Аржы жүйесі және басқару құрылымы.

“Қаржы жүйесінің” ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана түсуі болып табылады.

Біртұтас қаржы жүйесі - өзінің мәні жағынан мынадай түрлі ұғымдарды білдіру үшін қолданылатын термин: а) бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының сфералары мен буындарының жиынтығы; ә) елдің қаржы мекемелерінің жиынтығы, оларға қаржы мекемелері мен салық службаларының барлық құрылымдық бөлімдері жатады.

Қазақстан Республикасында макро- және микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.

Сонымен бірге жалпы институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан - ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы екенін естен шығармаған жөн.

Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен - мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын - мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды.

“Жүйе” термині өзара байланысты элементтердің түрлі критерийлері бойынша сыныпталатын қосалқы жүйелердің іс-қимылын білдіреді.

Терминнің жоғарыда келтірілген анықтамасында қаржының мәнділік сипаттамасьш, оның қоғамдық-экономикалық процестегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесі сыныптамасының қағидалы үлгісі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөлікті қамтиды:

1) қаржы қатынастарының жиынтығы;

2) ақша қорларының жиынтығы;

3) басқарудың қаржы аппараты.

Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.

Қаржы қатынастары негізінен мынандай екі сфераны қамтиды:

1) мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақша қатынастары;

2) кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының ауыспалы айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.

Қаржы қатынастары өзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлгіштік қатынастар болып табылады, оның үстіне құнды бөлу ең алдымен субъектілер бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан қоғамдық өндірістегі субъектілердің рөлі қаржы қатынастары жіктемесінің алғашқы объективті белгісі ретінде көрінеді.

Қаржы жүйесі интеграциялық тұрпатты жүйе болып табылады, оған кіретін элементтердің (қосалқы жүйелердің) тығыз байланысымен және оның қосалқы жүйелерінің бірде-бірі өзінше өмір сүре алмайтындығымен сипатталады: қаржы, бір жағынан, өңдірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді және осы қатынастар жүйесінің элементі болып келеді, екінші жағынан, өзінің функционалдық өзіндік ерекшелігі бар өзара байланысты элементтерден тұратын жүйе болып табылады. Қаржыларда функционалдық қосалқы жүйелер ретінде мыналарды атауға болады: салық, бюджет, сыртқы экономикалық, қаржы жоспарларының (болжамдарының), қаржылық бақылаудың заңнамалық қамтамасыз етілуінің және басқа қосалқы жүйелері (4.1 сызбаны қараңыз).








Дата добавления: 2015-09-28; просмотров: 1692;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.