Азаматтық және қылмыстық істер бойынша сот сараптамасын тағайындаудың негізі мен тәртібі.

Қылмыстық іс бойынша сотка дейінгі іс жүргізу барысында сараптама істі қозғау туралы шешім қабылданған кезде, сондай-ак анықтау немесе алдын ала тергеу сатысында тағайындалады. ҚІЖК-нің 242-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық істі қозғау туралы шешімді сараптама жүргізбейінше қабылдау мүмкін болмайтын жағдайда, ол қылмыстық іс қозғалғанға дейін тағайындалуы мүмкін.

Айтылғандар көбінде есірткілердің заңсыз айналымымен, сондай-ақ қару және оқ-дәрілерді заңсыз сақтау, тасымалдау немесе алып жүрумен байланысты қылмыстық істерді қозғау кезінде болады. Істі қозғау туралы мәселені шешу сатысында, негізінде, өлім себептерін анықтау үшін сондай-ақ сот медициналық сараптамалар тағайындалады.

Сарапшылық зерттеу үшін үлгілерді алу іс жүргізу әрекеті және оны жүргізу тек іс қозғалғаннан кейін мүмкін болғандықтан, қылмыстық іс қозғалғанға дейін сараптама тағайындаудың міндетті шарты ҚІЖК-нін 33-тарауында көрсетілген салыстырмалы үлгілерді пайдаланбай жүргізу мүмкіндігі болып табылады.

Сараптама тағайындау рәсімін процесті жүргізуші органның әрекетін ұйымдастыру, жоспарлау, оларды жүзеге асыру амалдарын, бағалау және мінез-құлықтық сәттер секілді элементтері тән криминалистік тактика ережелерін ескере отырып қарастырған орынды болмақ. Аталған ережелер ҚІЖК нормаларына негізделеді.

Сараптаманы тағайындау: дайындық және сараптама жүргізуді тапсыру екі кезеңіне бөлінеді.

Дайындық кезеңіне мына элементтер кіреді:

1) сараптама тағайындау туралы шешім қабылдау;

2) осыған байланысты процесті жүргізуші органның өз іс-әрекеттерін жоспарлауы;

3) сот сараптамасының түрін анықтау;

4) сарапшыға сұрақтарды қою;

5) сараптама жүргізуді тапсыру жоспарланған сот сараптамасы органын немесе адамды тандау;

6) сараптама жүргізу үшін сарапшыны алғашкы мәліметпен қамтамасыз ету.

1. Сараптама тағайындау туралы шешім қабылдау. Егер іс үшін мәні бар мән-жайларды анықтауда арнаулы ғылыми білімдер негізінде зерттеу жүргізу қажет болған жағдайда сараптама тағайындалуы мүмкін. Мұнда осындай дәлелдемелік ақпарат алудың баламалы көздеріне талдау жасау қажет. Өзге тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы тиімді анықталуы мүмкін кезде сараптама тагайындаудың қажеті жоқ.

Сараптама тағайындау туралы шешім қабылдау дер кезінде болуы керек, өйткені басқаша жағдайда қосымша сараптамалар тағайындаудың қажеттілігі немесе іс бойынша іс жүргізу мерзімін елеулі бұзу болуы мүмкін.

Сараптаманы тағайындау сәтін таңдау кезде процесті жүргізуші органның сарапшылық зерттеу нәтижесінде алынуы мүмкін дәлелдемелік ақпараттың сипаты мен көлемін дәл анықтаудың үлкен маңызы бар.

2. Қылмыстық процесті жүргізуші органның өз әрекеттерін жоспарлауы. Тиісті жоспарга кіргізілетін іс-шаралардың үлгі тізбесі: \

— сарапшының қарауына ұсынылатын материалдарды белгілеу;

— сараптама объектілерін алудың тәртібі мен мерзімін белгілеу;

— сарапшының табысты жұмыс жағдайларын қамтамасыз ету бойынша шаралар әзірлеу;

— сараптама тағайындаудың тиімділігі мәселелері бойынша маманмен кеңес өткізу;

— сараптама тағайындау мен өткізу кезінде іс бойынша нақты іс жүргізуге байланысты процеске қатысушылардың тиісті құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету.

