Лшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттауды жүргізу тәртібі
Өлшемдерді орындау әдістемесінметрологиялық аттестаттау теоориялық және эксперименттік метрологиялық зерттеулер негізінде құжаттамаларға метрологиялық сараптау жүргізу арқылы өлшемдерді орындау әдістемесіне қойылатын метрологиялық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау мақсатында жүргізіледі.
Лшемдерді орындау әдістемесінметрологиялық аттестаттауды мемлекеттік метрологиялық қызмет және ҚР СТ 7.6 талаптарына сәйкес тиісті жұмыстарды жүргізу құқығына аккредиттелген заңды тұлғалар (атқарушы) жүзеге асырады.
Өлшемдерді орындау әдістемесінметрологиялық аттестаттау жүргізу үшін атқарушыға құжаттар жиынтығын ұсынады, оған мыналар кіреді:
- Өлшемдерді орындау әдістемесінқолданылу саласының көрсетілуімен еркін түрде өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттау жүргізуге өтінім;
- Өлшемдерді орындау әдістемесін әзірлеудің бастапқы деректері;
- өлшемдердің қателік сиапаттамаларын анықтау бойынша эксперименталдық метрологиялық зерттеулер туралы бағдарлама және есеп беру;
- әзірлеуші-кәсіпорынның басшысымен бекітілген өлшемдерді орындау әдістемесі (екі данада);
- егер өлшемдерді орындау әдістемесі қауіпсіздік көрсеткіштерін анықтауға арналған болса, қолданылу саласына байланысты, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен берілген өлшемдерді орындау әдістемесін келісу (қолдануға рұқсат ету);
- егер өлшемдерді орындау әдістемесі сауда есептері үшін пайдаланылатын болса, мүдделі жеке және заңды тұлғалармен келісу.
Өлшемдерді орындау әдістемесіметрологиялық аттестаттау берілген құжаттамалардың метрологиялық сараптау нәтижелерінің негізінде іске асырылады.
Құжаттар жиынтығын метрологиялық сараптаудың нәтижелері бойынша сараптау қорытындысы жасалады, онда мыналар көрсетіледі:
- өлшемдерді орындау әдістемесін қолданылу саласы (өлшем объектісінің атауы, қолданылу саласы және т.б.);
- өлшем құралдары және әдістерін таңдаудың дұрыстығына қоса, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілері, аттестатталған қоспалар, реактивтер және басқа материалдар, сондай-ақ көмекші жабдықтар;
- өлшемдерді орындау әдістемесі қосымша зерттеулер жүргізудің қажеттілігі жағдайында өлшемдерді орындау әдістемесін эксперименттік және теориялық метрологиялық зерттеулерді жүргізу қажеттілігінің негіздемесі;
- өлшемдерді орындау әдістемесін іске асыру кезінде өлшемдер нәтижелерінің қателігін бақылау алгоритмінің негізделгендігі;
- өлшемдерді орындау әдістемесін регламенттейтін өлшемдер нәтижелерінің белгіленген дәлдігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың негізделегендігі және толықтығы;
- статистикалық материалдардың келістілігі және оны өңдеудің дұрыстығы;
- Өлшемдерді орындау әдістемесінің метрологиялық сипаттамаларын бағалаудың дұрыстығы.
Метрологиялық аттестаттаудың (Өлшемдерді орындау әдістемесі метрологиялық сараптаудың және қосымша зерттеулердің) теріс нәтижелері кезінде өлшемдерді орындау әдістемесі түзетуге қайтарылады.
Өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттаудың оң нәтижелері кезінде орындаушы метрологиялық аттестаттау туралы куәлік рәсімдейді, ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеу жүргізіледі.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 1642;