азақстанда азаматтық қоғамды қалыптастырудың мәселелері.

Лекция 11

  1. Азаматтық қоғам идеялары мен тұжырымдамасы.
  2. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-саяси процестердегі азаматтық қоғамның орны мен рөлі.
  3. Қазіргі Қазақстандағы азаматтық қоғам дамуының негізгі үрдістері мен проблемалары.

 

1. Азаматтық қоғам идеялары мен тұжырымдамасы.Азаматтық қоғам туралы әр түрлі көзқарастар, әр түрлі бағдарлар бар. Қазірде азаматтық қоғамның жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Дегенмен әлемдік әлеуметтік-философиялық ғылымда бұл феноменді зерттеудің екі түрлі бабы бар. Біріншісі азаматтық қоғамды әлеуметтік әмбебап категория ретінде қарастырады. Бұл ұғымға олар мемлекетке, өкімет құрылымдарына қарама-қарсы қойылған қоғамдық қарым-қатынастардың бүкіл жиынтығын сыйғызады. Екіншілері азаматтық қоғам ұғымының мағынасына шынайы батыстық феноменді жатқызады да, оны буржуазиялық (нарықтық- демократиялық) қарым-қатынастардың қалыптасуымен байланыстырады.

Азаматтық қоғам деп адамның жеке тұлғасының және бейресми, мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың дамуына қолайлы жағдай туғызатын әлеуметтік тәртіп түрін айтады. Аталған мемлекеттік емес ұйымдардың іс-әрекеті арқылы ғана жеке адам социумның, әлеуметтің даму жолына әсерін тигізе алады. Сондықтан да азаматтық қоғамды коммуникацияның, қарым-қатынастың өзіндік ерекше формасы деп қарастырса да болғандай, себебі азаматтық қоғам арқылы мемлекет пен азамат арасындағы сұхбат жүзеге асады. Азаматтық қоғам өкімет, билік құрылымдарынан тысқары жатқан әлеуметтік байланысты танытады. Азаматтық қоғам аса дамыған экономикалық, мәдени, саяси, құқықтық қарым-қатынастар болуын талап етеді. Егер біз мемлекетті билік институты, бақылау және жазалау көзі ретінде қарастыратын болсақ, онда азаматтық қоғамды оған қарама-қарсы құрылым ретінде абсолютті еркіндік — анархия деп түсіну дұрыс емес. Шындығында әлеуметтік біртұтастықты қалыптастыратын осы екі бөлік бірін-бірі толықтыра отырып өмір сүреді. Мемлекетсіз азаматтық қоғам жоқ. Онсыз ретсіздік, төртіпсіздік, хаос, ұйымдаспағандық, ыдырау ғана мүмкін. Және де, керісінше, дамымаған азаматтық қоғамсыз демократиялық, құқықтық мемлекет те жоқ, тек зорлық-зомбылық, басыбайлық, тирания ғана бар.

Азаматтық қоғам - ол жеке тұлғаның негiзгi құқықтыры мен еркiндiктерi заң жүзiнде қамтамасыз етiлетiн және саяси қорғалатын, мемлекеттен тыс қатынастар саласы үйлесiмдi дaмығaн қoғaм. Оны iшкiмемлекеттiк қaтынacтapдың дамуына ықпал жасайтын адамдар топтарының ұйымдасқан әpeкeтi ретiнде де aнықтayғa болады. Қoғaм мүдделерiне бағытталған азаматтық бастама азаматтық қoғaмның маңызды белгiсi болып табылады. Дамыған демократиялық мемлекеттер өркендеген азаматтық қoғaмдар болып табылады. Сонымен бiрге азаматтық қoғaмның дамуына бағытталған түрлi әлеуметтiк топтардың немесе жеке азаматтардың бастамалары (азаматтық бастамалар аталынатын) мемлекет арқылы қабылданады және оны жетiлдiре түceдi. Дамушы және «өтпелi экономика» мемлекеттерiне жататын елдерде жағдай бiршама басқаша. Coңғылары азаматтық бастамалар мемлекет құрылысының тiкелей мiндеттерi шектерiнен шығып кeтyiнe байланысты азаматтық бастамаларға күдікпен қарайды.

Азаматтық қоғам – құқық және мемлекет тарапынан қорғалатын, адам бостандығы мен құқығын көрсететін, жеке бостандыққа ие экономикалық тәуелсіз адамдардың қоғамы. Біздің елде құқықтық мемлекетті қалыптастыру саяси жүйенің басты мақсаты болып отыр. Бұған қол жеткізу оңай емес. Құқықтық мемлекет – бұл тұрақты конституциялық құқық тәртібінің нәтижесі.

Азаматтық қоғамның мiндетi- жеке адам мен мемлекет арасында делдал болу.

Азаматтық қоғамның мақсаты қоғамның әр мүшесiнiң мүдделерiн қорғау, оның мүдделерiн билiк пен қоғам алдында бейiмдеу, билiк қызметiн қоғамдық бақылау әрi оның iшкi және сыртқы саясатын қалыптастыру болып табылады.

Азаматтық қоғам мынадай функцияларды жүзеге асырады:

-азаматтық бастамаларды қолдау, дамыту және көтермелеу;

-мүдделердi жақындастыру және белгiлi бiр мақсаттарға қол жеткiзу негiзiнде адамдарды -одақтарға, бiрлестiктерге ерiктi түрде кiрiктiру үшiн жағдайлар жасау жөнiндегi жұмысқа қатысу;

-азаматтардың жалпымемлекеттiк және жергiлiктi проблемаларды шешуге қатысуын қамтамасыз ету;

-азаматтардың құқықтарын қорғауға жәрдем көрсету және халықтың түрлi топтарының мүдделерiн iске асыру;

-қоғамда жалпы адами нормаларды, құндылықтар мен адамгершiлiк негiздерiн бекiту;

-адамның тәуелсiз өмiр сүруiн қамтамасыз ететiн еңбек өнiмдiлiгi үшiн жағдай жасауға қатысу;

-әлеуметтiк қызметтер көрсету;

-билiктiң, бизнестiң және қоғамдық институттардың қатынастарын үйлестiруге жәрдемдесу, қоғамдық келiсiм және әлеуметтiк жанжалдарды азайту үшiн жағдайлар жасау, әлеуметтiк және өзге де жанжалдарды сындарлы үндесу жолымен шешу;

-мемлекеттiк шешiмдер қабылдау процесiнде ашықтық пен мөлдiрлiкке жәрдемдесу;

-әлеуметтiк еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi аса маңызды қоғамдық функцияларды орындайтын кәсiподақтық ұйымдардың қызметiн қолдау;

-сөз бостандығын қолдау, БАҚ тәуелсiздiгiн нығайту және ақпараттық кеңiстiктiң ашықтығын қамтамасыз ету.

