Сот өндірісінде арнайы білімнің түсінігі.

Арнаулы ғылыми білім – сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерінде іске асырылған, мазмұны ғылыми білімді құрайтын арнаулы білім саласы.
Қылмыстық сот ісін жүргізудегі арнаулы білімдерді мақсатқа лайықты пайдаланудың тек теориялык ғана емес, сонымен бірге маңызды практикалық маңызы да бар. Оларды қолданудың мақсаттарын дәлелдеу процесінде анықтау іс жүргізу ны­сандары заңымен көзделген арнаулы білім түрлерін пайдаланатын адамдардың функциялары мен өкілеттерін дұрыс түсіну үшін, демек, оларды пайдалану практикасында зандылықты қамтамасыз ету үшін маңызы бар.

Сот сараптамасы негізгі болады, бірақ қылмыстық процесте арнаулы білімдерді пайдаланудың жалғыз ғана нысаны болып табылмайды.

Арнаулы білімдерді пайдаланудың нысандарын қарастыруға көше отырып, осы мәселе бойынша әдебиеттегі бірынғай көзқарастың жоқтығын айта кету керек.

Жіктеушілік элементтер кіретін арнаулы білімнің ең кеңейтілген және негізделген тізбесін В.Д. Арсеньев пен В.Г. Заблоикий берді. Авторлар арнаулы білімді пайдалануды мына субъектілермен байланыстырады: а) процесті жүргізуші адам­дар (органдар); б) арнайы танымдары анықталатын, іс жүргізу ережелері бар хабардар адамдар (сарапшы, сарапшылық мекеменің басшысы, маман, аудармашы, педагог, дәрігер); в) іс жүргізу ережелері арнайы танымдармен анықталмайтын хабар­дар адамдар (ревизор, техникалық инспектор және т.б.) іс бо­йынша олар куәлар ретінде тіркеледі.

Алайда, сот ісін жүргізуде арнаулы білімдерді пайдаланудың нысандарын боліп шығару оларды іс жүргізушілікемес көздер- ден алынған деректерді пайдалану мен колданудын іс жүргізу нысандарын араластыруды болдырмау керек. Арнаулы білімдер

— тек іс жүргізушілік шығу тегі санаты болғандыктан, арнаулы білімдерді пайдаланудын нысандары занда тікелей көрсеткен тек іс жүргізушілік болуы тиіс.

Осыған байланысты, заңда арнаулы білімдерді пайдаланудың мынадай нысандары көзделген: оларды тікелей анықтаушының, анықтау органының тергеушінің, прокурор мен сот құрамының олардың іс жүргізу функцияларын орындау кезінде пайдалануы, маманның тергеу (сот) іс-әрекеттеріне қатысуы, сот сараптамаларын жүргізу, аудармашыны тарту, мылқау немесе саңырау адамнан жауап алу кезінде сөйлесу белгілерін түсінетін адамның қатысуы, дәрігердің қатысуы, кәмелетке толмаған процеске қатысушыдан жауап алу кезінде педагогтың қатысуы, сот сараптамаларына жатпайтын сараптамаларды жүргізу, ревизия жүргізу, хабардар адамдардың анықтамалық қызметі.

Заңмен көзделген арнаулы білімдерді пайдалану нысандарының мазмұны дәлелдемелерді жинау, зерттеу және бағалаудың іс жүргізу функциялары байланысынан, сондай-ақ оларды іске асыру кезінде көмек корсетуден шыға отырып, дифференциациялануы мүмкін.

Дәлелдемелерді жинау, зерттеу және бағалаудың іс жүргізу функцияларына процесті жүргізуші орган ие болады.

Сарапшының бір ғана функцияны іске асыру құқығы бола­ды - ол дәлелдемелерді зерттеу. Алайда, сарапшының функциясы ретіндегі «дәлелдемелерді зерттеу» ұғымы дәлелдеу элементтерінің бірі болатын ұқсас ұғыммен тепе-тең емес, өйткені арнаулы ғылыми білім негізінде жүргізілетін сарапшылық зерттеудің тар шеңбері жайлы сөз болып отыр.

