Дістемелердің операционалды жіктелуі

Әдістемелердің жіктелуі «обьективтілік-субьективтілік» деген өлшемдерге негізделеді. Обьективті әдістер жағдайында психолог-диагностың нәтижеге әсері шамалы болады. Ал, субьективті әдістер нәтижесінде керісінше психолог-диагностың тәжірибесінен және интуициясына байланысты. Обьективті және субьективті әдістерді жүргізу барысында орындаушыдан әр түрлі технологиялық операцияларды орындау талап етіледі. Сондықтан да бұл жіктелу «операциональды» деп аталады.

Обьективті және субьективті әдістемелер арасында айтарлықтай айырмашылықтар болмайды.

Жаңашыл психологиядағы психодиагностикалық әдістер өздерінің сапасы бойынша екі үлкен топқа бөлінеді:

 

 

 


 

 

       
   
 
Формализацияның жоғары деңгейлі әдістері
 

 

 


 

Формализденген әдістерзерттеудің нақты риламенттік процедурасына (инсрукциясы нақты сақталған, материалды белгілі әдістермен шешу) стндартизация (нәтижені бағалаудың басқа нормаларын немесе критерилердің болуы) сенімділік пен нақтылық кіреді. Бұл әдістер аз уақыт ішінде дигностикалық ақпаратты алуға, индивид пен адамдарды саналы салыстыруға мүмкіндік береді.

 

1. Тест – (ағылшын тілінен аударғанда «тексеру, дайындау» деген мағынаны білдіреді.) бұл стандартталған қысқа, көбіне уақыт бойынша шектелген бақылау. Сандық және сапалық айырмашылықтарды анықтауға бағытталған.

 

Формасы бойынша тестер:

 

- индивидуалды және топтық;

- ауызша және жазбаша;

- бланктық және заттық;

- аппаратуралы және компьютерлік;

- вербалды және вербалды емес болып бөлінеді.

 

 


2. Сауалнама – психодиагностиканың бұл әдісінде тапсырма сұрақ пен ойлар түрінде беріледі. Бұл әдіс зерттелушінің сөздерінен ақпарат алуға негізделген. Сауалнамалар диагностикалық инструменттердің ішіндегі ең көп таралған түрі болып есептелінеді.

 

Сауалнамалар:

       
   


тұлғалық сауалнамаларды анкеталы сауалнамалар адам

стандартталған өзіндік жауап туралы, оның психологиялық

деп қарастырады. ерекшеліктеріне байланыссыз

ақпараттарды алуға

бағытталған.

 

3. Психофизиологиялық әдістер – ол адамның табиғи ерекшеліктерін диагностикалайды. Бұл әдістің айырмашылығы анық теориялық негіздері бар. Бұл әдіс көбіне мектеп пен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қолданылады.

4. Аппаратуралық мінез-құлықтық әдістің көмегімен қарапайым психикалық қызметтерді (мысалы, теңдік) және жүйке жүйесінің қасиеттерін диагностикалауға болады. Сол сияқты диагностикалық аппаратуралалық диагностика арқылы психологиялық сәйкестілікті жүзеге асыруға болады. Аппаратуралық әдістерде белгілі бір кәсіби қабілеттерді диагностикалау үшін тест-тренажерлер бар.

 

Ал, аз формализденген әдістер клиент туралы құнды мәліметтер береді. Соған қоса, аз формализденген әдістер көп еңбекті қажет етеді. Мысалы, бақылау бірнеше айға созылуы мүмкін.

1. Бақылау – психодиагностикалық ежелгі әдіс. Ол арқылы адам туралы ауқымды ақпарат алуға болады. Ол стандартталған процедуралар белгісіз, анық емес кезде қажет. Бақылау жүргізген кезде келісушілік немесе адамның өзінің қатысуының басқа формасы керек емес. Бақылау – белгілі бір мақсат қойып обьектіні әдійі қабылдау. Психологияда бақылау кең тараған әдіс. Зерттеуші басқа адамның іс-әрекетін, мінез-құлқын, психикасын жүйелі жоспарлы түрде бақылайды.

2. Контент-анализ – («контент» сөзі құжаттың мағынасы деген түсінікті береді) құжаттардағы зерттеп отырған құбылыс немесе процес жайлы сандық мәліметтерді жинау әдісі. Ол түрлі әлеуметтік зерттеулерде соның ішінде әлеуметтік психологияда кең қолданылады. Контент-анализдің мақсаты – құжат мәтінінің негізінде нақты адамдар мен құбылыстар туралы, олардың әлеуметтік-психологиялық қасиеттері туралы қорытынды жасау.

3. Рөлдік ойын - оқытушылық іс-әркетті ұйымдастыру барысында оған қатысушылардың өз тәжірибесі арқылы білім, дағды қалыптастыру мүмкіндіктерінің жүйелі түрі. Яғни, ережелермен анықталған жарысушылардың жеңіске жету немесе жеңілуін айқындайтын іс-әрекет. Іскерлік немесе рольдік ойын біртұтас әрекет ретінде сипатталатын қарым-қатынас жүйесінің бейнесі, маманның болашақ кәсіптік әрекетінің пәндік және қоғамдық мазмұнының қалыптасу формасы ретінде көрініс табады.

Іскерлік, рольдік ойындарда таңбалық құралдар (тіл, сөйлеу, графика, кесте, құжаттар) көмегімен шынайы мәндік негізге сәйкес кәсіби орта қалыптасады. Сонымен қоса мұнда біркелкі, әрі уақыт аясына сай жоспарланған жағдаяттар туындайды.

4. Эксперимент – бұл әрекет етушінің және эксперимент жүргізушінің бір-бірімен қарым-қатынасы. Әрекет етуші өзінің өмірін тәжірибесімен, мотивімен экспериментаторға келеді. Зерттеушінің нәтижесі тұлғалық эксперимент қарым-қатынасынан көрінеді. Эксперименттік әдістің артықшылығы – бізге керекті үрдіс пен құбылыс қашан көрінеді деп күтіп отырудың қажеті жоқ. Экспериментатор өзіне қажетті үрдісті өзі тудырады.








Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 4182;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.