Негізгі анықтамалар мен түсініктері. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі этаптары мен жіктелуі. Ғылыми мекемелер және кадрлар.
Жалпы ғылым дегеніміз - табиғат, коғам және ойлау процестерінің объективті заңдылығымен зерттелетін, үздіксіз дамып отыратын білімдер жүйесі. Осы заңдар мен заңдылықтар негізінде өндірістік құм пайда болып, адамзат қоғамының даму процессі орын алады.
Фактілер дегеніміз- жекеленген бір-бірімен логикалық байланысқан заңдылықтарды сипаттайтын белгілі бір жүйеге багынатын мәліметтер. Жалпы фактілерді жинау негізінде және олардың арасында белгілі бір талдау, зерттеу жүргізу арқылы ғылым дамып отырады. Фактілерді жекелеген түсініктердің немесе анықтамалар негізінде топтастырып бір жүеге келтіреді.
Түсініктер немесе анықтамалар - ғылымның аса маңызды құрылымдық мәліметтері болып табылады. Кеңінен қолданылатын түсініктер мен анықтамалар категориялар деп аталады. Ғылыми білімдердің аса маңызды түрлерінің бірі постулаттар мен аксиомалар.
Постулаттар ғылымның белгілі бір саласының бастапқы жағдайы болып табылады және осы саладағы білімдерді жинақтаудың бастапқы формасы болып есептеледі.
Ғылыми білімдердің ішіндегі аса маңыздысы болып есептеледі. Ғылыми заңдар табиғаттағы, коғамдағы және ойлау процессіндегі аса маңызды тұрақты және қайталанып отыратын ішкі байланыстарды сипаттайды. Ғылыми заңдар- түсініктер мен категориялардың белгілі бір қатынасы негізінде құралады. Ғылыми білімдерді топтастырудың және бір жүйеге келтірудің ең жоғарғы деңгейі болып теория болып табылады.
Теория дегеніміз- ғылыми принциптер мен әдістерді жалпыланған тәжірибе негізінде сипаттайтын және соның арқасында табиғаттағы, қоғамдағы және ойлау процессіндегі процестер мен құбылыстарды түсінуге мүмкіндік беретін ілімдер жүйесі. Ғылымның үздіксіз дамып отыруы зерттеу әдістеріне тікелей байланысты.
Зерттеу әдістері дегеніміз- белгілі бір кұбылыстарды немесе процесті практикалық іске асыру немесе теориялық зерттеудің арнайы әдісі. Зерттеу әдістері табиғаттағы, коғамдағы жэне ойлау процестегі объективті заңдар мен заңдлылықтарды ашудың негізгі кұралы. Зерттеу әдістері негізінде, индукция мен дедукцияның анализ бен синтездеудің теориялық және тәжірибелік зерттеудің қажетті орындары анықталады.
Ғылыми зерттеу дегеніміз- ғылыми әдістердің көмегімен кұбылыстар мен процестерді зерттеу, оларға әр түрлі факторлардың әсер етуін анықтау және осының негізінде ғылым мен тәжірибеге кажетгі дәлелденген шешімдер кабылдау. Ғылыми зерттеудің негізгі максаты белгілі объектінің ішкі күрылымын, қасиеттерін және байланысын ғылыми тәжірибеде қолданылатын принциптер мен заңдар негізінде талдау, зерттеу және осының арқасында Ғылыми зерттеу методологиясы негізделеді.
Методология дегеніміз- ғылыми зерттеу барысында колданылатын әдістердің жиынтығы. Жалпы айтқанда методология ғылыми зерттеу мәселесін шешудің басты жоспары және негізгі шешу жолдары. Ғылыми зерттеу барысында көп жағдайда танымдық мәселелері шешуге тура келеді. Танымдық мәселелердің ішінде эмпирикалық және теориялық мәселелер орын алады.
Эмпирикалық мәселелер зерттеліп жататын құбылыстар мен процестердін әр түрлі факторлардың зерттеу үшін нақты сипаттарға және толық зерттеулерге бағытталады. Ғылыми зерттеу барысында эмпирикалық мәселелер екі жолмен шешіледі: байқау және эксперимент.
Байқау дегеніміз- объектінін ішкі кұрылымында араласпайтын зерттеу әдісі. Байқау барысында оның сыртқы өзгерістері зерттеледі.
