Кәсіпорынның метрологиялық қызметінің жалпы сипаттамасы

Кәсіпорындардың тиімді жұмысын және өнім сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін сәйексінше оны метрологиялық қамтамасыз ету қажет.

Кәсіпорындардағы метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстар өз кезегінде нормативті және ұсынысты құжаттарға, сонымен қатар өлшенетін шаманың, бақылау объектісінің және т.б. мәліметтердің шығатын спецификациясынан шығатын құжаттық және анықтамалық материалдарға ие болуы керек.

Кәсіпорынның ерекшеліктеріне байланысты метрологиялық қызметтің құрылымы орындалатын метрологиялық қызметтердің көлеміне байланысты кәсіпорын басшылығымен бекітіледі.

Өндірістің метрологиялық қызметі өз жұмысында, «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңын, ҚР Үкіметінің Қаулысын, Министрлер Мәжілісінде бекітілген Қаулылармен – ҚР Үкіметінің жағдайларын, «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету» бойынша нормативті құжаттарды, мемлекеттік стандарттар, метрология бойынша ережелерді, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесіне кіретін, мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтардың ұсыныстарын және кәсіпорынның өлшем бірдігін қамтамасыз ету бойынша құжаттарын жетекшілікке алады.

Өндірістің метрологиялық қызметі келесідегідей функцияларды атқарады:

- өлшеу жабдақтарын басқару;

- өлшеу құралдары және зерттеу жабдықтары есепке алу;

- өлшеу жүргізу барысында қажетті дәлдікті қамтамасыз ету;

- эксплуатация техникалық қызмет және тексеру бақылау;

-өндірістік процесте қолданылмайтын өлшеу жабдықтарын консервациялау,сақтау , жинау;

- жарамсыз жабдықтарды эксплуатациядан шығару және олардың қолданылуының алдын алу;

- техникалық берілімдермен мазмұндалған ( паспорттар, формулалар т.б.) уақытылы тексерілгендігін растайтын құжаттаманың барлық түрлерін қамтамасыз ету және сақтау;

Кәсіпорынның метрологиялық қызметі өлшеу жабдықтарын басқаруда келесідегідей жұмыстармен жүзеге асырады:

- өлшеу құралының техникалық сипаттамалық, техникалық паспортының болуын;

- өлшеу құралының техникалық мінездемелерге сәйкестігін;

- өлшеу құралының қолдануға жарамдылғын;

- берілген жабдықпен қажетті нақтылық пен өлшеу сәйкестікті қамтамасыз етуге қабілеттілігін;

- жабдық жұмыстарының климаттық шарттары олардың техникалық құжаттамада бекітілген талаптарға сәйкестігін;

- өлшеу жабдықтарының жағдайы мен қолданылуын;

- жабдықты идетификациялау;

- өлшем жабдықтарын эксплуатациялау;

- өлшем жабдықтарын жөндеу оны есептеп шығару;

- өлшем жабдықтарын есепке алу.

Салалық кәсіпорындардағы метрологиялық қызметтің негізгі тапсырмалары ұйымды-техникалық шараларды жүргізу, өлшеу құралдарын заманауи түрде енгізу жолында өндiрiстiң тиiмдiлiгi және шығарылатын өнiмнiң сапасының жоғарылауына мүмкіндік береді және олардың жұмысқа дайындығын үнемі қамтамасыз ету, өндірісті дайындау кезінде метрологиялық тәртіпті және технологиялық процесті орындау болып табылады.

Кәсіпорындардағы метрологиялық қызметтің әрекеті өлшеу құралдарының сенімді жұмыс істеуін үнемі қамтамасыз ету, дәлдік, кәсіпорындарда технологиялық процесті дәл бақылау отыру және параметрлердің реттелуін қадағалау, шикізаттың, материалдар мен дайын өнімнің сапа көрсеткіштері анықтау қарастырылады.

Өндірісте инженерлі-техникалық жұмысшылар және басқарушылардың еңбек төлемі бойынша І және ІІ топтарға бөлінеді, кәсіпорында басшылық ететін бас метролог дербес құрылымдық бөлімшесінде метрологиялық қызметтің жасалуын ескереді.

Орта және шағын өндіріс үшін (ІІІ, ІV топтары және V,VІ топтарына сәйкес), өндірістің ерекшеліктеріне сүйене отырып өлшеу құралдарынан жалпы санын, өлшеу құралдарын тексеру және орталық жөндеудің жоқтығынан пайда болатын дербес метрологиялық қызмет құрылуы мүмкін немесе кәсіпорынның бас инженеріне бағынатын, өндірісте метрологиялық қызметке жауапты адамдардың тағайындалуы мүмкін.

