Кіріспе. Ғылым мен техника және де өндірістің даму тарихы көптеген қилы кезеңдерден өтті
Ғылым мен техника және де өндірістің даму тарихы көптеген қилы кезеңдерден өтті. Соның ішінде өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің негізі болып табылатын метрология ғылымда-техникалық, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді жоюға үлкен үлес қосты. Метрология сонау жас кеңес үкіметін индустрияландыруда, мамандандыруды жетілдіру, өндірістің көшірмелерін жасауда, және кеңес ғылымын дамытуда, жаңа технологияларды дамыту мақсатында (атомды энергетика, құрал жасауда, микроэлектроникада, лазерлік техникада) өзінің үлкен орны болды.
Қазір жаңа заманда ғылыми техникалық революциялық, кендік, экономикалық, әлеуметтік ортаның дамуында кездесетін дәлдікті арттыру, яғни метрология жетістіктерін халықтың тұрмысында қолдану. Метрология мемлекетте бірінші ретті орынды алады.
Осыған байланысты қазіргі ортада үлкен рөл атқаратын негізгі себептерге тоқталайық.
Өлшеудің көптілігі. Әр секунд сайын елімізде жүздеген миллион өлшеу операциялары жүргізілуде. Ол өлшеу нәтижесі арқылы қолданылатын техника бұйымдарының сапасын арттырып бұзылу мүмкіншілігі төмен машиналар және тұрақты жұмыс істейтін электр приборлар, медициналық аппараттар жасап шығару мақсатында қоланылады. Адам қолданатын заттардың толығы дерлік бақылау мен сынау нәтижелерімен жасалған. Бүгінде елімізде 1 млрд шамасында өлшеу құралының түрлері қолданылады. Әр саладағы мамандар миллионнан астам адам ақысыз сынаубақылау жүргізеді. Сынау мен бақылауға кететін шығын өнімді өндіруге кеткен шығынның 20% құрайды. Ал елімізде енді дамып келе жатқан радиоэлектроника, есептеуіш техникада 60% құрайды.
Өлшеудің маңыздылығы. Кез келген кәсіпорынның басқару үлгісінің негізі болып (сараптама, болжау, жоспар құру, бақылау, реттеу) келген шикізаттың, жартылай фабрикаттың, дайын өнімнің сапасы мен саны, оның технологиялық жасалу процесі, сонымен қатар бұйымның өмірлік циклы туралы мәліметтер болып табылады. Ережеге сай сол мәліметті әр түрлі өлшеу құралдарының көмегімен, көптеген өлшеулер жүргізу арқылы алады.
Өлшеу тілінің әмбебаптылығы. Техникалық ғылыми өлшеулерді жүргізу кезінде шет мемлекеттермен мәліметтер алмасып, тығыз қарым қатынаста болу керек. Бұл еліміздің өнімдерін нарыққа шығаруға және де саудадағы қарым қатынасын жақсартуға үлкен көмек көрсететіні айдан анық. Егер біз шет елдермен мәлімет алмасып сынау бақылау жұмыстарын бірігіп жасасақ онда шет елден келетін тауарлар мен шикізаттар, болшектер сапасына сенімді боламыз. Осыған байланысты өлшеу мәліметтерінің сапасының жоғары болуы, оның дәлдігі және шынайылығы, өлшеумен сынау әдістерінің бірдей болуы бірінші ретті тұруы тиіс. Өлшеудің ортақтығы арадағы қарым қатынасты нығайтып өлшеу әдістерімен, өлшеу құралын стандарттау, өнімді сынау және сынау нәтижелерін халық аралық жүйеге енгізуге негіз болады.
Техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттар бойынша техникалық бұйымдарды, тұрмыстық заттарды, барлық дерлік күнделікті қолданыстағы заттарды метрологиялық сараптама жасау арқылы өнім сапасын арттырып өнімге деген сенімділікке қол жеткізуге болады. Сонмен қатар өлшеу нәтижесінде анықталған қателіктер санын азайту көптеген өнімнің шығынын азайтады.
Метрология отандық өндіріске бұрын соңды болмаған өзгерістер әкелді. Осыған байланысты метролог мамандар да дайындалып олардын қызметтеріне деген сұраныс саны артты.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 2448;