Маманның сонын ішінде дәрігер мен педагогтың іске асыратын функциялары (ҚІЖК-нің 84-бабы 1-бөлігін қараныз) дәлелдемелерді жинау, зерттеу және бағалауды жүзеге асырудағы көмек болып табылады.

Арнаулы білімдерді қылмыстық процесті жүргізуші орган­ның тікелей қолдануы, сот және тергеу іс-әрекеттеріне қатысуға маманды тарту болып табылатын сот сараптамасында ар­наулы білімдерді пайдаланудын ең кең тараған нысандарын талдамастан бұрын, арнаулы білімдерді пайдаланудың өзге де нысандарына тоқталайық.

Құзыреті арнаулы білім ауқымындағы занда белгіленген, дәлелдемелерді жинау, зерттеу және бағалауда көмек көрсететін іс жүргізушілердің бірі педагог пен дәрігер болып табылады.

Заң шығарушы кәмелетке толмағанды жеке өзінің құкығы мен заңды мүдделерін толық шамада қорғай алмайтын және көтерінкі құқықтық қорғауды қажет ететін адам ретінде қарастырады. Кәмелетке толмағанды бұлайша бағалау адам ағзасы дамуының жас ерекшелігіне, ең бастысы кәмелетке толмағанның жеке басының психофизиологиялық және әлеуметтік ерекшеліктеріне байланысты, сондықтан да оны қатыстырумен іс жүргізу іс-әрекеттерін жүзеге асыру ерекше тәсілді талап етеді.

Кәмелетке толмағаннан жауап алу жас ерекшеліктері психикасын ескеру қажеттігімен күрделенеді (сезімдік көзкарастардың көрнекі-көңіл-күй бағыттылығы, кабылдау көлемінің аздығы мен көп уакыттық жады, түсінушілік ауқымының жеткіліксіз қалыптасуы, қиялдауға едәуір бейімділігі, жоғары сенімділігі), олар істің мән-жайын барабар қабылдауда оның қабілеттерін бағалау кезінде назарға алынып, олар жөнінде объективті көрсетпелер беруі керек. Сондай-ақ кәмелетке толмағанның шынайы көрсетпелер беруіне септігін тигізетін жағдайлар жасау, онымен психологиялық қатынас орнату, сол про­цесс барысы психикасына кері әсер етуді азайту қажет.

Тікелей жауап алу барысында педагог көрсетулердің алдын ала бағалауына қатысты мән-жайларды соттың назарына салуы мүмкін (мысалы, баланың ерекше сезімталдығы, оның киялға бейімділігі).

Педагог арнаулы білімдердің негізінде және жауап алу ба­рысында алынған деректер бойынша жауап алынып отырған адамның бақылайтын окиғаларын керу, есту, есте сақтау және дұрыс қайта жанғырту қабілеттерін анықтау үшін сот сарапта­масын жүргізу кажеттілігі туралы мәселені қоюы мүмкін.

Педагог кәмелетке толмағанның көрсетулерін хаттамалау кезінде жәрдем көрсетуі мүмкін, яғни осы кәмелетке толмағанның жасына, даму деңгейіне сәйкес көрсетулерін дұрыс тұжырымдауға көмектеседі.

Педагог көмегінің сипаты бала психологиясы аумағынан алынған ғылыми білімдерді жауап алу кезінде пайдаланумен байланысты. Бұл қарастырылатын жағдайда педагог негізінде бала психологиясы саласындағы маманның функциясын атқа­рады деп пайымдауға негіз береді. Э.Б. Мельников дұрыс көрсеткендей, «Жауап алу кезінде педагогтың емес, психолог немесе дәрігер-психотерапевтің арнаулы танымдары ен пайдалы, жау­ап алуда мұндай маманның қатысуы дұрыс тұжырымдалған сқрақтардың көмегі арқылы жауап алудың толықтығын қамтамасыз етеді». Қазіргі уакыгта осы көрсетілген мән-жайды заңмен бекітіп алудың мақсатка лайыктылығы туралы пікірлер жиі айтылып жүр.