Қазіргі Қазақстанның азаматтық қоғамын бес жүйеге бөлуге болады: әлеуметтік, саяси, экономикалық, рухани-мәдени және ақпараттық жүйелер:

Әлеуметтік жүйе — объективтік тұрғыдан қалыптасқан адамдардың бірлестіктері, ұйымдары, одақтары т.б., олардың өзара байланысы. Бұл жүйе азаматтық қоғамның ең негізгі ұйымдастырушы жүйесі, өзі үш топқа бөлінеді: бірінші тобы — қоғамның үзіліссіз өмір сүру негізін жасаушы, дамытушы топ: отбасы, бала тәрбиелеу, табиғи өмірді жалғастыру; екінші тобы — адамдардың өзара, бір-бірімен байланысы, қатынасы; үшінші тобы-қоғамдық ұйымдардың, таптардың, топтардың, ұлттардың арақатынастары.

Экономикалық жүйе — қоғамдағы меншіктің түрлері, өндіруші күш пен өндірістік қатынастар, материалдық кірісті әділ бөлуді қалыптастыру. Бұл жүйенің құрылым элементтері: жеке, мунициналдық, акционерлік, кооперативтік, мемлекеттік, фермерлік меншіктер мен шаруашылықтар және қоғамдық кірісті, байлықты әділ бөлу.

Саяси жүйе — мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер және жеке адамдар, депутаттар, т.б., олардың ара қатынастары. Оның ішінде ең күрделісі мемлекеттік билікті іске асырудағы қатынастар. Қатынастардың даму процесінде субъектілерге бостандық берілуге тиіс. Күштеу тек заңдылықты, тәртіпті бұзса ғана қолданылу қажет.

Рухани — мәдени жүйесі — осы бағыттағы мемлекеттік, қоғамдық, органдар мен ұйымдар, олардың арақатынастары. Бұл жүйенің негізгі бағыттары: білім, ғылым, мәдениет, рухани сана-сезім, дін, адамдардың денсаулығы.

Ақпараттық жүйе — осы ақпараттық бағыттағы барлық ұйымдар, бірлестіктер, мемлекеттік органдар, саяси партиялар, олардың жұмыстары мен арақатынастары. Бұл бағытта іс әрекеттерге толық бостандық берілуі қажет.

Азаматтық қоғам институттарына саяси партиялар, жергiлiктi қоғамдастықтар, кәсiптiк одақтар, дiни бiрлестiктер, шығармашылық, қоғамдық және ғылыми одақтар мен бiрлестiктер, бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ қоғам үшiн түрлi қызмет пен қызмет көрсетулердiң кең ауқымын iске асыратын, қызметтiң алуан түрiн жүзеге асыратын мемлекеттiк емес қорлар, коммерциялық емес мекемелер, заңды тұлғалар одақтары (қауымдастықтары), қоғамдық пайдалы мiндеттердi шешетiн басқа да ұйымдар мен бастамашыл топтар түрiнде құрылған мемлекеттiк емес ұйымдар жатады.

Саяси партия - мемлекеттiк билiктiң, жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың өкiлеттi және атқарушы органдарында азаматтардың, түрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн бiлдiру және оларды қалыптастыруға қатысу мақсатында олардың саяси ырқын бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi.

Кәсiптiк одақтар - азаматтардың өз кәсiптiк мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде өз мүшелерiнiң еңбек ету, сондай-ақ басқа да әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн бiлдiру мен оларды қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту үшiн ерiктi түрде құратын дербес, тiркелген жеке мүшелiгi бар қоғамдық бiрлестiктерi.

Дiни бiрлестiктер - жергiлiктi дiни бiрлестiктер (қауымдастықтар), дiни басқармалар (орталықтар), сондай-ақ дiни оқу орындары мен ғибадатханалар.

Бұқаралық ақпарат құралы - мерзiмдi баспасөз басылымы, радио- және теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс- бейне жазбасы және көпшiлiк қол жеткiзе алатын телекоммуникациялық желiлердегi (интернет және басқалары) WEB-сайттарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз жария таратудың басқа да нысаны.

Қоғамдық бiрлестiктер - саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың ортақ Мақсаттарға қол жеткiзуi үшiн ерiктi негiзде құрылған, заңнамаға қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктерi. Қоғамдық бiрлестiктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.

Yкiметтiк емес ұйым - ортақ мақсаттарға қол жеткiзу үшiн азаматтар және (немесе) мемлекеттiк емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерiктi негiзде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсiптiк одақтарды және дiни бiрлестiктердi қоспағанда).

Ұлттық-мәдени бiрлестiк - өзiн белгiлi бiр этникалық бiрлiкке жатқызатын, өзiнiң этникалық ерекшелiгiн сақтау, тiлiн, бiлiмiн және мәдениетiн дамыту мәселелерiн дербес шешу мақсатында азаматтардың өздерi ерiктi өзiн-өзi ұйымдастыруы негiзiндегi бiрлестiгi.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару - жергiлiктi маңызы бар мәселелердi тiкелей немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың құрылатын органдары (институттары) арқылы өздерi дербес шешу мақсатында белгiлi бiр мекендер шегiнде тұрғылықты жерi бойынша азаматтардың өзiн-өзi ұйымдастыруының нысаны.

1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басында басталған экономикалық, әлеуметтiк және саяси салалардағы түбегейлi реформалар түрлi әлеуметтiк топтардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн қоғамдық бiрлестiктердiң құрылуын ынталандырды.
Қазақстанда алғашқылардың бiрi болып экономиканың мемлекеттiк емес секторы қызметкерлерiнiң мүдделерiн бiлдiрген тәуелсiз кәсiподақтар пайда бола бастады. Бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық және дiни бiрлестiктер, саяси партиялар белсендi түрде институцияланды. "Невада - Семей" қоғамдық қозғалысы азаматтық сана-сезiмнiң анағұрлым жарқын көрiнiсi болды, ол өз алдына ядролық полигондарды жабу мiндетiн қойды.

Елдегi азаматтық қоғам мен оның институттарын белгiлi бiр дәрежеде дамытуға мемлекеттiң осы процесс үшiн тиiстi саяси, құқықтық және өзге де жағдайлар жасау жөнiндегi қызметi жәрдем етедi.

1991 жылғы 27 маусымда "Қазақ ССР-iндегi қоғамдық бiрлестiктер туралы" Қазақ ССР-iнiң Заңы қабылданды.

