Сот сараптамасының түрі және шығу тегі. /Зерттеу тақырыбы бойынша сараптамаларды жіктеу/.
Сот сараптамаларын жіктеу оларды тағайындау, жүргізу, сондай – ақ сарапшының қорытындысын бағалау кезінде елеулі рөл атқаратын фактор болып табылады.
Сот сараптамаларын жіктеу туралы мәліметтерді білу сараптама тағайындаған органға сот сараптамасы органын дұрыс анықтауға ,сондай – сарапшының ғылыми құзыреттілігін бағалауға мүмкіндік береді.
Сондай – ақ сот – сараптама қызметі ұйымында сараптамаларды жіктеу де маңызды рөл атқарады. Сараптамалардың нақ бөлініп алынған кластары, тектері, түрлері сот сараптамасы органдарының құрылымын, сарапшылық кадрлардың дайындығын ұйымдастыру мен біліктілігін жетілдіруді, сот – сараптама қызметінің даму келешегінің бағытын анықтайды.
Мақсаттық бағытына байланысты, сот сараптамаларын жіктеу әр түрлі негіздемелер бойынша жүргізілуі мүмкін.
Қылмыстық сот ісін жүргізу үшін де, сондай – ақ сот сараптамасы органдарының қызметін ұйымдастыру үшін де сараптамаларды зерттеу тақырыбы бойынша жіктеу басты рөл атқарады.
Сараптаманың әр түрлерін және сол сияқты сарапшының құзыретін айырып көрсетудің критериі сарапшылық зерттеулердің тақырыбы, яғни сараптама жүргізу арқылы анықталуға жататын мән – жайлар болып табылады.
Бұл аспектіде тақырып жинақтап қорыту түрінде, сараптама обьетісінің қатысының жақтары ретінде түсіндіріледі, олар іс үшін мәні бар және білімнің тиісінше саласы аясына кіретін сұрақтарды шешу мақсатында сараптаманың осы саласының құралдарымен зерттеледі және танылады.
Сот сараптамасы туралы ғылымда қабылданған жіктеуге сәйкес барлық сот сараптамалары тақырыбы бойынша кластарға, тектерге, түрге, түр тармақтарына бөлінеді.
Осы жүйенің ең ірі элементтері кластар болып табылады, кластар тектерге, сараптамалар тектеріне олардың түрлері түрлерге түр тармақтары кіреді (түрлілік).
Сараптамалар класы сот сараптамаларының теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастырудың көзі болатын білімдердің орталығымен біріктірілетін сарапшылық зерттеулерді құрайды.
Сараптамалар тегі ортақ тақырыбы, объектісі, сарапшылық зерттеу әдістемесі мен сот сараптамасы туралы ғылымның тиісті саласы бөлініп алынатын белгілі бір кластағы сараптамалардың көп түрлілігі.
Сараптама түрі объект тегі, әдістемелер, міндеттер үшін жалпы тақырыптың өзіндік ерекшелігімен сипатталатын сараптама тегінің элементі.
Сараптаманың түр тармағы сараптама түрінің тақырыбына тән өзіндік топтық міндеттерімен және зерттеу әдісінің кешенімен ерекшеленетін сараптама түрлілігі.
1) Сот сараптамасы орталығында жүргізілетін сот сараптамаларына қатысты сараптамаларды тектері мен түрлері бойынша болуы бойынша көрінеді:
1.класс. Криминалистік
1.1.Құжаттардың сот сараптамасы
1.1.1.жазу мен қолтаңбалар
1.1.2.құжаттардың техникалық сараптамасы
1.1.3.автортану
1.2.Сот портреттік сараптама
1.3.Сот бейнефонографиялық сараптама
1.4.Сот фототехникалық сараптама
1.5.Сот трасологиялық сараптама
1.6.Сот баллистикалық сараптама
1.7.Заттар мен материалдардың сот сараптамасы
1.7.1.Лакты бояу материалдарының, жабындар мен полимер материалдарының
1.7.2.мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарының;
1.7.3.металдар мен корытпалардың
1.7.3.топырақтың
1.7.5.талшыктық материалдар мен олардан жасалған бұйымдардың
1.7.6.спирт кұрамдас сұйыктықтардың
1.7.7.арнаулы химиялық заттардың
1.7.8.есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамалары.