Эксперимент дегеніміз- жалпыланған эмпирикалық танымдық зерттеу әдісі эксперимент барысында сыртқы байқау мен өлшеулерден баска объектінің ішкі кұрылымында орын алмастыру арқылы бір фактордың екінші факторға әсер етуін зерттейді.
Теориялық мәселелер объектінің ішкі құрылымдарын, қасиеттерін, ғылыми принциптер мен таным әдістері арқылы зерттей отырып, оған тиісті тәуелділіктерді және заңдылықтарды анықтау болып табылады. Әдетте, теориялық мәселелері кейінгі сатыда эмпирикалық әдістермен тексеруге мүмкін болатындай етіп құрастырады.
Ғылыми зерттеу әр түрлі сипаттары бойынша жіктеледі:
1. Қоғамдык өндіріспен байланысы бойынша:
а) жаңа процестерді, машиналарды және конструкцияларды құрастыру;
б) өндірістің жалпы тиімділігін арттыру;
в) өндірістік орындарды жақсартуға және өндірісті ұйымдастыруды жақсарту;
г) қоғамдық гуманитарлық және басқа ғылыми салалардағы теориялық жұмыстары;
2. Ғылыми зерттеу жұмысының ауыл-шаруашьшығына қажеттілік деңгейі бойынша:
а) мемлекеттік тапсырыс бойынша орындалатын аса маңызды жұмыстар;
б) жекеленген министрліктер мен ведомствалардың тапсырысы;
в) жеке ғылыми мекемелердің өз иницативасы негізінде орындалатын жұмыстар;
3. Қаржыландыру көздеріне байланысты ғылыми зерттеу жұмыстары:
а) мемлекеттік бюджеттік жұмыстары. Мемлекетік бюджеттен қаржы
б) шаруашылық келісім шарт негізгі жұмыстар, тапсырыс беретін мекеменің қаржыландыруы негізінде жүргізіледі
в) мемлекеттік немесе шетелдік қорлардың қаржыландыруы негізінде жүргізілетін жұмыстар
Орындалу ұзақтығына байланысты ғылыми зерттеу жұмыстары ұзақ мерзімдік және қысқа мерзімдік болып екіге бөлінеді. Ұзақ мерзімдіккоғамға кажетті нәтижелер алу.
жұмыстар бірнеше жыл ішінде орындалады, қысқа мерзімдік жұмыстар бір- екі жылда орындалады.
5. Мақсаттық арнаулы бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары үш бағытта жүргізіледі:
а) теориялық
б) қолданбалы
в) құралмалы
Теориялық зерттеулер-жаңа ғылыми принциптерді құрастыруға арналған іргелі зерттеулер болып табылады.
Қолданбалы зерттеулер- жаңа әдістер кұрастыру арқылы жабдықтардың, машиналардың, өнімдердің, технологиялардың жаңа түрлерін кұрастыруға арналған. Құрастырудың негізгі мақсаты зерттеу барысында алынған нәтижелер негізінде техникалық құралдар мен технологияларды құрастыру болып табылады. Құрастырулар тәжірибелік, конструкциялық бөлімдерде құрастырылады және бұл теориялық және қолданбалы зерттеудің нәтижесі өндірістің негізгі сатысы болып есептелінеді.
Теориялық және ғылымдық зерттеу жұмыстары алты сатыдан тұрады:
1. Тақырыпты тұжырымдау, бұл сатыда жалпы көтерілген мәселемен танысу қажетті әдебиеттерді таңдау, аса маңызды бағытгарды топтастыру, зерттеудің тақырыбын белгілеу, қысқаша жоспарын құрастыру, техникалық тапсырманы құрастыру, күнтізбелік жоспарды және алдын ала күтілетін экономикалық тиімділікті есептеу секілді жұмыстар атқарылады.
2. Ғылыми зерттеудің мақсат мәселелерін тұжырымдау бұл сатыда зерттеу барысында қажет болатын ғылыми техникалық әдебиеттің библиографиялық тізімі құрастырылады, осы тақырып бағытында жүргізілген басқа мекемелердің ғылыми-техникалық есептеріне шолу жасалынды, тақырып бойынша реферат құрастылады. Әрбір талданған ақпарат көзіне өзіндік қорытындылар шығарылады және жалпы ақпаратты өңдеу негізінде атқарылатын ғылыми зерттеу жұмысының негізгі мақсаты белгіленіп, осы мақсатқа жету үшін орындалуы қажетгі мәселелер тізімі белгіленеді.
