Кіріспе. Авторлар ұжымының негізгі мақсаты – Қарағанды экономикалық университетіндегі экономикалық теория негіздерінің
Авторлар ұжымының негізгі мақсаты – Қарағанды экономикалық университетіндегі экономикалық теория негіздерінің оқыту тәжірибесін ескере отырып, сонымен бірге ғылыми – зерттеу институтарының материалдарын және отандық ғалым-экономистердің еңбектерін пайдалану арқылы, Қазақстандағы экономикалық реформаның даму процессі мен ондағы оң өзгерістерге талдау жасау негізінде, жоғары оқу орындарындағы студенттерге арналған мемлекеттік тілде оқулық шығаруға үлес қосу.
Оқулыққа отандық материалды молырақ кірістіруге тырыстық, мұндағы мақсатымыз – төл материалдар арқылы студенттерге туған республикамыз туралы, оның экономикасы мен өркендеуі жайлы тереңірек білім беру. Болашақ жоғары білімді мамандарды ұлтжандылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Авторлар ұжымы оқулық шығаруда мынадай негізгі бағыттарын ұстанады:
Біріншіден, соңғы кезде экономикалық теория негіздерінен мемлекеттік тілде оқулықтар жарық көргені белгілі, сонда кейбір қамтылмаған немесе назар аударылмаған проблемаларға студенттердің назарын аударып, олқылықтардың орнын толтыру.
Екіншіден, жоғары оқу орындарына арнап жасалған бағдарламаны орындау әрбір дәріс берушінің негізгі міндеті. Сонымен бірге жоғары оқу орнында алған білімді ғылыми жұмыста қолдана білу келешек маман кадрлар үшін басты мақсат екенін болашақ мамандардың осы бастан түсінуіне көмектесу.
2004 жылдың қазан айында Астанада өткен білім және ғылым қызметкерлерінің III съезінде сөйлеген сөзінде Ел басы Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Қазақстан өзінің ғылыми әлеуетін ұлттық экономикамен байланыссыз сақтай алмайды, ал экономика ғылымға арқа сүйемейінше бәсекеге қабілетті емес». Сондықтан да қазіргі әлемдегі мемлекеттердің экономикалық табыстары олардың білім беру жүйелері мен азаматтарының білімділігімен айқындалатынын түсінушілікті орнықтыру.
Үшіншіден, оқулықты жазу кезінде дүниежүзілік экономика ғылымының еңбектері пайдаланылды, осымен байланысты студенттердің әрбір экономикалық мектептер мен бағыттар қөзқарастарын салыстыра қарастыру мүмкіндігі ескерілді.
Төртіншіден, методологиялық талдау кезінде өндіріске негіздеген әдістемені қолдандық.. Қорыта келе айтатынымыз, оқулық келешек маман кадрлар үшін қызмет етсе, біздер үшін үлкен жетістік болар деген тілектеміз.1. «Егемен Қазақстан» (№ 255 (23890)), 13.10.04ж.
1 Тақырып.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ,
САЯСИ ЭКОНОМИЯ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКСТІҢ
ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТАРЫ
1.1. Экономиканың негізгі элементтері және түсініктері, шығындар, өндірістік мүмкіншіліктер
1.2. Экономикалық заңдардың объективтік сипаты
1.3. Экономикалық теорияның функциясы
Түйін
Қайталауға арналған сұрақтар
Тестілер
1.1. Экономика. Экономиканың негізгі элементтері
Экономика ғылымының негізгі зерттеу аясы экономика, адамдардың ерекше өмір сүретін орыны. Бұл саланың ерекшелігін, оның мазмұнын, элементін экономикалық ғылым анықтайды, зерттейді. Экономика-лық теория – оның негізгі бөлігі. Экономика жөніндегі алғашқы ғылыми мәліметтер ерте дәуірдегі Вавилон, Египет, Индия, Қытай, Грек ойшылдарының еңбектерінде кездеседі.