2.класс. Сот медициналық жэне психофизиологиялық
2.1.Адамның психикасы мен психофизиологиялық процестері күйінің сот сараптамасы
2.1.1.Сот психиатриялық сараптама
2.1.2.Сот психологиялық
2.1.3.Сот психологиялық-психиатриялық
2.1.4.Сот психологиялық-криминалистіқ
2.1.5.Сот инженерлік-психофизиологиялық
2.1.6.Сот психологиялық-филологиялық
3.класс. Сот инженерлік-техникалық
3.1.Сот өрт-техникалық,
3.1.1.өрт жағдаяттарының
3.1.2.электротехникалык
3.2.Сот жарылыс техникалык
3.3.Сот құрылыс
3.3.1.құрылыс-экономикалық
3.3.2.құрылыс-техникалық сот сараптамалары
4.класс. Сот инженерлік-көліктік
4.1.Жол-көлік оқиғалары мен көлік кұралдарының сот сараптамасы
4.1.1.ЖКО жағдаяттары
4.1.2.көлік-трасологиялық
4.1.3.көлік құралдарының сот сараптамасы
5.класс. Сот инженерлік-технологиялық
5.1.технологиялық
5.2.компьютерлік технология құралдарының сот сараптамасы
6.класс. Сот экономикалық және тауартану
6.1.Сот экономикалық
6.1.1.шаруашылық операцияларының
6.1.2.бухгалтерлік
6.1.3.қаржы-кредиттік
6.1.4.экономикалық-құқықтық
6.1.5.қаржы-бюджеттік
6.2.Сот тауартану
6.2.1.азық-түлікке жатпайтын тауарларды тауартану
6.2.2.азық-түлік тауарларын тауартану
6.2.3.автотауартану
6.2.4.кұрылыс-тауартану
7.класс. Сот биологиялық
7.1.Сот биологиялық
7.2.Сот молекулярлық-генетикалық сараптама.
Сараптамалардың ұсынылған жіктеушілігі жылжымалы сипаты бар және онын барлық денгейлерінде ревизиялауға жатқызылады, бұл сот сараптамасының теориялық және ғылыми-әдістемелік негіздерінің ұдайы дамуымен себептелген.
2.Іс жүргізу негіздері бойынша сот сараптамаларын жіктеу.
Қылмыстық іс жүргізу заңы (ҚІЖК-нің 249, 250, 255-баптары) және Қазақстан Республикасының «Сот сараптамасы туралы» Заңы (Заңның 8-бабы) сараптамаларды жіктеуді мына іс жүргізу істері бойынша қарастырады:
— қатысатын сарапшылардың саны бойынша (жекелік және комиссиялық);
— пайдаланатын арнаулы білімдердің сипаты бойынша (біртекті және кешенді);
— жүргізілетін зерттеулердің көлемі бойынша (негізгі және қосымша);
— жүргізудің жалғастығы бойынша (бастапқы және кайталама).
Жеке сараптаманы сарапшы жеке өзі жүргізеді (КІЖК-нің 249-бабы 1-6.). Комиссиялық сараптаманың мынадай айрықша белгілері бар:
- оны бір мамандықтағы екіден кем емес сарапшылары жүргізеді (мамандандыру).
- оны жүргізу күрделі зерттеулер қажеттілігі жағдайында болады (пайдаланылатын әдістеменің аса қиындығы, іс үшін сараптама нәтижелерінің аса мәнділігі) (ҚІЖК-нің 249-бабы 2-6.);
- сараптаманы жүргізу әрбір сарапшының толық көлемде зерттеу жүргізуді және тұжырымдарды шығару мен қорытынды беру кезінде шешімді алқалы қабылдауды қарастырады.
Заң қайталама сараптамаларды, сондай-ақ адамның есі дұрыстығы туралы сұрақ бойынша сот-психиатриялық сараптамаларды жүргізудің міндетті комиссиялық тәртібін көздейді (ҚІЖК-нін 249-бабы 3-б.).
Біртекті сараптама оны жүргізу процесінде арнаулы білімдерді пайдаланудың біртектілігімен сипатталады.
Кешенді сараптаманың ерекшелігі іс үшін мәні бар бір мән-жайды анықтау үшін, арнаулы ғылыми білімдердің әр түрлі салалары негізінде зерттеу үшін, демек, әр түрлі мамандықтағы сарапшыларды тарту қажеттілігі болып табылады (ҚІЖК-нің 249-бабы 1-6.).
