Лекция. ӨҚ-ын мемлекеттік сынау. Мемлекеттік қабылдап және бақылап сынау
Дәріс жоспары:
1. ӨҚ-ын мемлекеттік сынау
2. Мемлекеттік қабылдап және бақылап сынау
Өлшем құралдарын мемлекетгік сынақтан өткізудің мақсаты - елімізде өлшем бірегейлігін сақтау, өлшем құралдарының ұтымды номенклатурасын және тиімді қолданылуын белгілеу, сонымен бірге, сапасы жағынан отандық және шет елдік ең жоғары үлгілерге сай болатын өлшем құралдарын жасап өндіріске енгізу. Жаппай өндіруге, айналымға және шеттен әкелуге рұхсат етілген өлшем құралдары тек қана мемлекеттік сынақтан өткен, мемлекеттік стандарт бекіткен және өлшем құралдарының мемлекеттік тізіміне енгізілген құралдар болуы қажет. Мемлекеттік сынақтың міндеттері:
- өлшем құралдарын шығарудың мақсатқа сәйкестілігі мен мүмкіндігін және шет елден тасымалдаудың қажеттілігін анықтау;
- өлшем құралдарының тексеру мен жөндеудің тиісті ірекеттерімен және құралдарымен қамтамасыз етілуін анықтау;
- өндірілетін және шет елден алынатын өлшем құралдарының нормативтік-техникалық құжаттардағы талаптарға сәйкестігін тексеру.
Мемлекеттік сынақты ұйымдастыруды Мемлекеттік стандарт басқарады. Сынақты метрологиялық институттар, мемлекеттік сынақтың жоғары ұйымдары, министрліктердегі метрологиялық қызметтің жоғарғы (базалық) ұйымдары жүргізеді.
Еліміздің аумағында сериялы өндірілетін немесе еліміздің аумағына сериялы жеткізілетін өлшеу құралын қабылдап бақылау сынауларынан өтеді.
Өлшеу құралын қабылдап бақылау сынауы бекітілген жоспарға сай « Технкалық реттеу және метрология жөніндегі » уәкілетті органмен немесе оның аймақтық бөлімшелерімен жүргізіледі. Тексеру нәтижесі бойынша сертификат беріледі, оның мерзімі бес жыл.
Тексеру нәтижесінде теріс нәтижелері байқалса келесідегідей ескертулер көрсетіледі:
1. өқ матефикациясы бойынша анықталатын кемшіліктер
2. оны жоюдың іс шаралары мен мерзімі.
Шет елдерде жүргізілген сынақ нәтижелері халықаралық келісімдерге сай келсе, онда ҚР техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеті сынақ нәтижесін мойындайды.
Өлшеу құралы түрлері бойынша матификациялауда сынақ нәтижелері бойынша уәкілетті орган өқ типін бекіту туралы шешім қабылдау үшін жүргізілетін сынақтар көлемі аз болса, онда қосымша сынақтар жүргізуге шешім қабылданады.
Егер қабылдап бақылау барысында өқ типі өзгерсе, онда типтің сипат талаптарына және тексеру әдістемесіне өзгерістер енгізіледі. Сынақ өткен өқ немесе өқ әр данасын сипаттамаларын пайдаланатын құжаттарды өтініш беруші үлгіге сай белгіге қояды. Егер өлшеу құралы белгі қою конструкцияларына байланысты тиімді болмаса, онда белгіні өқ әр данасын сипаттамаларын пайдаланатын құжаттарына қояды.
Мемлекеттік бақылау өқ мадификациялау кезінде іске асырылған тексерудің теріс нәтижелері жағдайлары жүргізілген сынақтар бойынша төлем ақыны ынталы болып табылатын өлшем беруші төлейді.
Егер қабылдап бақылау сынауын құқықтық қорғау органдарының жазбаша талаптарын жүргізетін болса, онда өлшеу құралын сынауға төлем ақыны құқықтық қорғау органы белгілеген тұлға төлейді. Өлшеу құралын өндіруші болып табылатын заңды тұлға немесе қайта құру түрінде қабылдап бақылау сынауы туралы сертификаттаудың мерзімі аяқталғанға дейін отыз күн ішінде қайта рәсімдеу себептерін көрсетіп және көрсетілген қайта құруды растайтын сәйкес құжаттармен қоса өтініш болып табылады.
ҚР аймағында өндірілетін өқ үшін қайта құру кезінде бақылау сынауда қайта рәсімделеді.
Қабылдап бақылау нәтижесі бойынша сертификатты қайта рәсімдеу кезінде ертеректе берілген сертификат нөмірі, тіркеу нөмірі және сертификаттау қолданылатын мерзімі сақталады.
Бақылау сұрақтары:
ӨҚ-ын мемлекеттік сынау
Мемлекеттік қабылдап және бақылап сынау
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 2151;