3. Теориялық зерттеу барысында зерттелетін нысанның физикалык маңызы анықталады. Зерттеу бойынша гипотеза тұжырымдалып, қажетті физикалық модель таңдап алынады. Физикалық модель негізінде математикалық модель құрастырылады. Алынған модельдерді теориялық талдау жасалынады.
4. Эксперименттік зерттеулер бұл сатыда алдымен орындалатын эксперименттік мақсат сипаттамасы белгіленеді, эксперименттің жоспары құрастырылады, экспериментті жүргізу бағдарламасының әдістемесі құрастырылады өлшеу құралдары таңдап алынады, қажетті жағдайда эксперимент жүргізілетін құралдардың конструкциясы таңдап алынып құрастырылады. Өлшеу әдістеріне негіздеме жасалынады, зертханада тәжірибелік алаңдарда, зауыттарда эксперимент жүргізіледі.
Эксперименттін нәтижелері өңделеді:
Ғылыми зерттеудің нәтижесін талдау және өңдеу. Бұл сатыда теориялық эксперименттік зерттеудің нәтижесіне жалпы талдау жасалынады. Эксперимент нәтижені теориямен салыстырады, эксперимент пен теория арасындағы алшақтық анықталады, экспериментті қосымша жүргізу қажеттілігі анықталады, гипотеза толығымен теорияға айналдырылады, ғылыми және өндірістік қорытындылар шығарылып, ғылыми техникалық есеп кұрастырылады, есепке басқа мекемеден лицензия алынады. Ғылыми есеп негізінде баяңдама құрастырылады.
6. Зерттеулердің нәтижесі өндіріске еңгізіліп, экономикалық тиімділік анықталады.
Құрастыру жұмыстары ғылыми зерттеу жұмыстарының соңғы бөлігі болып табылады, бұл бөлімде негізінен тәжірибенің конструкторлық жұмыстары атқарылады.
Құрастыру жеті сатыдан тұрады:
Бірінші сатыда- тақырыпты тұжырымдау құрастыру жұмысының мақсат мінездемесін белгілеу;
Екінші сатыда- әдебиеттерді талдау қажетті жағдайда зерттеулер жүргізу және эксперименттік үлгіні технологиялық жобалауға дайындау;
Үшінші сатыда- технологиялық жобалау, техникалық жобаның әртүрлі нұскауларын құрастыру, техникалық есептерді орындау, техникалық сызбаларды дайындау, жекеленген тораптармен блоктарды дайындау олардың жұмыс істеуін тексеру технологиялық жобаның қажетті вариантын таңдап алу және оны бекіту, жобаға техникалық экономикалық негіздеме жасау;
Төртінші сатыда- жұмыстық жоба кұрастыру, жобанын барлық бөлшектерін қ құрастыру негізінде жұмыстық жобаны дайындау;
Бесінші сатыда- тәжірибе үлгісін дайындау, технологиялық құжаттарды талдау және тексеру, технологиялық процестерді жобалау, жұмысты ұйымдастыру жобасын құрастыру тәжірибелік үлгінің жекелеген бөлшектерін тораптарын дайындап, оларды жинақтау, тәжірибелік үлгіні сынақтан өткізу;
Алтыншы сатыда- тәжірбиелік үлгіні жетілдіру, өндірістік сынақ негізінде тәжірибе үлгісінің жұмыс істеуіне толық талдау жасау, қажетті жағдайда бөлшектерді қайта дайындап жетілдіру;
Жетінші сатыда- тәжірибе үлгісін мемлекеттік сынақтан өткізу. Тәжірибе үлгісін мемлекеттік сынақтан өту үшін арнайы комиссияға тапсырылады
Дәріс №2. Тақырыпты таңдау, ғылыми зерттеу жұмысының мақсаттары мен тапсырмаларды қою. Ғылыми зерттеу тақырыптарын таңдау және бағалау әдістері. Ғылыми-техникалық ақпарат.
Ғылыми зерттеу жұмыстары барысында ғылыми бағыт, ғылыми мәселе және ғылыми тақырып деген мәселелер орын алады.
Ғылыми бағыт деп белгілі бір іргелі теориялық эксперименттік мэселенің шешуге арналған ғылымның жеке саласының белгілі бір ғылыми топтың атқаратын зерттеу жұмысының жиынтығы. Жекеленген ғылыми топтар үшін олардың ғылыми жұмыстарының тиімділігі ғылыми бағытта дұрыс таңдап тікелей байланысты болады. Ғылыми бағыттардың құрылымдық бірліктері ретінде кешенді мәселелер, жеке мәселелер тақырыптар және сұрақтар есептелінеді. Кешенді мәселе бірнеше жекеленген мәселелермен құралады.
