Лекция. Метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері мен құқықтары
Дәріс жоспары:
1. Метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері
2. Метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі құқықтары
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыстарды іске асыру үшін (салыстырып тексеру, калибрлеу, өндіріс, жөндеу, сынақтар, өлшемді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау, метрологиялық тексеру және басқалар) мемлекеттік басқарма органдары, жеке және заңды тұлғалар метрологиялық қызметтерді құрайды.
Өз әрекетінде метрологиялық қызметтер:
- Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңын;
- Қазақстан Республикасының заңды және нормативті құжаттарын, соның ішінде өлшем бірлігін қамтамсыз ету бойынша;
- стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша уәкілетті мемлекеттік орган (әрі қарай уәкілетті мемлекеттік орган) бұйрықтарын;
- осы ұсыныстар негізінде дайындалған метрологиялық қызмет туралы Ережені;
- мемлекеттік басқарма органы және заңды тұлға бұйрықтарын және жарлықтарын басшылыққа алады.
Метрологиялық қызметтер, олардың бағынушылығына және меншік түрлеріне тәуелсіз, ереже бойынша, құрылымдық ішкі бөлімшелер түрінде пайда болады және басшы метрологтармен басқарылады. Негізгі міндеттері қызметтер және құқықтарды анықтау үшін метрологиялық қызметтер мемлекеттік басқарма органы, құрамында жеке және заңды тұлғалар туралы ақпаратты деректер болуы қажет және метрологилық қызметтердің құрылымын, міндеттерін, қызметтерін және құқықтарын анықтайтын метрологиялық қызмет туралы ереже дайындайды
Метрологиялық қызметтер әрекеттерінің мемлекеттік метрологиялық қадағалауын ҚР СТ 2.2 және ҚР ЕР 50.2.24 белгіленген тәртіп бойынша уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қадағалауы бойынша аумақтық ішкі бөлімшелер іске асырады.
Метрологиялық қызметтердің негізгі міндеттеріне:
– өлшемнің талап етілетін дәлдігін және бірлігін қамтамасыз ету;
– ғылыми зерттеулердің, өндіріс тиімділігінің, өнімдердің, жұмыс және қызмет көрсетудің техникалық деңгейін және сапасын көтеруге бағытталған өлшем құралдарын және қазіргі заманғы әдістерді практикаға енгізу;
– әрекеттің негізгі бағыттарын анықтауды, және зерттеулерді, дайындауларды, өндірісті, сынақтарнды, өнімді пайдалануды және басқа әрекет салаларын метрологилық қамтамасыз ету бойынша жұмыстар орындау;
– әрекеттегі заң бойынша белгіленген метрологиялық ережелерді сақтау және өз уақытында енгізу;
– ҚР СТ 2.15 талаптарына сәйкес метрологиялық бақылаудың іске асуы жатады.
– метрологиялық қамтамасыз етудің дамытудағы негізгі бағыттар мен осы облыстағы ғылыми және техникалық жетістіктерді барынша эффективті пайдалану жолдарын анықтау;
– метрологиялық қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік техника-экономикалық, құқықтық және ұйымдық негіздерін халықтық шаруашылықты басқарудың барлық сатысында жасап шығару;
– физикалық константа мәндерін анықтау мен өлшемнің жоғары дәлдігін құру мақсатында жаңа физикалық эффектерді пайдалану және іргелі ғылыми-зерттеулерді жүргізу және ұйымдастыру;
– елде өлшем бірлігін қамтамасыз ету, метеорологиялық қамтамасыздандырудың негізгі шарттары, ережелері, талаптары мен нормаларын стандартизациялау, ГСН-ді дамыту;
– физикалық өлшем бірліктерін пайдалануда жіберілуі мүмкін қателіктерді құру;
– физикалық өлшем бірліктерінің мемлекеттер эталондарының жүйесін құру, бекіту және сақтау;
– физикалық өлшем бірліктерінің мемлекеттік эталондардан өлшеудің барлық түріне бір ретті жіберілуін құру;
– метрологиялық қамтамасыз етудің салааралық бағдарламасын жасап шығару және олардың жүзеге асырылуы бойынша жұмыстар ұйымдастыру;
