Лекция. Метрология саласындағы қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары

Дәріс жоспары:

1. Метрология саласындағы қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары

2. Метрология саласында біліктілікті беру тәртібі

 

Сақтаушы – ғалым шама эталонымен жаңғыртылған және (немесе) сақталған бірлік мөлшерінің өзгеруімен қамтамасыз ету және шама бірліктері эталондарының құрамының немесе қасиеттерінің барша ықтимал өзгерулерін есепке алу және зерттеуге бағытталған шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын сақтау және жетілдіру бойынша қызметті басшылыққа алып іске асырады.

«Сақтаушы-ғалым» біліктілігі метрология саласындағы маманға қолданыстағы немесе жаңадан құралатын шама бірлігінің мемелекеттік эталонымен жұмыс жүргізу кезінде беріледі.

«Сақтаушы-ғалым» біліктілігін алуға үміткердің жоғары білімі және метрология саласында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы тиіс, сондай-ақ, сынақтан және арнайы біліктілік курсынан өтуі тиіс.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды іске асыру үшін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеу кезінде аттестатталған жеке тұлғалар сарапшы-аудиторлар бола алады. Сарапшы-аудиторларға қойылатын біліктілік талаптары ережесінде белгіленген.

Өлшем құралдарын салыстырып тексеруші - өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына ие метрологиялық қызметтің маманы бола алады. Салыстырып тексерушілерге қойылатын біліктілік талаптары ережесінде белгіленген.

 

Метрология саласында біліктілікті беру тәртібі

Метрология саласындағы мамандарға біліктілік 3 жылғы мерзімге аттестаттау жүргізу жолымен беріледі.

Сақатушы ғалым біліктілігін беру тәртібі

Сақтаушы ғалым біліктілігін алу үшін, маман кітаршаланған және нөмірлеген түрде мынадай құжаттар жинағын ұсынады:

- маманның өтінентін біліктілігі, мемелекеттік эталонның атауы көрсетілген, еркін пішіндегі өтініш;

- біліктілікке үміткердің жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;

- білімі туралы құжаттың көшірмесі;

- біліктілік курсын өткенін куәландыратын құжаттың көшірмесі;

- сынақ ісі өткен жерден мінездеме;

- метрология саласындағы жұмыс өтілін растайтын құжаттың көшірмесі;

- жұмыс орнынан мінездеме;

- қосымша оқулар, өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарға қатысқаны (бар болса) туралы құжаттардың көшірмесі.

Сақтаушы – ғалым біліктілігін алуға құжаттар техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган ұсынылады.

Құжаттардың көшірмесі нотариалды немесе осы құжаттарды берген ұйыммен расталған болуы қажет.

Қажет болған жағдайда уәкілетті органның талабы бойынша қосымша құжаттар ұсынылады.

Сақтаушы – ғалым біліктілігі уәкілетті органның үнемі іс-әрекеттегі біліктілік комиссиясы шешімінің негізінде беріледі.

Біліктілікті беру туралы шешім құжаттар жинағымен өтінішті берген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.

Біліктілік комиссиясының оң шешімінде біліктілікті беру туралы сертификат рәсімделеді.

Біліктілікті беру туралы сертификат уәкілетті органмен бекітілген ережелерге сәйкес Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемелекеттік жүйесінің тізілімінде (бұдан әрі-ҚР МӨЖ тізілімі) міндетті түрде тіркелуге тиіс.

Уәкілетті органның шешімі бойынша шет елдердің «сақтаушы-ғалым» біліктілігін беру туралы сертификаты жарамды деп танылуы мүмкін, бұл кезде уәкілетті органның бекітілген ережелерге сәйкес ҚР МӨЖ тізілімінде оны тіркей отырып, көрсетілген нысан бойынша сертификат беріледі.

Біліктілік комиссиясының теріс шешімі болған жағдайда біліктілікті алуға үміткерге жазбаша түрдегі ынталандыратын бас тарту қағазы жолданады.

Бас тартуға мыналар негіздеме болуы мүмкін:

- біліктілік талаптарына үміткердің білімі сәйкес келмеуі;

- талап етілетін құжаттарды ұсынбауы.

Үміткер біліктілік беруден бас тарту қағазымен келіспеген жағдайында, ол бас тарту қағазын алған күннен бастап 30 күнтүзбелік күн ішінде уәкілетті органның шағымдану комиссиясына қабылданған шешімге шағым түсіруіне болады.

Уәкілетті органның шағымдану комиссиясы үміткердің шағымын қарайды және арыз түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде жазбаша түрде ынталандыратын жауап береді.

Сақтаушы-ғалым біліктілігі бар мамандар біліктілікті арттыру туралы мәліметтерді (оқылатын курстар, сынақтан өту, тәжірибемен алмасу) және мемлекеттік эталонда сақтаушы-ғалыммен бірге жүргізген жұмыстры туралы мәліметтерді жыл сайын уәкілетті органға ұсынады.

Жоғарыда аталған мәліметтер ұсынылмаған жағдйда уәкілетті органның үнемі іс-әрекеттегі комиссиясы сақтаушы-ғалым біліктілігін беру туралы сертификатты жою туралы мәселені қарайды.

Метрология саласындағы мамандарды қайта аттестаттау белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

Сарапшы-аудиторларды және салыстырып тексерушілерді аттестаттау, сертификаттарды беру және жою тәртібі уәкілетті органмен бекітілген ережелерде белгіленген.

 

Бақылау сұрақтары:

Сақтаушы-ғалымға қойылатын біліктілік талаптары

Сарапшы-аудиторларға қойылатын біліктілік талаптары

Өлшем құралдарын салыстырып тексерушіге біліктілік талаптары

 

 








Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 1604;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.