3. Сараптама түрін анықтау. Процесті жүргізуші орган сараптамаларды жіктеудің бағыт-бағдарын білуі керек, өйткені тағайындалатын сараптаманың түрін дұрыс белгілемеу оны тағайындау мен жүргізудің күрделі іс жүргізу бұзуларына әкеп соқтыруы мүмкін.

4. Сарапшының шешуіне қойылатын сұрақтарды тұжырымдау. Сарапшыға сұрактарды қоюдың мақсаты - сарапшылық жолмен тергелетін істің мән-жайларын анықтау. Тергеушінің мақсаттылығымен, бағыттылығымен, әдістемелік сауаттылығымен сұрақтар қою кезінде оның тағайындайтын сараптаманың тиімділігі анықталады.

Процесті жүргізуші орган сараптама тағайындау кезде қойылатын мақсатты және шарттарды, сонымен бірге оған жетуге мүмкіндік беретін сараптаманың қазіргі мүмкіндіктерін анық түсінуі керек.

Егер қылмыстық істі жүргізуші адамның деректері бойынша тиісті әдістеме дәл қазіргі уақытта әлі әзірленбеген болса, сарапшының алдына сұрақтарды қоюға жол берілетіндігіне назар аудару керек.

Біріншіден, сарапшылық ғылымның дамуына байланысты ол жаңа әзірленген әдістеме туралы ақпаратты білмеуі мүмкін;

екіншіден, сараптама жүргізу барысында көбінде стандартты емес сұрақтарды қою жаңа әдістемелерді әзірлеудің стимулы болып табылады.

Сарапшының алдына қойылатын сұрақтар белгілі бір талаптарды канағаттандыруы керек:

— жалпы сараптама және атап айтқанда сарапшы құзыретінің шеңберінен шықпауы;

— сот-сарапшылық ғылыми білім саласының даму дәрежесін ескеру;

- іс мән-жайларын зерттеу міндеттерінін толык көлемін қамту;

- сарапшыға және қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушы өзге де адамдарға нақтылы және түсінікті болу;

- сот-сарапшылық ғылыми білім саласында қабылданған терминологияны ұстану;

- логикалық жүйелі болу.

Бұрын айтып өткендей, сарапшының алдына құқықтық сұрақтарды қою мүмкіндігі туралы мәселе пікірталасты туғызып келеді. Егер бұрын сарапшының құзыретіне кіруі сарапшының алдына құқықтық сипаттағы сұрақтарды қоюға жол берілмейтіндігі туралы тұжырым біржақты болып келсе, қазіргі кезде ол нактылауды қажет етеді.

Заңнамада нормативтік құқыктық актілердің саны, нысаны, мазмұны аспектісіндегі өзгерістер жағдайында онда құқықтың әр түрлі саласындағы тар шеңберіне жататын көптеген сұрақтар пайда болды. Бұл айтылған, негізінде, қаржы құқығы саласына жатады.

Проблема тек қылмыстық процесті жүргізуші органның дәлелдеме тақырыбына кіретін сұрақтардың мәнін түсінуінін қиындығында емес. Іс материалдарында іс матералдарын зерттеуге, сонымен бірге қолданыстағы заңнамаға негізделген, дәлелдеуге жататын мән-жайларды білікті талдауы бар іс жүргізу құжаттары болуы керек.

