Олшеудің бірлігі және дәлдігі

 

Өлшеу бірлігі және дәлдігінің түсінігі теориялық метрология мен метрологиялық тәжірибенің анықтаушысы болып табылады. Осы түсініктердің айырмашылығы және өзара байланыстылығы метрологиялық қамтамасыз етудің түрлі және өндірістік мәселелерін ұйымдастыру формасын, бағытын және сипаттамаларын анықтайды.

Кез келген өлшеу мәселелерінің тиімділігі мен дұрыстығы үшін өлшеу нәтижелерін қолдану мүмкіндігі келесі үш шартпен анықталады:

-өлшеу нәтижелері бекітілген бірлік пен формаларда өңделеді;

-осы нәтижелердің дәлдігінің көрсеткіштерінің мәндері белгілі;

-дәлдік көрсеткішінің мәндері осы нәтижелерге арналған үйлесімді мәселелердің шешімімен қамтамасыз етеді.

Егер өлшеу нәтижелері алғашқы екі шартты қанағаттандырса, онда олардың қолданылу мүмкіндігі туралы қабылданатын негізгі мәселелер анық болады. Мұндай нәтижелерді салыстыруға болады. Олар түрлі мазмұнда, әр түрлі адамдармен кәсіпорындар мен ұйымдарда пайдаланылуы мүмкін. Бұдан шығатыны, өлшем бірлігі қамтылған деуге болады, яғни нәтижелері бекітілген бірлік және форма немесе қателіктері өрнектелетін жағдайдағы өлшемдері берілген ықтималдықпен белгілі болады.

Егер өлшеу нәтижелері осы қасиеттердің біріне ие болмаса, яғни, олардың дәлдігі белгісіз немесе дұрыс емес болса, онда өлшеу тапсырмаларының нәтижесі жарамсыз болып табылады. Мұндай нәтижелерді салыстыруға немесе бірге қолдануға болмайды. Мұндай жағдайларда өлшем бірлігінің жоқтығы туралы айту қабылданған.

Жоғарыда көрсетілген үшінші шарт қолданылатын әдістер және өлшеу құралдарының дәлдігіне арнайы талаптарды анықтайды.

Өлшем бірліктерінің рационалды формасы мен әдістерін іздеу бұрыннан жүргізіліп келе жатыр. Осылайша, 60-шы жылдардың аяғы, 70-ші жылдардың басында КСРО-да өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің негізгі принциптері мен ережелері жасалған. Осы принциптер мен ережелерді өлшем бірліктерді қамтамасыз етуді негізге ала отырып Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесімен (ҚР МӨЖ) Қазақстан Республикасында өлшемдердің бірлігіне және талап етілетін дәлдігіне қол жеткізуге арналған өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы ұйымдастырушылық, техникалық және нормативтік негіздерді регламенттейтін мемлекеттік стандарттардың кешені құрылған.

Осы жүйенің негізі екі тәжірибеден өткен ереже болып табылады:

1. Техникалық өлшемдердің нәтижелерінің дәлдігі мүмкін болатын себептер мен өлшем қателіктерінің қайнар көздерін алдын ала сараптау негізінде ғана бағаланады. Өлшем нәтижелері алынғаннан соң, олардың нақты дәлдіктерін бағалау мүмкін болмайды.

Сондықтан, өлшеу бірлігін қамтамасыз ету үшін сақталуы өлшеудің берілген ережесі бойынша белгілі дәлдікті кепілдейтін ереже дайындауды және өлшеу жүргізуді, олардың нәтижелерін өңдеу және рәсімдеуді құру және регламенттеу керек.

2. Мемлекеттік стандарттардың кешенін құру және енгізуге дейін метрологиялық қызметтің негізгі және мәні бойынша бірден-бір объектісі өлшеу құралдары болған (өлшемдер және өлшеу приборлары). Бірақ техникалық өлшеулердің нақты дәлдігі көп көлемде аспаптық жағдайда емес, өлшемнің жанама әдістерін енгізуге байланысты әдістемелік қателіктермен жүзеге асырылды.

Сондықтан, өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін метрологиялық қызмет сферасына өлшеу процестері мен нәтижелерін қосу қажет болды. Осыдан өлшеу құралдарының бірыңғайлылығын қамтамасыз етілуімен байланысты дәстүрлік мәселелерді бекіту мен жасаудан тұратын өлшеу бірліктерін қамтамасыз ету бойынша кешенді мәселелер қарастырылды, олар:

-өлшенетін параметрлердің қолданысқа жіберілуі;

-өлшенетін параметрлердің өлшемдерін сақтау және жүргізу құралдары мен әдістері;

-өлшем бірліктерін эталондардан жұмысшы өлшеу құралдарына беру әдістері мен құралдары;

-өлшеу құралдарын сынау және тексеру әдістері;

-өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларын бағалау және бақылау, номірлеу принциптерінің номенклатурасы;

-нәтижелерді өңдеу формалары және өлшеу дәлдіктерінің көрсеткіштері.

Осылайша, метрологиялық ғылымның жетістіктерінің негізінде метрологиялық дайындықтың және өлшеулерді орындаудың, олардың нәтижелерін өңдеу немесе рәсімдеудің ережелері жасалынады. Бұл ережелердің толық, сапалы және жалпы орындалуы метрологиялық қызмет ұйымдарымен жүзеге асырылады және бақыланады.

Өлшем бірліктерін және дәлдігін мемлекет масштабында қамтамасыз етуі басқаруда Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органы және оның аймақтық органдары жүзеге асырады.

 








Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 2805;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.