Кешенді сараптамаға тән белгілер:
1) өндіріске әр түрлі мамандықтағы бірнеше сарапшының қатысуы;
2) сарапшының жеке өзінің, сонымен бірге басқа сарапшылардың жүргізген зерттеулері негізінде қорытынды беру.
Кешенді сараптама, көбінде, сарапшылардың алдына қойылған негізгі міндеттерді шешу үшін қажетті аралық міндеттерді шешу кезінде, сараптамалардың бірнеше кластарының (тектерінің, түрлерінің) теориялық және әдістемелік ережелерін қолданумен қамтамасыз етілетін жаңа міндеттерді шешу үшін жүргізіледі.
Бірінші кезеңде талданатын оқиға механизмінің элементтерін анықтауға бағытталған күрделі интеграциялық міндеттер кешенді сараптамаларды жүргізу арқылы іске асырылады, содан соң, технологияны өңдеу және тиісті сот-сарапшылық саланы қалыптастырғаннан кейін, сот-сарапшылық білімнің бір аумағында жинақталатын сараптамалар қатарына көшеді.
Осы айтылғанның көрінісі объектілердің бірыңғай шығу көзі мен өзара түйіспелі әрекет ету фактісін анықтау бойынша міндеттер базасында қалыптастырылған материалдар, заттар мен бұйымдардың криминалистік сараптамасының пайда болуы мен дамуы болып табылады. Дәл осылайша көлік құралдарының соқтығысу кезінде түйіспелі ситуацияның жалпы механизмін анықтау бойынша интеграциялық міндеттер де сот көлік-трасологиялық сараптаманы құрудың алғышарты болды.
Кешенді сараптамалар біртекті разрядқа өтпей, ұзақ мерзім тұрақты сипатта болуы мүмкін. Оларға, негізінде, сараптамалардың әр түрлі кластары қарастыратын арнаулы ғылыми білімді пайдалануды талап ететін ведомствоаралық сараптамалар жатады. Оның мысалы, ЖКО сәтінде көлік құралының рөлінде отырған адамды анықтау бойынша кешенді медициналық-криминалистік сараптамалар болып табылады.
Кешенді сараптаманы іс бойынша сараптамалардың кешені мен кешенді зерттеуден айырып білу керек. Сараптамалар кешені дегеніміз, бір, сонымен бірге әр түрлі объектілерді зерттеуді көздейтін бір іс бойынша жүргізілетін сараптамалардың қатарын түсінеміз. Мысалы, кісі өлтіру істері бойынша, негізінде, сот-медициналық, трасологиялық, материалтану, молекулярлық-генетикалық сараптамалар тағайындалады.
Кешенді зерттеу дегеніміз, біртекті комиссиялық немесе жеке сараптамалар шеңберінде бір объектіні зерттеу үшін әдістер кешенін пайдалану болып табылады. Мысалы, металдар мен қорытпалардан жасалған бұйымдар металлографиялық, рентгенографиялық және спектрлік әдістерді пайдалануды көздейді.
Қосымша сараптама тек негізгі сараптама жүргізілгеннен кейін тағайындалады. Қосымша сараптаманы жүргізудің негіздемесі сарапшы қорытындысының жеткілікті түрде айқын немесе толық болмағаны, сондай-ак осының алдындағы зерттеумен байланысты қосымша мәселелер туындауы болып табылады (ҚІЖК-нің 255-бабы 1-6.). Қосымша сараптама тек екінші емес, сонымен бірге үшінші және солайша ретпен кете беруі мүмкін.
Сарапшы қорытындысының анық еместігі онын тұжырымдарының дәл еместігінен көрінеді және ол қорытындыны түсіндіру арқылы жойылады.
Сарапшының қорытындысын түсіндіруі оның көрсетулері арқылы:
- сарапшының таңдаған әдістемесінің;
- оның қолданған ғылыми-техникалық кұралдарының;
- анықталған белгілерінің;
- сарапшының бағалау критерийлері және олардың жиынтығының;
- жеке терминдер мен тұжырымдарының мағынасы мен мәні ашылады.
Егер сарапшы алдына қойылған сұрақтардың кейбіреуін шешусіз қалдырып, олардың көлемін азайтып, барлық объектілерді зерттемеген кезде қорытынды толық емес болып есептеледі. Тапсырма көлемін азайтумен көрінген осы аталған толық еместік сарапшы тұжырымына өздігінен сенімсіздік келтірмейді.
Қорытындының қосымшасы дегеніміз қорытындыда жоқ, бірақ жүргізілген зерттеулерден шығатын тұжырымдар мен олардың негіздемелері.
