамында органикалық масса (С, Н, О ) және минералдық бейорганикалық қоспалар болады. Органикалық масса құрамында тағы да N, S және элементтер болады. Қатты отын жанғанда минералдық заттар көбінесе металдар оксидтері түрінде күлге айналады. Қатты отын жанғанда сульфидтер және құрамында күкірт бар органикалық қоспалар күкірт диоксидін түзіп, газ күйіне айналады да, сульфат құрамындағы күкірт күл құрамында қалады.
Отынның элементтік құрамын мынадай түрде көрсетуге болады: С+Н+О+N+S+W+Z; W - ылғалдық мөлшері %; Z - күлдің мөлшері %.
Отын құрамында көміртек пен сутек неғұрлым көп болса, сол отынның жылу бергіштік қабілеті жоғары болады.
Кестеде кейбір отындардың құрам мөлшері мен жылу бергіштігі келтірілген(4-кесте).
4-кесте: Отынның құрамы
Отын | Органикалық масса, % | Ылғалдық % | Күл % | S % | Ұшқыш зат шығы-мы % | Жағу жылуы МДж/кг | Тығыз- дығы кг\дм | Энергия сыйым- дылығы м\т | |||
С | Н | O+N | |||||||||
Торф (шымтезек) | 4,5 | 0,4 | 0,5 | 4,0 | |||||||
Қоңыр көмір | 5,5 | 24,5 | 4,0 | 2-3 | 45-55 | 1,3 | 3,0 | ||||
Тас көмір | 5,0 | 13,0 | 3-8 | 6,0 | 2-6 | 8-50 | 1,5 | 1,3 | |||
Антрацит | 2,0 | 3,0 | 1-1,5 | 6,0 | 1-2 | 8-0 | 1,3 | 1,1 | |||
Жанғыш тақтатастар | 10,0 | 10-15 | 30-60 | 1,5-11 | 30-65 | 25-34 | - | 2,9 | |||
Мұнай | 83-87 | 12-14 | 0,2-0,3 | - | 0,1-0,5 | 1-70 | - | 0,9 | 0,8 |
Қазақстанның жер қойнауы әр түрлі отындарға бай. Қазақстанда көмірдің әлемдік өнеркәсіптік қорының 3,3% шоғырланған. Көмір өндіру көлемі бойынша әлемде 8 орында, ал ТМД елдерінде 3 орын алады. Қазақстанда геологиялық қоры 176,7 млрд.т.болатын 100 көмір кен орындары бар, оның ішінде өнеркәсіптік қоры 34,1 млрд.т. болатын 40 кен орындары толық зерттелген.Көмірдің баланстық қоры (1993 жылғы есеп бойынша) 38,63 млрд.т. бағаланды. Қазақстан территориясында көмір қорларының орналасауы(5-кесте).
5- кесте: Қазақстанда көмір қорының таралу құрылымы
Аймақтар | Геологиялық қоры, млрд.т. | Баланстық қоры, млрд.т. |
Шығыс Қазақстан | 4,5 | 3,04 |
Батыс Қазақстан | 2,9 | 1,79 |
Солтүстік Қазақстан | 81,8 | 18,52 |
Орталық Қазақстан | 54,5 | 14,8 |
Оңтүстік Қазақстан | 33,0 | 0,48 |
Барлығы | 176,7 | 38,63 |
Қазақстандағы барлық көмірлер екі категорияға бөлінеді: тас және қоңыр. Жалпы баланстық қордың негізгі бөлігін тас көмірлер (24,3 млрд.т.), оның ішінде 6,1 млрд.т. кокстелуге жарамды.Сондықтан Қазақстан жалпы өндірілетін көмірдің 20% және кокстелінетін көмірдің 16% ТМД елдеріне экспорттайды.Отандық баланстық көмір қорының құрылымы келесі кестеде берілген(6- кесте).
6- кесте: Баланстық көмір қорының құрылымы
Көмір түрі | Баланстық қоры, млрд.т. | Оның ішінде | |
А+В+ | |||
Қоңыр көмір | 14,33 | 12,39 | 1,94 |
Тас көмір | 24,30 | 21,75 | 2,55 |
Кокстелінетін | 6,12 | 5,82 | 0,31 |
Барлығы | 38,63 | 34,14 | 4,49 |
Кокстелінетін тас көмірлер негізінен Қарағанды бассейнінде өндіріледі, оның бассейн бойынша үлесі 55%. Қоңыр көмірлер негізінен Солтүстік Қазақстанда (Торғай, Майкөбен кен орындары) шоғырланған. Республика бойынша ашық әдіспен өндірілетін көмірдің қоры жылына 400 млрд.т. бағаланады. Ашық әдіспен өндірілетін көмірдің өнеркәсіптік қоры 21 млрд.т. құрайды, ол негізінен Екібастұзда(51%), Торғайда(26.4%), Майкөбенде (8.8%), Шұбаркөлде(7%) шоғырланған. Ашық әдіспен өндірілетін көлем бойынша көмірдің қоры Қазақстанға 200 жылға жетуі мүмкін. Ашық әдіспен көмірді өндіру жер астында өндірумен салыстырғанда 3-5 есе арзан.
Дата добавления: 2015-10-26; просмотров: 4665;