Жаратылыстану – ғылыми және гуманитарлық мәдениеттердің бірлігі мен өзара байланыстылығы

Жаратылыстану және гуманитарлық мәдениеттердің (және соларға сәйкес ғылымдардың) тығыз бірлігі жайлы пікірді төмендегі жайлардың көмегімен дәлелдеуге болады.

Біріншіден,ол екі мәдениеттің екеуі де-адам еңбегі мен ақыл ойының желісі. Адам табиғатта қаншалықты жоғары тұрғанмен, ол табиғаттың бөлінбес бір бөлігі болып қала береді. Адам- биоәлеуметтік жан. Ол, бір жағынан, табиғат болмысының жалғасы, ал екінші жағынан, ақыл-ойы бар саналы әлеуметтік жан. Адам болмысының бұл объективтік екі жақты табиғаты оның біртұтас парасатты, епті жан болуына кедергі бола алмайды. Бұл біртұтастықты жаратылыстану- ғылыми мәдениетте де, гуманитарлық мәдениетте де не себепті іске асырмасқа?!

Екіншіден, аталған мәдениеттер және олардың өзегін құратын ғылымдар адамдардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыруда белсенді рөл атқарады. Дүниеге көзқараста өз тарапынан алғанда біртұтас болып табылады, өйткені оң көзбен біртүрлі, ал сөзбен екінші түрлі көруге болмайды ғой. Адамның дүниеге көзқарасы (табиғат пен әлеуметтік дүниенің біртұтас көрінісі жайлы жалпы түсініктер) екіге жіктелген, екі ұшты бола алмайды. Сондықтан гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми білімдер өзара үйлесуге, өзара келісуге мәжбүр болады. Бұған мысал ретінде ғылым мен діннің арасында болған көпғасырлық тартысты алса да болады.

Үшіншіден, жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық мәдениеттер мен ғылымдар арасында толып жатқан «шекаралас» зерттеу саласы, екеуіне де ортақ проблемалар бар. Мұндай проблемаларды шешу қажеттігі оларды бір-бірімен одақтаса ерттеуге мәжбүр етеді. Ондай проблемаларға, мәселен, экология, антропосоциогенез, гендік инженерлік проблемалар т.б. жатады.

Қоғамдық еңбек бөлісі еңбектің өнімділігін арттыратыны, еңбек адамдарының бір-бірімен тәуелділігін күшейтетіні белгілі. Бұл «бөлісу» процесі адамдардың әлеуметтік қауымдастығының бірдей еңбек түрлерін орындағандағыдан гөрі әлдеқайда нығайта түседі. Дәл сол сияқты құбылыс гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми мәдениеттер арасындағы бөлісте де болады: олардың «еңбек» бөлісі өзара «көмек көрсету» қажеттігін тудырады, ал бұл, жалпы алғанда, адамзат мәдениетінің бірлігіне, тұтастығына қызмет етеді деуге болады.

Атап айтқанда, жаратылыстануға мынандай проблемалар бойынша «гуманитарлық» көмек қажет болады а) жаратылыстану ғылымдарының күшті дамуының нәтижесінде жасалған технологиялар бүкіл адамзаттың тіршіліге қауіп төндіретін объектілерді (ядролық, биохимиялық қару-жарақтар, гендік-инженерлік монстрлар¹ т.б.) тудыруға қабілетті, сондықтан гуманитарлық (юристік, адамгершілік) тұрғыдан экспертиза (сараптау) қажет; ә) адамның өзі де жаратылыстанудың «заңды» объектісі бола алады, яғни адам қарапайым «химиялық-машиналық», биологиялық популяция немесе нейрофизиологиялық автомат ретінде эксперимент объектісі болуы мүмкін; бұл жағдайда жаратылыстану ғылымдардың көмегінсіз ол эксперименттердің адамгершілік нормаларына сәйкес деңгейін анықтай алмайды.

Жаратылыстану ғылымдардың басты құралы-олардың методологиясында, яғни ғылыми зерттеудің әдіс – тәсілдерінде, ережелерінде; ғылымның әдістері жайлы ілім және олардың системалық ұйымдасуы методология деп аталады. Алайда жаратылыстанудың методологиясы (пайдаланатын әдістер системасын, олардың эволюциясын, қолдану мұмкіндіктерін талдау) сондай-ақ гуманитарлық ғылымдардың да пәні болып табылады.

Гуманитарлық білімдер де өз мүмкіндігіне қарай жаратылыстану-ғылыми мәдениеттің жетістіктерін пайдаланады: ХХ ғасырдың басында классикалық емес жаратылыстанудың даму кезеңіне өтуі гуманитарлық мәдениеттің соған сәйкес өзгеруіне әкеп соқты. Дамудың классикалық емес кезеңі жаратылыстану ғылымдары мен гуманитарлық ғылымдардың арасындағы айырмашылықтардың өлшемі (критерийі) салыстырмалыекендігін ашып берді. Мысалы, тек қоғамтануда ғана емес, жаратылыстануда да , атап айтқанда,таным объектісі мен субъектісін қатаң бөліп қарауға болмайтыны анықталды .

Қысқарта айтқанда, жоғарыда клтірілген дәлелдер гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми мәдениеттердің бірлігін жеткілікті негіздей алады. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағыдай шекара іздеу біздің кезімізде барған сайын азаюда. Екі мәдениетті бір-бірінен бөліп тастауға талпыну сияқты зиянды әрекет әлеуметтік мәдениет саласында өзінен-өзі басылып келе жатқаны табиғи нәрсе. Сөйтіп, жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық мәдениеттер мен соларға сәйкес ғылымдардың бірлігі және өзара байланысы ХХ ғасырдың соңғы кезінде, атап айтқанда, мыналардан айқын көрінеді: а) құрамында адам мен қоғам бар күрделі табиғи-әлеуметтік комплекстерді зерттеуден және бұл мақсат ұшін экология, әлеуметтік биология, биоэтика сияқты симбиотикалық¹ ғылымдар түрлерінің қалыптасуынан; ә) (адам үшін өмірлік маңызы бар объектілерді қайта құруды көздейтін жаратылыстану-ғылыми программаларға «гуманитарлық экспертиза ( сараптама) жасаудың қажеттігін мойындаудан және оларды іс жүзінде ұйымдастырудан; б) Гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары ұшін ортақ, эволюциялық, ықтималдық және өздігінше ұйымдасу идеяларына негізделген таным методологиясын қалып тастырудан; в) жаратыыстану-ғылыми және техникалық білімдерді гуманикаландырудан және сондай-ақ гуманитарлық білімдерді жаратылыстану-ғылыми білімдермен негіздеуден көрінеді.

Қорытынды ретінде ескерткен жөн, жаратылыстану - ғылыми және гуманитарлық мәдениеттердің жақындасу бағытын оларды толық қосып жіберді, біріктіру деп түсінбеу керек, өйткені ол ешқашан болмайтын іс және оның керегі де жоқ. Әңгіме екі мәдениеттің арасында орын алған қайшылықты шешіп, оларды бір-бірімен ұштастыру, толықтыру принциптері туралы ғана болуы мүмкін.

 

 








Дата добавления: 2015-09-28; просмотров: 5548;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.