Байлыққа ие болу және тұтынымды қанағаттандыру жайлы ойлануды Аристотель (384-322) экономика және хрематисстикаға бөлді. Экономиканың біздің ғ.д. негізгі мақсаты – тұтыну құнын алу, өмір сүруге керекті үй шаруашылығы, өнер, сауда арқылы баю болды. Байлық және ақшаны иемденуде алға қойған мақсатқа жетудің шегі жоқ. Егер экономика табиғи себептермен қамтамасыз етілсе, хремасстика табиғат заңдарымен үйлеспей тұрғандайәсер қалдырды.
«Хремасстика» термині – сауда капитализмімен ұқсас түсінік. Экономика терминін экономикалық ғылымға ең алғаш әкелген Ксенофонт өзінің кітабын «Экономия» деп атады. Бұл еңбегінде сол заманғы құл иеленушінің үй шаруашылығын басқару жөніндегі нұсқаулары жазылған. Ерте дәуірде көпшілік елдерде кең тараған ғылымның аты, грек тіліндегі шаруашылық және басқару сөзінен алынып, француз экономисі Антуан Маккретьен оны (1575-1622жж) «Саяси экономия» деген еңбегі арқылы бекітті. Сонымен, XVII ғасырдан қазіргі кезге дейін «саяси экономия» деген ғылым қалыптасты.
А. Макретьен хандар мен жеке билеушілерге мемлекеттік мүлікті қалай басқару керектігі туралы кеңес берді. «Саяси экономия» трактатының аты соған байланысты болуы мүмкін. Осы кезден бастап экономика ғылымының пәні туралы әр түрлі ойлар мен анықтамалар айтыла бастады.
Экономикалық ғылым басқа қоғамдық ғылым сияқты әр түрлі және күрделі қоғамдық шындықтың бір қырын қамтып зерттейді. Осы негізде, белгілі көзқарас арқылы адамдар және индивидиум арасындағы көзқарасты қарастырады. Альфред Маршаллдың басты негізгі түсіндіруі молшылықтың материалдық жағдайын жасау мен пайдалануға негізделген.
Қазіргі жағдайда экономикалық ғылым заңдар, заңдылықтар негізінде экономикалық процестерді түсіндіретін және айқындайтын материалдық игілік жасау және пайдалану үрдісін анықтайтын маңызды әлеуметтік институт.
Экономикалық ғылым - білім жиыны, қоғамда үстемдік ететін шаруашылық идеологиясының негізгі құрамы және экономикалық ойлауды қалыптастырушы. Экономикалық ғылымның негізгі бөлігіне мыналар кіреді: экономикалық теория, шаруашылық логикасының тәжірибесі ретінде экономикадағы табиғи процестерді реттеу, шаруашылық қызметіндегі тәжірибені реттеу, қоғам мен индивидумның қажетін қанағаттандыру.
Экономикалық ғылым пәнін және әдісін зерттеу экономикалық теориямен ұқсас.
Дүниежүзіндегі экономистердің көбі экономикалық теорияны жан-жақты ғылым дейді. Ресурстарды талдау проблемасы мен экономикалық теорияның оқу пәні ретіндегі (экономика және саяси экономика) экономика ғылымынан айырмашылығы: шаруашылық және адамдар тәртібін, әрекеттерді нақты, тұрақты дәлелдермен анықтайды, қашаннан белгілі түсініктер мен категорияларды бастапқы білім негізінде түсіндіреді.
Экономикалық ғылым әр уақытта нақты шындықты зерттеумен байланысты заңдар мен заңдылықтарды ашу, даму үрдісін ұзарту, қоғамның мақсатына жету тәсілдері мен әдістеріне болжам жасайды. Басқалай айтқанда, экономикалық ғылым әр уақытта динамикалы.