– ауыл шаруашылығы салаларында метрологиялық қамтамасыздандырудың кешенді бағдарламаларын жасаудың ғылыми-әдістемелік басқармасы;
– жоғары дәлдіктегі өлшеудің үлгілі заттарын және жұмысшы эталондарын құру және жүзеге асыру, кешенді тексеру құрылғылары мен зертханаларды жасап шығаруда жоспарлау және координациялау;
– өлшем заттарының метрологиялық сипаттамаларына бірлік талаптарын құру;
– өлшемдердің сериялық және массалық өндіріске және олардың партиялар мен шекарадан енгізуге арналған мемлекеттік сынамаларының реті;
– жоспарлануы және жүргізілуі;
– құрылғыларының мемлекеттік тексерілуі;
– заттар мен материалдардың қасиеттері мен құралының стандарттық үлгісінің жалпы талаптарын құру;
– стандарттық анықтамалық мәліметтердің, заттар мен материалдардың стандартты үлгілерінің, уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметтің басқаруды жүзеге асыру және олардың дамуына қолдау көрсету;
– өлшем құралдарының өндірісі, жағдайы, қолдануға және жөндеуіне және метрологиялық ережелері талаптар мен нормалардың сақталуына, сондай-ақ ведомствалық метрологиялық қызметтің іс-әрекеттеріне мемлекеттік бақылау жүргізу;
– ерекше дәл өлшемдерді ұйымдастыру және орындау;
– метрология облысында кадрларды дайындауды және квалификациясын жоғарылатуды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
– метрология облысында халықаралық әріптестік бойынша жұмыстар ұйымдастыру халықаралық сауда, ғылыми-техникалық және экономикалық әріптестіктер үшін қажетті өлшемдердің бірлігі мен талап етілген дәлдігін қамтамасыз ету;
– метрологиялық қамтамасыз ету жұмыстарын ел қорғанысының қажеттіліктерімен байланыстыру;
– метрологиялық қамтамасыз ету облысында ғылыми-техникалық ақпараттарды ұйымдастыру және жүзеге асыру және сериялық немесе массалық өндіріспен шекарадан партиялар мен шығаруға арналған өлшем құралдарын тұрақты көрмелерде экспонирлеу.
Метрологиялық облыстарда негізгі мәселелерді шешуді салалық дәрежеде министрлік жүзеге асырады:
Осы мәселе арасында екі топты бөлуге болады; өлшем бірліктерін қамтамасыз ету мәселелері және метрологиялық қамтамасыз ету бойынша келесі төмендегілер жататын қосымша, арнайы мәселелері:
– өлшеу, сынау және бақылау кезіндегі бағалауға жататын материалдар, бұйымдар және процестер параметрлерінің номенклатураларын таңдау;
– өлшеу, сынау және бақылау нәтижелерінің дәлдік көрсеткішінің сандық мәні мен номенклатурасын, мәселенің оптималді шешімін қамтамасыз етіп олардың көрсету формасын таңдау;
– екі жоғарыдағы мәселелерінің шешімдерінің дұрыстығын тексеру мақсатындағы консултивті және технологиялық құжаттардың метрологиялық сараптау;
– өлшеу, сынау және бақылау процестерінің жоспарлау, өлшеу, сынау және бақылау әдістемелерін жасап шығару;
– өлшеу, сынау және бақылау процестерін техникалық құралдарға сәйкестендіріп қамтамасыз ету;
– техникалық құралдарға метрологиялық түзу жағдайда ұстау;
– өлшеу, сынау және бақылау процестерін орындау нәтижелерін өңдеу (қажет болған жағдайда);
Өлшеу бірліктерін қамтамасыз ету мәселелерінен басқа жағдайларды метрологиялық қызмет органдарында мамандар, өндірістік бөлімшелердің, колективтердің түрлі категориялары шешеді: Олар төмендегілерді қамтиды;
– өлшенетін шамалардың рационалды номенклатурасын, конструкторлардың параметрлерін, жаңа материалдар, бұйымдар мен процестер олардың қасиеттерін моделдеу және үйрену негізінде жасап шығаратындарды таңдау;
– өлшеу, сынау және бақылау процестерін техникалық құралдармен, осы құралдарды жасап шығарушылар болып табылатын министрліктің орталықтанған тәртібі мен қамтамасыз ету;
– техникалық құралдарды бүтін түрінде ұстайтын - өлшеу, сынау және бақылау құралдарын жөндеуді жүзеге асырушы ұйымдар мен кәсіпорындар.
