Тақырыбы: Ғылыми революциялар және білімнің дифференциясымен интеграциясы.

Жоспары:

1.Ғылыми революциялар.

2.Ғылыми білімнің дифференциясы.

3.Ғылыми білімнің интеграциясы.

4.Ғылыми білімнің математикалануы

1. Ғылыми революция дегеніміз – ғылым дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болып, оның ішкі қайшылықтарын шешетін, мазмұнын өзгертетін ерекше құбылыстар.

Ғылымдағы революция сан қырлы. Олардың үш негізгі сипаттарын бөліп қарастыруға болады:

1) Жаңа эмпирикалық материалдарды теориялық түрде талдау жасау,

2) Табиғат туралы бұрын қалыптасқан түсініктерді түбірімен жою;

3) Тығырыққа тірейтін жағдайлардың пайда болуы.

Ғылыми революцияларға тән жағдай ол: ескі идеялар мен теориялар талқандап, шығарып тастау арқылы танымның теориялық негізін саналы қайта құру.

Ғылыми танымның тарихи дамуы барысында бірнеше ғылыми революциялардың түрлерін бөліп қарастыруға болады.

1. Жеке – білімнің тек бір аумағын қарастыратын микрореволюция;

2. Кешендік – білім аумағының бірнеше салаларын қарастыратын революция;

3. Әлемдік – ғылым негізін тұтасымен өзгертетін жалпы революция.

Ғылыми революциялардың түрлерін анықтаған кезде мынандай жағдайларды еске алу қажет:

1) ғылыми революциялардың аумағы;

2) ғылымның іргелі теориялары мен заңдарын қайта құру тереңдігі;

3) жаңа іргелі заңдар мен жаңа жалпы ғылыми жаратылыстық теориялар ашу;

4) әлемнің жаңа картинасының қалыптасуы;

5) ойлаудың жаңа түрін қалыптастыру;

6) ғылым дамуының тарихи кезеңі,

7) ғылыми революцияға ілесе жүретін әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар.

Егер ғылым тарихына үңілетін болсақ, онда екі революцияны ғана әлемдік, іргелі революция деп атауға болады: XVI-XVII ғасырлардағы революция мен ХХ ғасырдағы ғылыми-техникалық революция.

XVI-XVII ғасырлардағы ғылыми революция материя қозғалысының механикалық формасын зерттейтін ғалымдағы революциялық секіріс болды. Ол классикалық жаратылстанудың негізін қалады.

XIX ғасырдың ортасында бірнеше кешендік революциялар қатар болды. Олардың ішінде ерекше бөліп қарайтын революциялар: органикалық клетканың ашылуы, энергияның сақталу және айналу заңы, Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі, химиялық элементтердің периодтық жүйесі.

Бұл революциялардың мәні – заттар мен құбылыстарды даму және өзара байланыс тұрғысынан қарастыру.

Екінші әлемдік революция ХХ ғасырдың қарсаңында болды. Ол салыстырмалық теориясы мен кванттық механиканың шығуымен байланысты.

Қазіргі уақытта ғылыми білім әлеуметті өмірдің барлық сфераларына енді. Ғылыми жұмыстардың өзі ақпарат беру мен ақпарат алудағы революциялармен тығыз байланысты.

2. Ғылымның дамуының екінші бір заңдылығы ғылыми білімнің дифференциялану (бөліну, жіктелу), және интеграциялау (бірігу) процестерінің бірлігі деп есептеледі.

Аристотельдің заманында бар ғылыми білімдер жүйесі, яғни алғашқы ғылымдардың саны 10-15 шақты еді (философия,ғ геометрия, астрономия, география медицина, т.б.). Жаңа пайда болып, қалыптаса бастаған ол ғылыми білімдер әлі бір-бірінен бөлінбеген біртұтас еді. Олардың бәрінің қосындысы «натурфилософия» (табиғат философиясы) деп аталған біртұтас білімдер жүйесі, яғни біртұтас бір ғылым ғана еді. Ғылыммен айналысқан адам сол білім салаларының хабардар «универсал» ғалым болды. Ол кездегі қоғамдық өмір натурфилософияның жеке ғылымдарға жіктелуін талап етпеді. Тек XVII ғасырда капиталистік өндірістің тууы, техниканың күшін қолдану қажеттігі табиғатты жан-жақты да терең талдап, зерттеу қажеттігін тудырып, бұл соңғы бұрынғы біртұтас ғылымның жеке білім салаларына –жеке ғылымдарға бөлінуін, дифференциялануын тудырды.

Біртұтас табиғат дүниесінің күрделі құбылыстарын бірнеше «қарапайым элементтерге» бөліп қарастыру зерттеушілерді шындықты егжей-тегжейіне дейін терең зерттеуге итермеледі. Телескоп, микроскоп сияқты приборларпды ойлап табу адамның дүниетану мүмкіндігін шексіз кеңейтіп, табиғаттың зерттеуге болатын объектілерін молайтты. Сондықтан ғылыми білімнің қоры өскен сайын оның бөлінуі арта түсті. Физика, мәселен, механика, оптика, электродинамика, гидродинамика,термодинамика, т.б. деген жеке білім салаларына бөлінеді. Химия да сол сияқты: органикалық және органикалық емес химия болып, одан физикалық және аналитикалық химия т.т. болып бөлінді.