Экономикалық теория, саяси экономия, экономика пәндеріне нақтылы анықтама берсек, мынадай жағдайды анықтауға болады:
Біріншіден – экономикалық теория адамдар арасындағы байланысты және олардың өндірістегі тәртібін, тауар айырбастау және қызмет жағдайында шектелген ресурстарды пайдалану тәсілін, материалдық және материалдық емес игілікті өндіру оларды бөлу және тұтынуды реттейді.
Экономикалық теория оқу пәні ретінде негізгі төрт бөлімді біріктіреді.
Экономикалық теория пәнінің анықтамасынан шығатын әр түрлі шаруашылық деңгейлеріндегі экономикалық категориялар мен заңдарды зерттейді.
Микроэкономикада талдаудың негізі ретінде ең кіші шаруашылық бірлігі – үй шаруашылығы, жекелеген фирма, бірлестік т.б. қарастырылады.
1.1 кесте
Макроэкономикада елдің экономикасы біртұтас зерттеледі. Макроэкономиканың нысандары болып қоғамның табысы мен байлығы, экономикалық өсудің қарқыны мен факторлары т.б. категориялар қаралады. Макроталдау инфляция мен жұмыссыздықты реттеу, іскерлік белсенділікті ынталандыру, халық шаруашылық проблемаларын шешуге бағытталған.
Мезоэкономика – ұлттық экономиканың белгілі бір ішкі жүйелерінің немесе халық шаруашылығы салаларының ӘӨК, аймақтық экономика т.б. жұмыстары мен заңдарын зерттейді.
Біріншіден, экономикалық теория адамдар арасындағы байланысты және өндірістегі тәртіпті, тауар мен қызметті айырбастау кезіндегі, шектеулі ресурстарды пайдалану тәсілін, материалдық және материалдық емес өнімдерді қоғам мүшелерінің пайдалануын зерттейді.
Екінші: саяси экономияның зерттейтін объектісі - шектеулі ресурстар жағдайында материалдық игілікті өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну кезіндегі адамдар арасындағы қарым-қатынасты қарастырады.
Саяси экономия өзінің пәні ретінде экономикалық заңдарды зерттеуге байланысты экономикалық процестің объективтік негізін және құбылысын, экономикалық процесс пен құбылыстың негізін қарастырады (1.2кесте).
1.2 кесте
Экономикалық теория пәні мен саясиэкономия пәні ұқсас. Дегенмен, экономикалық теория адамдар арасындағы субъективтік жағын қарастырады. Яғни адамдардың мінез-құлқын, таптар мен таптардың материалдық, материалдық емес игіліктермен байланысты қатынастарын қарастырса, ал саяси экономия материалдық игілікті талдаумен шектеледі.
Үшінші: шаруашылықты басқару, жүргізу ережесін сақтауды, сонымен қатар саяси проблемаларды да қарастырады. Мысалы, мемлекет жұмыссыздарға төлемақы төлей ме, жұмыс істемейтін аналарға көмектесе ме, конверсиялауға дауыс бере ме және басқалар.
Экономика кәсіпкерлікке қатысты сұрақтарға да жауап береді, неге биржалар көп, ақшаны банкіге салу тиімді ме т.с.с.
Ресурстардың шектеулі болуымен байланысты оларды пайдалану баламалы жағдайда іске асады. Осы жағдайды Самуэльсон 2 тауарды мысалға ала отырып, қарастырған зеңбіректер мен май өндірістерін қарастырайық.
Бірінші вариант: қоғамның барлық ресурсы май өндірісін өндіруге бағытталған, бұл 5 млн. кг майды максимум өндірістің ресурстық-технологиялық жағдайына байланысты өндіруге болады.
Екінші вариант: 15 мың зеңбірек шығаруға бағыт-талған. Бірінші, екінші варианттарды қолдануға болмайды.
Үшінші вариант: қоғам зеңбірек шығару үшін май өндіру көлемін азайтады.
Балама мүмкіндік мағынасы төменде көрсетілген.
