Ылмыстық процесті жүргізуші органның арнаулы білімді қолдануы.

Сот ісін жүргізудің әр түрлі кезеңдерінде дәлелдеу процесінің ерекшеліктеріне қарағанда, арнаулы білімдерді пайдаланудың проблемалары, көбінде, қылмыстарды ашу және тергеудің негізгі субъектісі - тергеушіге жатады. Мұнда, қыл­мыстық процесті жүргізуші басқа органдар осындай іс жүргізу өкілегтігіне ие, алайда, оларды іске асыру мүмкіндіктерінің практикалық аясы біршама тарылған.

Нақты қылмысты ашу мен тергеу процесі өзінің гносеологиялық мәні бойынша күрделі танымдық міндетті шешу болып табылады. Оны қылмыстық процесті жүргізуші субъектілердің тек заң іс жүргізу білімдері негізінде толық, жан-жақты және объективті түрде шешуі мүмкін емес.

Мүндай ойды аса көрнекті іс жүргізушілер мен криминалистер неше мәрте айтқан болатын. Мысалы, Л.Е. Владимиров: «Тергеуші табысты зерттеу үшін қаншалықты сақтану шараларының керектігін, қандай тармақтар ғылыми зерттеуге жатқызылатындығын және зерттеудің толыққандылығына не қажет екендігін түсіну үшін, техникалық зерттеудің мәнімен соншалықты таныс болуы керек. Бұл жерде, тергеуші сот медицинасымен де, сондай-ақ химиямен де міндетті түрде таныс болуы керектігін айтпай кетуге болмайды. Осы ғылымдармен таныс болмау салдарынан, манызды тармақтар жиі зерттелмей қалады, сондықтан да тәжірибе көрсеткендей, сарапшылардың көбісі ұсынылатын сұрақтардың шегінен шықпайды».

Автормен келісе отырып, танымдық тұрғыдан алғанда сот ісін жүргізудегі дәлелдемелер объективті шындық фактілеріне қолданылатын заңи және арнаулы білімдердің жиынтығы негізінде қалыптастырылады. Мұнда арнаулы білімдердің жеткізгіштері тергеудің субъектілері де болады.

Процесті жүргізуші органдар үшін арнаулы болып табылатын білімдердің мазмұнын ұғыну үшін олардың кәсіби міндетті білімдерін анықтайық. Бұрын айтылып кеткендей, аталған білім көлемі шегінде материалдық және іс жүргізу құқығы аумағындағы білімді, қылмыстарды тергеу әдістемесі мен іс жүргізу іс- әрекеттерінің тактикасын бөліп алу керек. Нақты қылмыстық іс бойынша дәлелдеу субъектілері пайдаланатын білім шеңбері шегінен тыс, барлық білімдер, соның ішінде заң білімі арнаулы білімге жатқызылуы мүмкін. Сонымен бірге, іс бойынша өндірісті жүзеге асырушы адамдардың базалық кәсіби дайындығы барысында меңгерілсе де, арнаулылар қатарына сот медицинасы, сот психологиясы, криминалистик техника, сот сараптама­сы саласындағы білімдер арнаулы білімге жататындығына ерекше назар аудару керек. Аталған арнаулы білімдердің айрықша ерекшелігі олардың кешенді сипаты болып табылады, өйткені, олардың барлығы техникалық, медициналық, жаратылыстану және басқа білімдермен бірге құқықтану аясындағы білімдердің белгілі шамадағы интеграциясы нәтижесін көрсетеді.

Қылмыстық істі жүргізуші органдар арнаулы білімді өздерінің іс жүргізу өкілеттері мен жеке кәсіби тәжірибесі шеңберінде пайдаланады.

Қылмыстық істі жүргізуші орган арнаулы білімді пайдалануға жататын базалық ережелер занда бекітілген (ҚІЖК-нін 129-бабы). Заң қылмыстық істі жүргізуші органға дәлелдемелді жинау, зерттеу және бағалау максатында, жеке өзі, сонымен бірге маманды тарта отырып, арнаулы білімдерді пайдалануға құқық береді (ҚІЖК-нің 129-бабы, 1,2-6.). Ғылыми-.техникалық құралдарды қолдануға, егер олар: 1) заңда тікелей көзделсе не­месе оның нормалары мен принциптері қайшы келмесе; 2) ғылыми жағынан маңызды болса; 3) қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің тиімділігін қамтамасыз ететін болса; 4) қауіпсіз болса, жол беруге болады деп танылады.

