Сот сарапатамасы процессуалдық құқықтың институты ретінде

Кең аспектіде сот сараптамасының түсінігі, ол — қылмыстық процесті жүргізуші органның оны тағайындау, жүргізу, сарапшының қорытындысын бағалау деген үш сатыдан тұратын күрделі іс жүргізу іс-әрекеті.

Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес сараптама қылмыстық істі қозғау барысында, іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде, істі бірінші және апелляциялық сатыдағы сотта карау кезінде тағайындалуы мүмкін.

Сараптаманы тағайындаудың негізі нақты және заңды (іс жүргізу) деп бөлінеді.

Сараптаманы тағайындаудың нақты негізі іс бойынша іс жүргізу барысында, бір жағынан, қылмыстық процесті жүргізуші органның карамағындағы бар іс бойынша ақпаратты, екінші жағынан, оның істің мән-жайларын арнаулы ғылыми білім негізінде анықтау қажеттілігін сипаттайтын проблемалық танымдык ситуациялардың туындауы болып табылады.

Сараптаманы тағайындаудың заңды негізі арнаулы ғылыми білімдерді пайдаланумен мәселелерді шешудің қажеттілігі расталатын іс материалдары болып табылады.

Заңға сәйкес сараптаманы анықтаушы, анықтау органы, тергеуші, прокурор, сот (судья) тағайындауы мүмкін. Тергеуші сараптаманы қылмыстық істі қозғау сатысында және алдын ала тергеу жүргізу кезінде тағайындайды. Анықтау органы, анықтаушы сараптаманы қылмыстық істі қозғау сатысында және алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес сол істер бойынша анықтау жүргізу кезінде (КІЖК-нің 64-бабы 2-6; 67-бабы 3,5-6.), қылмыстық істі қозғау туралы мәселені шешу үшін онын нәтижелері қажет болған жағдайларды,прокурор тағайындауға құқылы (ҚІЖК-нің 197-бабы 1-бөлігі 1-тармағы). Сот сараптамасың бірінші және апелляциялық сатыда тағайындаудын ережелері ҚІЖК-нің 354-бабы және 410-бабының 1-бөлігіне сәйкес белгіленген. 

ҚІЖК-нің 141-бабында көзделген сараптаманы міндетті тағайындау жағдайларын қоспағанда, аталған лауазымды адамдардың әрқайсысы қажетті деп танығанда сараптама тағайындайды.

Сараптама тағайындау ҚІЖК-нің 32-тарауымен көзделген тергеу әрекеті, ол заң белгілеген негіздер мен шарттарды сақтаған кезде іске асырылады. Сондықтан ол тиісті қаулы шығаруды белгілейді және онын нысаны мен мазмұны ҚІЖК-нің 202-бабы және 242-бабының 1-бөлігімен реттемеленеді.

Сараптаманы тағайындау туралы қаулы кіріспе, сипаттау және қарар шығару бөлімдерінен тұрады

Кіріспе бөлімінде қаулының шыққан орны мен күні, оны шығарған лауазымды тұлға туралы мәлімет, сондай-ақ қаулының қандай іс бойынша шығарылғандығы көрсетіледі.

Сипаттау бөлімінде істің мән-жайы, сараптаманы тағайындаудың негізі, сараптамаға жіберілген объектілер туралы (олардың кай жерде және қашан, қандай жағдайда табылғаны және алынғаны); сарапшының қарауына ұсынылған өзге материалдар туралы мәліметтер; сарапшының қорытындысы негіздеуі мүмкін істегі мәліметтер келтіріледі.

Қаулының қарар шығару бөлімінде тағайындалатын сараптама түрі, сарапшының алдына қойылған мәселелер; сараптама жүргізу тапсырылған сот сараптамасы органының атауы немесе адамның тегі, сондай-ақ сарапшының қарауына берілетін материалдардың тізбесі көрсетіледі.

Қаулыны шығару кезінде анықтамалық әдібиеттерді пайдаланған жөн, алайда нақты қылмыстық іс бойынша сұрақтарды шешудің шынайы қажеттілігін ескермей, оларды тұтастай көшіруге жол берілмейді.

Қаулыда зерттеу жүргізу үшін ұсынылатын қылмыстық іс материалдары міндетгі түрде көрсетілуі керек. Барлық қылмыстық істі ұсыну негізсіз тоқтата тұруға әкеп соқтыратын жағдайларда, мақсатқа лайықсыз және заңмен негізделмеген. Сарапшының қарауына ұсынылатын заттар мен кұжаттардың орама- дағы деңгейі, сондай-ақ елеулі белгілері жеке сипатталуы керек.

Қаулыда сараптама жөнінде айыпталушының, адвокаттың өтініштері бар жоктығы, олардың қалай шешілгендігі, сараптаманы жүргізу кезінде айыпталушының немесе процесті жүргізуші адамның қатысу мүмкіндігі көрсетілуі тиіс.

Алайда сараптаманы тағайындау қаулыны шығарумен шектеліп қалмайды. Қылмыстық процестің кезендеріне байланысты сараптама тағайындаудың өзіндік ерекшелігі болады және ол арнаулы қарауды қажет етеді.








Дата добавления: 2015-10-05; просмотров: 1868;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.