Йымдастыру және жүргізу тәртібі

Дәріс жоспары:

1. Ұсынысты әдістемелік бақылау

2. Техникалық тапсырманың (ТТ) метрологиялық бақылау

3. Жұмыстық сызбасындағы метрологиялық бақылау

4. Техникалық сызбаны метрологиялық бақылау

5. Бекітілген шаманың жұмыс сызбасын метрологиялық бақылау

Конструкторлық құжаттардың МӨ (МС) мақсаты, құжаттарда көрсетілген талап етілген дәлдіктің бақылауға жарамдылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Бақылауға жарамдылығы деп, нақты өндіріс шарттарында рұқсат етілген қателікпен нормаланған параметрлердің өлшеу мүмкіндігі. Егер маман – метролог қандай да бір құжатта оң нәтижемен МЭ жүргізсе, онда ол осы құжатта көрсетілген талап етілген дәлдіктің нақты өндіріс орнында орындалатындығы туралы қорытынды жазады.

MӨ (МС) жүргізудің қажеттілігі детальдарға, өнімдер мен ілмектерге қойылатын дәлдік көрсеткіштерінің талап етілуінің мөлшері үнемі ұлғаюымен, құжат өңдеушілердің көбісі білмейтін, бірақ оны маман – метролог, өлшем жөніндегі маман білуі тиіс жаңа параметрлер мен өлшеу құралдарының пайда болуымен байланысты.

Міне осы білімдер құжаттарды өңдеу барысында қолданылуы тиіс. МӨ (МС) жүргізу барысында қарастырылатын құжаттың түріне байланысты спецификалық есептер шешілуі қажет:

а) Ұсыныстың әдістемелік талдануы (сарапталынуы)

Жұмыс жүргізудің мақсаты ұсыныста көрсетілген талаптарға сәйкес өлшеу құралдарын жасаудың орындылығы мен бекіту мүмкіндігі болып табылады.

МӨ (МС) кезінде ұсыныс келесі түрде талданады:

- келтірілген талаптардың мәндес болуы, ал егер мәндес болмаса оларды анықтау қажет;

- өлшенетін обьекті параметрінің беқылауға жарамдылық бағасы, егер арнайы өлшеу құралын жасау қажет болса,бекітілген өлшеу құралдары үшін талаптардың қандай шамада және тура екенін келтірілген дәлдік пен талап арқылы параметрлерді өлшеп табу;

- дәлдікті талап етуді қамтамсыз ететін және бұл шартта өлшеу құралдарын қолданудың шынайы мүмкіндігін қамтамасыз ету нәтижесінде жасалынған өлшеу құралдарымен өлшеу жүргізуді шартта көрсетілген талаптарға сәйкес алдын – ала бағалау;

- жасалынған өлшеу құралдарымен ұсынылған әдістермен, құралдармен және шарттармен тексеру жүргізуді қамтамасыз ету мүмкіндігін алдын-ала бағалау.

Егер қандай да бір жағдайға байланысты кері нәтиже алынса,онда МӨ(МС)

жүргізуші маман тапсырыс берушінің және өлшеу құралдарының жасалуын

да анықтау керек.

б) Техникалық тапсырманың (ТТ) метрологиалық талқылануы (сараптамасы)

жұмыс жүргізудің мақсаты өндірісті құралдармен,шарттармен,әдістермен және өлшеу

әдістемесімен және тәжірибелік жұмыстарды қамтамасыз етуді алдын-ала бағалау және

тексеру шарттарымен,құралдармен қамтамасыз ету мүмкіндігі,өлшеу құралдары мен оның

белгіленуіне техникалық талаптар қоюды анықтау болып табылады.

МӨ(МС) кезінде техникалық тапсырмада келесідей анализ жүргізіледі:

- терминологияның дұрыстығы, шамалардың аталуы мен белгіленуі,сондай-ақ

келтірілген талаптардың бірыңғайлығына көңіл бөлу қажет;

- метрологиалық сипаттаманың орнықты және жеткіліктілігі;

- өлшеу құралдарына ұсынылған барлық талаптардың өзара үйлесуі;

- бекітілген талаптардың нормативті құжаттағы міндетті талаптарға сәйкестігі

(мысалы,стандарттарда);

- тәжірибелік зерттеу үшін қажетті өлшеу құралдарын жасау немесе мүліктену,

жаңа өлшеу құралдарымен өлшеу әдістерін жасау қажеттігі туындайды;

-көрсетілген шарттардың артықтығы немесе толықтығы өлшеу құралдарымен тексерледі,сақталынады және қолданылады.

