Сызба. Қаржы қорларының сыныптамасы

БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАР   ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАРЫ   Жеке меншік  
Ұжымдық
Қоғамдық
Аралас
Мемлекеттік  
 
  Экономикалық  
Әлеуметтік БЮДЖЕТТІК ҚОРЛАР
Ғылыми-зерттеу (инновациялық)
Экологиялық (табиғат қорғау)
    Мәдени арналым (ізгілік)
Құрамдастырылған
Басқа (миграция және т.т)
 
  Мемлекетаралық  
Ұлттық
Жергілікті (аймақтық)
 
  Міндетті
Ерікті  

 

 


Қаржы қатынастарының нысандары мен ақша қорлары басқарылатын материалдық объектіні құрайды. Басқарушы субъект қаржыны басқарудың мемлекеттік және қоғамдық аппаратының жүйесі - қаржы аппараты болып келеді, бұл қаржы жүйесінің үшінші бөлігі болып табылады. Қаржы қызметін ұйымдастыру мен жоспарлау процесіндегі экономикалық және бақылау жұмысымен, қаржы қатынастары буындарының байланысын жетілдірумен айналысатын қаржы аппараты қаржы жүйесінің басқа бөліктерімен қабысып, етене ұштасьш жатады. Бұл қаржы жүйесінде базистік қатынастардың да, қондырмалық қатынастардың да айқыш-ұйқыш тоқайласуын және оның басқарымдылығын білдіреді.

Қаржы жүйесі ұғымымен қатар қаржы-несие жүйесінің жалпылама ұғымы да бар, оған қаржы жүйесінің буындары ғана емес, сондай-ақ несие жүйесі де қамтылады. Қаржы-несие жүйесі бірлескен түрде көбінесе материалдық өндіріс сферасында қызмет етеді, өйткені несие мекемелері өндірістік емес сфераға жатқанымен өндірістік емес сферада несие қатынастары шектелінген.

Өзінің ортақ қағидалы біртұтастығына қарамастан, каржы катынастарын ұйымдастырудың нысандары мен олардың сыртқы көрінісі әр түрлі. Бұл мағынада қаржы құрамы туралы айтуға болады.

Жалпы қаржы жүйесінің құрамы - бұл қаржы қатынастарының әр түрлі сфералары мен буындарының жиынтығы, қатынастардың бұл процесінде түрлі ақша қорлары құрылып, пайдаланылады. Нәтижесінде ол өзінің ықпалымен бүкіл экономиканы қамтиды. Қаржы қатынастарының сфералары мен буындары өзара тығыз байланыста болады және елдің бірыңғай қаржы жүйесінің құрамын құрайды. Сонымен бірге қаржы құрамын мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге асыруға қызмет ететін нақтылы қаржы органдары болып табылатын қаржы жүйесінен ажырата білген жөн.

Бүгінде Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы, жоғарыда атап етілгендей, қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады:

мемлекеттік бюджет жүйесі;

арнаулы бюджеттен тыс қорлар;

мемлекеттік несие;

жергілікті қаржы;

шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;

халықтың қаржысы.

Қаржы катынастарының алғашқы үш бөлігі жалпымемлекеттік, яғни орталықтандырылған каржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.

Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік рөлі, оның құрамы мен құрылымы бүгіндей жергілікті органдарға жүктелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси-экономикалық бағыттылығымен анықталады.

Жалпы, қаржылардың бүкіл құрамы екі ірілендірілген бөлікке біріктіріледі:

мемлекеттік және муниципалдық қаржы;

шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы. Қаржы қатынастары сфераларының әрқайсысыньщ ішінде буындар бөлінеді, оның үстіне қаржы қатынастарын топтастырып, мақсатты ақша қорларының құрамы мен арналымына белгілі бір әсер ететін субъект қызметінің сипатына қарай жүргізіледі. Бұл белгі кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысы сферасында мынадай буындарды бөлуге мүмкіндік береді: коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы; коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы. Мемлекеттің қаржысы қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорын жасаудың экономикалық нысаны мен мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретіндегі мемлекеттік бюджетте, қоғамдық мұқтаждарды мақсатты қаржыландырудың қосымша көзі ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда, мемлекеттік несиете көрінетін қаржы қатынастарын қамтиды.

