ТЕСТ ЖАСАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ: САТЫЛЫ ТЕСТ

Қазақстан Республикасында студенттер мен оқушылардың білім деңгейін, оны меңгеруін т.б. көрсеткіштерді тест тапсырмалары арқылы анықтау кең тарған педагогикалық әдіс. Тест жүйесін білім беру процесіне ендіру күрделі педагогикалық проблемалар қатарына жатады. В.С.Аванесов өзінің «Теоретические основы разработки заданий в тестовой форме» атты еңбегінде тест тапсырмаларын дайындауды үлкен шығармашылық өнерге балайды және тест тапсырмаларын 5 түрде дайындаудың технологиясын ұсынған [1].

Қазіргі кезеңде осы ұсынылған әдістердің ішінен білім беру саласында ең көп қолданылатыны «5 жауапты тапсырма» немесе «5 жауаптың бірін таңда» технологиясы бойынша дайындалатын тест болып отыр, мұндай тест тапсырмалары ЖОО, орта мектептерде, Ұлттық Біріңғай Тест орталығында(ҰБТ) т.б. кеңінен қолданылуда. Менің ойымша, мұндай әдіспен дайындалған тест тапсырмалары студенттердің, орта мектеп оқушыларының білім деңгейін анықтай алмайды, олар көпшіліктің ішінен білім деңгейі алдын ала белгіленген межеге сәйкес келетін студентерді, оқушыларды таңдайды, яғни студенттің немесе оқушының шын білім деңгейі анықталмайды.

Жалпы тесті қолдану арқылы біз студенттің (оқушының)белгілі тақырыпты, тарауды немесе пәнді:

· жүйелітүрде,толықмеңгеру дәрежесін,

· тапсырмаларды орындауы барысындағы студенттің(оқушының)логикалық ойлау қаблетін,

· оны іске асырудағы іс әрекетін,

· меңгерген теориялықбілімі менпрактикалық дағдыларын және әдістерінпайдала алуын бағалаймыз.

Әзірше «5 жауаптың бірін таңда» технологиясы бойынша дайындалған тест тапсырмалары арқылы мұндай көрсеткіштерді жүйелі түрде анықтау мүмкін болмай отыр. Біздің зерттеулеріміз аталған кемшіліктердің пайда болуының ең басты себебі ретінде тесті дайындау технологиясы екендігін анықтады, яғни аталған кемшіліктерден арылу үшін тест тапсырмаларын дайындауды өзгертіп жаңа технологиялық іс әрекеттерге көшу қажет.

Тест қабылдау кезінде кездесетін кейбір кемшіліктердің пайда болу механизмін қарастырайық және оларды жою жолдарын көрсетейік. Жоғары оқу орыны немесе орта мектепоқытушысының студенттің немесе мектеп оқушысының білімін ауызша бағалауын қарастырайық. Студенттің немесе оқушының берілген тапсырманы немесе тақырыпты меңгергенін анықтау үшін оқытушы оған белгілі жүйемен сұрақтар қояды. Мысалы, тақырыпта қаралатын құбылыстың теориялықнегізін, одан туындайтын заңдылықтар мен оны сипаттайтын өрнектерді және оларды қолдануды, т.б. Осы мәліметтерге толығымен жауап алынған соң ғана оқытушы студенттің берген жауабына сәйкес білімін бағалайды.

Ал тест қабылдауда білімнің осындай жүйелілік принципі сақталмай отыр. Оның бірнеше себептері бар:

· тақырып бойынша белгілі бір жүйемен құрастырылған тест сұрақтары жеке-жеке варианттарға бөлінеді, ал компьютер ол тапсырмаларды араластырып, тест тапсыратын студентке(оқушыға) оның бір немесе бірнеше сұрағын ғана ұсынады, студенттің(оқушының) берген жауабы толық болмағандықтан оның тақырыпты қаншалықты терең меңгергенін анықтай алмаймыз.

· қазіргі тест дайындау технологиясы берілген жауаптың жүйелілігін қамтамасыз ете алмайды.

Осы кезге дейін тест қабылдауда шешімін таппай келе жатқан тағы бір күрделі мәселе студенттің тест тапсырмасын орындауда қолданған теориялық мәліметтерін мен практикалық іс әрекетін арасындағы байланыстың бар жоқтығын немесе оны қолдану деңгейін анықтау, яғни студенттің(оқушының) берілген тапсырманы орындаудағы логикалық ойлау қаблетін тест тапсырмалары арқылы анықтаудың мүмкін болмай отырғандығы. Мысалы, талапкер тест тапсырмасында берілген есептің жауабын дәл анықтады делік, осы шаманы анықтауда ол қандай теориялық мәліметтерге немесе заңдылықтарға сүйенді және қандай практикалық іс әрекет жасады, қазіргі қолданыстағы тест тапсырмалары арқылы оны бақылау немесе анықтау мүмкін емес.

Тест тапсырмаларының жауабын кездейсоқ дәл анықтаудың мүмкіндігі жоғары, ол 20 пайызға тең. Бұл 100 сұрақтың 20-нің жауабын кездейсоқ дәл анықтай алауы мүмкін деген сөз.

