Лекция. Технологиялық құжаттаманы метрологиялық бақылау
Дәріс жоспары:
1. Технологиялық құжаттаманы метрологиялық сараптау
2. Метрологиялық сараптаудың қажеттілігі
3. Метрологиялық сараптауда орындалатын жұмыстар
Технологиялық құжаттаманы метрологиялық сараптау мына мақсаттармен жүргізіледі: жаңа техниканы игеру туралы мәлімдемелерді сараптау; техникалық тапсырмаларды сараптау; конструкторлық және технолдогиялық құжаттарды сараптау; стандарттар жобасын сараптау.
Жаңа технианы игеру туралы мәлімдемелерді сараптаудың барысында өлшем құралдарының дәлдік нормаларын белгілеудің дәлдігі мен жеткіліктілігі анықталады. Дәлдік нормаларының жеткіліктілігі деп белгіленген нормалардың өнім сапасын қамтамасыз ету үшін жеткіліктілігін айтады.
Метролгиялық сараптау кезінде ерекшекөңіл аударатын мәселелер-техникалық талаптар мен тексеру және қабылдау тәртіптері.
Өнімнің шығыс параметрлерінің болуы, мұндай параметрлердің жасалуы, физикалық шамалар мен олардың бірліктерінің метрологиялық терминдері, атаулары, белгіленулері тексеріледі.
Технологиялық құжаттарды метрологиялық сараптау барысында өнімнің өлшенетін параметрлері , дәлдік нормалары, өнімнің өндірілуі, сыналуы, пайдаланылуы, жөнделуі, өлшеу әдстерімен және өлшеу құралдарымен қамтамасыз етілуі анықталады.
Текнологиялық құжаттаманы МС кезінде мыналар жүзеге асырылады;
- бақылау кезінде сапаны бақылаудың және өзара алмастырушылықтың тиімділігін және анықтығын қамтамасыз ету мақсатында өлшенетін парамертлер атау тізімінің тиімділігін анықтау.
- бұйымды дайындау, сынау, пайдалану және жөндеу процесінде қажет параметрлерді бақылау мүмкіндігін , бұйым конструкциясымен қамтамасыз етуді бағалау.
- өлшемдер дәлдігі көрсеткіштерінің бақылауының және өзара алмастырушылықтың тиімділігін және анықтығына қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу.
- өлшемдер дәлдігі көрсеткіштерінің техникалық процестердің тиімді режимдерін қамтамасыз ету қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу.
- ө.қ және өлшемдерді орындау әдістемелеріне қойылатын талаптардың толықтығын және дұрыстығын белгілеу.
- ө.қ және өлшемдерді орындау әдістемелерін, өлшемдердің ұлттық және халықаралық эталондардан бақылаудың дұрыстығын бағалау.
- өлшемдердің берілген дәлдігін және қажетті өнімділікті алуды қамтамасыз ету бірыңғайланған, автоматтандырылған ө.қ айқын басымдылықпен қолданылатын мүмкіндігін жабу.
- ө.қ заңды пайдалануды бағалау.
- ө.қ өнімділігінің техникалық жабдықтың өнімділігіне сайлылығын бағалау.
- ҚР аумағында қолданып жіберілген шамалар бірліктерін пайдалануды және атаулар мен белгіленулердің дұрыстығын белгілеу.
- Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған өлшемдерді ұйымдастыру және жүргізу бойынша көрсетулердің дұрыстығын белгілеу.
Бақылау сұрақтары:
Технологиялық құжаттаманы метрологиялық сараптау
Метрологиялық сараптаудың қажеттілігі
Метрологиялық сараптауда орындалатын жұмыстар
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 1840;