Жеке мәселе дегеніміз болашақта маңызы зор белгілі бір зерттеулер шенберін қамтитын күрделі ғылыми мәселе. Ғылыми мәселе бірнеше тақырыптан құрастырылады. Ғылыми тақырып ғылыми зерттеудің белгілі бір шеңберін қамтиды және көптеген ғылыми зерттеу сұрақтарына негізделеді. Ғылыми сұрақтар ғылыми зерттеу жұмысының кішігірім және нақты мәселелерін шешуге арналады.
Ғылыми зерттеу жұмыстары барысында аса маңызды болып ғылыми мәселелерді және ғылыми тақырыптарды қою және негіздеу. Бұл бірнше сатыдан тұрады.
4. Ғылыми мәселе тұжырымдалады Зерттеліп жатқан ғылыми бағыттың қарама-қайшылықтың талдау негізінде алынатын нәтиже анықталады.
5. Ғылыми мәселенің құрылымдық бөліктері белгіленіп тақырыптар және сұрақтар белгіленеді. Осы құрылыстық бөліктер негізінде немесе кешенді ғылыми мәселесінің мәселер тізбегі құрастырады. Әрбір ғылыми тақырып бойынша орындалуы қажет, зерттеулер шеңбері белгіленеді.
6. Ғылыми өзектілігі анықталады. Басқаша айтқанда бұл сатыда орындалатын зерттеудің ғылыми техниканың дамуы үшін құндылығы негізделеді. Ғылыми мәселенің өзектілігін анықтау үшін арнайы талдау негізінде сатылық жуықтату әдісін пайдалана отырып, таңдап алынған зерттеулер шенберінің аса маңызды тұстары корсетіледі. Ғылыми мәселе негізделгеннен кейін және оның құрылымдық бөліктері белгіленген соң, ғылыми топ және оның ішіндегі әрбір ғылыми қызметкер өзіне тиесілі ғылыми тақырыптарды таңдап алады. Ғылыми такырыптарды таңдау барысында алға бір қатар талаптар қойылады
1. Ғылыми тақырып өзекті бөлу керек- яғни, ғылыммен техниканың дамуы үшін дәл қазіргі кезде аса маңызды болу керек.
2. Ғылыми тақырып жаңа ғылыми мәселені шешетін болуы керек, басқаша айтқанда тақырып осыған дейін орындалмаған ғылыми зерттеулер жүргізу қажет. Осының негізінде тақырыптың озіне тиісті ғылыми жаңалығы болатын болуы керек.
3. Ғылыми тақырып экономикалық тиімді болуы керек. Кез-келген ғылыми тақырып әсіресе, қолданбалы ғылыми зерттеулер ауыл шаруашылығы даму үшін жоғарғы экономикалық тиіміділік көрсету қажет. Ғылыми тақырып таңдау барысында күтілетін экономикалық тиімділік есептеме зерттеу нәтижелері енгізілген соң нақтылы экономикалық тиімділік анықталады. Осы экономикалық көрсеткішті салыстыру арқылы жалпы ғылыми зерттеудің мақсат міндеттері орындалған орындалмағаны анықталады.
4. Ғылыми тақырып ғылыми топтың профиліне сәйкес келу қажет. Ғылыми топ өзіңе тиесілі дәстүрлі бағыттарды, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Сондықтан, олардын атқаратын кезектік жаңа ғылыми тақырыптары осы дәстурлі бағыттарға негізделуі қажет.
Ғылыми зерттеу нәтиженің өндіріске енгізу деңгейі. Кезік ғылыми зерттеу жұмысының әсіресе қолданбалы зерттеу жұмысының басты мақсаты ғылыми зерттеудің жаңа нәтижелері негізінде өнеркәсіптік өндірісті жетілдіру. Сондықтан ғылыми тақырыптың негізгі мақсаты болып алынган ғылыми нәтижесінде, өндіріске енгізу болып табылады.
4. Теориялық зерттеулерді талдау және тоериялық қорытындылар шығару.
Теориялық құрастыру жұмыстарының негізін құбылыстардың немесе процесстің фихзикалық маңызын зерттеу құрайды.мұндай зерттеу физика, химия, механика және басқада ғылым салаларына заңымен принципіне негізделу қажет.
Лекция №4
Дата добавления: 2015-11-10; просмотров: 20287;