Тест тапсырмаларын дайындауда кездесетін күрделі проблемалардың бірі ретінде гуманитарлық пәндер (философия, социология, тарих, т.б.) бойынша тест сұрақтарын құрудың қиындығын атауға болады. Бұл пәндердің сұрақтарына жауаптарды бір сөз немесе қысқаша сөйлем түрінде тұжырымдау қиын. Соның әсерінен тақырыптағы негізгі ой бір тест сұрағына симайды, оны бөлшектеуге тура келеді, соның әсерінен бір теориялық тұжырым бірнеше тест түрінде дайындалады, өз кезегінде бұл тапсырмаларды компьютер жеке–жеке тараптып жібереді, нәтижесінде студент жауабы толық болмай, оның аталған теориялық тұжырымды қаншалықты меңгергенін эпизодтық жауаптар арқылы анықтау қиындық келтіреді.

Тест жасаудың біз ұсынып отырған жаңа әдісі бұл проблемаларды жеңіл шешуге, сол арқылы қойылатын сұрақтарды және оған берілетін жауаптарды жүйелі түрде ұйымдастыруға толық мүмкіндік береді.

Ұсынып отырылған жаңа әдіс - сатылы тест деп аталынады. Ол оқытушының студенттен(оқушыдан) сабақ сұрағаны тәріздес, тест сұрақтары бір бірімен тығыз байланысқан сатылар (блоктар) түрінде ұсынылады, соған сәйкес жауаптары да сатылы болып келеді және бір тест тапсырмасына (сұрағына) бір тақырыпты толығымен сиғызуға мүмкіндік береді. Осылайша студенттің(оқушының) тақырыпты толық меңгергенін анықтауға қол жеткіземіз.

Тест сұрағының бірінші сатысындағы жауаптары (дұрысы да, қатесі де) осы тақырыппен байланысқан, қарастырылып отырған құбылысты талдауды одан ары жалғастыратын келесі сұрақпен аяқталады, ал оның жауаптары (дұрысы да, қатесе де) екінші сатыда орналасады, ол өз кезегінде тақырыптағы құбылысты нақтылайтын келесі сұрақпен аяқталады, ал оның жауабы келесі сатыда орналасады, ол да сұрақпен аяқталады, осылайша сатылап «жауап – сұрақ» түрінде тақырып толығымен қамтылады [2].

Студент әр сатыдағы дұрыс жауаптарды бір біріне тіркей отырып қойылған сұрақты толық қанағаттандыратын жауапты құрастырады. Тестің дұрыс жауабы тек жалғыз ғана болады және оны дәл анықтау тақырыпты толығымен меңгерген студенттің ғана қолынан келеді. Мұндай тесте алдын ала дайын жауап шаблоны берілмейді, студент тест тапсырмасына жауапты өзі құрастырады.

Сонымен қатар бұл әдіс, тест сұрағының күрделілігіне (қиындығына) байланысты оны сан түрінде сипаттайтауға мүмкіндік береді. Ол сатылар (блоктар) санына тікелей байланысты болады, саты саны көбейген сайын дұрыс жауапты құру да қиындай береді. Тест қиындығы «n» деген шамаман сипатталады. Егер n=1 болса, онда тест жауабы бірақ сатыдан түратын жауаптардан құралады, оған дәстүрлі «5 жауаптың бірін таңда» технологиясы бойынша құрылған тест жатады, егер n=3 болса, онда тест жауабы 3 сатыдан түратын жауаптардан құралады.

Көп сатылы тестің негізгі артықшылықтары:

· тақырыпты толық меңгерген студент қана тест сұрақтарына дұрыс жауап береді.

· бүкіл тақырыпты бір тест тапсырмасына сиғызуға болады,

· тест нәтижесі арқылы студенттің тақырыпты қаншалықты терең меңгергенін анықтауға болады,

· тест тапсырмасын орындаудағы студенттің іс әрекетін, логикалық ойлау қабілетін бақылауға мүмкіндік береді,

· тест сұрақтарын дайындауға «көнбейтін» қиын пәндер бойынша тест тапсырмаларын дайындауды жеңілдетеді,

· студент тест жауабын өзі құрастырады

· тест тапсырмасының жауабын кездейсоқ анықтау көрсеткіші өте төмен.

Тест жасаудың осыған ұқсас түрлері де кездеседі, оған атақты тестолог В.С.Аванесовтың тізбекті тест жасау әдісін келтіруге болады, бірақ мұндай тест тізбектері бір бірімен қатаң байланыспаған, соның әсерінен тізбектегі бір-екі сұрақтарға қате берілген жауапқа қарамастан қортынды баға оң нәтижелі болуы мүмкін [3,103-108 с].

Тест жасаудың жаңа сатылы әдісінің қазіргі кезеңде кең таралған « 5 жауаптың бірін таңда» әдісінен артықшылығын көрсету үшін бір тақырып бойынша тест тапсырмаларын екі әдісті қатар пайдаланып құрастырайық. Мысал ретінде ойдан құрастырылған тақырыптың мынандай бір фрагментін алайық және студенттің немесе оқушының берілген тақырыпты меңгеру көрсеткіші ретінде мәтінде асты сызылған мәліметтерді білсе жеткілікті деп санайық.








Дата добавления: 2015-09-25; просмотров: 3004;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.01 сек.