ДАТЧИКТЕР.
Диагностикалық мақсаттарда адам ағзасындағы түрлі физиологиялық шамаларды өлшеуге тура келеді. Олардың көбінің табиғаты электірлік болмағандықтан ағзада ешқандай биоэлектірлік өзгерістер тудырмайды. Мысалы тамырдағы қан қысымы, жүрек соғуы, дене температурасы, т.б. физиологиялық факторлар (өзгерістер) жатады. Мұндай шамаларды тіркеу датчик деп аталатын құрал арқылы іске асырылады. Датчик деп электрлік емес шамаларды пропорционалды түрде электрлік сигналдарға айналдыратын құралды атайды. Медициналық датчиктер зерттелінетін ағза мен оны тексеретін, алынған мәліметті тіркейтін құрал арасын байланыстыратын бөлік қызметін атқарады.
Датчикке сырттан әсер ететін, яғни түрлендірлетін (өлшенетін) шаманы Х- кіріс сигналы деп, ал түрлендірілген (өлшенген) шамалардың әсерінен датчикте пайда болған электр сигналын, яғни ток күшін, кернеуді, кедергіні, жиілікті Y- шығыс сигналы деп атайды. Кіріс сигналына қан қысымын, ұлпаның қанға толуын, жүректің соғуы н т.б. физиологиялық мәліметтерді, сондай –ақ химиялық (концентрация, тығыздық), механикалық (орын ауыстыру, жылдамдық) және физикалық (температура, ылғалдылық, жарықталыну, т.б.) шамаларды жатқызуға болады.
Датчиктердің Y- шығыс сигналының Х кіріс сигналына функционалды тәуелділігін Y=f(X), не оның графигін датчиктердің сипаттамалары деп, ал S=dYdX өрнегімен анықталынатын шаманы датчиктің сезгіштігі деп атайды. Сезгіштік шекарасы деп датчик сезе алатын кіріс сигналының ең аз өзгерісін атайды.
Датчиктер генераторлы және параметрлі деген топтарға бөлінеді. Генераторлыға өлшенетін шамалардың әсерінен датчикте электр қозғаушы күш (э.қ.к.) пайда болатындар жатады. Мұндай датчиктерге ток көздерінің қажетті жоқ. Параметрліге - өлшенетін шаманың әсерінен датчик параметрлерінің бірі (оның кедергісі, сиымдылығы, индуктивтілігі, өткізгіштілігі т.б.) өзгеретіндер жатады. Мұндай датчиктер сыртқы ток көздерінсіз жұмыс істей алмайды, әрі олар тізбектей жалғанады.
Дата добавления: 2015-09-25; просмотров: 9144;