Эксперименттік зерттеулер әдістемесі. Эксперименттік зерттеудің класификациясы және методологиясы. Эксперимент жүргізудің жоспар бағдарламасы.
Экспериметтік зерттеу дегеніміз жаңа ғылыми білім алуға бағытталған зертеу әдісі. Теориялық зерттеу барысында алынған ғылыми нәтижелерді эксперименттік жағдайда тексеру керек болып табылады. Эксперимент нақты есепке айналатын жағдайда құбылысымен процестерді байқауға немесе есепке айналатын жағдайда құбылысымен процестерді байқауға немесе ғылыми негізінде қойылған зерттеулерге арналған жұмыстар жиынтығы. Эксприменттің негізгі мақсаты ғылыми тақырыптың мазмұны терең зерттей отырып жұмыстың гипотезаны және басқада теориялық шарттарды тексеру жүргізу жағдайына байланысты эксперимент бірнеше топтарға талданады.
1. Эксперимент шын және жасанды болуы мүмкін.
Шын эксперимент-өндірістік, тұрмыстық және басқа да жағдайда нақты әлеуметтік нәтижелер алуға бағытталған.
Жасанды эксперимент- технмкалық салаларда құбылыстарды сандық және сапалық жағынан белгілі бір шектелген ортада зерттеуге бағытталған.
Эксперименттік зерттеулер лабараториялық және өндірістік болып екіге бөлінеді:
1. лабораториялық зерттеулер-типтік приборлар, арнайы модельдеуші қондырғылар, стенттер, жабдықтардың көмегімен жүргізеді. Лабораториялық зерттеулер бір жағдайды бірнеше мәрте қайталамай отырып, негізгі параметрлерді өзгерте отырып, құбылыстар мен процестерді жан-жақты, сапалы және тиімді зерттеуге мүмкіндік береді. Лабораториялық зерттеудің мұндай қасиеті олардың нәтижесін өңдеуді жетілдіру мақсатында математикалық жоспарларды пайдаланып ғылыми құнды ақпараттар дайындауға мүмкіндік береді.
2. Өндірістік эксперимент шын өндірістік жағдайда әртүрлі кездейсоқ факторлардың әсер етуін ескере отырып процестермен құбылыстарды зерттеу түрі болып табылады. Өндірістік эксперимент көп шығынды қажет ететін болғандықтан оны ойластыру, жоспарлау мәселелеріне қатаң талаптар қойылады. Өндірістік эксперимент бірнеше түрлі жүргізуі мүмкін.
Осы өндіріске ұқсас басқа өндіріске жинақталған ақпараттарды өңдеп өндіріске қажетті ұсыныстар дайындау. Бұл ақпараттық құндылығы ұқсас өндірістің көп жылдар бойынша жинақтаған тәжірибесі негізінде бір жүйеге келтірілген өндірістік эксперименттің тағы бір түрі- анкеталау әдісі. Бұл жағдайда зерттеулерін процеске, құбылысқа тиянақты орналастырылғанәдістеме дайындауы қажетті мәліметтер ұқсас өндірістен сұрау арқылы жинақталады. Бұл әдіс қажетті мәліметтерді тез және көп мөлшерде жиынға мүмкіндік береді. Бұл әдіске қойылатын талаптардың бірі жинақталған көп ақпаратты статистикалық тазарту арқылы аса маңызды мәліметтерді бөліп алу. Өндірістік эксперимент сондай-ақ алаңдық зерттеумен алмастыру мүмкін. Эксперименттің жалпы құрылымы эксперимент методологиясын құрайды. Эксперимент методологиясы дегеніміз эксперименттік зерттеуді қою және жүргізу реті. Эксперименттің методологиясы төмендегі негізгі сатылардан тұрады:
1. эксперименттің жоспар бағытын құрастыру;
2. өлшемдерді бағалау және эксперимент жүргізуге қажетті құрамды тандау;
3. экспериментті жүргізу;
4. эксперимент нәтижелерін өңдеу және талдау.
Эксперименттің жоспар бағдарламасын құрастыру.
Жоспар бағдарлама төмендегі бөлімдерден тұрады:
1. Зерттеудің тақырыбы
2. Жұмыстық гипотеза
3. Эксперименттің әдістемесі
4. Қажетті материалдар тізімі
5. Керекті приборлар, қондырғылар тізімі
6. Эксперимент орны тізімі
7. Зеттеу жұмысының күнтізбелік жоспары
8. эксперимент жүргізуге арналған жұмыстарының шығындары.
Эксперимент методикасы дегеніміз эксперименттік зерттеуді өз ретімен және тиімді жүргізуге арналған әдістермен тәсілдер жүйесі. Эксперимент методикасының құрамына эксперименттің мақсат міндеттерін өзгертіп фактілерді таңдау, өлшеу құрамын таңдау және негіздеу, өлшеу санын белгілеу, жүргізу ретін сипаттау, эксперимент нәтижесін өңдеуді және таңдауды негіздеу сияқты бөлімдер кіреді. Эксприменттің мақсат міндеттерін белгілеу әр түрлі ақпараттарды, гипотезаларды және басқада мәліметтерді өңдеу негізінде жүргізіледі. Қажетті мәселелер саны эксперименттің тиімділігін анықтайтын болғандықтан оны нақты белгілі бір мөлшерде және барлық қажетті салаларды қамтитын етіп құрастыру қажет.
Дата добавления: 2015-11-10; просмотров: 20781;