Сонымен бірге, істі тергеу және қарау кезінде құқық пен экономиканың, құқықпен экологияның тоғысқан жерлеріндегі шеткі сұрақтарды шешу қажеттілігі туындағанда, сараптама тағайындалу керек пе деген күмән тумау керек. Қазіргі кезде дамып келе жатқан құқықтық қатынастарды терең біліп қана қоймай, оларға ғылыми-негізделген талдау талап етіледі, ал бұл тиісті сараптамаларды тағайындау үшін негіз болады. Сонымен бірге, құқық салаларынын мамандандырылған тарауларына жататын іс бойынша шешім қабылдау үшін қажетті құқықтық білімі жоқ қылмыстық процесті жүргізуші орган тек сот сараптамасын ғана пайдаланып қоймай, сонымен бірге арнаулы білімдердің өзге де нысандарын — мамандардың кеңесін пайдаланады. Көп жағдайларда тиісті мамандық мамандарының судьяға берген түсініктемелерінің нәтижесінде құқық саласындағы кемшіліктердің орны толуы мүмкін. Ал сот сараптамасы арнаулы ғылыми білімдер негізінде зерттеулер жүргізудің міндетті элементі болып, қолдағы бар негіздер бойынша жаңа білімдерді алу мақсатына қызмет етеді. Сондықтан да қарастырылып отырған проблема тұрғысында сараптама тек іс материалдарында белгіленген нақты ситуациядағы құқықты қолдану мәселелерін шешу үшін ғана тағайындалады.

5. Сот сараптамасы органын немесе сараптама жүргізуді тапсыру жоспарланған адамды тандау. Практикада сот сараптамасын жүргізу, негізінде, Қазақстан Республикасының сот сараптамасы органдарына тапсырылады. Алайда, заң сарапшылық зерттеулерді сот-сараптама қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиялары бар адамдардың, сондай-ақ бір жолғы рұқсат бойынша өзге адамдардың да жүргізу мүмкіндігін қарастырады. Мұндай жағдайда сарапшыны таңдау жауапкершілігі тергеушіге жүктеледі. Соған байланысты ол қажетті хабардар адамды іздестіруді де және оған зерттеулер жүргізу үшін жағдайлар жасау мәселелерін де шешеді.

Процесті жүргізуші орган сарапшыны дербес тағайындаған кезде, ең алдымен, оған қарсылық білдіруге негіз болатын іс жүргізу сипатындағы кедергілердің болмауына коз жеткізу керек. Сонымен бірге оның мына талаптарға сәйкестілігі туралы мәселені де шешуі керек:

v құзыреттігі, яғни тиісті сот-сарапшылық саладағы білімдерді терең білуі;

v іс бойынша шешімге келуде теріс ойда болмауынан көрінетін объективтілігі;

v сарапшының кез келген адамдар ықпалына тәуелсіздігінен көрінетін жеке дербестігі;

v уақиғаның және қылмыстың салдарынан, сарапшы қызметінің өзге мән-жайларынан туындаған сезімдерді жеңуден көрінетін эмоционалды тұрактылығы;

v өзіндік ұйымдастырушылығы;

v жүргізілетін зерттеулердің түрлерімен анықталатын өзге кәсіби сапалары.

6. Сараптама жүргізу үшін сарапшыны алғашқы ақпаратпен Қамтамасыз ету. Алғашқы ақпаратты дайындау сараптама тағайындаудың елеулі кезені болып табылады, өйткені көбінде ол алдағы сарапшылық зерттеу мен қорытындының сапасын анықтайды.

Ақпарат көздері іс жүргізу және іс жүргізу көздері емес деп бөлінеді

Алғашқы ақпараттың іс жүргізу көздері олардың ішіндегі нақты қылмыстық іс материалдары болатындары:

§ қаулылар;

§ тергеу әрекеттерінің хаттамалары;

§ заттай дәлелдемелер;

§ сарапшылық зерттеу үшін үлгілер;

§ алдыңғы сараптамалардың қорытындылары;

§ құжаттар.

Алғашқы ақпараттың іс жүргізу көздері еместер - эталондар, стандарттар коллекциялар, анықтамалық басылымдар, әдебиет көздері.

Алғашқы ақпарат сипатына қойылатын талаптар сараптамалардың нақты түрлерімен белгіленеді, соған байланысты ол ұсынуга жатқызылады. Алайда, алғашкы ақпараттың канағаттандыруы тиіс жалпы шарттар да бар:

a. жол берушілік,

b. қатыстылық,

c. сенімділік,

d. репрезентаттық.

Әрбір жағдайда, сарапшыға ұсынылатын ақпараттың көлемі туралы мәселе жеке шешіледі, процесті жүргізуші орган оны мүқият ойластыруы керек. Сарапшының алдын ала қандай істің мән-жайларымен танысатындығын білу мүмкін болмағандықтан, ол қосымша материалдар ұсыну туралы өтініш беруге құқысы бар.

