Білім беру мекемелеріндегі психолог жұмысының формалары мен мазмұны.

Психолог балалардың психологиялық даму қадамдарына жалпы бақылау жұмысын іске асырады. Психологиялық диагностиканың пәні баланың психологиялық статусын анықтау болып табылады (психологиялық функиялардың даму ерекшеліктері, тұлғалық даму сатылары, мінез – құлық, жүріс – тұрыс, темперамент).

Психолог жұмысындағы ерекше категория – ол ата – аналар. Мектеп тәжірибелеріндегі талдаулар, ата – аналармен жұмыс күрделі өзгерістерді талап етуін көрсетеді. Оның сәттілігі көптеген міндеттердің шешеіміне байланысты.

1 міндет – жанұя тұлғаның қалыптасуындағы ерекше рольді атқарады, осыған байланысты педагогтар мен ата – аналардың психологиялық бағдарын өзгерту.

2 міндет – жанұялық тәрбие және ата – аналар қажеттілік шарттары, ғылыми жанұялық диагностика.

3 міндет – ата – аналарды психологиялық – педагогикалық дайындауға дәстүрлі жағымсыздықтан айыру.

4 міндет – ата – аналардың өзіндік педагогикалық мүмкіндіктерді кең қолдануы, яғни ата – аналар мен жұмыс жүргізуде олардың өзіндік ойларымен санасу.

5 міндет – жанұяға психологиялық – педагогикалық жедел жәрдем ұйымдастыру.

6 міндет – ата – аналармен практикалық сипатта жұмыс көрсету, яғни жанұялық тәрбиелеу техналогияларын үйрету.

Психологиялық қызмет моделінде мектеп әкімшілігі елеулі орын алады. Психолог жетекшілерге тұлғаларды күшті және әлсәз жақтарын тануға, ұжымдағы психологиялық жағымды микроклимат орнатуға, іс - әрекет және басқаруда оптималды стильді таңдауға, пед ұжымнық диагностикалауға; кадрларды аттестациялап, реттеуде, дұрыс таңдау, тұлға аралық және ұжымдық шиеленістерді шешуге шақырылады.

Психолог жұмыс жасайтын категориялардың ең күрделісі – мұғалімдер. Олар психологиялық қызметті әртүрлі қабылдайды: бірлесіп жұмыс жүргізуге ұмтылу, қызығушылықпен, немқұрайлылықпен, сенімсіздікпен, кейде ашық түрде қарсылық танытады. Жоғарғы компетенттілік, объективтілікпен, жұмысының практикалық бағыты және жұмыс нәтижелері ғана психолог мұғалімдер ұжымының сенімін жаулайды. Ең алдымен тұлғалық психодиагностикадан бастаған жөн. Мұғалімдердің ерекшелігін зерттегеннен кейін, стимулдандырушы кеңестер беру қажет.

Мұғалімдер тұлғалық ерекшеліктерін бағалауға өте жағымсыз қабылдайды. Әдетте олар басқаларды бағалауға уйренген. Оған өзінің кемшіліктері мен әлсіз жақтарын есту оңайшылыққа соқпайды. Сонымен қатар мұғалімдердің көбінің тұлғалық үрей деңгейі жоғары болады, психолог тұжырымдамаларын асыра сілтеп немесе толығымен мойындамайды.

Осы қиыншылықтарды болжай отырып, психолог өзін - өзі бағалау және топтық динамикалық әдістерді қолдануы мүмкін. Айтылып өткен жағдайларда психологтың өзі мұғалімдерді бағалауда ұстамды болады.








Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 5350;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.