1.3 кесте
Мүмкіндік | Зеңбірек, мың тг. | Май, млн. тн |
А | ||
В | ||
С | ||
Д | ||
Е | ||
F |
Өндірістік мүмкіншіліктің көлбеуі (нүктелер А, В, С, Д, Е, F) әлде трансформация, бұл экономика толық жұмыс істеген кезде баламалы болады.
Өндірістің техникалық-экономикалық жағдайына қарай ресурстарды бөлу арқылы өндіруге мүмкіндік бар. Ресурстар толық жұмыс істеген кезінде байланыс болады, барлық нүктелер мүмкіндік комбинациясына байланысты, көлбеу трансформацияланады. Кез келген нүкте көлбеуге парето тиімділік жағдайын анықтайды.
Өндірістік мүмкіншілік толық қамтамасыз етілмесе, не өндірістік комбинациясында жұмыссыздық болса, оны 4 нүктесінде деп болжасақ, май мен зеңбірек көлбеуде жатпайды. Бұл жағдай мынаны ескертеді: егер қолда бар қосымша ресурстарды пайдалансақ, онда қару-жарақ және май өнімдерін шығаруды молайтамыз. Өндірістік мүмкіншілік көлбеуі 5 нүкте маңында болса, онда қоғам бір мезгілде зеңбірек және май өндірісін ұлғайта алмайды.
Трансформация көлбеуінің өндірістік айырмашылы-ғын білу, артық экономикадағы трансформациялық көлбеудің жоғарғы деңгейге көтерілуі техникалық жаңалықтар ашуға, қазба байлықтарының жаңа қорын табуға және т.б. мүмкіндік береді. Қоғам әр кезеңде қорлануды таңдайды (қаржылық және нақты секторларды инвестициялау мен тұтыну) (жеке). Қорлануды көбейту (жаңа зауыттар мен фабрикалар үшін күрделі қаржыны көбейту) қоғамның бірнеше жылдан кейін көлбеу трансформация сатысына көтерілуіне мүмкіндік береді.
Экономикалық заңды қалай түсіндіруге болады?
Бұл – экономикалық ұғым ретінде қалыптасқан құбылыстардың себеп-салдарлы байланыстары. Экономикалық зерттеулер кезінде ғалымдарға жекелеген, оқшауланған фактілермен жұмыс істеуге тура келеді. Сол себепті фактілерді топтастырып, жинақтап қорыту қажет. Бұл индуктивті әдіс, яғни жеке қорытындыларды логикалық пайымдау әдісімен жүргізіледі.
1.2. Экономикалық заңдардың объективтік сипаты
Экономикалық заңдарды объективтік түрде әсер етуі адамдардың сана-сезіміне байланысты емес. Экономикалық процестердің ішкі мазмұнын, мәнін анықтау үшін обьективтік заңдарды ашу керек. Олар экономикалық құбылыстар мен процестердің қасиеттері (мән және форма) арасындағы қажетті,тұрақты, ұдайы тәуелділіктерді көрсетуі тиіс және обьективтілігімен байланысты себеп-салдарлы байланыстарды айқындайды.
Экономикалық заңдар адамдардың экономикалық іс- әрекеттері мен қатынастарын білдіреді.
Сонымен, экономикалық заңдар бұл адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелеу формасы. Олар адамдардың қоғамдық іс-әрекеттерінің тәуелді байланыстарын, жүйелі ұғым-атау формасындағы заңдарды қарастырады.
Экономикалық заңдарға әлеуметтік, қоғамдық қатынастар заңдары жатады. Осылайша, олар табиғат заңдарынан ажыратылады. Оның екінші бір айырмашылығы -тарихи шектеулі сипатта болуы, ал табиғи заңдар мәңгілік қатынас ретінде зерттеу әдісіне ғана тәуелді. Өздерінің әрекет ету сипатына қарай экономикалық заңдар ерекше және жанама болып екіге бөлінеді.