Сараптаманы жүргізуді тапсырудың екі негізгі элементі бар:

1) сараптама тағайындау туралы қаулыны шығару;

2) алғашқы акпаратты сарапшыға немесе сот-сараптама мекемесінің басшысына тапсыру.

Процесті жүргізуші орган зерттеуге жататын барлық материалдың дұрыстығына кепілдік беруге міндетті. Мұнда: іс материалдарындағы бірдей объектілерге қатысты әр түрлі болуына, дәлелдемелерді жинау мен бекіту кезіндегі іс жүргізу кемшіліктеріне, заттай дәлелдемелерді пайдаланудың ережелерін бұзуға, оларды ауыстыруға жол бермеу керек.

Сараптама жүргізу үшін материалдарды беру бірқатар жағдайларға байланысты болады, олар: материалдар жеке адам арқылы, поштамен немесе олардың тікелей сақталу, болу жерлері бойынша жіберіледі. Зерттеу объектілері өте үлкен, не тез бұзылатын болғанда, оларды сарапшыға ұсынуға мүмкіндік болмайтын ерекше жағдайлар туады. Бірінші жағдайда процесті жүргізуші орган сарапшыны объектілерді сақтау орнына жеткізуді, оларға бөгетсіз қол жеткізуді және сарапшылық зерттеу жүргізу үшін қажетті шарттарды қамтамасыз етуге міндетті.

Объектілерді өткен уақиға жағдайында сақтау қажеттілігі болған жағдайда, процесті жүргізуші орган күзет ұйымдастыруға және заттай дәлелдемелерді сақтауға шара қолдануға міндетті, бұл қарау хаттамасы мен сараптама тағайындау туралы қаулыда көрсетіледі.

Сараптаманы жүргізу барысында процесті жүргізуші орган мен сарапшы өзара іс-әрекетті жүзеге асыра алады, ол олардын шешетін міндеттері түрғысында тергеуші мен сарапшының мүмкіндіктерін кеңейтеді. Процесті жүргізуші орган дер кезінде қосымша материалдарды үсыну қажеттілігін, жаңа дәлелдемелерді жинау қажетгілігін анықтайды, жаңа дәлелдемелерді табуды белгілейді, сарапшы қорытындысын әрі қарай бағалау кезінде пайдалы ақпарат алады.

Сараптама тағайындау кезінде процесті жүргізуші органға елеулі көмекті тиісті профильдегі маман бере алады. Іс жүргізу заңы маманның құзыретін кеңейту жолына қадам басты. Тиісті норма маманды соттың, тергеушінің, анықтаушының тергеу және өзге де іс жүргізу іс-әрекеттеріне немесе сот талқылауына дәлелдемелерді жинауға, зерттеугe, бағалауға көмектесу мақсатында шақыртқан арнаулы білімі мен дағдылары бар адам ретінде белгілейді. Сот сараптамасын тағайындау тергеу әрекеті болып табылатындықтан, оны дайындау және нәтижелерін бағалау барысында маман тиісті өкілеттілікке ие болады. Заң (ҚІЖК-нін 84-бабы 2-б.) сараптаманы тағайындау үшін материалдарды дайындауға маманның қатысу құқығын тікелей көрсетеді Қылмыстық іс материалдарымен танысқаннан кейін маман сараптама түрін, сарапшының шешуіне қойылу тиіс сұрақтарды анықтау кезінде кеңес бере алады.

Маман объектілер, соның ішінде сарапшылық зерттеу үшін үлгілер, сарапшыға ұсынылатын материалдардың жеткіліктігі жайлы ұсыныстар бере алады. Сондай-ақ маман сараптама тағайындау туралы қаулыны және оны жүргізу үшін объектілерді дайындауда тікелей қатыса алады. Маман ұсыныстарының міндетті мәні болмайды, бірақ оларды ескеру сараптаманың тиімділігін едәуір үлкейтуге мүмкіндік береді.








Дата добавления: 2015-10-05; просмотров: 3024;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.025 сек.