ылыми зерттеу жұмысы жайлы есеп. Оның құрылысы, есепті дайындауға қойылатын талаптар.

Ғылыми зерттеу жұмыстар орындалып болған соң, ол жайлы есеп дайындалады. Ғылыми зерттеу жұмыстары жайлыесеп аса маңызды ғылыми құжат болып есептелінеді. Сол себепті өнеркәсіп өндірістерге, әлеуметтік эканомикалық жағдайларға мемлекеттік қауіпсіздікке маңыздылығы бойынша ғылыми зерттеу жұмыстар жайлы есептер төмендегі түрге бөлінеді:

1. Ашық басылымдарға жарияланатын.

2. Қызметтік мақсатта қолданылады.

3. Құпиялы.

4. Аса құпиялы.

Ғылыми зерттеу жұмыстар жайлы есепті дайындау үшін негізгі талаптармен ережелерді реттестіретін мемлекеттік стандарт бекітілген.

Ғылыми зерттеу жұмыстар жайлы есептің құрылымына қойылатын талаптар

Есептің құрылымы міндетті және факультативтік бөлімдерден тұрады. Міндетті бөлімдерге төмендегілер жатады:

1. Есептің мақсаты

2. Реферат

3. Кіріспе

4. Негізгі бөлім

5. Қорытынды

6. Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Факультативтік бөлімдерге (міндетті емес бөлімдерге);

1. орындаушылар тізімі

2. Есептің мазмұны

3. Қысқартылған терминдер, символдар, шартты белгілер тізімі жатады.

Реферетты құрастыруға қойылатын талаптар

Ғылыми зерттеу жұмысының бір парақтан аспауы керек және ол есептің мазмұны жайлы жалпы түсінік беретін болуы керек. Реферат есептің көлемі таблицалармен суреттер саны қолданылатын әдістер саны және қосымшалар саны жайлы мәліметтен басталады. Егер есеп бірнеше том болып жасалған барысында, осы жерде талдар саны да көрсетіледі. Осыдан кейін кілтті сөздер тізімі келтіріледі. Кілтті сөздер ғылыми зерттеу жұмыстар жайлы жалпы мәлімет беретін аса маңызды құбылыстың, процестің, ақпараттың машиналардың, техникалық параметрлерінің зерттеу әдістерінің атауларынан құрастырылады. Кілтті сөздерден кейін зерттеу нысаны көрсетіледі. Осыдан кейін ғылыми зерттеу жұмыстар мақсат және алынған негізгі

 

Нәтижелер көрсеткіштері. Рефараттың соңында ғылыми зерттеу жұмыстар негізгі жетістіктері жайлы және оның қолданылуы мүмкін салалары жайлы мәліметтер келтіріледі. Рефараттың текстің жалпы көлемі 2000 белгіден аспауы керек.

Кіріспені тұжырымдауға қойылатын талаптар

Кіріспе қарастырылып жатқан ғылыми мәселе бойынша қазіргі жағыдайды көрсететін және осы мәселерді шешу қажеттігін негіздейтін болуы керек. Кіріспеде ғылыми мәселенің өзектілігі орындалатын жұмыста қолданылатын жаңа әдістер және оның осыған ұқсас ғылыми зерттеу жұмыстармен байланысы жайлы мәліметтер беруі қажет. Кіріспеде сондай-ақ ғылыми зерттеу жұмыстар және оның жекелеген сатылардың мақсат міндеті көрсеттіледі және әрбір жекелеген сатыда орындалатын жұмыстар жайлы мәліметтер жиынтығы.

Есептің негізгі бөліміне қойылатын талаптар

Ғылыми зерттеу жұмыстар негізгі бөлімінде зерттеу барысында қолданылатын әдістер мен нысандар және зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері жайлы мәліметтер келтіріледі.

Ғылыми зерттеу жұмысттар төмендегі сатыларға негізделеді.

