Практик психолог жұмысының ұйымы.
Психолог жұмысының эффективті болуы үшін оған жеке кабинет және топтық зерттеу жұргізу үшін кеңістік керек. Кабинет автоматтандырылған жұмыс орнымен қамтамасыз етілуі керек; яғни қажетті бағдарламасы бар компьютер, аудио – видео аппараттар, психодиагностикалық мәліметтерді және документтерді сақтайтын орындар болуы керек.
Психологиялық сабақтар, факультативтер, ата – аналар мен мұғалімдерге арналған лекциялар әдеттегі оқу сыныптарында немесе арнайы психологиялық кабинеттерде жүргізіледі. Онда оқыту –методологиялық материалдар: психологиялық күнтізбе; психологтың хат жәшігі; бір күндік психологиялық кеңес; мұғалімдер, ата – аналар және әртүрлі жастағы оқушыларға берілетін ұсыныстар.
Психологиялық жеңілдеу сеанстарына арналған кеңістіктер және олар ерекше безендірілуі керек.
Практик психологтың жұмыс орны келесі блоктардан тұрады:
· Іс -әрекетін жоспарлайтын документациялар;
· Психодиагностикалық зерттеулер қорытындысын көрсететін документациялар;
· Корректорлі – дамытушы жұмыстарды жоспарлау, ақпараттармен, инструменттермен қамтылған;
· Әртүрлі тренингтерді жүргізуге арналған жоспарлар мен инструменттер;
· Психологиялық диагностикалар, коррециялар, профилактикалар, кеңес беруші әдістер мен мәліметтік базалар;
· Клиенттер мен олардың проблемалары жайындағы мәліметтер;
· Психологиялық орталықтар жайында мәліметтер;
· Практик психолог интернеті;
· Кітапхана, картотекалар, видеотекалар.
Мұнда кабинет - жұмыс эффективтілігін жоғарлату, клиенттерге психологиялық комфорт орнатуға және психологпен сенімді қарым – қатынас орнатуға көмек береді.
Психологтың жұмыс жоспары –бір жылдық жоспар, айлық күнтізбелі жоспар, бір апталық және бір күндік жұмыс жоспарларынан тұрады.
Жылдық перспективті жоспар, білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметтің стратегияларын бейнелейді; балардың психологиялық дамуының мақсаты мен міндеттері, даму қиындығының психологиялық себептерін анықтау; педагогикалық эксперименттердің бағытталуын анықтау. Бұл жоспар міндетті түрде мекеменің (мектеп, бала – бақша) перспективті жоспарларымен сәйкестендіріледі.
Күнтізбелік жоспарларпрактик психолог жұмысында өзінің функцияларын толық көлемде іске асыруына көмек береді. Функционалды міндеттерді орындалуын реттеу үшін, іс - әрекеттің басымды бағытын қарастыру ұсынылады.
Дүйсенбі (психодиагностика). Психодиагностика және зерттеу нәтижелерін өңдеу.
Сейсенбі (психологиялық кеңес беру). «Сенім телефоны», индивидуалды және отбасылық кеңес беру.
Сәрсенбі (психокоррекция). Психокоррекциялық және психопрофилактикалық жұмыс.
Бейсенбі (психопрофилактика). Қарым – қатынас тренингін жүргізу, психотерапиялық сеанстар, психологиялық гимнастика.
Жұма (психологиялық – педагогикалық пропаганда). Модельді курсстар, педконсилиум, педсовет жүргізу.
Әр күнге нақты жұмыс көлемі анықталынады. Аптаның бір күнін өзіндік білімге және психодиагностикалық материалдарды өңдеуге арнау керек. Психологтың профессионалды іс - әрекеті оның документацияларында көрінеді:
1. Мекеменің тәжірибелі – эксперименталды жұмысын психологиялық қамтамасыз ету жоспарлары нақты, өзекті тақырыптар (2-3 ж) бойынша болады.
2. Практик психологтың жылдық жоспары келесі бағыттар бойынша болады:
· Балалар және тәрбиеленушілер ұжымдарын диагностикалау.
· Педагогикалық процестер гуманизациясы, болжамдау және диагностикалау.
· Балалар, оқушылар, педагогтар, ата – аналар және жетекшілермен кеңес беру жұмысы.
· Балалармен коррекциялық жұмыс.
· Мұғалімдер ұжымында психопрофилактикалық жұмыс.
· Ұжымдық жұмыс.
3. Психолог жұмыс орнының циклограммасы.
4. Психолог жұмысының апталық (айлық) жоспары.
5. Психодиагностикалық документациялар.
6. Жүргізілетін жұмыстардың қысқаша жоспары.
Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 5133;