Метрологиялық қызметтердің құқықтары
– ведомстволық кәсіпорындардың метрологиялық қызметтеріне (мемлекеттік басқарма органдары үшін) және құрылымдық ішкі бөлімшелерге (заңды тұлғалар үшін) метрологиялық еределерді және нормаларды бұзуды жоюға бағытталған міндетті нұсқаулар беруге;
– метрологиялық қызмет ету саласында әрекеттегі заңдылыққа, метрологиялық ережелер мен нормаларға қарама қайшы нормативті құжаттарды, бұйрықтарды, жарлықтарды және нұсқауларды жою туралы ұсыныстар енгізуге;
– метрологиялық ғылыми орталықпен, мемлекеттік басқарма органдарымен, жеке және заңды тұлғалармен ұсынылған нормативті құжаттарды метрологилық сараптау өткізуге;
– жобалық, конструкторлық, технологилық құжаттарға метрологилық сараптау жүргізу, аналитикалық, сынақтық және өлшемдік зертханаларда өлшем жағдайын бағалау кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту туралы ұсыныстарды енгізуге;
– техникалық талаптарға жауап бермейтін өлшем құралдарын, типін бекіту мақсатында сынақтан өтпеген өлшем құралдарын, пайдаланылатын құжаттар талабына сәйкес келмейтін шарттарда және тағайындау бойынша пайдаланылмаған, метрологиялық аттестаттаудың мерзімі аяқталған салыстырып тексеруді айналымнан алуға;
– метрология сүраұтары бойынша нормативті құжаттар жобалары бойынша қорытынды дайындауға;
– метрологиялық бақылауды іске асыр тәртібінде тексеружүргізу үшін қажетті материалдарды метрологилық бақылауға тарлыған құрылымдық ішкі бөлімшелерден алуға құқылы.
Мемлекеттік басқарма органдарының метрологиялық қызметтері сондай-ақ бұзуларды жойғанға дейін сапа бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімдерді шығаруға (сондай-ақ жөндеуден де) немесе жүзеге асыруға әкелген метрологиялық ережелердің бұзылуы жағдайында өнімді өндірісте тоқтату туралы басшылықты ұсынуды енгізуге құқылы.
Сонымен метрологиялық қамтамасыз етудің осы мәселелер тобын шешуде өлшеу ақпараттарының «шығарылуы және тұтынушылармен» байланысты ведомствалық органдар мен техникалық қызметтер қатысуы керек.
Өлшеу нәтижелерінің дәлдік көрсеткіштерінің сандық мәндері мен номенклатурасын таңдауға кеңінен тоқталамыз. Осыған байланысты оның техника-экономикалық суреттемелерге сәйкес өлшеу мәселелерінің дәл класы үшін таңдалатын өнімнің оптималді дәлдігі туралы түсінікті қарастырамыз.
Мысалы, нәтижесі өнімнің сапасын бақылау кезінде пайдаланатын өлшем дәлдіктерінің нормасын таңдау, бақылаудың брак болу ықтималды жіберілуі мүмкін мәндермен сипатталады. Өлшеу дәлдігі қаншалықты жоғары болса, бақылаудың брак болу ықтималдығы да аз және дефекті бұйымдарды эксплуатациялайтын жылдық қайта бақылауға қатысты экономикалық жоғалтуларда азаяды. Бірақ өлшемдердің дәлдігін арттыру материалдық шығынды қажет етеді. Осы жағдайда өлшем дәлдігінің оптималді бақылауды жүргізуге кеткен қаражат көлемі және мүмкін болатын брактан экономикалық жоғалтуы минималды болады.
Осыған орай, метрологиялық қамтамасыздандыру бойынша кез келген ғылыми, техникалық және әлеуметтік мәселелер оның дәрежесін, эффективтілігі мен осы мәселелерді шешу сапасына әсер ететін жалпы критерийлерін сипаттайтын белгілі технико-экономикалық көрсеткіштер базасында құрылуы керек.
Метрологиялық қамтамасыз етудің соңғы мақсаты, жоғарыдағыларды қорыта келгенде – шикізат, материалдар, бұйымдар және процестерді өлшеу, сынау және бақылау нәтижелері бойынша қате шешімдердің қабылдану мүмкіндігін рационалды минимумға алып келу екені көрінеді.
Осы мақсатқа жету үшін метрологиялық қамтамасыз етудің барлық мәселелерін кешенді шешу қажет.
Бақылау сұрақтары:
Метрологиялық қызметтің негізгі міндеттері;
Метрологиялық қызметтің негізгі құқықтары;
Метрологиялық қызметтің негізгі алатын құжаттары.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 4041;