Ғылымның осылайша объективтік түрде мамандануының қажеттігі мен артықшылығы өзінен өзі көрініп тұрды. Бұл процесс қазір де жүріп жатыр, бірақ оның қарқыны ХІХ ғасырмен салыстырғанда әлдеқайда баяулады. Жеке ғылым болып жуырда енші алып шыққан генетиканың өзі қазір эколюциялық, молекулалық генетика т.б. болып бөлінеді. Химияда кванттық химия, плазмалық химия, радиациялық химия т.б. болып бөлінеді. Сондықтан қазіргі кезде 15 мыңдай түрлі пәндерді қамтитын біртұтас ғылымдар жүйесі бар.

Алайда, сонымен бірге, классикалық жаратылыстанудың шеңберінде табиғаттың барлық құбылыстарыныңбірлігі принципі идеясы біртіндеп қалыптаса бастады. Табиғат құбылыстарының бірлік принципінен оларды бейнелендіретін ғылымдардың да бірлігі келіп шығады: химиялық құбылыстарды мәселен, физиканың көмегінсіз түсіндіру мүмкін еместігі, ал геологиялық объектілерді зерттеу физикамен бірге химиялық талдау тәсілдерін де қажет ететіні ашылды. Тірі организмдерпдің тіршілігін түсіндіруде де осы құбылыс байқалды. Сондықтан да физикалық химия, химиялық физика, биохимия, биогеохимия т.б. «пәнаралық» жаратылыстану ғылымдары пайда болды. Жаратылыстану ғылымдарының арасында бұрын пайда болған шекара енді біртіндеп жойылабастады. Бұл процесті ғылымдардың интеграциялануы, яғни өзара қосылуы деп атайды.

3.Қазіргі жаратылыстануда дифференциациядан (бөлінуден) гөрі интеграциялану (ғылымдардың өзара бірігуі) процестері басымырақ көрінеді. Жаратылыстану- ғылыми білімдердің интеграциялануы оның дамуының жетекші заңдылығына айналған сияқты. Бұл заңдылықтың көрініс формаларына мына төмендегілер жатады:

· өзара «шектес» ғылыми пәндердің шекарасынан зерттеу жұмысын ұйымдастыру;

· көптеген ғылымдар үшін маңызы бар (спектірлік анализ, компьютерлік эксперимент т.б. сияқты) «ғлымаралық» зерттеу әдістерін ойлап, тауып қолодану;

· жаратылыстануда жалпы методологиялық қызмет атқаратын біріктіруші теориялар мен принциптерді ойлап тауып, қолдану (жалпы системалық теория, кибернетика, синергенетика,т.б.);

· қазіргі заман шешетін проблемалардың сипатының өзгеруі-ол проблемалар көбінше бірнеше ғылымдардың қатысуын талап ететін комплексті болып келеді (мәселен, экологиялық, тіршіліктің пайда болу проблемаларыт.б.).

 

4. Кез келген табиғат объектілерінің заңды байланыстары мен қатынастарын тұжырымдау үшін математиканы қолдану білімнің ғылымилығы (ақиқаттығы) онда математиканың қолданылу деңгейімен анықталады деген пікірдің орнығуына себепші болды. Мәселен, Галилей механикалық қозғалысты зерттегенде тұңғыш рет тәжірибелік әдісті қолданғанда, сонымен бірге математиканың сандық ұғымдарын және әдістерін қолдана отырып, өз «гипотезасын» жорамалын тексерген. Дәл осы жолмен денелердің еркін құлау заңын тұжырымдаған, сөйтіп, «табиғаттың кітабы математиканың тілімен жазылған» деген қанатты сөзді айтқан.

Математикалық әдістердің жаратылыстану мен техникада жүйелі түрде қолданылуы негізінен XVIIғ. басталғанымен, бірақ ол кейін ғылыми-техникалық революция дәуірінде ғана кеңінен өріс алып дамыды. Математикалық әдістер жаратылыстанудың астрономия, механика, физика, химия, сияқты дәстүрлі экспериментальды салаларымен қатар қазір биология, экономика, лингвистика, психология сияқты, бұрын математикаландыруға болмайды деп келген, ғылым салаларында да кеңінен қолданылатын болды. Математиканы қолданудан жаратылыстануға келетін пайда көп:

1. математика көп жағдайда жаратылыстану универсальді зерттеу тілінің ролін атқарады.

2. математика жаратылыстанудың зерттеу пәні болып табылатын байланыстар мен қатынастар, процестер үшін модель, алгоритмдік схемалар жасаудың негізгі көзі болып табылады.

Ғылым мен техникада математикалық әдістерді қолдануға тез есептегіш құралдардың болмауы ұзақ уақыт айтарлықтай тежеу болып келді. Соңғы уақыттарда арнаулы математикалық есептеу эксперименттерін өткізуге ЭВМ-ды пайдалануға мүмкіндіктер ашты. Айта кету қажет, математиканың сандық ұғымдары мен формальды әдіс-тәсілдерін нақты ғылымдардың сапалық мазмұнына сәйкес қолданғанда ғана тиісті нәтиже береді. Сонымен қазіргі ғылымның кеңінен «математикалануының» себебі:

Біріншіден, ең жаңа ғылыми-техникалық революцияның барлық білім салаларына шешуші әсер етуі;

Екіншіден, ЭВМ-ді және басқа техникалық құралдарды пайдаланудың кең өріс алуы;

Үшіншіден, математиканың өзінің түбірлі сапалық өзгерістерге ұшырауы, яғни математикалық танымның өзінің революциялық өзгеріске ұшырап, оның ішінде бұрын болмаған жаңа математикалық ғылымдардың тууы.

Сонымен, ғылымдардың математикалануы нақты жеке ғылымдардың дамуымен бірге математиканың өз дамуын да қамтитын екі жақты процестің бірлігі болып табылады.

 








Дата добавления: 2015-09-28; просмотров: 12071;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.011 сек.