Азақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі

Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудіңмемлекеттік жүйесі Қазақстан Республикасында өлшемдердің бірлігіне және талап етілетін дәлдігіне қол жеткізуге арналған өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы ұйымдастырушылық, техникалық және нормативтік негіздердің жиынтығынан тұрады.

ҚР МӨЖ негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы аумағында өлшеидердің бірлігін және талап етілетін дәлдігін қамтамасыз ету болып табылады.

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мақсаттарына қол жеткізу үшін ҚР МӨЖ келесі негізгі міндеттерді шешуі қажет:

- өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметті басқарудың оптималдық қағидаларын әзірлеу;

- қолдануға жіберілетін шамалар бірліктерін анықтау;

- республиканың эталондық базасынқұру және жетілдіру;

- метрологиялық нормаларды, ережелерді және талаптарды белгілеу;

- метрологияның негізгі ұғымдарын, терминдерін және анықтамаларын белгілеу;

- өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік базаны құру және жетілдіру;

- экономика салаларындағы қызметті метрологиялық қамтамасыз ету;

- мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыру;

- өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында ақпараттық қамтамасыз ету;

ҚР МӨЖ негізгі қағидалары мыналар болып табылады:

- Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға жіберілген өлшемдер нәтижелерін заңдастырылған шамалар бірліктерінде келтіру;

- берілген ықтималдықпен белгіленген шекараларда болатын қателікпен-(анықсыздықпен) өлшемдерді жүзеге асыру;

- шамалар бірліктерінің мөлшерлерін шамалар бірліктерінің мемлекеттік эталондарынан шамалар бірліктерінің эталондарына және өлшем құраладарына беру;

- қызметті заңнамалыққа және өлшем бірлігін қаматамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асыру.

ҚР МӨЖ обьектілері болып мыналар табылады:

- шамалар бірліктері;

- шамалар бірліктерінің мемлекеттік эталондары және шамалар бірліктерінің эталондары;

- өлшем құралдары;

- өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері;

- өлшемдердің құрамдарына, әдістеріне және нәтижелеріне қойлатын талаптар;

- өлшемдерді орындау әдістемелері;

- мемлекеттік басқарма органдарынң, өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің қызметі;

ҚР МӨЖ аясында жалпы қасиеттерге, сипаттамаларға және талаптарға ие, қызметтің жеке бағыттары бойынша өлшем бірлігін қаматамасыз ету бойынша қызметтің субьектілерін, нормаларын, құралдарын және түрлерін біріктіретін жүйешелерді құру мүмкіндігі қарастырылады.

ҚР МӨЖ құрылымына мыналар кіреді:

- ҚР МӨЖ ұйымдастырушылық негізіе құрайтын Қзақстан Республикасының метрологиялық қызметі;

- ҚР МӨЖ техникалық негізін құрайтын шамалар бірліктерінің мемлекеттік эталондары, шамалар бірліктерінің эталондары және өлшем бірліктері;

- ҚР МӨЖ нормативтік негізін құрайды, өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды және тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құжаттар.

Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметіне мыналар кіреді:

- мемлекеттік метрологиялық қызмет;

- өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттікқызметтері;

- мемлекеттік басқарма органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері;

- өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы аудиторлар;

- өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында консалтингті қызмет көрсететін заңды тұлғалар;

Мемлекеттік метрологиялық қызмет мыналардан тұрады:

- техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган (әрі қарай уәкілетті орган) жәнеоның аумақтық бөлімшелері;

- мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық (әрі қарай МҒМО).

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік қызметтеріне мыналар кіреді:

- уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметі (әрі қарай УЖМҚ);

- заттар мен матиериалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерінің мемлекеттік қызметі (әрі қарай СҮМҚ);

- заттар мен материалдардың физикалық константталары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалы деректердің мемлекеттік қызметі (әрі қара САДМҚ), сондай-ақ өлшем бірлігін қамтамасыз етудің басқа да мемлекеттік қызметтері.

ҚР МӨЖ:

- техникалық реттеуді мемлекеттік жүйесімен;

- нормативтік құжаттарды әзірлеу және жетілдіру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесімен;

- сертификатталатын өнімдердің, процесстердің және қызмет көрсетулердің сапасын және қауіпсіздігін бағалау бойынша жұмыстарды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесімен;

- заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің метрологиялық жұмыстарды жүзеге асыру құқығына аккредиттеу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік аккредиттеу жүйесімен;

- нормативтік құжаттарды үйлестіру және шамалар бірліктерінің мемлекеттік эталондарын салыстыру кезінде басқа елдердің ұлттық жүйелерімен өзара әрекетте болады.

Уәкілетті орган өз қызметін тікелей немесе оған бағынышты кәсіпорындар мен бөлімшелер арқылы жүзеге асырады.

Уәкілетті органың негізгі қызметтеріне мыналар жатады:

- өлшем бірлігін қаматамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеуді және жүзеге асыруды ұйымдастыру;

- Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметінің қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

- Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жіберілген шамаларды анықтау;

- метрология саласында ғылыми зерттеулерді жүргізуді ұйымдастыру;

- өлшем бірлігін қамтамасыз ету ойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу тәртібін анықтау;

- өлшем құралдарын қолдану, өндіру және жөндеу тәртібін анықтау, өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін салыстыруды ұйымдастыру;

- өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кадрларды қайта дайындау және біліктілігін жоғарылатуды ұйымдастыру;

- өлшембірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізуді ұйымдастыру;

- мемлекеттік метрологилық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу;

- Қазақстан Республикасын метрология бойынша халықаралық және аймақтық мекемелерде таныстыру.

 








Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 5344;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.