1. Зерттеу жұмыстар бағытын таңдау

2. Теориялық эксперименттер жүргізу

3. Шын эксперименттер жүргізу

4. Зерттеу нәтижесінің жалпылау және бағалау

 

Қортынды тұжырымдауға қойылатын талаптар

Ғылыми зерттеу жұмыстар жайлы есептелгенде оның көлеміне, құрылымына қарамай міндетті түрде қортынды тұжырымдау қажет. Қортынды орындалған Ғылыми зерттеу жұмыстарының негізгі нәтижелерін тұжырымдауы керек және оларды практикалық жағыдайларда қолданылуға ұсыныстар беруі қажет. Ғылыми зерттеу жұмыстар барысында кері нәтижелер алынатын барысында, қортындыда олорда көрсетілуі керек. Қортындыда сондай-ақ көтерілген ғылыми мәселе бойынша зерттеледі, болашақта қандай бағытта жүргізген дұрыс болатындығы көрсетілуі керек.

Қосымша қойылатын талаптар

Ғылыми зетттеу жұмыстар жайлы есептің негізгі бөлімінде цифрлық мәліметтер және ғылыми зерттеу жұмыстар нәтижесін толықтыратын фактілер көп болған жағыдайда оларды арнайы қосымша бөлігінде жатпайтын, бірақ келтіру үшін арнайы талаптардың орындалуы қажет. Қосымша ғылыми зерттеу жұмыс түрі және сипеты жайлы оның қай сатыда орындалып жатқан жайлы мәліметтер беру. Қосымша ретінде есептерде сынақ жайлы хаттамалармен актілер, аппараттар мен приборлардың сипаттамасы, техникалық есептер және тағы басқа келтіріледі. Әрбір қосымша жеке- жеке дайындалады және олар жаңа парақтан басталып отырады. Қосымша деген жазу және оның кезектік номірі қосымшаның бірінші бетінде оң жақ жоғарғы бұрышты көрсетіледі.

 

ЛЕКЦИЯ 10

Өнеркәсіптік кәсіпорындардын бас жобалары.

Өнеркәсіптік кәсіпорындары орналастыру принциптері.

Жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындарды салу барысында жер ресурстарын ұтымды пайдаланудың кәсіпорынның сыртқы келбетінің және айналасының көрікті болуының маңызы зор. Бұл мәселелерді оңды шешу үшін қаланың бас жоспарын жетілдіруі қажет. Бас жоспарын бұл мәселемен қатар кәсіп орының сәулеттік жобалық шешімдерінөндірістік цехтардың, алаңдардың, тораптардың, орналасу ретін ұтымды шешу арқылы өндірістік алаңда қолайлы жұмыс жағыдайын және демалу мүмкіндігін қарастырады. Қазіргі кезде өнеркәсіптік кәсіп орындар бар қойылатын негізгі талаптардын бірі, жер ресурстарын ұтымды пайдалану болғандықтан сәулеттік жобалық мәлімдер ең алдымен осы мәселені шешуге бағытталады. Қазіргі кездегі өнеркәсіптік кәсіп орын бас жоспардың жобалаудың негізгі принциптері болып төмендегілер есептеледі.

1. Өнеркәсіптік кәсіпорындарды өндірістік тараптарда басқа кәсіп орындармен негізгі қосалқы өндірістерді транспорт инженерлік жүйелерді коммуникацияларды, мәдени тұрмыстық қызметті өзарабайланыстыра отырып орналастыру

2. Өндірістік алаңда сипаты және қуаттылығы бойынша әртүрлі өндірістерді ықшамды етіп орналастыру және бұл өндірістерде шығарылатын өнімділіктің көлемін арттыру және түрлерін арттыру.

3. Өнер кәсіптік кәсіпорындарда болашақта өсу мүмкіндігін ескере отырып, оған тиісті жағыдай жасау.

4. Кәсіп орының қуаттылығын арттыру және техникалық агрегатты ұлғайту.

5. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда ұсақ түрдегі өнімдерді өндіруге бейімдеу.

6. Кәсіп орындардың барлық даму сатыларында өнер кәсіптік аумақтың нақты зоналарға бөлініп отыруын Қамтамасыз ету.

7. Ғимараттармен құрылғылардың өзара мүмкіндігінше аз арақашықтықты орналасуын қамтамасыз ету. Осының арқасында құрлыс орындардың жинақты болуын, оларды жоғарғы эстетикалық деңгейін, аумақтық көркейтілуін, инженерлік жүйелермен коммуникациямен мүмкіндігінше қысқа болуын авто және темір жолдардың аз орын алуын қамтамасыз ету.