Дәрігердің қылмыстық процестегі функциясы әр қилы. Өйткені, он алты жасқа толмаған, сондай-ақ осы жасқа толған, бірак психикалық дамуында қалушылык белгілері бар сезіктінің, айыпталушының катысуымен іс жүргізу іс-әрекеттерін жүргізу кезінде оның қатысуы міндетті (КІЖК-нің 488-бабы 1-6.).

Дәрігер-психиаторлар есі дұрыс адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы іс жүргізуге қатысады (ҚІЖК-нің 519-бабы 3-6., 520-бабы 1-6.).

Мәйітті қарау кезінде дәрігердің міндетті қатысуы көзделген (ҚІЖК-нің 224-бабы 1-6.), сондай-ақ дәрігер куәландыру кезінде қатысады (ҚІЖК-нің 226-бабы З-б.).

Қылмыстық процесстегі педагог (кейінде, мүмкін, психолог) және дәрігердің рөлін ескергенде, оларға дәлелдемелерді жи­нау, зерттеу және бағалауда көмек көрсету функциялары берілетіндігі, осылайша, маманның іс-жүргізу мәртебесіне толықтай ие болатындығы анық. Аталған ереже ҚІЖК-нің 84-бабының 1-бөлігінде бекітілген.

Аудармашының іс жүргізу ролі тіл білімі саласындағы арнау­лы білімдерге негізделеді.

Іс жүргізу әдебиеттерінде аудармашыны мамандар қатарына жаткызу туралы пікір бар. Алайда, бұл пайымдау толық­тай расталмаған. Сөз жок, процестегі аудармашының қызметі арнаулы білімдерге негізделеді. Бірақ ол процесті жүргізуші органға (адамға) көмек көрсетумен бірге, сот ісін жүргізу тілін білмейтін процеске катысушылар құқыктарының сақталу кепілдігімен байланысты болады, ал бұл ҚІЖК-нің 3,4-баптарында көрсетілген.

Егер де қандай да бір ұғымдардың не болмаса әр түрлі тілдердегі сөз тіркестерін түсіндіру қажет болған кездерде, тіл білімі саласындағы білімді меңгерген адам іс жүргізу аясында аудармашы емес, маман ретінде іс жүргізеді.

Соттық емес сараптаманың, хабардар адамдардың анықтама қызметінің ревизияның сот сараптамасымен белгілі бір ұқсастығы болады.

Соттық емес сараптама қылмыстық іс қозғалғанға дейін жүргізіледі, демек, оны тағайындау, жүргізу және нәтижелерін ресімдеу сот сараптамасы үшін көзделген іс жүргізу тәртібінде жүзеге асырылмайды. Соттық емес сараптаманың бір нысандарына (ведомстволық) ҚІЖК-де еске алынатын ведомстволық инспекциялар жатқызылуы мүмкін (ҚІЖК-нің 242-бабы 3-б.). Оның нәтижелері қылмыстық істі қозғаудың негізі болып табылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда соттық емес сараптаманың материалдары ҚІЖК-нің 115-бабы 2-бөлігінде және 123-бабында көрсетілген кұжаттар ретінде іс материалдарына тіркеледі.

Хабардар адамдардың анықтама қызметі негізгі екі нысанда болады:

— сұрау салу кезінде зерттеу жүзеге асырылған және тергеудің қажет еткен фактісі анықталған сұрақтар бойынша анықтама беру;

— егер сұрақтарға жауап беру үшін ерекше зерттеу талап етілмесе, онда қандай да бір білім саласынан сұрақтар бойынша анықтама беру.