Нәтижесiнде елде "Қазақстанның халық конгресi", "Алаш" партиялары, Қазақстанның социал-демократиялық партиясы (ҚСДП), Қазақстанның социалистiк партиясы, Қазақстанның республикалық партиясы, "Лад" республикалық славян қозғалысы және "Азат" Қазақстанның азаматтық қозғалысы, "Мемориал" қоғамдық-ағарту қоғамының филиалы, Алматы-Хельсин тобы, "Бiрлiк" қозғалысы, "Әдiлет" тарихи-ағарту қоғамы, "Поколение" зейнеткерлер қозғалысы және басқалары пайда болды.
1990 жылдардың басында Әлеуметтiк қорғау коалициясы құрылды, оның аясына қоғамдық өткiр проблемаларды талқылау, оларды шоғырланған негiзде шешудiң тетiктерiн iздестiру жолымен еңсеру жөнiнде бiрлескен жұмыс үшiн 28 түрлi ұйымдар, партиялар, қозғалыстар бiрiктi.

1994 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентi әлеуметтiк-экономикалық және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтiк серiктестiк жөнiнде республикалық үшжақты комиссия құру туралы қаулыға қол қойды, бұл сындарлы үшжақты қатынастарды дамытуға және әлеуметтiк серiктестiк жүйесiн құрудың бастауы болды.

Партиялар мен қозғалыстардың құрылуы мен жұмыс iстеуi және, тиiсiнше, елдiң партиялық жүйесiнiң одан әрi дамуы үшiн құқықтық өрiс құруға 1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы мен 1996 жылы Қазақстан Республикасының "Қоғамдық бiрлестiктер туралы" және "Саяси партиялар туралы" заңдарының қабылдануы ықпал еттi. Бұдан басқа, Қазақстан халықтары Ассамблеясына бiрiккен ұлттық мәдени орталықтар белсендi дами бастады. Этносаралық келiсiм елде реформалар жүргiзудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн iргетасқа айналды.

1990 жылдың аяғы азаматтық институттар қызметiнiң кәсiбиленуiмен ерекшелендi, мұның өзi олардың қоғамдық проблемалардың, қажеттiлiктер мен мұқтаждықтардың түрлi ауқымын шешу жөнiндегi жұмысының тиiмдiлiгiн көтеруге мүмкiндiк бердi.

Бұқаралық ақпарат құралдарының, (бұдан әрi - БАҚ) баспа кәсiпорындарының мемлекет иелiгiнен шығу, сондай ақ БАҚ-тың мемлекеттiк қаржыландыру мен дотациялау жүйесiнен мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүргiзуге арналған мемлекеттiк тапсырысқа көшу процесiне байланысты масс-медиа нарығында сапалық өзгерiстер болды.

1998 жылғы 7 қазанда ел Парламентiнiң Қазақстан Республикасының Конституциясына елдiң сайлау жүйесiне партиялық тiзiмдер бойынша сайлау енгiзудi көздейтiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуi партиялық құрылыс процестерiн жеделдеттi. Сөйтiп, 1998 жылғы желтоқсаннан бастап 1999 жылғы тамызды қоса алғанда, Қазақстанның азаматтық партиясы (ҚАП), Қазақстанның Республикалық халықтық партиясы (ҚРХП), "Азамат" демократиялық партиясы, Қазақстанның аграрлық партиясы (ҚАП), "Отан" республикалық саяси партиясы, Қазақстан әйелдерiнiң демократиялық партиясы, "Руханият" партиясы, "Алаш" Қазақстанның ұлттық партиясы құрылды. Парламентте партиялық фракциялар пайда болды.
1999 жылы iс жүзiнде барлық өңiрлерде "YЕҰ ақпарат орталықтары" ашылды, олардың басты мiндетi өңiрлiк үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау, оларға консультативтiк көмек, ақпараттық және әдiстемелiк қолдау көрсету болды.
2000 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң ("Epкін де еңселi әрi қауiпсiз қоғамға" атты Қазақстан халқына Жолдауында халықтың түрлi топтарының мүдделерiн iске асырудағы рөлi күннен-күнге артып келе жатқан үкiметтiк емес ұйымдарды дамыту үшiн жағдайлар жасау жөнiнде Үкiметке алғашқы тапсырмалар берiлдi.

2000 жылы мемлекеттiк билiк органдарымен (бұдан әрi - билiк) өзара iс-қимыл тетiктерiн жасау үшiн YEҰ күш-жiгерiн шоғырландыратын Қазақстанның үкiметтiк емес ұйымдарының конфедерациясы құрылды.

2000 жылғы желтоқсанда қабылданған "Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк әрiптестiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңы атқарушы билiк органдарының өкiлдерi, жұмыс берушiлер мен жұмыскерлердiң бiрлестiктерi арасындағы мүдделердiң келiсiлуiн қамтамасыз етудi мемлекеттiк саясат дәрежесiне көтердi.

2002 жылғы шiлдеде қабылданған және күшiне енген "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы елдiң партиялық жүйесiндегi одан арғы сапалық құрылымдық өзгерiстерге алып келдi.

2001 жылы "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы , 2002 жылы - Үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдау тұжырымдамасы қабылданды.
2003 жылы ел Үкiметi үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекiттi, соған сәйкес облыстық (қалалық) бағдарламалар әзiрлендi.

Сол жылдың өзiнде-ақ Әлемдiк және дәстүрлi дiндер лидерлерiнiң бiрiншi съезi өткiзiліп, оған көптеген көрнектi дiн қайраткерлерi, әртүрлi конфессиялардың өкiлдерi қатысты, "Бейбiтшілік пен келiсiмге" декларациясы қабылданып, Бейбiтшiлiк пен тұрақтылық форумы құрылды.

2003 жылы Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен бiрiншi Азаматтық форум өткiзiлдi. Ол үкiметтiк емес сектордың саяси танылуын белгiледi және азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимылының жүйелi тетiктерi қалыптасуының бастауы болды. 2005 жылы екiншi Азаматтық форум өткiзiлдi, ол елдiң қоғамдық өмiрiне қатысуға бизнес-қауымдастықтардың тартылуына ықпал еттi.

Орталық және жергiлiктi деңгейлерде "билiк - қоғам" серiктестiгiнiң ұзақ мерзiмдi тұрақты тетiктерiн және түрлi үндесу алаңқайларын құру жөнiндегi жұмыс белсендi жүргiзiле бастады. Қорытындысында, 2005 жылғы сәуiрде "Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, ол билiк органдары мен YEҰ-ның өзара қатынастарының принциптiк жаңа жүйесiнiң құрылуына мүмкiндiк бердi.