8. Барлық инженерлік коммуналды жүргізуде және орыналастыруда комплекстік шешім қабылдау.

9. Өндіріс аумағында прогресивті транспорт түрлерін пайдалану(мүмкіндігінше экологиялық таза, көп шу шығармайтын және 6жолға ауыр салмақ түсірмейтін)

Осы принциптерді негізгі алған жағдайда өнеркәсіптік кәсіпорындардың бас жоспарлары құрылыс жұмысының құнын төмендетуге, сәулеттік жобалық шещімдерді және жұмыстың жұмыс істеу жағдайын жаңартуға мүмкіндік береді.

ЛЕКЦИЯ10

Жобалау барысында өнеркәсіптік кәсіпорындарды орналастыру принциптері. Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды тораптық әдіс бойынша орналастыру.

Кеңестер Одағы кезінен біздің елде өнеркәсіптік кәсіпорындарды орналастыру барысында тораптық әдіс кеңінен қолданылады. Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар негізінен білікті жұмыс күштері шоғырланған үлкен қалаларда орналасқандықтан осындай үлкен кәсінорындардың өзара тығыз байланыста болуы кеңінен жолға қойылған. Сондықтан қазіргі кезде Қазақстанның үлкен Өнеркәсіптік кәсіпорындарды орталықтарында кәсіпорындардың өзара тығыз материалдық, энергетикалық және ақпараттық байланыста екенін байқауға болады. Мұндай өнеркәсіптік тораптар аймақтың ерекшеліктеріне байланысты аймақтың өнеркәсіптік кешендер құрайды. Мысалы; Оңтүстікте Шымкент- Кентау, Жамбыл- Қаратау аймақтық кешендерді айтуға болады.

Өнеркәсіптік торап принципі бойынша кәсіпорындарды орналастыру, табиғи ресурстармен энергия көздерін ұтымды пайдаланумен қатар қосалқы шаруашылықтарды, жасандарды біріктіруге, бірлесе пайдалануға бағытталған.

Жаңа кәсіпорындарды белгілі бір өндірістік торапқа қосқанда, ондағы жаңа кәсіпорынның осы тораппен материалдық, энергетикалық және ақпараттық байланыса алатындығы және оның тиімділігі ескереді. Барлық өнеркәсіптік тораптарды екі үлкен топқа бөлуге болады:

1. Көп салалы өнеркәсіптік торап-бұл топқа құрамына әр түрлі өнеркәсіптік саласындағы кәсіп орынға кіретін тораптар

2. Бір салалы өнеркәсіптік торап-бұл топқа бір өнеркәсіптікң саласынан кәсіп орындардан құралған торап жатады.

Өнеркәсіптік кәсіпорындарды орналастыру үшін тораптың әдісті қолдағанда басты құжат болып құрлысты ұйымдастыру жұмысы есептелінеді. Бұл жоба құрлыс жұмыстарын инженерлік дайындауға бағытталады және ол төмендегі негізгі бөлімдерден құралады:

1. Тораптық әдісті қолдану туралы шешім

2. Қажетті негіздемелер және нормативтік негізінде тораптағы құрлыс жұмыстың мерзімі туралы шешім.

3. Бекітілген мерзімде негізгі нысандардың құрлыс жұмыстарын бітіру реті.

4. Белгілі нормативтерге сәйкес қажетті материалдық техникалық құжаттың және еңбек ресурстарына қажеттілік туралы мәліметтер

5. Құрылыс алаңында уақытша мерзімге салынатын нысандармен құрылғылардың есебі және орналасу реті.

6. Құрылыс алаңын геодезиялық дайындау.

7. Құрылыс жұмыстарын дайындау үшін және жүргізуге қажетті шаралар.

8. Құрылыс әдісін таңдауды негіздеу негізгі ғимараттармен құрылғыларды салу үшін қажетті жұмыс түрлерін көрсету.

9. Құрылыс жұмыстарына қажетті құрылыс монтаждық машиналарды, механизмдерді және көліктерді таңдау және негіздеу.

10. Құрылыс жұмыстың әлеуметтік мәселесін қарастыру.

