Сызба. Қазақстанның мемлекеттік қаржысының қүрамы
Мемлекет қаржысының қүрамында республикалық және жергілікті деңгейлерде қалыптасатын бюджеттік өзара байланыстар маңызды рөл атқарады. Бюджеттік қатынастар көмегімен мемлекетгік қүрылымдардың қарамағына қаржылық әдіспен қай-та бөлінетін үлтгық табыстың едәуір бөлігі жүмыддырылады. Түрлі деңгейдің бюджеттері - республикалық, жергілікті бюджеттер тиісінше өкімет пен басқарудың республикалық және жергілікті органдары үшін тірліктің қаржы базасы болып табылады.
Қазақстан Республикасы аумағында жалпы функцияларды орындау үшін республикалық (орталық) бюджет қалыптастырылады. Оның ресурстары мемлекеттік мақсатгы кешенді бағдарлама-ларды қаржьБІандыруға, республикалық функцияларды орындауға, сондай-ақ қарулы күштер мен басқару органдарын үстауға байла-нысты мемлекеттің шығыстарын қамтамасыз етуге арналған.
Бюджетгік қатынастар жүйесінде жергілікті бюджеттерге маңызды орын беріледі. Жергілікті бюджеттер көбінесе экономикалық процестерді реттеу үшін пайдаланылады, өндіргіш күштерді орналастыруға ықпал етеді, жергілікті кәсіпорындар шығаратын өнімінің бәсекелестік қабілетін арттыруға, аумақтық инфрақүрылымды жасауға, еңбек ресурстарының үдайы өсуі жөніндегі шы-ғывдарды қаржыландыруға жәрдемдеседі. Жергілікті бюджетгер әлеуметгік бағдарламаларды жүзеге асыруда зор рөл атқарады.
Бюджеттен тыс қорлардың арналымы - арнаулы мақсаггы аударымдар мен басқа көздер есебінен жеке нысаналы шараларды қаржылаңдыру. Бюджетгерде қаражатгар иесізденеді, ал бюджет-тен тыс қорлардың құқықтық мәртебесі қаражаттарды қатаң мақ-сатты арналым бойынша пайдалануға мүмкіндік береді. Қорлар-дың дербестігі (автономдығы) өкілетгі және атқарушы оргаңдардың қатысуысыз дербес басқаруды қажет етеді, мүның өзі бюджетген тыс қорлардың қаражаттарын неғұрлым жедел пайдалануға мүм-кіндік береді.
Мемлекеттік несиетің мазмүнын қүрайтын ақшалай қаты-настар мемлекет қаржысының өзгеше бөлігі болып табылады. Мемлекетгік несие қатынастары кәсіпорындардың, үйымдар мен халықтың уақытша бос ақшасын жүмылдыруға және оларды мемлекеттің шығыстарын қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін билік органдарына уақытша беруге байланысты пайда болады.
Занды және жеке түлғалардың уақытша бос ақшаларын мемлекетгің жүмылдыруы қаржы рыногінде облигацияларды, қазы-нашылық міндеттемелерді және мемлекеттік бағалы қағаздардың басқа түрлерін сату арқылы жүзеге асады. Халықаралық несиете қарым-қатынастарға шетеддік мемлекеттер, олардың компанияла-ры, фирмалар, сонымен қатар халықаралық және мемлекетаралық қаржы мекемелері кіреді.
Қарыздар мен қазынашылық міндеттемелер мемлекеттік несиетің басты нысандары болып табылады. Мемлекеттік несие экономиканы нығайтуда және оны қаржы жағынан сауықтыруда маңызды рөл атқарады.
Мемлекеттік сектордың жүмыс істеуі мемлекеттік меншіктің болуына негізделген. Меншікті жікгеу түрғысынан мемлекеттік занды үйымдардың мүлкі және мемлекепік қазына болып ажыратылады.
Мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкі заңмен бөлектелген және мемлекеттік кәсіпорындар мен үйымдар қаржысының жүмыс істеуінің негізін құрайды. Олардың қызметінің ерекшеліктері “Ша-руашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы” бөлімінде баяндалған, өйткені мемлекетгік сектор кәсіпорындарының өзіндік қаржы жүйесінің бүл буынының барлық субъектілері үшін үқсас және басқарудың біртүтас қағидатгарына бағынады.
Мемлекеттік қазына республикалық және жергілікті қазына болып бөлінеді. Республикалық қазына мыналарды қамтиды:
1) республикалық бюджеттің қаражатгары;
2) мемлекеттің алтын-валюта қаражатггары;
3) мемлекетгік меншікггің айрықша қүқығының мүлкі (жер, оның қойнауы, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа табиғи ресурстар);
4) республикалық меншікке жататын бөлектелмеген мүлік. Мүлік иесі талап етпеген иесіз мүлік, тәркіленген, мүралану қүқыгы бойынша мемлекетке берідген өлген адамнан қалған мүлік (иесіз мүлік), мемлекетке - қазынаға өткізуге немесе беруге жататын көмбелер, олжалар қазыналық бола бастайды.
Жергілікті қазына мыналарды қамтиды:
1) жергілікті бюджеттің қаражаттары;
2) коммуналдық меншікке жататын бөлектенбеген мүлік. Меншікті пайдаланудың үқсас сан алуан нысандары мемлекетке икемді және атаулы экономикалық және қаржы саясатын жүргізуге, экономіікалық және әлеуметтік процестерге, оларды керекті арнаға бағыттай отырып, ықпал етудің қаржы механизмін белсенді қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге үкіметгің эко-номикалық функцияларын орындаудың, қоғамның өмір сүруінің әр кезеңінде оның мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырудың негіздері ретінде "мемлекеттің қаржысы" категориясының релі мен маңызы білінеді.
Дата добавления: 2015-09-28; просмотров: 1485;