Лекция. Метрологиялық бақылау жүргізетін тұлғалардың міндеттері мен құқықтары
Дәріс жоспары:
1. Метрологиялық бақылау жүргізетін тұлғалардың міндеттері
2. Метрологиялық бақылау жүргізетін тұлғалардың құқықтары
1. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалауды стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның және оның аумақтық бӨлімшелерінің лауазымды адамдары стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырады.
2. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар атқарып жүрген қызметтерiне сәйкестiгiн анықтау және кәсiби даярлығын бағалау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мiндеттi аттестаттаудан Өтуге тиiс.
3. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:
1) тексеруге тапсырмасын (жолдамасын) және қызметтiк куәлiгiн кӨрсеткен кезде заңдарға сәйкес мемлекеттiк метрологиялық қадағалау үшiн белгiленген объектiлерге кедергiсiз кiруге;
2) жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттiк метрологиялық қадағалау жүргiзу үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер сұратуға және алуға;
3) техникалық құралдарды пайдалануға және тексерiлетiн объектiлердiң мамандарынан ақпарат алуға;
4) сынаудан және түрiн бекiтуден, салыстырып тексеруден, метрологиялық аттестаттаудан Өтпеген, бекiтiлген түрге сәйкес келмейтiн өлшем құралдарын қолдануға, өткiзуге, өндiрiстен және жӨндеуден шығаруға тыйым салуға;
5) егер өлшем құралдары жұмысқа жарамсыз болса олардың көрсетулерiнiң қателiгi рұқсат етiлген нормалардан асып кетсе немесе салыстырып тексеру туралы сертификаттың қолданылу мерзiмi бiтсе, салыстырып тексеру таңбаларының баспа-таңбасын өшіруге немесе өлшем құралдарын тексеру туралы сертификаттың күшiн жоюға;
5-1) өлшем құралдарының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн белгiлеу үшiн оған инспекциялық салыстырып тексеру жүргiзуге;
6) метрологиялық нормалар мен ережелердiң бұзылуын жою, қолдануға жарамсыз өлшем құралдарын және заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерін пайдаланудан алып тастау туралы орындау үшiн мiндеттi нұсқамалар беруге;
7) буманың iшiндегi тауардың санын көрсететiн шаманың буманың бетiнде белгiленген шамаға сәйкессiздiгi анықталған жағдайда бума тауарлар партияларын Өткiзуге тыйым салуға құқығы бар.
Бақылау сұрақтары:
Метрологиялық бақылау жүргізетін тұлғалардың міндеттері
Метрологиялық бақылау жүргізетін тұлғалардың құқықтары
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 1622;