Несие қатынастарының қаржы қатынастарынан айырмашылығы болғанымен мемлекеттік несие қаржы жүйесіне қамтылады. Бірақ несиетің бұл түрі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу мақсатына бағытталғаңдықтан, мемлекет қаржысының тұрақтылығын қамтамасыз ететіндіктен, ол бойьшша есеп айырысу бюджет қаражаттары есебінен болатындықтан - бұл буын қаржы жүйесіне де, сондай-ақ несие жүйесіне де жатады деп есептеуге болады.

Қаржы жүйесінің әр буыны өз кезегінде буыншаларға (ондағы қаржының өзара байланысының ішкі құрылымына сәйкес) бөлінеді. Мәселен, салалық бағыныштылығына қарай коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындар (ұйымдар) қаржысының құрамына өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, көлік, құрылыс және т.т. кәсіпорындарының қаржылары, ал меншік нысанына қарай - мемлекеттік, кооперативтік, акционерлік, жекеше және басқа кәсіпорыңдарының қаржылары болып мүшеленеді. Мемлекет қаржысының құрамында буындар ішіндегі қаржы қатынастарын топтастыру, мемлекеттік басқарудың деңгейіне (республикалық, жергілікті) сәйкес жүзеге асырылады. Сақтық қатынастар сферасында буындардың әрқайсысы сақтандырудың түрлеріне (жалпы сақтандыру, өмірді сақтандыру) бөлінеді.

Мемлекеттердің көпшілігінде қаржы жүйесін құрудың қағидаты - фискалдық (қазыналық) федерализм қағидаты.

Қаржы жүйесінің функционалдық құрылысы мынадай негізгі қағидаттарды қанағаттандыруы тиіс:

біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақша қатынастарының аса кең шеңберін қамти алмайды, бұл жалпы категория болып табылатын “қаржыға” ғана тән қасиет;

екіншіден, тұтастай алынған қаржы жүйесі әрбір нақты сәтте объективті экономикалық категория ретіндегі қаржының қағидалы мәндік сипаттамаларына және функционалдық арналымына дәл сәйкес келуі тиіс.

Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған:

Қаржы жүйесін ұйымдастыруда централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтаңдырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілерге кең құқық пен дербестік берілген.

Бұл қағидат жергілікті қаржы органдарының тиісті жергілікті әкімшілікке және жоғарғы қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін алдын ала айқындайды.

Салалық қаржыларды басқарудағы демократиялық негіз шаруашылық жүргізуші органдарға капиталды (негізгі және айналым капиталдарын) бекітіп беруде, оларға әр түрлі мақсатты арналымның ақша қорларын жасауға және оларды пайдалануға құқық беруде көрінеді. Жоғары тұрған органдар өзінің құзыры шегінде салалық қорлар мен резервтерге орналыстырылатын қаражаттардың бір бөлігін қайта бөлу туралы шешім қабылдайды, оларды мақсатты пайдаланудың тәртібін анықтайды.

Кәсіпкерлік секторда қаржы дербестігі неғүрлым толық көрінеді: оның қатысушылары мемлекеттің қаржы жүйесі алдындағы міндеттемелерді орындағаннан кейін қаржы ресурстарын еркін иемденеді.

Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау. Бұл қағидат қаржы қатынастарында аймақты дамытудың қабылдауға болатын деңгейі сияқты ұлттық тендікті қамтамасыз етуді де талап етеді. Қаржы жүйесін құрудағы оның көрінісі мемлекеттік қаржы органдары құрылымының ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аймақтық қүрылымына сай келуі. Әрбір облыста, ауданда және қалада қаржы органдарының тиісті аппараты бар. Төменгі құрылымдарда арнаулы қаржы органдарының болмауы мүмкін, онда олардың функцияларын жергілікті әкімшіліктің аппараты атқарады. Федеративтік құрылысы бар көп ұлтты мемлекеттерде бұл қағидаттың маңызы аса артып отыр.

Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттарымен алдын ала айқындалып отырады. Қаржылардың барлық буындарын басқару бірыңғай негізгі заңнамалық және норматавтік актілерге негізделеді. Қаржы жүйесінің бірлігі қаржы ресурстарының басты көздерінің ортақтастығында (бірлігінде), олардың қозғалысының өзара байланыстығында, қажетті қаржылық көмек көрсету үшін қаражаттарды аймақтар, салалар арасыңда қайта бөлуде болып отыр. Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде жасалатын қаржы жоспарлары мен байланыстардың өзара үйлесу жүйесінде өзінің нақтылы көрінісін табады.

Қаржы жүйесінің жеке құрамды элементтерінің функционалдық арналымының қағидаты қаржының әр буыны өз міндеттерін шешіп отыратындығынан көрінеді. Оған айрықша қаржы аппараты сәйкес келеді. Мемлекеттік бюджеттің ресурстарын құрып, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды республиканың Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.

Бюджеттен тыс қорлардың (ресурстардың) мақсатты міндеттерін тиісті аппараттар анықтайды және шешеді немесе белгілі бір министрліктің және үкіметгің басқаруына беріледі.

Ұлттық шаруашылықты басқарудың сатылас қағидаты жоғары органдар (министрліктер, ведомстволар, холдингтер, ассоциациялар, бірлестіктер) деңгейінде де, сондай-ақ төменгі (фирмаларда, компанияларда және т.т.) деңгейде де қаржы аппаратының тиісті құрылымын байланыстырады (қамтамасыз етеді). Бұдан басқа, қаржы аппаратын ұйымдастыруда акционерлік, бірлескен, аралас, кооперативтік, сондай-ақ қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдарды басқарудың ерекшеліктері қамтып көрсетіледі.

Қазіргі кезде қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап, қайта құрылуда. Қаржы жүйесін қайта құрудың басты міндеті оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандырып, одан әрі тездетуге ықпал етуді күшейту, ұлттық табыстың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, өндірістің барлық буындарында шаруашылық-коммерциялық есепті нығайту болып табылады.

Нарықтық қатынастарға көшу барысында қаржы жүйесінің рөлі мен маңызы шұғыл артады. Қаржы-несие нарықтық механизмдердің неғүрлым тиімді жұмыс істейтін секторларының біріне айналуы тиіс.

Қаржы және ең алдымен бюджет жүйесі жалпы ішкі өнімнің өсуіне және оның басты бөлігі - ұлттық табысқа, макро- және микроэкономика кәсіпорындарының, фирмаларының және салаларының дамуына және халықтың көптеген жігінің хал-ахуалына айтарлықтай ықпал жасайды.

Қоғамда істің жайы қаржы ахуалымен анықталады, сондықтан тұрақтану мен дамудың бағдарламасы бірінші кезекте экономиканың тиімділігін арттыру жөніндегі жалпыэкономикалық шараларды іске асыруды қарастыруы тиіс. Бұл шаралардың қатарында - өндірістік қатынастарды жетілдіру, экономиканы әлеуметтік қайта бағдарлау, ұлттық шаруашылықтың құрылымын жаңғырту, ғылыми-техникалық прогресті тездету.

Сыртқы экономикалық қызметті жандандыру, ішкі өндіріс есебінен тұтыну рыногін толықтыру проблемасын шешу шаралары тұр. Қаржы шараларының ішінде инвестицияларды оңтайластыру, басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шағындарды азайту, шаруашылық жүргізудің барлық деңгейіңде үнемдеу режімін қатаңдандыру қажет: экономиканың төменгі деңгейінде - залалдылықты болдырмау, коммерциялық есепті дамыту, қаржы жүйесінің барлық буындарында қаржылық өзара қарым-қатынастарды индикативтік реттеу қажет.

 








Дата добавления: 2015-09-28; просмотров: 2541;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.009 сек.