Психодиагностиканың пәні мен мәселелері.
Псходиагностиканың пәні:
Білімнің қай саласы болмасын еңбек процесі өту кезіндегі жағдайы мен сапаларының диагностикасы жетекші рөл атқарады. Қазіргі көптеген әдебиеттерде «диагноз» деген грек сөзінің түп мәні – «танып білу, бағдарын анықтау» деген мағына беретіндігі жазылып жүр. Ал, педагогикалық-психологиялық ғылыми зерттеулерде тиісті мәселенің құрылымдық, функционалдық міндетінің бағытын анықтап, бағдарын болжай білу және оны зерттеу барысында қолдана білу делінген. Олай болса, диагноздың анықтамасы педагогикалық-психологиялық процестің себеп-салдарын анықтап, оның барысында оқушы мен оқытушы әрекетіндегі мүмкіндіктерді ажыратып, жобалаудағы нысандарды болжап, бағдардың ұстанымы болып табылады. Ол қарым-қатынасты сипаттап, оның жақсы жақтарын жинақтайтын, себеп-салдарын ажырататын көрсеткіш деп есептелінеді. Белгіленген психодиагностиканы жүзеге асыру педагогикалық-психологиялық зерттеу әдістерімен тікелей байланысты.
Психологиялық диагностика адамның жеке индивидуалды психологиялық ерекшеліктерін (оның өзінің жеке ерекше интелект қасиеттерін) тнуды, өлшуді зерттейді. Тану және лшеу психодиагностиканың әдістері негізінде жүзеге асады.
Теориялық тәртіп ретінде жалпы психодиагностика төмендегі мәселелерді қаратырады:
· Тұрақты және қалыпты психодиагностикалық ереже заңдылықтарын енгізуді.
· «Диагностикалық нәтижені» дұрыс шығару ережелерін.
Психодиагностика психологияның төмендегі бөлімдерімен тығыз байланыста болады:жалпы психология, медициналық, жас ерекшелік, әеуметтік және т.б. Аталған ғылымдардағы адамның, қабілеттері, мүмкіндіктері, ерекшеліктерін және т.б. қасиеттерін зерттеу психодиагностика әдістерінің негізінде жүзеге асады. Психолдиагностика өлшемдерінің нәтижесі тек белгілі бір қасиеттің шегін, даму деңгейін және т.б. анықтап қоймай әртүрлі психологиялық бағыттардағы теориялық мәліметтерді тәжіриби, эксперимент жүзінде көрсетеді.
Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 4837;