11. Құрылыс жұмыстары барысында еңбекті қорғау туралы мәселені қарастыру.

12. Құрылыс жұмыстарын басқару құрылымын құрастыру.

13. Құрылыс жұмыстарының негізгі техникалық экономикалық көрсеткіштері.

 

 

 

 

ЛЕКЦИЯ №1

Ғылыми зерттеуді ұйымдастыру.

1. Зерттелетін затты таңдау.

2. Тақырыптың маңыздылығы.

3. Теориялық және инженерлік есеп

4. Материялдық база.

5. Дәлдік, мерзімі және басқалар.

6. Қызығушы жақ.

Зерттелетін затты таңдау. Барлық зерттеудің ең бастапқы мақсаты, нақты бір мәселеге жауап іздеу болып табылады. Мәселенің бір бөлігі болып бастапқы кезде және қалғаны жұмыс процесі барысында айқындалады. Сұрақ неғұрлым нақты және әрі дұрыс қойылса, құнды материал ақпарат алу үшін мүмкіншілігі соғырлым жақсы болады. Мысалы: радиоактивті сәулеге шалдыққан материалдардың реактивті диффузиясын оқып үйренуді алайық.

Ондағы түрлі кері өзгерістерді анықтап жазып оқып үйрену өте қарапайым. Кері өзгерістердің пайда болу себептерін анықтау арқылы мәселені дұрыс шешуге болады.

Нақты жағыдайда пайда болған аномалияның сәулеге шалдыққан кристалл торларының бұзылуына байланысты зерттеу жұмысы тордағы атомның орналасу ерекшелігінің сақталмауы мен диффузияның өзара байланысын табуға бағытталар өзінің мәні жағынант зерттеудің бастапқы мақсаты әр қилы болады. Бұл фактіні қарапайым түрде жинақтап, оның мәнін ашып, теория құру және конструкция мен құрылымды талдаумен бірге есептеу технологиялық процесті жетілдіру әдістемені жасау болып табылады. Зерттеушінің назары құбылыстың қажетті бөлігіне бағыттала зерттеу ерекше мәнге ие болып, қорытынды жан-жақты әрі терең сапалы болады.

Егер зеріттеуді осындай жүйеде құрсақ, тордағы негізгі ақауды жоятын теориялық жасыту, түрлі аномалияны жоя алатындығын болжап айтуға болады.

Зерттелетін тақырыптың атауы толық емес өзіндік зерттеулерде болсын асқан ұқыптылықпен белгіленуі тиіс. Оны анықтауға және белгілеуге берілетін уақытты кейінгі мерзімдерді қысқарту арқылы орнын толтыруға болады.

Тақырыпты дұрыс таңдау зерттеушіні қажет емес жұмыстардан босатады. Сондықтан тақырып таңдаудың мүмкіншілігі шектеулі.

Бұл салада тәжірибелі ғалымдарда көптеген шектеулердің себебінен қиындық көріп жатады. Сондықтан да тақырыпты таңдауды сынау шындыққа сай келе бермейді, тіпті сынаудың да қажетті жоқ сиақты.

ЛЕКЦИЯ №3

Ғылыми зерттеуді ұйымдастыру

1. Материалды база

2. Дәлдік, мерзімі және басқалар

3. Қызығушы жақ

 

1. Тақырып белгілі болған соң жұмысты орындау үшін материалдық базаны анықтау керек. Жұмыстарды орындау үшін арнайы құрал- жабдықтардың болуы қажет. Оларды алу үшін нақты негіз бен бірге біршама уақыт керек. Дәлдігі шамалы тозған құал- жабдықтармен жұмыс жүргізудің қажетті жоқ. Қате нәтижелер беруі мүмкін. Кейбір жай техникамен де маңызды есептерді шешуге болады.