Қосымша сараптаманы тағайындау әрдайым бұрын жүргізілген зерттеуге қатысты сұрақтардың тууымен байланысты бола бермейді. Оның негізі тергеу қажеттілігінің кеңеюінен, оның ауқымына жаңа объектілерді енгізумен болған қосымша сұрақтардың қойылуы болып табылады.
Әдебиеттерде мұндай зерттеулердің табиғаты жөніндегі сұрақ біржақты шешілмейді. Бір авторлар (Ю. К. Орлов, А. Р. Шляхов) мұндай жағдайларда қосымша сараптама жүргізу кажет десе, екіншілері (И.В. Виноградов, Г.И. Комаров, Н.А. Селиванов) жаңа, жеке өзіндік қажет деп есептейді.
Біздің ойымызша, проблеманы дұрыс шешуді Ю.К. Орлов ұсынған секілді. Ол қосымша сараптаманың мақсатынан шығу керек, ал оның соңы үнемділік (мұндай жағдайларда сарапшы объектіге қайталама зерттеу жүргізбей-ак, бастапқы қорытындыға сілтеме жасайды) болып табылады деп әділ есептейді. Сондықтан да, егер жаңа сұрақтарды шешу кезінде белгілі бір шамада алдындағы зерттеулердің нәтижелері пайдаланылуы мүмкін болса, онда сараптама қосымша болып табылады.
Қайталама сараптама сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткілікті түрде негізді болмағанда не оның дұрыстығы күмәнді болған не сараптаманы тағайындау мен жүргізудің іс жүргізу нормалары елеулі түрде бұзылған жағдайларда дәл осы объектілерді зерттеу және дәл осы мәселелерді шешу үшін тағайындалады (КДЖК-нің 255-бабы З-б.).
Қайталама сараптама тағайындалған кезде сарапшының алдына бұрын қолданылған зерттеу әдістерінің ғылыми негізділігі туралы сұрақ қойылуы мүмкін.
Сарапшы қорытындысының дұрыстығы іс бойынша жиналған өзге дәлелдемелерді онымен салыстыру кезіңде бағаланады.
Сарапшы қорытындысының негізділігін бағалау оны оқып зерттеу мен бағалау кезінде жүргізіледі. Процесті жүргізуші орган мына мән-жайларға: сұрақтардың сарапшының ғылыми кұзыретіне кіруіне; оның зерттеу міндеттерін дұрыс түсінуіне; зерттеудің толықтығы мен жан-жақтылығына; зерттеу нәтижелерінің жасалған тұжырымға сәйкестілігіне назар аударады. Осы аталған шарттардың кез келгенін бұзу қорытындыны негізсіз деп тануға негіз болып табылады. Осы аталған себептер бойынша қорытындының негізсіздігін процестің кез келген құқықтық өкілеті бар қатысушысы мәлімдей алады.
Сарапшының қорытындысымен келіспеу себептері көбінде:
— құзыреттілігі мен объективтілігі күмән тудыратын сарапшының жеке басы туралы деректер;
— алғашқы мәліметтердің күмәнділігі;
— қорытынды мен іс бойынша өзге дәлелдемелер арасындағы қарама-қайшылықтардың болуы;
— жүргізілген зерттеу сапасының тиісінше болмауы болып табылады.
Қайталама сараптама тағайындаудың бір даулы негіздерінің бірі оны жүргізу кезінде болған іс жүргізудің елеулі бұзушылықтарын анықтау болып табылады. Бұл негіздеме заңмен көзделген, алайда мұндай жағдайда іс жүргізу бұзушылықтарына дифференциалды түрде келу кажет. Егер олар жойылмайтын болса (мысалы, сараптамаға бұрмаланған жалған заттай дәлелдемелер болған), онда сарапшының қорытындысы дәлелдемелер қатарынан шығарылады және еленіп бағаланбайды. Мұндай жағдайда жаңа тағайындалатын сараптама бастапқы сараптама болады.
Сот сараптамаларының орнығуы мен дамуының заңдылықтары жалпы теория аумағындағы, сондай-ақ жалпы ғылыми заңдар ерекшелігінің көрінуіне сәйкес өтетін білімнің сот-сарапшылық салаларындағы ғылыми білімнің даму процестеріне негізделеді.