Ерекше экономикалық заңдар жеке дәуірлерге, формацияларға тән. Мысалы, құлдық және феодализм дәуіріндегі материалдық игіліктерді бөлу заңы.
Жалпы экономикалық заңдар барлық экономикалық формацияларда әрекет етеді, мысалы, еңбек өнімділігін арттыру заңы, уақытты үнемдеу заңы және басқа да тарихи-әлеуметтік қажеттіліктер.
Абстрактылы ойлау кезінде мән сыртқы қабықтан босайды. Абстрактылы ойлау кезінде логикалық түсінік қалыптасады, аз не көп зерттелген нақты шындық талданып, қорытындыланады. Өмірдің бұл фактісінде таусылмайтын ғылыми зерттеулер жатыр.
Логикалық түсінік қоғамның экономикалық өмір жағдайын талдап бейнелейтін экономикалық категория болып саналады. К. Маркс: «... Категория өмір сүру жағдайының күн-көріс формаларының қоғамда белгілі кейбір жақтарын ғана білдіреді деп жазды».1
Қоғамның экономикалық даму заңын анықтау – экономикалық ғылымның негізгі міндеті. Ф. Энгельстің «Заңдар туралы ғылым, өндірісті басқару және адам қоғамындағы материалдық өмір игілігін айырбастау»2 экономикалық теориясы бұған тура бағынады.
1.4 кесте
|
|
|
|
Суретте экономикалық теорияның басқа экономикалық ғылыммен байланысы, әрқайсысының өзіне тән пәні, қойған мақсаты көрсетілген. Құрылыс экономика курсын алсақ, осы өндіріс саласына байланысты заңдылықтар мен негізгі ерекше заңдарды зерделейді, не оның өзіндік сипатын, құрылыс саласындағы экономикалық категориялар қызметінің ерекшелігін анықтайды. Негізгі көңіл қоятын жағдай - құрылыстың тиімділігін арттыру экономикалық тұтқалар мен категорияларды, оның кейбір бөліктерін: құрылыс, жоспарлау мен смета жасау, құрылыс өндірісіндегі несие-қаржы тетігі, материалдық-техникалық маркетинг, менеджмент – бір сөзбен айтқанда құрылыстағы күрделі қаржыны жұмсаудың тиімділігін арттыру, ерте жасалған негізгі өндірістік қорларды қайта құру және жаңғыртуды қарастырады.
1.3. Экономикалық теорияның функциясы
Экономикалық теория басқа экономикалық ғылымдармен өзара байланысы арқылы шектелмейді, қоғамның табиғи кешеніне, сонымен бірге техникалық ғылымдарға да әсер етеді, адамдардың шаруашылық қызметінде оларды пайдаланудың тиімді нәтижесін анықтайды. Бұл экономикалық социологияға қатысты, мәдени экономия, химия ғылымының экономикасы, металлургия салаларының экономикасы т.с.с. экономикалық ғылымның ішкі саласы қолданбалы ғылымдардың барлық салаларымен байланысты. Бұл ғылымдардың техника мен технологиясының интегралдық байланысының дамуына әсер етеді, бұл жағдай келешек инженер кадрларды дайындауға, техникалық шешімді тиімді пайдалануға өте қажетті.
Келесі функциясы прагматикалық және практикалық-болжамалы. Экономикалық әдебиеттерде бұл екі түсінікке бір жағдайда талдау жасау керек. Практиканы алдын-ала жасалған болжамнан бөліп қарастыру қоғам өлшемін жағымсыз жағдайға әкелу мүмкін.
Толық жағдайда негізделмеген және ғылыми бағдарлама жасалмаған оның көп варианттылығын шешуді экономикалық практикада валюнтаризм деп атайды. Бұл вариант қоғам шығынына әкеледі.
Экономикалық теория басқа ғылымдар сияқты танымның әр түрлі формаларын қолданады. Олардың барлығы шаруашылық өмірді зерттеу әдістерінен тұратын ғылыми методологияны құрайды. Ол әдістер жалпы ғылыми және жеке болып бөлінеді.