2005 жылы 11 қыркүйекте Астанада өткізілген Екінші Азаматтық форум еліміздің қоғамдық өміріне кәсіпкерлік-ассоциа-циялардың қатысуына жағдай туғызды. Онда елдегі үкіметтік емес ұйымдарды, бизнес пен кәсіподақты біріктірген Қазақстанның Азаматтық альянысы құрылды.

2003-2005 жылдары бiрiн бiрi алмастыра отырып, азаматтық қоғамды одан әрi демократияландыру және дамыту жөнiнде ұсыныстар тұжырымдау жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн кеңес пен Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Демократия мен азаматтық қоғам мәселелерi жөнiндегi ұлттық комиссия жұмыс iстедi.
Екi құрылымның да жұмысы мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасында Қазақстанның саяси дамуының аса маңызды мәселелерi жөнiндегi жалпыұлттық үндесудi тереңдету және саяси жүйенi жетiлдiру мен елде демократиялық қайта құруды жүргiзуге бағытталған шараларды бiрлесiп тұжырымдау үшiн жағдай жасауға мүмкiндiк бердi.

2006 жылғы наурызда Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзiрлеу және нақтылау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия құрылды, оның жұмысына саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi қатысады.
Барлық деңгейдегi әкiмдердiң халық алдында есеп беруiнiң шеңберiнде елде әкiмдерге қоғамдық сенiм комитеттерi (бұдан әрi - ӘҚСК) сияқты азаматтық бақылау нысаны дами бастағанын атап өтуге болады. ӘҚСК жұмысының тәжiрибесi мемлекеттiк органдардың қызметiн азаматтық қоғам институттары бақылауының ықтимал өнiмдi модельдiк тетiгi ретiнде зерделеудi талап етедi.

2006 жылы 25 шілдесінде «Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қоғамды дамытудың 2006–2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы» қабылданды. 2006-2011 жылдарға арналған азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасында мемлекеттік ұйымдар мен азаматтық қоғам институттарының арасындағы байланыстың тетіктері атап көрсетілді. Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасына сәйкес 5820 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Ол ұйымда тұрақты негізде 35 мың адам, уақытша (кеңесшілер, сарапшылар) – 50 мың адам, өз еркімен 100 мың адам жұмыс істейді. Соңғы 10-12 жыл көлемінде үшінші секторда үкіметтік емес ұйымдардың бейнесін айқындайтын, тұрғындардың алдында жетекші-ұйымдастырушылар қалыптаса бастады. Осындай беделді ұйымдар мемлекеттік ұйымдармен қарым-қатынас жасап қана қоймай, өте маңызда әлеуметтік, экономикалық, саяси шешімдердің қабылдануына ықпал жасады.

Сөйтiп, өткен жылдары елде азаматтық қоғам институттары - саяси партиялар, коммерциялық емес (үкiметтiк емес) ұйымдар, кәсiподақтар, ұлттық-мәдени бiрлестiктер, мемлекеттiк емес БАҚ және тұтастай алғанда мемлекеттiк емес секторды бiлдiретiн басқа да институттар қалыптасып, қазiргi уақытта мейiлiнше тез дами бастады. Бүгiнгi күнi Қазақстанда 12 саяси партия, түрлi бағыттағы 5820 YЕҰ, 3340 қоғамдық қор, 1072 заңды тұлғалар қауымдастығы, 471 ұлттық-мәдени бiрлестiк, 40-тан астам конфессиялар мен деноминацияларды бiлдiретiн 3340 дiни бiрлестiк, түрлi меншiк нысанындағы 6646 БАҚ ресми тiркелiп, жұмыс iстеуде. Осы және басқа да азаматтық қоғам институттары елдi одан әрi демократияландырудың маңызды ресурсына айналды.

Сонымен бiрге, қоғамда азаматтық қоғамның одан әрi өсуiне ғана емес, елдi әлемдiк жаһандану процесiне барған сайын тартып бара жатқан қыр көрсетулерге де байланысты бiрқатар проблемалық мәселелер көрiнiс бере бастады. Олар тұтастай алғанда елдегi азаматтық қоғамды одан әрi үйлесiмдi дамытуды тежейдi, оның әр бөлiгi үшiн сипаттамалық ерекшелiктерi бар және өз шешiмiн талап етедi.
Мысалы, коммерциялық емес ұйымдардың (бұдан әрi - КЕҰ) мемлекеттiк органдармен тең құқылы азаматтық әрiптестiгi мәселелерi шешiмiн тапқан жоқ. Конкурстық рәсiмдердiң ашықтығын арттыру және бағдарламалар мен жобалардың қазiргi кезеңiнде қажеттiлiктердi айқындауда КЕҰ-ның қатысуы үшiн мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру тетiгi жетiлдiрудi талап етедi. Өңiрлердегi, әсiресе ауылдық жерлердегi КЕҰ әркелкi дамуда. Тiркеу тәртiбi күрделенген және рұқсат беру сипатына ие, тiркеу алымының мөлшерi ұлғайтылған, азаматтардың заңды тұлға болып құрылмаған бейресми бiрлестiктерiнiң мәртебесi туралы мәселе реттелмеген. Бизнес-құрылымдар КЕҰ-дың әлеуметтiк маңызды бастамаларын қаржылық қолдауға нашар қатысуда.
Әлеуметтiк қажеттiлiкке қарамастан, елдегi партиялық құрылыс баяу қарқынмен жүруде, партиялардың ролi мен өкiлеттiгi шектеулi. Партиялардың көпшiлiгiнде қажеттi қаржылық және материалдық ресурстар, саяси партияларды тiркеу үшiн қол жинау мәселелерi жөнiнде нақты ережелер мен регламент жоқ. Партияларды қайта ұйымдастыру, бiрiктiру және қосу мәселелерi заңнамалық реттеудi қажет етедi. Саяси партиялардың сайлау комиссияларын құруға қатысу тетiгi жетiлдiрiлмеген.
Кәсiптiк одақтар мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатын әзiрлеу мен iске асыруға толық көлемде қатыспайды. Ұжымдық шарттар мен келiсiмдер әлi де болса еңбекшiлердiң құқықтарын қорғаудың пәрмендi тетiгiне айналған жоқ.
Отандық БАҚ-тың бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң дамуы нормативтiк-құқықтық және экономикалық ынталандыру болмағандықтан тежелiп отыр. Көптеген БАҚ-тың материалдық-техникалық базасы жеткiлiксiз және қаржылық қаражаты шектеулi, сондай-ақ мемлекеттiк ақпараттық саясат бағдарламалары шеңберiнде бюджет қаражатына қол жеткiзе алмайды. БАҚ аккредиттеу, мемлекеттiк органдардан ақпарат, өз хаттары мен өтiнiштерiне жауап алу кезiнде қиыншылық көруде. Журналистер мен БАҚ-тың құқықтық қорғалу деңгейiнiң төмендiгi Қазақстандағы сөз бостандығының шектелуiне әкеледi.

2. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-саяси процестердегі азаматтық қоғамның орны мен рөлі. 1990 жылдардың басында Қазақстанда 300 бен 400 - дің арасында үкіметтік емес ұйымдар болса, кейінгі жылдары олардың саны 5 мыңға жуықтаған және оған мүше адамдар саны да күн санап артып келеді. Қазақстан Президентінің бастамасымен дүниеге келген – Азаматтық форум бүгінде үкіметтік емес ұйымдардың бірлесіп, ортақ мәселелерін талқылауға арналған алаң және ол үкіметтік емес сектордың дамуына ықпал етіп отырған іргелі шаралардың қатарына жатады.

1990 жылдардың соңындағы мемлекет пен үкімет емес ұйымдардың арасындағы қатынастардың прогресивті дамуына қарамастан, үкіметтік емес ұйымдардың 90% - ы қаржыны шетелдік қорлардан алады. Бизнес құрылымдары да экономикалық тиімсіздікті алға тартып, үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыруға белсенді қатысқан жоқ. 2000 жылдан бастап үкіметтік емес ұйымдар азаматтық қоғамды қалыптастыруда демократияландырудың ең тиімді әрі ең қажетті тетігі ретінде мойындала бастады. Тәуелсіздік жылдарында үкіметтік емес ұйымдар саны 10 есеге өсті. Бұл азаматтардың белсенділігінің артуын көрсетеді. Бүгінгі таңда 6 мыңнан артық үкіметтік емес үйымдар қоғамдық экономикалық, әлеуметтік және саяси мәселелерін шешуге мемлекеттік және қоғамдық иниституттармен бірге сүбелі үлес қосып отыр. Үкіметтік емес ұйымдардың басты міндеті адам құқықтарының мемлекет тарапынан бұзылмауына жол бермеу болып табылады. Үкіметтік емес ұйымдармен байланысты дамытудың негізгі бағыттары: сапалық кеңестерге, депутаттармен бірге жұмыс топтарына қатысу, мемлекеттік қызметкерлердің үкіметтік емес ұйымдардың іс-шараларына қатысу, сауалдарға жауап беру, заң жобаларына ұсыныс жасау, салалық министрліктермен бірге еңбек ету. Ел дамуына « Тіл дағдары » (М. Шаханов ) « Азаматтық алъянс » (А.Соловьева), « Әділ сөз» (Т. Қалаев), « Адам құқықтары бойынша халықаралық бюро » ( Е. Жовтис) тағы басқа үкіметтік емес ұйымдар белгілі дәрежеде әсер, ықпал етіп жүр.

Қазақстанда азаматтық қоғам және үкіметтік емес сектордың қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері бар. Азаматтық қоғаммның нарықық үлесіндегі үкіметтік емес сектор азаматтардың қоғамда өзін-өзі танытуына үлкен септігін тигізеді.

1995 – 1997 жылдары үкіметтік емес ұйымдардың саны өсіп, халықаралық қорлардан қорғау тапты (гранттар), әр салаға қатысты негізгі жұмыс бағыттары айқындала бастады. Кадрлық әлеует нығайып, кәсіби деңгейі көтерілген үкіметтік емес ұйымдар жобаларды орындау қызметі алға басты. Негізгі бағыттардың мамандануы қалыптасып, үкіметтік емес ұйымдардың арасында бәсекелестік дамыды. 1990-2002 жылдар аралығында сараптамалық талдау қоғамдық қорлардың өсіп, ал қоғамдық бірлестіктердің қысқарған- дығын көрсетті. 1991 жылы қоғамдық бірлестіктер саны – 81% , ассоциациялар - 16%, қорлар - 3%, ал 2002 жылы бірлестіктер - 57%, ассоциациялар - 12%, қорлар - 31%. Біріңғай Қазақстандық азаматтық қоғамды қалыптастыру жалпыұлттық идеяның іске асырылуы болып табылады. Осы мәселеде Қазақстан Республикасы Қазақстан халықтары ассамблеясының (ҚХА) III сессиясында Елбасы республикада азаматтық қоғам құру мәселесін көтерген болатын. Ал 1997 жылы маусымдағы ҚХА IV сессясында жаңа қазақстандық азаматтықты қалыптастыру ең маңызды саяси мәселелердің бірі ретінде көрсетілді. Конституцияның 19 – бабында жазылғандай: «Қазақстан – зайырлы мемлекет». Сондықтан әрбір Қазақстан азаматы «қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы».

Кейінгі жылдары бәсекеге қабілетті қазақстандық ұлт қалыптастыру мәселесі қойылуда. «Қазақстандық ұлт» терминін этникалық жағынан емес, азаматтық тұрғыдан түсіну қажет.

3. Қазіргі Қазақстандағы азаматтық қоғам дамуының негізгі үрдістері мен проблемалары. 1998 жылдан бастап үкіметтік емес ұйымдар мемлекет тарапынан қолдауға ие болып, нәтижесінде олардың арасындағы қарым-қатынас жаңа сапаға көтерілді. Үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар арасында серіктестік қалыптасып, ортақ мәселелерді шешуге бағытталды. Грант берушілер талаптарынан тәуелсіз болу үшін кәсіпкерлік қызметті жетілдіру жолға қойылды. 2000 жылдан үкіметтік емес ұйымдардың одақтары, ассоциациялардың жүйелі тармақтары қалыптаса бастады. 2000 – 2002 жылға сараптамалық талдаулар Қазақстан коммерциялық емес ұйымдардың әртүрлі бағытта қалыптасқанын көрсетеді. Барлық үкіметтік емес ұйымдардың 15%-ы – экономикалық, 8%-ы – құқық қорғаумен, 14%-ы – гендерлік және бала-жастар мәселелерімен, 13%-ы – медицин, мәдениет, ғылым және біліммен, 7%-ы – әлеуметтік қолдау және мүгедектер мәселесімен, 6%-ы – қоғамдық ұсынысты қолдаумен айналысатындығы атап көрсетілген.

Қазақстанда қалыптасып отырған ахуалға Алтынбек Сәрсенбайұлы: «Қазақстанда 15 жылда ұлтқа ие болатын, ұлттың дамуына бағдарлы жол ашатын саяси басқару элитасы қалыптаспағаны дүние жүзіне әшкер болып қалды. Бұл тек Н. Назарбевқа ғана емес, қазақтың әрбір азаматына қатысты әңгіме», - деп бағалады.