в) нормативті құжатта немесе оны алмастыратын өлшеу обьектісінің жұмыстық сызбасындағы метрологиалық талқылау (экспертиза).

Бұл құжатта өзгеріс ендіруге болатын болса МӨ жүргізіледі, ал егер өзгеріс ендірілмеитін болса онда МС жүргізіледі. МС теріс нәтиже берсе, өлшеу құралдарын жасаудың дұрыстығн қаита тексеру қажет.

Жұмыс жүргізу мақсаты, бекітілген талаптарға сай өлшеудің қажетті дәлдікпен жүргізілу мүмкіндігін анықтау өлшеу обьектісінде МӨ (МС) жүргізілгендігі туралы құжатта келесі мәселелер қаралады.

-белгілену мен терминалогияның дұрыстығы,

-форма ауытқуы және орналасуы, кедірбұдырлығы және т.б. талаптардың өлшем дәлдігіне қойылған талаппен өзара үйлесуінің дұрыстығы.

г) Техникалық сызбаны метрологиялық талқылау (экспертиза)

Жұмыс жүргізудегі мақсат таңдалған өлшеу схемасы және жұмысқа қабілеттілік, бекітілген мөлшер мен өлшеу құралдарына қойылған талаптардың жеткілікті болуы.

Техникалық сызбада ӨТ (МС) жүргізу кезінде келесі анализдер жасалады:

-алдыңғы жүргізілген МӨ(МС) жұмыстарының ұсыныстарының орындалуы, терминалогияның дұрыстығы,

-өлшеу схемасының жұмысқа жарамдылығын тексеру,

-өлшенетін параметірлердің рұқсат етілген мәндері және ұрықсат етілген өлшеу ақаулары, жасалатын прибордың шектік ақауы және бекітілген мөлшер ақауларымен баиланысты тексеру:

-бекітілген шамалардың аттестациялау әдістемесінің ақиқаттығы;

-өлшеу құралдарын эксплуатациялау кезінде талап етілген өлшем шарттарын қамтамасыз ету мүмкіндігі.

Егер техникалық сызбаның құрамында «метрологиялық сипаттама» қатысатын болса, онда бұл құжат МС (МӨ) шектелуі мүмкін.

д) Бекітілген шаманың жұмыс сызбасын метрологиалық талқылау (сараптау)

Жұмыс жүргізудегі мақсат өлшеу объектісіне байланысты.Констаталық бағалау,

талап етілген дәлдіктің қажеттігі мен толықтығы және бақылауға жарамдылығын бағалау.

Бекітілген шаманың сызбасы МӨ(МС) келесідей болып талданады:

- МӨ(МС)жүргізілгенде терминалогиаға қатысты және бірыңғай түсініктеме ұсыныстарының орындалуы;

- базаның біркелкілік принципінің сақталуы;

- өлшеу объектісінің параметрімен қаттылық ,масса,материал,(конфигурация) кескін үйлесімі , өлшемі және тағы басқа сәйкестігі;

- Бекітілген шама параметрінде ақаулардың болуына дәлсіздіктің әсері;

- Форманың ауытқуы , орналасуының ауытқуы , кедір-бұдырлығы және тағы басқа талаптардың рұқсат етлген өлшем мәндерімен өэара үйлесуі;

- Жұмыс өлшемдерінің бақылауға жарамдылығы;

- Талап етілген дәлдік нормаланған параметр шамасының бақылыуға жарамдылығы.

д) Техникалық шарттарды (ТШ) метрологиялық өңдеу (сараптау)

Жұмыс жүргізудегі мақсат метрологялық сипаттамаға ұсынылған дәйекті талаптарды және толымдылығын бекіту бұл талаптарды эксплуатациялық жағдайда қамтамасыз ету мүмкіндігі , өлшеу жүргізу әдістемесінің дұрыстығын, нақтылығын техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігі.