2. Егер зерттеуші жұмысты бастамас бұрын оның қайда пайдаланатын сияқты жұмыс нәтижесін алдын-ала шамалайтын болса, онда ашу дәлдігін алдын-ала бағалауға болады. Өлшеу дәлдігі арқылы құрал-жабдықты таңдауға болады. Жұмыстың нақты мерзімі бағалануы керек. Ұзақ мерзімге созылатын тынымсыз жұмысты жақсы мектеппен салыстыруға болады. Тым ұзақ жұмыстың жаңадан іс бастаушылар үшін тым жақсы емес техникалық жағынан алғанда алғашқы алынған жақсы нәтиженің зерттеушінің болашақ қалыптасуына зор әсері бар. Тақырып таңдағанда жеке тәжірибе және бейімділік пайдалы кеңес алу мүмкіндігі сияқты жеке өзіндік факторларды ескерген жөн.

3. Зерттейтін тақырыпты талдағанда алынатын нәтижелерді алдын-ала шамалаған пайдалы, осылай бағалау тақырыпты дұрыс таңдауға ғана емес, болашақ нәтиже кімге қажет болғандығын да анықтауға болады . Жұмысқа қызығыушылық танытатын ұйымдарды осылай табуға болады. Болашақ зерттеу мазмұнын қажетті адамдармен ақылдасудың көптеген жағымды жақтары бар. Тапсырма ауқымын нақтылаумен бірге қажетті әдебиеттерді таңдауға септігін тигізеді. Егер осыған ұқсас зерттеулер бұрын жүргізілген болса , оны қайталауға мүмкіндік туады. Сонымен бірге тақырыбы ұқсас әдістемелік талдамаларды бірігіп талдауға тіпті кейде бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік туады. Айтылған мәселелердің барлығы зерттеудің қалай басталатындығы туралы мәселелерді айқындайды. Олардың шешілу жолдары әр қилы. Химиялық процесс ең алдымен зерттелетін объектідегі құрам өзгерістермен сипатталады. Бұл өзгеріс кеңістік пне уақыт бойынша өтеді. Сондықтан зеріттеуші химик объект жағыдайын зерттеу үшін өткізілетін өлшеуді келісу мәселесі, өлшеу кезінде өте маңызды роль атқарады. Химия технологиялық процесстің негізгі құрамын өлшеу болып табылады.

ЛЕКЦИЯ №2

 

Ғылыми зерттеуді ұйымдастыру.

1. Зерттелетін затты таңдау

2. Тақырып маңыздылығы

3. Теориялық және инженеолік есеп

 

1. Барлық зеттеудің ең бастапқы мақсаты нақты бір мәселеге жауап іздеу болып табылады. Мәселенің бір бөлігі болып бастапқы кезде және қалғаны жұмыс процесі барысында айқындалады. Сұрақ неғұрлым нақты және дұрыс қойылса, құнды материал, ақпарат алу мүмкіншілігі солғұрлым жақсы болады. Мысалы радиоактивті сәулеге шалдыққан материалдардын реактивті диффузиясын оқып үйренуді алайық. Ондағы түрлі өзгерістерді анықтап жазып, оқып-үйрену өте қарапайым, кері өзгерістердің пайда болу себептерін анықтау арқылы мәселені дұрыс шешуге болады. Нақты жағдайда пайда болған анамалияның кристал торларының бұзылуына байланысты зерттеу жұмысы тордағы атомның орналасу ерекшелігінің сақталмауы мен диффузияның өзара байланысын табуға бағытталған. Өзінің мәні жағынан зерттеудің бастапқы мақсаты әр түрлі болады. Бұл фактіні қарапайым түрде жинақтап, оның мәнін ашып, теория құру жәңе конструкциямен, құрылымды талдаумен бірге есептеу технологиялық процессті жетілдіру әдістемені жасау болып табылады. Зерттеушінің назары қажетті бөлігіне бағыттала, зерттеу ерекше мәнге ие болып, қорытынды жан-жақты әрі терең сапалы болады.

Егер зерттеуді осындай жүйеде құрсақ тордағы негізгі ақауды жоятын теориялық жасыту түрлері анамалияны жойа алатындығын болжап айтуға болады. Зерттелетін тақырыптың атауы толық емес өзіндік зерттеулерде болсын асқан ұқыптылықпен белгіленуі тиіс. Оны анықтауға және белгілеуге берілетін уақытты кейінгі мерзімдерді қысқарту арқылы орнын толтыруға болады. Тақырыпты дұрыс таңдау зерттеушіні қажет емес жұмыстардан босатады. Сондықтан тақырып таңдаудың мүмкіешілігі шектеулі. Бұл салада тәжірибелі ғалымдар да көптеген шектеулер себебінен қиындық көріп жатады. Сондықтанда тақырыпты таңдауды сынау щындыққа сай келе бермйді. Тіпті сынаудың қажетті жоқ сиақты.

