Р сараптамалық мекемелердің түрлері мен құрылымы
Қазақстан Республикасының «Сот сараптамасы туралы» Заңының І-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен сот-сараптама қызметін жүзеге асыру функциялары жүктелген мемлекеттік мекемелер сот сараптама органдары болып табылады.
Қазақстан Республикасының сот сараптама органдарының толық тізбесі аталған заңның 4-бабында көрсетілген. Оларға:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы және оның аймақтық бөлімшелері;
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Сот медицинасы орталығы және оның аймақтық бөлімшелері;
3. Қазақстан Республикасының заңнамасымен қылмыстық қудалау функциясы жүктелген мемлекеттік органдар бөлімшелерінен басқа, ҚР заңнамасына сәйкес функцияларына сот сараптамасын жүргізу жатқызылған мемлекеттік органдардың мамандандырылған бөлімшелері жатады.
Сот сараптамасы органының басшысы дегеніміз Сот сараптамасы орталығының директоры, Сот медицинасы орталығының директоры, олардың орынбасарлары мен Орталықтардың аймақтық бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес функциясына сот сараптамасын жүргізу жатқызылған мемлекеттік органдардың мамандандырылған белімшелерінің басшылары болып табылады. ҚР сот сараптамаларының өндірісіне арналған мемлекеттік сот – эксперттік органдарды ау жасалған:
- ЦСЭ және оның территориялық бөлімшенің
- ЦСМЭ және оның территориялық бөлімшенің
- органдардың мемлекеттік мамандандырылған бөлімшелері, функцияларға қайсылардың сот өндіріс апарып берілген.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының пайда болу, қалыптасу және даму тарихы 1951 жылдың сәуір айынан бастау алады. Себебі сол кезде Қазақ КСР Министрлері Кеңесінің Заң комиссиясының жанында Алматы ғылыми-зерттеу криминалистік зертхана құрылған болатын.
1957 жылы сәуірде Алматы зертханасы Қазақ КСР Әділет министрлігінің Алматы сот сараптамасы ғылыми-зерттеу институты болып қайта құрылды. Ол өзінің пайда болу реттігі бойынша КСРО-да үшінші сот сараптамасы институты болды. Алматы сот сараптамасы ғылыми-зерттеу институтының құрылуы Қазақстандағы сот-сараптама қызметінің ғылыми дамуына жол ашып берді. Алғашында Алматы ССҒЗИ штатында заң білімдері де, жаратылыстану-ғылыми білімдері де бар 6 маман ғана болатын. Сарапшылардың шығармашылық жемісті еңбек етуіне арналған ғылыми-әдістемелік базаны іс жүзінде жасаған институттың бірінші директоры, заң ғылымдарының кандидаты Василий Андреевич Хван болды.
Алматы ССҒЗИ-ның қызметінің ғылыми және тәжірибелік нәтижелері, оның сот сараптамасының негіздерін әзірлеу саласында жеткен жетістіктері Қазақ КСР Министрлері Кеңесінің 1966 жылғы 8 қыркүйектегі қаулысымен Алматы ССҒЗИ Қазақ ғылыми-зерттеу сот сараптамасы институты болып қайта құрылды. Оның қызметкерлері республикадағы соттар мен құқық қорғау органдарының сараптамалық зерттеулерге деген барлық қажеттіліктерін қамтамасыз етіп отырды.
1975 жылдан 1988 жылға дейін Қазақ ССҒЗИ-ға заң ғылымдарының кандидаты Мырзабек Бақыткерейұлы Уәлиев басшылық етті. М.Б. Уәлиев сарапшылардың кәсіптік және ғылыми деңгейін арттыруға барынша жағдай жасап отырды. Ол Казақ ССҒЗИ-ға басшылық еткен жылдары 14 адам диссертация қорғап шықты. 1975 жылдан бастап Институтта сараптамалық-профилактикалық бағыт дамыды, Қазақ ССҒЗИ-дың құрылымы өзгерді.
Алматы қаласында орналасқан және 6 бөлімді қамтыған басқару аппаратынан бөлек 1975-1978 жылдары 10 облыстық бөлімше құрылды. 1989 жылы Институтқа заң ғылымдарының докторы, профессор Александр Фидахметович Аубакиров басшылық етті. 90 жылдардың басы ҚазССҒЗИ жұмысының ғылыми бағытының күшеюімен сипатталады, сараптамалық зерттеулердің барлық түрлерін автоматтандыру процесі басталды.
Институт қызметін КСРО Әділет министрлігі де, Одақтың басқа сараптама мекемелері де жоғары бағаланды. Қазақ ССҒЗИ-дың оң тәжірибесі КСРО Әділет министрлігінің барлық сот-сараптама жүйесіне тарады. 1989 жылы Институт жанында аспирантура ашылып, кандидаттық диссертация қорғау жөніндегі мамандандырылған кеңес құрылды. 1989-1995 жылдар аралығында Қазақ ССҒЗИ Мамандандырылған кеңесінде 12 адам диссертация қорғап шықты. Институт қызметкерлерімен бірге құқық қорғау органдарының және республика ЖОО-лардың қызметкерлері болды.
«Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдарының жүйесін одан әрі реформалау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 11 тамыздағы № 1245 қаулысымен Қазақ ССҒЗИ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы болып қайта құрылды.
Осылайша, елімізде бірыңғай сараптама жүйесі құрылды. Жасалған өзгерістерді және сарапшының қылмыстық қудалау жүйесінен тәуелсіз болу идеясын одан әрі іске асыру мүмкіндігін нормативті бекіту үшін 1997 жылы қараша айында «Сот сараптамасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Ол Қазақстан Республикасында сот сараптамасын тағайындаудың және жүргізудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындады. Қазақстанның экономикалық және саяси дамуына, құқық қорғау және сот жүйелерін реформалауға, сондай-ақ ғылым мен техниканың, сонымен бірге Орталықтың ғылыми-әдістемелік және ғылыми-зерттеу базасының дамуына байланысты заманауи талаптарға сәйкес келетін жаңа заң қабылдау қажеттігі туындады.
Осыған байланысты 2010 жылы 20 қаңтарда «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Бұл заңда заңнамалық тәртіппен сараптаманы жүргізу мерзімі, сот сараптамасы органы басшысының құқықтары мен міндеттері, сот сарапшылары мен сот-сараптамалық зерттеу әдістемелерінің мемлекеттік тізілімдерін жүргізу және т.с.с. анықталды. Осы заңды іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 4 қаулысы және Әділет министрінің 10-нан астам бұйрығы бекітілді.
Қазіргі таңда Сот сараптамасы орталығы өз қызметін ғылыми-өндірістік (сараптамалық), ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік бағытта атқарады. Орталық құрылым жағынан басқару аппараты мен он сегіз ғылыми-өндірістік зертханадан, сондай-ақ аумақтық және желілік ішкі істер бөлімшелеріне қызмет көрсететін отыздан астам сараптамалық бөлімшелерден тұрады. Ғылыми-өндірістік зертханалар құқық қорғау органдары мен соттардың сот сараптамасының әртүрлі түрлеріне деген қажеттіліктерін толық көлемде қамтамасыз етеді. Сот сараптамасы орталығында қылмыстық және азаматтық істердің әртүрлі санатын тергеу және сотта қарау кезінде қажеттілік туындайтын барлық зерттеу түрлерін жүргізеді.
Сот сараптамасының жаңа түрлері: технологиялық, фоноскопиялық, жырылыс-техникалық, құрылыс-техникалық, қаржы-бюджет-тік, компьютерлік технология құралдары сараптамасы, порнографиялық сипаттағы объектілердің, психологиялық-криминалистикалық сараптамала-рының ғылыми, әдістемелік және ұйымдастыру негіздері қалыптастырылды.
Еліміздің сот сараптамасы органдарының да, ТМД елдерінің сот сараптамасы органдарының да сараптамалық тәжірибесінде қолданылатын авторлық әдістемелер жасалды. Кейбір қылмыстық және азаматтық істер бойынша жүргізілген сараптамалық зерттеулер дербес ғылыми әзірлемелер болып табылады. Сот сараптамасы орталығында өз қызметкерлерінің де, соттар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің де сот сарапатмасы саласында біліктілігін арттыру бағытында оқыту-әдістемелік жұмыс жүргізіледі.
Орталықтың авторлық коллективі қылмыстық және азаматтық іс жүргізу заңнамалары, сот сараптамасының процессуалды және ұйымдастыру негіздері, сарапшылық мамандықтар саласында білімдерді қамтитын өзіне тән арнайы бағдарламалар бойынша жүргізілетін сарапшы кадрларын бастапқы кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесі әзірленген. Сонымен бірге Сот сараптамасы орталығы ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің сот-сараптама мекемелерімен тығыз қарым-қатынас жасайды және «Қазақстан Республикасындағы сот және құқықтық реформаны қолдау» туралы ЕО жобасы шеңберінде тәжірибе алмасып отырады.
2008 жылы 2 желтоқсанда ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің Әділет министрлері кеңесінің Сантк-Петербургте өткен 12-ші отырысында «ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің әділет министрліктерінің сот-сараптама мекемелерінде зерттеу жүргізуді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету туралы» мәселе қаралды.
2009 жылы 23 қазанда Шолпан-Атада өткен 14-ші отырыста Кеңес Сот сараптамасы жөніндегі үйлестіру-әдістемелік комиссияны құрып, оның ережесін бекітті. Сот сараптамасы жөніндегі үйлестіру-әдістемелік комиссия қызметінің негізігі мақсаты – ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер әділет министрліктерінің сот-сараптама мекемелеріндегі ғылыми және оқу-әдістемелік қызметті үйлестіру.
«Қазақстан Республикасындағы сот және құқықтық реформаны қолдау» туралы ЕО жобасы шеңберінде тоқсан сайын семинар ұйымдастырылып өткізіледі. Онда ЕО-ның сот-сараптама мекемелелерінің өкілдері өз тәжірибелерімен алмасып отырады.
Дата добавления: 2015-10-05; просмотров: 2436;