Бекітілген шама параметірінде ақаулардың болуына дәлсіздіктің әсері форманың ауытқуы орналасуының ауытқуы, кедір - будырлығы және т.б. талаптардың рұқсат етілген өлшем мәндерімен өз ара үйлесуі;

- жұмыс өлшемдерінің бақылауға жарамдылығы;

- талап етілген дәлдік нормаланған параметр шамасының бақылауға жарамдылығы;

Е) Тех никалық шарттарды (ТШ) метрологиялық талқылау (сараптау)

Жұмыс жүргізудегі мақсат мет-қ сипаттамаға ұсынылған дәйекті талаптардың және толымдылығын бекіту бұл талаптарды эксплутациялық жағдайда қамтамасыз ету мүмкіндігі, өлшеу жүргізу әдістемесінің дұрыстығын нақтылығын, тех- а қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігі.

Техникалық шарттарда МӨ(МС) кезінде келесідей талдаулар жасалады:

- Өлшеу құралдарының белгіленуі мен қатар өлшеу диапазонының нормалануына назар аудару қажет, көрсету диапозонына, бөліну бағасына; өлшеу құралдарының ақаулығы және оның төмендеуінің тех-лық сипаттамамен сәйкестігі;

- өлшеу құралдарының стандартта міндетті талаптарына метрологиялық сипаттаманың сәйкестігі,

- Эксплуатациялық шарттарға талаптардың толықтығы және дұрыстығы, негізгі әсер етуші шамалар, жиынынбекітудің дұрыстығы (температура, ылғалдылық, вибрация, атмосфералық, қысым және т.б. ), жеткіліктігі және талаптардың дұрыстығы мен осы шамалардың нормадан ауытқуы, өлшеу шартарына қойылған талаптардың толықтығы мен дұрыстығы;

- қалыпты жағдайда және өлшеу құралыныың функцияналдық элементтердің ауысу жағдайында қойылған дәлдік талаптарының жеткіліктілігі мен дәйектілігі ;

- ТШ көрсетілген тексеру талаптарының әдістерінің шынайылығымен жеткіліктілігі;

- Осы әдістеменің экономикалық бағасымен және өлшеу құралдарын қолданумен байланысты өлшеу құралдарын тексеру әдісінің анықтылығы мен толықтығы;

- Жұмыс қауіпсіздіғін көрсетудің дұрыстығы.

Ж) сынау әдістемесі немесе методикалық аттестация және бағдарламаларды методикалық талқылау (экспертиза )

Жұмыс жүргізудегі мақсат өлшеу әдістерінің шанайылығы және осы құжаттарды іске асыру мүмкіндігі болып табылады. Сынау әдістемесімен бағдарламаларды МТ (МЭ) кезінде келесідей талдау жүргізіледі:

- техникалық шарттарда берілген барлық сипаттардың тексерілгендерін ендіру нәтижесінде бағдарламаның толықтығы;

- өлшеу құралдарының типтерін бекітуде қойылатын талаптардың құжаттпен сәкестігі ;

- өлшеу құралдарын ТШ арқылы талдау мәліметтерін тексеру

З) эксплуатациялық құжаттарды методикалық талқылау (сараптамасы )

Жұмыс жүргізудегі мақсат өлшеу құралдарын эксплуатациялау жүргізетін бөлімдерінің толықтығы, калиберлеу бойынша мәліметтердің толықтығы және көрсетілген калибрлеу әдістерінің жасалу мүмкіндігі. Эксплуатациялық құжаттарды МТ (МЭ) кезінде келесідей талқылаулар жүргізіледі:

- өлшеу құралдарына эксплуатация жүргізетін бөлімдерінің толықтығы, өлшеу нәтижелерін дайындау кезінде алгоритмді қолданудың толықтығы және дұрыстығы, құжаттың бұл бөлімі ТШ бөлімімен сәкес келуі тиіс;

- эксплуатация кезінде өлшеу құралдарын калиберлеу бөлімінің толықтығы, эксплуатация жүргізу кезінде өзгеруі мумкін барлық сипаттамаларды бақылау;

стандартты шама көмегімен және құралдар немесе арнайы өлшеу құралдары мен кешенді түрде байланысқан эталондармен құрылғылар арқылы калибрлеу әдістерінің жасалу мүмкіндігін бекіту.

 

Бақылау сұрақтары:

 

Ұсынысты әдістемелік бақылау

Техникалық тапсырманың (ТТ) метрологиялық бақылау

Жұмыстық сызбасындағы метрологиялық бақылау

Техникалық сызбаны метрологиялық бақылау

Бекітілген шаманың жұмыс сызбасын метрологиялық бақылау

 

 








Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 1312;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.021 сек.