Лекция. Тексеру схемалары
Дәріс жоспары:
1. Тексеру схемаларының түрлері
2. Мемлекекттік тексеру схемалары
3. Жергілікті тексеру схемалары
Салыстырып тексеру сұлбаларын таралу салаларына байланысты келесі түрлерге бөледі:
- мемлекетаралық салыстырып тексеру сұлбалары;
- мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары.
-жергілікті салыстырып тексеру сұлбалары.
Мемлекеттаралық салыстырып тексеру сұлбалары.
Мемлекетаралық салыстырып тексеру сұлбалары мемлекет-қатымушылармен тура немесе мемлекеттаралық салыстырып тексеру сұлбалары құжатына қарама-қайшы келмейтін елдің нормативтік құжатын дайындау жолымен қолданылады.
Мемлекеттаралық салыстырып тексеру сұлбалары стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кенес белгіленген тәртіпте дайындалады.
Мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары.
Мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары Қазақстан Республикасында салыстырып тексерілетін берілген шамадағы өлшем құралдарына таралады.
Мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты түрінде рәсімделеді.
Өлшем құралдарына арналған мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбаларын дайындауға орындаушы ретінде занды тұлғалардың метрологиялық қызметтерін тарта алада.
Мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары меммлекетаралық салыстырып тексеру сұлбаларына қарама қайшы келмеуі тиіс.
Мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбасын белгілейтін мемлекеттік стандарттар салыстырып тексеру сұлбасын белгілетін мемлекеттік стандарттар салыстырып тексеру сұлбасының сызбаларын және сызбаға түсініктеме беретін мәтіндік бөлімнен тұруы қажет.
Жергілікті салыстырып тексеру сұлбалары
Жергілікті салыстырып тексеру сұлбасы заңды тұлғалардың метрологиялық кызметтерімен салыстырып тексерілетін өлшем құралдарына таралады.
Жергілікті салыстырып тексеру сұлбалары мемлекеттік немесе мемлекеттік болмаған жағдайда мемлекеттікаралық сол шамаларды өлшем құралдарына арналған салыстырып тексеру сұлбаларына қарама қайшы келмеу тиіс. Жергілікті салыстырып тексеру сұлбалары мемлекеттік және мемлекеттікаралық салыстырып тексеру сұлбалары болмаған жағдайда құрыла алады.
Жергілікті салыстырып тексеру сұлбасын заңды тұлғаның нормативтік құжатты ретінде дайындайды және хабарында шама бірлігінің мемлекеттік эталондары бар мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықпен келістіріледі.
Жергілікті салыстырып тексеру сұлбаларын өлшем құралдарын салыстырып тексеруді іске асыратын занды тұлғалардың метрологиялық қызметтерді дайындайды.
Жергілікті салыстырып тексеру сұлбасын сызба түрінде рәсімдейды. Сызбаны мәтіндік бөліммен толықтыруға болады.
Бақылау сұрақтары:
Тексеру схемаларының түрлері
Мемлекекттік тексеру схемалары
Жергілікті тексеру схемалары
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 2493;