Қылмыстық істі жүргізуші органның ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануы ғылыми-техникалық құралдардың деректері, оларды пайдаланудың шарттары мен тәртібі, бұл кұралдар қолданылған объектілер және оларды пайдаланудың нәтижелері көрсетіле отырып тиісті іс жүргізу іс-әрекеттерінің хаттамаларында көрсетіледі.

Заң ғылыми-техникалық кұралдар мен әдістердің дәлелдеуге жол берудің нақты тізбесін келтірмей, тек жалпы шарттарын көрсетумен ғана шектеледі. Сонымен, ол тергеу ситуациясы мен объективтік мүмкіндіктерге байланысты тергеушінің өзіне қандай да бір жол беруге болатын ғылыми-техникалық құралдарды тандауға мүмкіндік береді. Сондықтан да, тергеушінің тікелей пайдалануы мүмкін арнаулы білімдерді қарастырудың маңызы бар.

Тергеушінің арнаулы білімдерінің кең ауқымы заң әдебиеттерінде реттелген. Мысалы, И.Н. Сорокотягиннің жіктеуіне сәйкес, оған: а) криминалистік техника саласындағы білім (тра­сология, сот баллистикасы, құжаттарды криминалистік зерттеу және т.б.); б) сот медицинасы, сот психиатриясы, заң психологиясы, сот бухгалтериясы және басқа да арнаулы ғылымдар саласындағы білім; в) ғылыми-техникалық құралдарды (фото- және киноаппаратураны), қол, аяқ іздерімен жқмыс істеуге арналған құралдарды және басқа да іздестіру аспаптарын) қолдану дағды-біліктері жатады.

Тергеушінің және қылмыстық процесті жүргізуші өзге де органдардың (адамдардың) арнаулы білімдерді қолдануы заң аясында жүзеге асырылады және қылмыстық сот ісін жүргізудің жалпы міндеттеріне бағындырылған. Алайда, әрбір жеке жағдайда оларды пайдалану белгілі бір максаттарды көздейді және олар дәлелдемелік ақпаратты іздеу, табу, бекіту, алу, зерттеу, бағалау және пайдаланудан тұрады. Тікелей тергеушінің арнау­лы білімдерді дұрыс және аса нәтижелі пайдалануы туындаған ситуация мен қолданылатын білім, құралдар мен әдістердің толық сәйкес болғанда мүмкін.

Тергеушінің кәсіби даярлығы мен практикалық тәжірибесі процесінде меңгерген оның арнаулы білім кұрылымындағы басты орынды жаратылыс, техникалық және гуманитарлық ғылымдар деректерінің сот ісін жүргізу мақсаты үшін шоғырланатын криминалистік білімдер алады. Бұл білімдер «әр түрлі қылмыстарды тергеудің және жекелеген тергеу іс-әрекеттерін жүргізу кезінде дәлелдемелерді нәтижелі табу, жинау, бекіту және зерттеудің оптималды жолын анықтауда қолданылатын тактикалық тәсілдер, әдістер мен техникалық құралдардың логикалық байланысқан және ғылыми негізделген жүйесін» құрайды.

Теория мен практикада қандай да бір немесе өзге ғылыми- техникалық әдістер мен құралдарды криминалистікке жатқызу туралы әр қилы пікірлер бар. Біздің ойымызша, ең конструктивті З.И. Кирсановтың позициясы, өйткені ол ғылыми жаратылыс әдістер, техникалық құралдар мен тәсілдер криминалистиканың теориялық ережелері (принциптері) негізінде жасалып, пайдаланылса, қылмыстарды табуға, алдын алу мен жолын кесуге арналып әзірленсе, онда олар криминалистік болады деп есептейді.