Қазақ халқы ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Сол дәстүрмен еліміз егемендік алған алғашқы жылдардан бері жастар саясатын мемлекет ұлттық деңгейде қолға ала бастады. 1991 жылы 28 маусымда «Қазақ КСР-нің мемлекттік жастар саясаты туралы» Заңы қабылданды. Қазақстан Республикасының Президентінің 1999 жылы 28 тамызындағы №73 Өкімімен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы» тұжы- рымдамасы бекітілді.

Қоғамдағы әйелдердің саяси белсенділігі күшейді. Әйедер қозғалысының қалыптасуымен кейбір үкіметтік емес ұйымдардың – Республикалық әйелдер одағы, «Алматы фемида лигасы», «Жанар» әйелдердің қоры, «Мүгедек әйелдердің республикалық ассоциациясы», «Солдат және матрос аналарының одағы», «Көп балалы әйелдер ассоциасиясы» қызметінің негізделуімен сипатталады. Бастапқы кезеңде мемлекеттің әйелдерге қатыс- ты саясаты кеңес жүйесінің қағидалары мен тетіктерін тікелей көшірумен шектеліп, әйелдер тек әлеуметтік мәселелермен ғана айналысты. 1994 жылы Жоғарғы Кеңес пен жергілікті өкілді органдар сайлауына әйелдер ұйымдары кеңесінен 6 ғана үміткер қатысты. Сайлауға қатысқандардың 12%-ы ғана әйелдерді құрады.

1990 жылдардағы дағдарыста әйелдер отбасының асыраушысына айналды. Әйел – ананың мойнына көп күш түсті. Ол елдегі демографиялық ахуалға әсер етті. 1995 – 1998 жылдары Қазақстанда әйелдер қозғалысы жанданып, республикадағы әйелдердің үкіметтік емес ұйымдары алты есеге өсті. Осы кезеңде әйел – ана беделін, қоғамдағы орны мен рөлін көтеруге арналған кеңестер өткізу дәстүрге айналды. 1995 жылдың қыркүйегінде Пекин қаласында әйелдер мәселесіне қатысты IV Халықаралық конференция өтті. 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы, әйелдер және демографиялық саясат проблемалары жөніндегі кеңес құрылып, уақыт өте келе ол Қазақстан Республикасы Призиденті жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі Ұлттық комис- сиясына айналды. Ол комиссия әйелдер мәселесі, отбасы, балалар, жастар және демография жайын кең көлемде қарастырып келеді.

1998 жылдан бастап, әйелдерге қатысты мемлекеттік саясат тереңдетіл- ді. 1998 жылы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құқықтық мәртебесі жағынан Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативті-кеңестік ұйымға айналған отбасы және әйелдер ісі бойынша Ұлттық комиссия құрылды. Бұл комиссия отбасы мұдделерін қорғау, әйелдердің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірге қатысуына жағдай жасауға маңыз берді. Комиссияға ғылым, мәдениет, өндіріс, шағын және орта бизнес өкілдері, мемлекеттік қызмет- керлерден тұратын 28 адам кірді. Комиссия төрайымы лауазымы министр деңгейінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамының мүшесі болды.

1998 жылы биліктің өкілді органдарына сайлаудың алдында әйелдердің үкіметтік емес ұйымдарының ұсынысымен 20 ірі ұйымды біріктірген Комиссия құрылды. Қазақстан Республикасында әйелдердің мәртебесін көтеру жөніндегі жұмыста үкіметтік емес ұйымдар зор рөл атқарды.

Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған Тұжырымдамасы 2006 жылы шілденің 25 қабылданды.

2007 жылы 17-18 қазанда өткізілген III Азаматтық форумда азаматтық қоғам мен мемлекеттік орғандар арасындағы өзара іс-қимылдың жүйелі механизмін қалыптастыруға алғашарттар қабылданды. Сонымен қатар Үшінші форумның басты ерекшелігі билік пен бұқараның бетпе-бет кездесуі еді.

Үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық инициативалары қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында орналасқан. Кедейшілік, жұмыссыздық, көп балалы отбасылар, оралмандар, мүгедектер, экологияға байланысты Қазақстанның көптеген азаматтары өздерінің мүмкіндіктерін, талаптарын үкіметтік емес ұйымдар арқылы ұсынды. Осы бағытта пенитенциарлық жүйенің реформалануы, диабетассоциациясы «Баспана» ассоциациясы, эко-логиялық үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын атап өтуге болады. Қазақстанда шетелдік қорлар мен агенттіктердің бірнеше бөлімшесі(мысалы: Сорос, Еуразия, Каунтерпарт Консорциумы, Хивос, Фридриха Эберт атындағы қор, т.б) құрылды.

2009 жылы 23 - 24 қарашада халықаралық қауымдастықта азаматтық қоғамның даму деңгейін таныстыру және алдағы жұмыс бағыттарын айқын-дау мақсатында 4-азаматтық форум өтті. Алқалы басқосуға 700-ден астам делегат қатысты. Қытай, Үндістан, Франция, Болгария, Әзербайжан мем-лекеттерінен өкілдер келді. 2009 жылы елімізде 18 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым жұмыс жасады. 2008 жылы мәліметтер бойынша 206 ҮЕТ түрлі бағыттағы 226 жобаны іске асырған.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты халық-а Жолдауында елімізде қоғамды либералдандыру нәтижелі жүргізіліп отырғанын айта келе, «Қазақстанда сан алуандық және көппартиялық орныққан: әр қазақстандық кез келген қоғамдық және саяси бірлестікке еркін кіре алады; 5 мыңнан аса үкіметтік емес ұйымдарды қоса алғанда, азаматтық қоғам институттары мен құрылымдары жасақталып, жұмыс іс-теуде» деген пікірін айтты. Қазақстан бүгінгі таңда бәсекеге қабілетті елдер-дің қатарына қосылу үшін азаматтардың шығармашылық негізі мен бастамаларын ынталандыруға көңіл бөліп отыр.

Бұқаралық ақпарат құралдары, 1991 жылдан – «Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң жұмыс жасай бастады.