Аймақтық метрологиялық қызмет метрологиялық ережелер, нормалар және талаптардың орындалуына жауапты болады. Ұйымдастыру-техникалық шаралардың өткізілуі келесі мақсаттар арқылы іске асады:

-әдістемелік басқару, метрологиялық қамтамасыз етуі бойынша, үйлестірулер және жұмыстардың өңдеу, өндірістік және салалық кәсіпорындарда шығарылатын өнімді сынау болып табылады;

-ұйым заманауи түрде шығарылған өлшеу құралдары мен әдістерін, сынау мен бақылауды, сонымен бірге салалық кәсіпорындар мен ұйымдарда сәйкес тексерілетін сынау жүйесінің болуы;

-мемлекеттік техникалық реттеу жоспарларымен сәйкес өңдеу, өлшем бірлікті қамтамасыз ету жүйенің мемлекеттік стандартын енгізу;

-өлшеу құралдарын жасалатын және шығарылатын салаларына байланысты мемлекеттік сынаудан өткізуді жоспарлау;

-технологиялық және конструкторлық құжаттарды және метрологиялық сараптауды әдістемелік басқаруды қадағалау мен басқа ғылыми—техникалық және жобалау институттарында стандарт жобасы және техникалық шарт бойынша метрологиялық сараптауды өткізу;

- өлшеу құралдарын тексеруді және жөндеуді қамтамасыз ету,

-кәсіпорындар және ұйымдардағы метрологиялық ережелер, талаптар және нормалардың орындалуын тексеру және олардың күйіне салалық кәсіпорынды бақылауды жүзеге асыруда қолданылатын өлшеу құралдарын жөндеуді және тексеруді қамтамасыз ету;

-мемлекетаралық стандарт және оның органдарының метрологиялық қамтамасыз етуге қатысты сұрақтарының өзара әрекеттесуі , өндіріс пен өнімді сынау, өлшеу құралдарының күйі мен қолданылуын метрологиялық қамтамасыз етуді өңдеуді мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;

- метрологияның төңірегіндегі халықаралық істер бойынша жұмыстарға қатысу;

ҚР-ның «Өлшем бірліктерімен қамтамасыз ету туралы» заңына сәйкес заңды тұлғалар болып табылатын кәсіпорында қажетті жағдайда бекітілген тәртіпте бірліктермен және өлшеулердің талап етілген дәлдігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды орындау үшін және метрологиялық бақылау мен қадағалауды іске асыру үшін метрологиялық қызметтер құрылады.

Өлшеу құралдары аз көлемде болатын метрологиялық қызметпен кәсіпорында заңды тұлғаның құқықтарымен пайдаланылатын кәсіпорын басшысымен тағайындалған жауапты тұлға айналысады. Кәсіпорында метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстар басқа кәсіпорынның метрологиялық қызметімен келісім шарт бойынша орындалуы мүмкін. Метрологиялық қызметтің немесе өлшем бірліктерімен қамтамасыз ету бойынша басқа ұйымдық құрылымның құқықтары мен міндеттері типтік ережелер негізінде әзірленген ережелермен анықталады.

Өнімді өндіру кезінде дайын өнімнің сапасын бағалауда тек өлшеу жағдайын емес және де белсенді бақылау көмегімен технологиялық процестегі сапа көрсеткіштерін бақылау мүмкіншілігіне және өлшеу жағдайына назар аудару қажет. Жаңа бұйымда ойлап табу алдында және әрбір технологиялық процесті шығаруда шығарылған және аттестатталған өлшеу және сынау құралдарын және әдістерін қолдана отырып, өндірістің метрологиялық дайындығы туралы сұрақтарды шешіп алу қажет.

Өлшеу кезіндегі қолданылатын әдістемелер метрологиялық аттестталған және тіркеуден өту керек. Аттестатталған әдістеменің талабын қатаң қадағалай отырып, оператор, яғни ол алған өлшем нәтижесі, қателігі берілген шегінен шықпағаны туралы сенімді болу керек.

Кәсіпорындардың метрологиялық қызметінің негізгі функционалды міндеттері және құрылымы келеғсідегідей болуы мүмкін:

І және ІІ топтардағы кәсіпорындар. Кәсіпорындарда өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстың жүзеге асуы үшін бас инженерге тікелей бағынатын бас метролог басқаратын бас метролог бөлімшесін құру қарастырылған (1 сурет) .

Бас метрологтың бөлімшесінің құрамына кіреді:

-дайындау бөлімшесі (сектор, топтар) және ұйымда өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау;

-өлшеуіш техниканың орталық зертханасы ( пайдалану зертханасы);

 

 

 









Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 4290;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.