ҚІЖК-нін 242-бабы 3-бөлігінде және ҚІЖК-нің 123-бабы 1-бөлігінде арнаулы білімдерді пайдаланудың нысаны ретінде алынатын ревизияның мәні П.К.Пошюнастың жұмыстарында егжей-тегжейлі зерттелген. Автор сот сараптамасы - ол аяқталған шаруашылық операциялар мен жоспарлы экономикалық көрсеткіштер мен шарттарды орындау туралы кұжаттарды жинау тәсілі деп көрсетеді. Оның міндеті шаруашылық опе­рациялар мен жоспарлы экономикалық көрсеткіштерді орындаудың аяқталуы туралы іс үшін қажетті жаңа фактілерді анықтаудан тұрады. Ревизияның объектілері: ақша қаражаттары, тауарлар, шикізат пен материалдар, дайын өнім, негізгі құрал- жабдықтар және басқа да материалдық құндылықтар; жоспарлау, есеп, есеп беру құжаттары және шаруашылық операцияларын көрсететін басқа да ақпарат көздері.

Ревизияның сұрақтары ревизия жүргізілетін кәсіпорынның, адамның нұсқауымен, ревизия кезеңі мен тексеруге жатқызылатын материалдық құндылықтар түрлерімен қалыптастырылады. Ревизор көрсетілген кезеңде тұтастай нақты және құжаттамалық тексеруді жүргізеді. Ревизор кұжаттарды тексерудің әдістерін, соның ішінде ыңғайласпа тексеруді қолданады, сандық-сомалық есепті қалпына келтіреді. Ревизор барлық нақты бақылау әдістерін қолданады және: мүлік түгендеуді; орындалған жұмыстарды бақылау мақсатымен өлшеуді, шикізат, материалдар мен дайын өнімнің сапасына талдауды; шикізат пен материалдарды өндіріске тексеріп жіберуді; машиналар мен кұрал-жабдықтардың техникалық күйін тексеруді; жұмыс уақытын пайдалануды тексеруді; тексерілетін объектілерге зерт­теу жүргізеді. Ревизор өз бетінше кәсіпорынға тексеру жүргізеді; ревизия жүргізілетін адамдардан түсініктеме алады, қоймалар мен сақтау орындарын, құжаттарды мөрлейді, қажетті кұжаттардың көшірмесін алады.

Бұдан ревизия ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін тек­серу үшін жүргізілетіндігі белгілі. Оны тағайындау тергеу әрекеті болып табылмайды; тергеушінің тиісінше талабы, әдетте, дәлелдемелерді сұратудың түрлері ретінде қарастырылады. Ревизия актісі ҚІЖК-нін 115-бабы 2-бөлігінде және 123-бабында көзделген құжаттардың бірі бола отырып дәлелдемелік маңызы болады.

Практикада ревизия жүргізуді сот экономикалық сараптаманың әр түрлерін жүргізумен ауыстыруға тырысқан жағдайлар болғандықтан, П.К.Пошюнас олардың айырмашылық белгілеріне толығымен тоқталады. Атап айтқанда, ол ревизияға қарағанда, сот-экономикалық сараптаманың айырмашылығы - ол шаруашылық операциялар мен жоспарлы экономикалық көрсеткіштерді орындаудың аяқталуы туралы құжаттар ісінде жиналғандарды зерттеу тәсілі деп көрсетеді. Сот-экономикалық сараптаманың міндеті - ревизия анықтамаған жасалған шаруашылық операциялар мен жоспарлы көрсеткіштерді орындау туралы жекелеген жаңа фактілерді анықтау немесе ревизия анықтаған осындай фактілердің дұрыстығын, сондай-ақ жиналған құжаттардың негізінде күдік келтіретін баска да фактілерді тексеру. Сот-экономикалық сараптаманың объектілері шаруа­шылық операцияларын көрсететін жоспарлау, есеп және есеп беру құжаттары болып табылады. Сот-экономикалық сарапта­маның шешуіне қойылатын сұрақтарға анықтауды қажетететін шаруашылық операциялардың жоспарлы көрсеткіштер мен материалдық құндылықтардың нақты атаулары міндетті түрде кіреді.

Сонымен, ревизияның сараптамадан айырмашылығы жүргізудің мақсаттары, әдістемесі мен іс жүргізу нысаны және нәтижелерді ресімдеу бойынша ажыратылады.









Дата добавления: 2015-10-05; просмотров: 3331;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.009 сек.