Қазақстан 735 жаңа газет-журнал, оның ішінде қазақ тілінде – 250, орыс тілінде – 395, ұйғыр тілінде – 4, өзбек тілінде – 5, неміс тілінде – 2, корей тілінде – 2. Олардың 85-і тәуелсіз, 12-і жеке меншік басылым еді. Осы кезеңде 200-ге жуық жаңа, жеке акционерлік телерадиокомпаниялары пайда болып, олардың құрылтайшыларының құрамы сапалық жағынан өзгереді. Осыған дейін олар мемлекеттік және партиялық ұйымдарға тәуелді болса, енді телекомпаниялардың көпшілігі жеке тұлғаларға, редакцияларға, акционерлік компанияларға тиесілі болды. Соның нәтижесінде қоғамның кейбір топтары әлеуметтік, саяси үдерістерге, рухани өмірдің дамуына ықпал жасауға ұмтылды. Ақпараттық құралдардың экономикалық жағдайы мұндай үдерістердің белсенділігіне жол бермеді.

Алғашқы кезеңде мемлекеттік телеарнаны жаңа техналогиямен жаб-дықтауға қаржы қол байлау болса, екінші жағынан кәсіби журналист ма-мандардың тапшылығы да кері әсер етті. Коммунистік идеология қалып-тастырған журналистік бірізділік пайымдаулар жаңа заман талабына жауап бере алмады. Өтпелі кезеңнің әлеуметтік қиыншылықтары журналистердің материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруды талап етті. 1992 жылы сәуір айында Қазақстан Республикасының Президентінің «Нарықтық қатынастарға көшудің өтпелі кезеңдегі бұқаралық ақпарт құралдарын қорғау туралы» Жарлығы шықты. Бұл мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарын қорғаудың құқықтық негізін салды. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конститутция бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігін заңды түрде бекітті. Президент жарлығымен салықтарға, пошта шығындарына жеңіл-діктер беріліп, жаңа баспаханалық құрал-жабдықтар алуға қолдау көрсетілді. Коммерциялық бағыттағы басылымдар кеңес билігі кезінде айтылмай ақтаң-даққа айналған - ұлттық тіл мен мәдениет, зиялы қауым, қоғам мен мемлекет қайраткерлері, батырлар мен хандар есімін жаңғыртуға арналған өзекті тақырыптарды көтерді. Ұлт тарихына деген ұмтылыс, серпіліс байқалды. Қазақ тілді басылымдар ұлттық өзіндік сананы, ұлттық рухты оятушы факторларға айналды. Дегенмен, әлі күнге дейін қазақ басылымдары эконо-микалық және әлеуметтік мәселелерге арналған тақырыптарға аз көңіл бөлуде. Оның есесіне осы кезеңдегі ірі қазақстандық банкирлер қаржылан-дыратын орыс тілінде арнайы экономикалық басылымдар «Панорама», сонан соң 1992 жылы «Деловая неделя» газеттері шығарылды. Бастапқы кезде экономикалық және сараптамалық материалдар, мәліметтер тек аз ғана топ-ты қызықтырды. Ал экономикалық газеттер ірі және орта бизнес өкілдеріне ақпараттық бағдар, бизнес-элитаға сапалы және дұрыс ақпарат бере алатын, әлемдік экономика, банк және қаржы мәселелерін түсіне алатын журналис-тер тобының қалыптасуына жол салды. Саяси және идеологиялық бағыт-бағдардың түбегейлі өзгеруі, журналистер тарапынан жедел бетбұрысты талап етті. 1990 жылдардың ортасындағы Қарағанды шахта кеншілерінің шеруі, «Невада – Семей» ядролық қаруға қарсы қозғалысы, кезекті парламет сайлаулары, қоғамның кедейленген бөлігі, жемқорлардың әшкереленуі тәріз-ді оқиғалар республикадағы телеарналардан көрсетіле бастады. Саясатта, экономикада, рухани өмірдегі ақпараттарға демократиялық және гуманистік қағидаттар ықпалы көбейді. Оған биліктің тармақтары, қоғамдық бірлестік-тер мен партиялар, одақтар, кейбір жеке азаматтар да бейімделе бастады.

1990 жылдың басында қазақ теледидары экономикалық және идеоло-гиялық қиыншылықтармен бетпе-бет кездесті. Журналистердің тәжрибесін-де бұрын-соңды кездеспеген сот үдерістері, талаптар, пікірталас мақалалар арқылы жергілікті және республикалық, теледидар мен басылымдар арасын-дағы ақпараттық қақтығыстар басталды. Мемлекеттік теледидар жаңа ақпа-раттық түсірілімдер дайындау ісімен «уақыт алылып» жүргенде, «КТК» «ТАҢ – ТВ» тәрізді коммерциялық телеарналар өз жұмыстарын белсенді түрде жүргізе бастады. Әлеуметтік реформалар, нарық қатынастары, жекешелендіру мәселелеріне арналған тақырыптар ерекше көп көтерілді. Ресей басылымдарының тақырыптары отандық теледидарлардың «негізіне» айнала бастады. Ұлттық тележурналистер қоғамды сілкіндіруге ұмтылғаны- мен, олардың әлеуметтік-саяси рөлі төмен болды. Оған Қазақстанда озық техналогия мен коммуникация құралдарының аздығы ғана емес, ақпараттан-дыру дүрбелеңінің аяқ басуы да себепкер болды.

Жаңа әлеуметтік-саяси және нарықтық тәлуелсіз телерадиокомпания-ларды құрылымдық жағынан біріктіруге жәжбүр етті. 1995 жылы Орта Азия-лық тәуелсіз электронды ақпарат құралдарының ассоциациясы құрылды. Оған 12 өзбек телерадио ұйымы, 6 тәжік корпорациясы республиканың 14 облысын біріктірген «Сарыарқа», 63 жеке телерадиокомпания кірді. 1995 жылы суптниктік теледидарды дамытудың үкіметтік бағдарламасы ақпарат-тық дамудың жаңа көкжиектерін анықтады. Ол ИНТЕЛСАТ спутнигі арқылы 50-ге жуық еуропалық,азиаттық, америкалық бағдарламалады қабылдауға мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасының ақпараттық саясаты ТМД елдерінің ақпараттық кеңестігін қалпына келтіруге жағдай тудырып, 1992 жылы бұқаралық ақпарат құралдары бойынша Алматы декларациясының қабылдануы Орта Азиялық тәуелсіз ақпарат құралдарымен қарым-қатынасы нығайтты. Демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекетті құрудағы ақпарат құралдарының талпынысы ешқандай қарсы-лыққа ұшыраған жоқ. 1997 жылдан кейін мемлекет нарық заңдарын игеру бағытында бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты қатаң шаралар қол-данды. Бұл кезеңде жаңа басылымдар мен жаңа телеарналар қалыптасып, басылымдардың материалдық-техникалық базасы жақсарды. Басылымдар арасында бәсекелестік ұлғайып, телерадио желілеріне тендерлер ресми түр-де жарияланатын болды. Алайда ақпарат нарығында әле де болса Ресей ақпарат құралдары бағыты күштірек байқалды. Осы жылдары Ресей ақпарат құралдары «қара пиар» тәсілдерін қолдана бастады. Кеңес баспасөзінде болмаған «диффапиция» - жала жабу термині алғаш пайдаланды.