Сарапшылық практиканың негізі болып табылатын ғылыми білімнің дамуы үшін сарапшылық білімнің дифференциациясы мен интеграциясы және ғылыми танымдағы субъектілік-объектілік қатынастары заңының үлкен мәні бар.
Дифференциация мен интеграция факторларының әрекетін сот сараптамасы саласындағы білім дамуының талдау және синтетикалық үрдістері анықтайды. Олардың әрекеттерінің бағыттары «зат - объект - әдіс» танымдық жүйенің барлық элементтері болып табылады. Дифференциация факторы тереңдеу үрдісін, объектілер туралы білімдерді нақтылауды, олардың байланысы мен қарым-қатынастарын көрсетеді.
Сот сараптамасындағы білім дифференциациясының базалық нысаны объектілер түрлерімен сәйкес олардың шоғырлануы, объектілердің жақтары мен қасиеттеріне сәйкес зерттеу бағыттарының бөлшектенуі болып табылады. Дифференциация соңынан объект бойынша зерттеу тақырыбының бөлінуі, оның нақтылануы, сарапшылық зерттеу аясына таным құралдарын тарту болады. Дифференциация процестері білімдердің қорытындылауы, кешенділігі, нығыздалуы талаптарын көрсететін интегративтік процестермен жалғасады.
Сараптамалардың жаңа түрлерінің пайда болуы кезіндегі дифференциация туындауының мысалы сот компьютерлік-техникалық сараптаманың (Қазақстан Республикасында қабылданған жіктеушілікке сәйкес оған компьютерлік технология құралдарының сот сараптамасы жатады) дамуы болып табылады. Қазіргі уақытта осы аталған сараптама шеңберінде мынадай түрлерге бөлу ұсынылады:
1) Аппараттық-компьютерлік сараптама, онын тақырыбы компьютерлік жүйенің техникалық құралдарын зерттеу кезінде анықталатын нақты деректер болып табылады.
2) Бағдарламалық-компьютерлік сараптама, онын тақырыбы зерттеуге ұсынылған компьютерлік жүйенің программалық жасауын құру мен пайдаланудың зандылықтары болып табылады.
3) СКТЭ-нің негізгі түрі ретіндегі ақпараттық-компьютерлік сараптама, оның тақырыбына «компьютерлік жүйедегі ақпараттық процестерді ұйымдастыру үшін пайдаланушы дайындаған немесе бағдарламамен туындаған ақпаратты іздеу, табу, талдау жэне бағалау» барысында нақты деректерді анықтау кіреді.
4) Компьютерлік-желілік сараптама, оның тақырыбы іс бойынша шындықты анықтау үшін тергеушінің (соттың) тапсырмасы бойынша желілік және телекоммуникациялық технологияларды пайдалануға байланысты фактілер мен жағдаяттарды зерттеуді қамтиды.
5) Телематикалық сараптама, «оның тақырыбы қылмыстық не азаматтық іс бойынша қандай да бір факт немесе оқиға туралы ақпараттың материалдық жеткізгіштері ретіндегі телекоммуникация мен жылжымалы байланыс кұралдарын зерттеу кезінде арнаулы танымдар қолдану негізінде анықталатын нақты деректер болып табылады».
Осы кезеңде сот сараптамаларының орнығу және даму процестері кейбір ерекшеліктерге ие болады. Мысалы, сот сарапшылық салаларын білуде артықшылық рөлді объект емес (ақпараттың материалдық жеткізгішін айтамыз), іс бойынша дәлелдеуге жататын қандай да бір мән-жайлардың сарапшылық таным деңгейіндегі бейнесі болып табылатын, соңында талданатын оқиға механизмінің элементтерімен анықталатын зерттеу тақырыбы атқарады. Аталған үрдіс сот сараптамаларының жаңа тектері көп жағдайларда интегративтік міндеттер базасында туындайтындығы, оларды шешу негізгі міндеттерге қатысы бойынша аралык міндеттер денгейінде сараптаманың бірнеше түрлерінің (тектерінің) теориялык және әдістемелік ережелерін қолданумен қамтамасыз етіледі.
Айтылғанның мысалы, адам психикасы мен психофизиологиялық процестері күйінің сот сараптама тектерінің шегінде өзіндік дербес деңгейінде мына түрлерін: сот психологиялық-криминалистік; сот инжинерлік-психофизиологиялық; сот психологиялық-филологиялық сараптамаларды қалыптастыру мен бөлу болып табылады.
Дата добавления: 2015-10-05; просмотров: 4950;