Практик психолог жұмысының және оның профессионалды іс - әрекетінің моделі.

Әртүрлі білім беру мекемелеріне және мұғалімдер ұжымына әртүрлі психологтар қажет.

Психолог статусына субъективті амалдардың барлық нұсқауларына келесідей талаптар қойылады:

· Педұжымның психолог жұмысының негізгі бағыттары және түрлері, міндеттері, ержелерімен, психологиялық қызметтің стратегияларымен толық таныс болғаннан кейін мұғалімдер ұжымының адекватты күтулерінің құрылуы.

· Психологтың барлық категориядағы тәрбиеленушілермен, тәрбиелеушілермен диагностикалық қарым – қатынас оранту.

· Мектеп жоспарлары және бағдарламаларда жалпы позицияларды анықтауда мұғалімдермен өзара әрекет және бірлестік орнату.

Психолог іс - әрекетінің бағытталуында, психологтың өзін осы іс - әрекеттің субъекті ретінде және оның әсер етуінің негізгі объектілері: балалар, мұғалімдер, педагогикалық процесс ретінде бөліп қарастыруға болады.

Психологиялық білім беру қызметінің субъектісі – психолог үшін өзінің тұлғалық ерекшеліктерін, қабілеттерін, мүмкіндіктерін, қүшті және әлсіз жақтарын, кемшіліктерін компенсациялау амалдарын білу өте маңызды.

Ол өзінің эмоционалды күйлерін реттей алуы, өзінің психологиялық функцияларын ( ес, зейін, ойлау ) мобильдеуі, қажетті ғылыми, әлеуметтік, профессионалды мәліметтерді іздеу және талдауын іске асыра алуы қажет, кәсіби қажетті қасиеттерін жаттықтыруы керек. Іс - әрекет субъектісі ретінде кәсіби мәнді қасиеттерге ие болып және оны үнемі дамытып оыруы керек, олар интеллектуалдылық, әлеуметтілік.

Балалармен жұмыс кезінде психолог олардың жастық және типологиялық ерекшеліктерін білу. Тәрбиеге, оқуына және тұлғалық даму өзгерісі туралы білуі қажет. Оған дамуында, жүріс – тұрысында, қарым – қатынаста ауытқулары бар балалармен де жұмыс істеуге тура келеді, сол себепті психологқа осы құбылыстар мен процесстер жайында білімі болуы қежет. Баланың дамуы көбіне жанұялық тәрбие шартында қалыптасатын болғандықтан, психолог отбасы психологиясы мен жанұялық тәрбиеге бағытталуы керек. Балалар ұжымы тұлғаның құрылымына әсерін анықтай отырып, психолог міндетті түрде балалар ұжымы мен формалды емес топтардың әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктер біліміне сүйенеді.

Балаға көмек көрсету үшін, баланың өзі өзгеруге талпынысы болуы керек, өзін - өзі тануға, тәрбиелеуге үйренуі керек.

Балалармен жұмыс жүргізуде келесі профессионалды қабілеттер ерекше роль атқарады: ұйымдастырылған, коммуникативті, психодиагностикалық, жасерекшелік – индивидуалды және жанұялық кеңес беру, даму нұсқауларының болжамдары, психопрофилактика және психокоррекциялар. Психологтың балаларға қатысты қарым – қатынасында эмпатия, мейірімділік, ұқыптылық және бақылаушылық, ұстамдылық, төзімділік, табандылық танытуы керек. Айтылып өткен барлық кәсибі маңызды қасиеттер педагогикалық интуициямен және психологтың оптимизмімен сәйкестендірілуі керек.

Мұғалімдермен жұмыс жүргізу үшін, психолог не білуі қажет? Ең алдымен педагог психологиясын және педагогикалық іс - әрекетті профессиограммалар, түрлі мамандағы педагогтардың психограммасын, оқыту және тәрбие психологиясын, педұжымның психологиялық ерекшеліктерін, педагогикалық қарым – қатынастың спихологиялық негіздерін білу керек. Педагогтармен жұмыс кезінде жалпы коммуникативті ұжымдық, психодиагностикалық, психопрофилактикалық және педагогтардың профессионалды тәжірибелер мен мінез-құлықтарына ерекше мән беру керек. Бұларға көбіне психологтың кәсіби маңызды қасиеттерінің мына түрлері сәйкестендіріледі: дипломатиялық, әріптесін түсінуге тырысу, эмпатия сезімі, өзін - өзі игеру, ұқыптылық, достық қарым – қатынас, жоғарғы профессионалды компетенттілік және кең кругозор.

Маманға оқу және тәрбие іс - әрекет психологиясын зерттеу керек; оқыту пәндеренің психологиялық сипаттарын және оларды оқыту спецификаларын, түрлерін, әдістерін, формалары мен амалдарын ұғыну керек.

Осылайша практик психолог іс - әректінің қиындылығы мен көп аспектілігі білім беру жүйесіндегі оның жұмысының мәнділігі көрінеді, ал маман тұлғасына ерекше және әртүрлі талабтар қойылады.

Практик психолог іс - әрекетінің спецификасы оның – адамның индивидуалдығы – пәнімен анықталады.

Мамандар квалификацияланған психологтың квалификациясы жоқ психологтан ажырататын он негізгі қасиеттерді бөліп көрсетті.

1. Психологиялық көмектің мақсаты.

2. Профессионалды іс - әрекет жағдайындағы психологтың реакциялары мен назар аударуы.

3. Практик психологтың концепциялары.

4. Практик психологтың мәдени продуктивтілігі.

5. Конфенденционалдылық.

6. Іс - әрекетіндегі шектеулер.

7. Тұлға аралық әсерлер.

8. Адамның жетістіктері.

9. Жалпыланған теория.

10. Жалпыланған теорияға қатынас.








Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 6280;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.009 сек.