Жекешелендіру үрдісі Қазақстанда ірі қаржы топтарын қалыптастырды. Баспасөздің күшін, қажеттілігін сезген олар жаңа басылымдар шығаруға тырысты.

«Қазақтелерадио» АҚ мамандармен қолданыстағы және жаңадан енгі-зілген радио-теле тарататын станцияларда 2005 жылы 252 телевизиялық және 55 радиотарататын тартұыштар жөнделді.

«Қазақтелерадио» радиотелевизиялық станцияларының телевизияляқ және радиосигналдарын таратуда техникалық сапасын жақсарту үшін 2005 жылы 27 жоғары энергопайдаланатын және пайдалы қуаттың төменгі коэффиценттін ескірген лампалық тартқыштарды хабар таратудың сапасын айтарлықтай арттыратын қазіргі заманғы элементті базасындағы қатты дене-лі тартқыштарға ауыстырды.

Халықтық стерефонды FM диапазонындағы радиотартқышпен қамтуды одан әрі арттыру мақсатында «Қазақтелерадио» АҚ өз қаражаты есебінен 1кВт қуаты әлемдік стандартқа жауап беретін 54 радиохабар таратқыштарды сатып алды, оның 36-ы УКВ диапазонындағы «Држдь-2» ескірген таратқыш-тарды ауыстыруға, 18-і «Шалқар» бағдарламасы бойынша қамтуды кеңейту үшін орнатылды. Депутаттық сұраныстар бойынша – «Қазақтелерадио» АҚ жеке қаражаты есебінен 63 таратқыш іске қосылды.

Қазақстан Республикасында 2006 жылы 7 сәуіріне дейін 7092 бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген, олардың ішінде 2466 БАҚ үнемі жұмыс жасайды. Республика бойынша жұмыс жасап отырған Бұқаралық ақпарат құралдарының саны бойынша Алматы қаласында – 883 (36%), Оңтүстік Қазақстан облысында – 249 (10%), Қарағанды облысында – 200 (8%) ,болып отыр.

Республикада қоғамдық-саяси ақпаратпен қатар жарнамалық, ғылыми, әйелдерге,балаларға, жастарға арналған, діни, арнаиы мамандандырылған және өзгеде басылымдар бар. 2006 жылы мерзімді ақпараттық басылымдар үлесі – 50%, қоғамдық-саяси – 16%, ғылыми – 9%, жарнамалық – 10,5%, әйелдерге, балаларға, жастарға арналған және діни – 2% -дан келеді. Масс-медеианың 80%-ын мемлекеттік емес БАҚ құрайды. Өңірлердегі мерзімді баспасөз құралдарының тиражы 1000-нан 3600-ге дейін жетеді.Мысалы оңтүстік өңірде ол 1205 данадан, батыста – 1023, шығыста – 5564, солтүс-тікте – 1735 және орталық өңірде – 3667-іні құрайды.

«Қазақтелерадио» АҚ мәліметі бойынша 2006 жылы республикалық арналардың телевизиялық және радиобағдарламалардың таратылу аумағы: «Хабар» - 95,7%, «Қазақстан» - 96,25%, «Ел арна» - 75,5%, «Еуразия - бірінші арнасы» - 78,6%, «Қазақ радиосы» - 86,99%-ды құрады. Сонымен қатар «CaspioNet» ұлттық спутник арнасы Еуропа, Орта Азия, Орталық Шығыс және Африканың солтүстік бөлігіне таралады. Арнаның тұрақты ауди-ториясы 99 миллион көрерменді қамтып отыр. Арна тәулігіне 24 сағат үзіліссіз жұмыс жасайды. Республикалық мемлекеттік тапсырысты орындауды күнделікті жексенбіден басқа күндері тәулігіне бір сағат көлемінде «Қазақстан» республикалық телеарнасы жүзеге асырады.

Өңір көлемін кең көлемде көрсету үшін әр филиал облыс орталқтарын-дағы қосымша жеке арналары арқылы хабар таратады.

Облыстық телебағдарламалар Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс жасайтын Ұлттық спутниктік телерадиохабартарату желісінің (ҰСТЖ) спутник арналары бойынша жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауындағы әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдәң қатарына кіру стратегиясын ұсынды. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің 2006 жылығы 1 наурыздағы шешімдерін орындау үшін Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңестігінің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың 2006 – 2009 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленді. Тұжырымдамада ғаламдық ақпараттық кеңестікті және Қазақстан Республикасының ақпарат нарығын дамытудың негізгі үрдістері, қазіргі заманғы ақпарат нарығындағы бәсекеге қабілеттіліктің өзекті проблемалары талданды. Мемлекеттік саясаттың ақпарат саласындағы негізгі қағидаттары, стратегиялық мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ оларды іске асыру тетіктері айқындалды. Тұжырымдама 2006 – 2009 жылдарға арналған нысаналы бағдарламалар, заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілер әзірлеуге негіз болды.

Қазақстанда облыстық, қалалық және аудандық БАҚ: «Алматы ақшамы», «Вечерный Алматы», «Астана қаласының теледидары», «ЭраТВ» және басқалары жұмыс істейді. Халықтың құрамы, тарихи өткені, дүние-танымы жағынан аумақтардағы аудиоториялардың көрермендері үшін ақпарат тарататын өңірлік БАҚ-тар жұмыс істейді.

Жалпыұлттық БАҚ-қа қатысушылар қатарына «Егемен Қазақстан», «Қазастанская правда» сияқты газеттер, «Парасат», «Континент», «Мысль» сияқты журналдар, «Қазақстан», «Хабар», «Ел арна» сияқты телеарналар, «Мир» ХТРА-сы және басқалар жұмыс істейді.

БАҚ қызметінің және Қазақстан Республикасы ақпараттық нарығының жұмыс істеуінің негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы сөз бостандығы мен шығармашылық еркіндікке кепілдік береді. Цензураға тыйым салынған. Сонымен қатар әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен ақпарат алуға және таратуға құқығы бар, идеологиялық және саяси әр алуан-дылықты таниды. Қазіргі Қазақстанда ақпарат нарығының негізі, елеулі элементтері қ


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Жылы жекешелендіру процессі басталды. | СПОСОБЫ ПОЛУЧЕНИЯ ГРАФИЧЕСКИХ ИЗОБРАЖЕНИЙ




Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 8352;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.06 сек.