Іс жүзінде келсек бұл дұрыс емес. Толассыз жұмыс барысындағы қарапайым зерттеулерде жұмыстарды, міндеттерді шешу үшін әртүрлі анықтаулар бастапқы қалыпқа қарағанда сипаты жағынан әрі мәні жағынан әртүрлі нәтиже көрсетеді. Жұмыстың орындалу процесінде қойылатын сұрақтарды нақтылап алғпн жөн. Сұрақтарды нақтылау зерттеудің әрбір кезенінің қалай жобаланғанына зерттеушінің жинақтаушылық шеберлігіне байланысты. Ауру тудыратын бактерияларды зерттеген кезде олардың бір қатары ерекше орта дамитындығы анықталады. Бұл орта кезінде қабылданбағаны мен 15 жылдан кейін бұл зерттеу арқылы антибиотик табу және синтездеуге қол жетті. Нақтылау дұрыс болғандықтан бастапқы сұрақтарға ғана жауап алынып құнды деректкерді анықтау дұрыс болмады. Нақты дұрыс қойылған сұрақтарда барлық уақытта жұмсалған шығында анықтайтын нақты бағалы нәтиже көрсете бермейді.

2. Нақты және пайдалы тапсырманы шешуге арналған зерттеу жұмысы маңызды болуға тиіс. Осы және басқа да кеңінен белгілі көрнекілік талаптарды әркім нақты біледі. Бірақ зерттеудің нақты практикалық бағалылығын анықтау қиын екенің ескеруіміз керек.

Фарадейдің замандастары кезінде электромагниттік индукцияны оқып-үйрену практикалық тапсырмадан анықталып жатыр деп есептеді. 20 жыл өтпей-ақ осы зерттеулер негізінде өнеркәсіптік жаңа сала электротехникалық пайда болды. Кері массаларды да кептіруге болады. Мысалы газбен жарықтандыру саласында көп күш жұмсалғанмен жарықтандыру мәселесі басқаша щешілді. Кейде ғылым мен техника кезінде перспективасыз деп ұмыт боп қалған идея мен әдістер ерекше бетбұрыс жасайтын кездер болады. Соңғы кездері табиғатты қорғау мен дағдарысқа байланысты автомобильдерді химиялық қуат көздерімен қоректендіру мәселесі қолға алынып жатыр. ХІХ ғасырдың аяғында іштен жану двигетелі автомобильді қозғалысқа келтіруге өзінің толық басымдылығына ие болған еді. Сондықтан да аккумулятордан да қоректеніп, электродвигателі бар автомобильдер жасау тоқтатылған болатын. Сонында күтпеген ерекше жағдайлармен байланысты кейбір зерттеу ерекше таңдандыра қоймайды. Сондықтанда актуальді түсінігі зерттеу жұмысында күрделі де, көп мәнге ие болады. Кейде талап пен интуитцияның дұрыс ойлау мен бағалауға қарағанда көп пайдалы жақтары болып жатады. Қызметтің жаңадан бастағандар үшін тақырыпты таңдауға тек интуктивті түсінікке сүйену табысқа жеткізе бермейді

3. Теориялық және инженерлік есеп барлық ғылымдар сиақты химиялық процестерді зерттеу үшін тещориялық алғы шарттарды оқып-үйрену керек. Қажет болған жағдайда әр түрлі деңгейдегі теориялық есептеулер жасау керек. Химиялық реакцияның қағаздағы анализі мен термодинамикалық мүмкіндікті бағалау –зерттеудің таза химиялық ерекшелігіне байланысты химия- технологиялық талдамаларды орындау кезінде өнеркәсіптік жағдайдағы лабораториялық тәжірибеге байланысты инженерлік есеп – қисаптар масштабтау мәселелері түрлі технологиялық схаманың байламдары мен знрттеу баланыстары қосылады.

 

 








Дата добавления: 2015-11-10; просмотров: 6941;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.029 сек.