Заң әдебиеттерінде жедел, тергеу, сот практикасында және сот сараптамасын жүргізуде қолданылатын ғылыми-техникалық және техникалық-криминалистік құралдарды жүйелеудің неше мәрте әрекеттері жасалды. Сонымен бірге, топтамалау негіздері ретінде әр түрлі критерийлер, соның ішінде, қандай да бір өзге кұралдарды қолдану мақсаттары бойынша қабылданды. Алайда, ең оңтайлы жіктеуді В.К. Лисиченко ұсынды, соған сәйкес автор барлық ғылыми-техникалық кұралдарды үш негізгі топқа бөледі:

1. Жедел-тергеу техникасының ғылыми-техникалық құралдары. Оларға: а) әр түрлі объектілерді қарауға және басқа тергеу іс-әрекеттерін жүргізуге арналған құралдар; б) іздерді және өзге де объектілерді табуға, белгілеуге және алуға арналған құралдар; в) сот-жедел фотография мен кинотүсірім кұралдары, дыбыстық ақпаратты белгілеу кұралдары (магнитофондар, бейнежазбалар және басқалары) жатады.

2. Ғылыми-зерттеу техника құралдары. Оларға ғылыми-техникалық кұралдар кіреді және олар: а) әр түрлі зерттеу объектілерінің қасиеттері мен белгілерін, құрамы мен кұрылымын оқып-зерттеу мен талдау үшін; б) зерттелетін кұбылыстар мен жеке белгілерді экспериментті оқып-зерттеу, белгілі бір процестерді қайта жаңғырту үшін; в) объектілерді салыстырмалы зерттеу үшін; г) зерттеу нәтижелерін белгілеу үшін пайдаланылады.

3. Қылмыстардың алдын алудың ғылыми-техникалық кұралдары. Оларға: а) күзет сигнализациясы құралдары; б) құжаттарды қорғау құралдары; в) түнгі кезде бақылауға арналған аспаптар; г) ұйымдық-техникалық алдын алу құралдары жатады.

Ғылыми-техникалық және криминалистік құралдардың түрлерін және оларды тергеушінің қолдану тәсілдерін айыру үшін, соңғының әдістемелік жағынан маңызды дәлелдемелік акпаратты жинау және зерттеу кезінде басқа да арнаулы білімдерді тікелей пайдалануы, криминалистік тәсілдерді сол автордың мыналарға жіктеуі: 1) қылмыстардың материалдық белгіленген белгілерін табу, белгілеу және оқып-зерттеу мақсаты үшін әзірленген техникалық тәсілдерге (мысалы, окиға орны мен заттарды фотоға түсіру, тергеу және сот іс-әрекеттерінің хаттамаларына таңбалар мен басқа да қосымшаларды дайындау); 2) жекелеген тергеу іс-әрекеттерін жүргізуге арналған тактикалық тәсілдер (мысалы, кәмелетке толмағаннан жа­уап алу тәсілдері, жеке объектілерді тінту) болып табылады.

Әрине, арнаулы білімдердің осы түрлерін тергеуші дәлелдеу процесінің барлық элементтеріне дәлелдемелік ақпаратты жинау, зерттеу және бағалауға қатысты пайдаланады. Қылмыс­тық процесті жүргізуші адамдардың іс жүргізу іс-әрекеттерін жүргізу барысында ғылыми-техникалық кұралдарды қолданудың дәлелдемелік мәні оларды қолданудың мақсатына байла­нысты болады. Атап айтқанда, іс жүргізу режимінде дәлелдемелерді жинау кезінде мазмұнына байланысты ғылыми-техникалық құралдарды қолданудың нәтижелері, алынатын ақпараттың қатыстылығы мен оның материалдық көрінуі заттай дәлелдемелер, тергеу және сот іс-әрекеттері хаттамалары ретіндегі дәлелдемелердің түрлерінде іске асырылуы, не құжаттар болуы мүмкін.

Анықтаушының, анықтау органының, тергеушінің, прокурордың, соттын дәлелдемелерді жинау және бағалау процесінде арнаулы білімдер мен ғылыми-техникалық құралдарды қолда­ну мәселелері теория мен практикада қандай да бір қиындықтар туғызбайды. Егер осы аталған адамдардың кез келгенінің қажетті арнаулы білімі бар болса, ол заңмен көзделген маманның міндетті катысуынан басқа жағдайда, маманды қажет етпейді. Сонымен бірге, дәлелдемелерді зерттеу кезінде тергеушінің ғылыми-техникалық кұралдар мен әдістерді колдану мүмкіндігі туралы мәселе проблемалы болуда.

Заң әдебиеттерінде тергеушінің техникалық-криминалистік құралдарды пайдалану туралы, атап айтқанда, оның заттай дәлелдемелерді алдын ала зерттеу жүргізудің, олардың нәтижелерінің іс жүргізу мәнділігінің кұқыққа сәйкестілігі мен мақсатқа лайықтылығы туралы әр қилы пікірлер бар.

Бір жағынан, тергеушінің құқық өкілеттігі аз болған сайын, жұмыстын бар келемі сарапшыларға аударылып, ақпаратты алу мен пайдаланудың қиындығы қатты сезіле бастайды, ал кейбірде ұйымдастырушылық қиындыктарға байланысты нақты мәселелерді шешу мүмкіндіктерінен бас тарту жағдайлары да орын алады; сонымен, тергеушінің өз бетінше дәлелдемелерді зерттеуі оң фактор болып саналады.

Алайда, келеңсіз сипаттағы жағдайлар да болады, олар:

- шындыққа жету кепілдігін қамтамасыз ету үшін қылмыс­тық процесс жүйесінің өздігінен құрылуы дәлелдеудің бірнеше деңгейдегі иесінің болуын қарастырады және қандай бір субъектінің, тіптен жеткілікті түрде толық және сенімді білімді алумен шектеліп қоймайды;

— ғылыми-техникалық кұралдардың және дәлелдемелермен жұмыс істеу әдістерінің ұдайы күрделенуі тергеушінің көптеген криминалистік ұсыныстарды меңгеруіне мүмкіндік бермейді, олардың техникасымен танысуға уакыттың шығындалуы дәлелдемелерді зерттеу әдістемелерінің өскелен мүмкіндіктері туралы тергеушінің білім деңгейін көтеруге залалын тигізеді;

— жедел ақпаратты aлy максаты үшін жүргізілетін заттай дәлелдемелерді «алдын ала зерттеу» секілді нәтижелері көп жағдайларда олардың өзгеруі мен жоғалуына әкеп соқтырады; бұл көбінде «дәстүрлі емес» дәлелдемелерге қатысты болады.

Біліктілік тексеруі зерттеу элементін қарастыратын болғандықтан, онда тергеушінің мақсатқа лайық жүргізетін зерттеулер түрлері туралы мәселе өзекті болмақшы. Бұл мәселе бо­йынша әр түрлі көзқарастар бар, авторлар бүтінді бөліктері бо­йынша анықтаудың қарапайым жағдайларын тергеушінің жүргізгенін дұрыс санайды, тергеушіге кең ауқымды тендестірушік емес зерттеулерді жүргізуді ұсынады, тергеушінің жүргізетін зерттеулерінің нақты түрлерін келтіреді және т.с.с.

Алайда, біздің ойымызша, осы аталған зерттеу түрлерін тергеуші жеке жүргізбей, маманды қатыстырумен жүргізгені орынды, ал ол жөнінде әңгіме төменде болмақшы.

Ал тергеушінің арнаулы білімі аясына келсек, онда арнаулы және жалпы ғылыми ақпараттың ұдайы өсуін ескергенде, негізгі назарды барынша күрделеніп бара жатқан техникаға емес, дәлелдемелерді зерттеу аумағындағы соңғы жетістіктерге, ар­наулы білімдер арсеналын тиімді пайдалану жөніндегі жұмыстарды ғылыми ұйымдастыруға, сондай-ақ дәлелдемелерді біліктілікті бағалау, соның ішінде сарапшының қорытындысын бағалауға мүмкіндік беретін бүкіл ақпаратты игеруге аударған жөн.

 








Дата добавления: 2015-10-05; просмотров: 2067;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.009 сек.