Жалпы ғылыми әдістер – бұл көне грек философтары негізін салған және кейінгі буын ғалымдары дамытқан диалектикалық материалистік қағидалар. Олар бір-біріне тәуелді, қайшылықты түрде дамытып, ұдайы қозғалыста болады.
Бұл процестерді зерттеу барысында тарихи және логикалық тәсілдер қолданылады.
Тарихи әдіс құбылыстардың пайда болып, дамып және бірінің орнын бірі басқанын тізбекті талдауға жағдай жасайды.
Логикалық (теориялық) тәсіл тарихи құбылыстардың тарихи дәлме-дәл даму жолы емес. Ол зерттеліп отырған құбылыстың мәнін ұғыну мен асбтракциялауды, яғни олардың болмысы мен қасиеттерін жорамал түрде таза зерттеуді көздейді. Осының негізінде бұл құбылыс жайында ғылыми түсінік пайда болады, яғни логикалық түсінік немесе тауар, баға, ақша, акция, бәсеке т.б.сияқты экономикалық категориялар қалыптасады. Зерттеудің осындай әдісін ғылыми абстракция деп атайды.
Ғылыми-техникалық жекелеген әдістерге: байқау, синтездеу мен анализдің көмегімен алынған материалды өңдеу, индукция мен дедукция, заңдар мен категориялар жүйесін құру, оларды тексеру, тәжірибе-сынақтар жүргізу, модельдер құрастыру, олардың математикалық формализациясы және т.б. жатады.
Математикалық модельдер индивидиумды көрсетеді. Альферд Маршаллдың көрсетуінше «Экономикалық ғылым жеке және қоғамдық қызметтің сол бөлігін, негізінен, материалдық игіліктің жасалуын және пайдалануын зерттейді».
Рейман Барр «Экономикалық ғылым – бұл сирек ресурстарды басқаруды, адамдардың тәртіптік формаларын және оны пайдалануды сансыз көп шектелмеген тұтыну қамтамасыз ететіндігін зерделейтін ғылым» деп жазды.
Экономикалық ғылым – бұл білімнің жиыны, қоғамда үстемдік құратын шаруашылық идеологиясының құрамдас базасы және экономикалық ойларды қалыптастырушы.
Қазіргі кезде экономикалық ғылым экономикалық құбылыстар мен процестерді түсіндіріп болжаушы, экономикалық игілікті пайдалану және жасау тенденциясының үрдісінің заңдылығын қарастырушы маңызды әлеуметтік институт.
Экономикалық теория экономикалық ғылымның құрамдас бөлігі болып саналады. Шаруашылық практикасының тәжірибесін талдайды және экономикадағы табиғи процесті реттеу шаруашылық қызметінің аясы ретінде қоғам мен индивидиумның тұтынуын қажеттіліктерін қанағаттандыру жағдайын зерттейді.
Экономикалық ғылымның және экономикалық пәнінің зерттеу әдістемесіндегі түсінік ұқсас.
Дүниежүзіндегі экономистердің көбі экономикалық теорияны әмбебап теория деп атайды. Оқу пәні ретінде экономикалық теория, (экономика және саясиэкономия) қосалқы қорды қайта тапсыруға байланысты, өндірілетін және өндірілмейтін болып бөлінеді. Сонымен қосалқы қорды толтырудың көлемі мен деңгейінің шектеуі олардың өзара қарым-қатынасымен сипатталады, игілік сирек категория ретінде қарастырылады.
Қолда бар игілік сол кездегі тұтынуды қанағаттандыруға толық көлемде жетпеуі мүмкін, ол әр кезде орын алады. Егер, аз ғана игілікпен тұтынуды толық қамтамасыз етеміз деп елестетсек, онда нақты анық болады, экономикалық субъектілердің бір мезгілде болатын тұтынуы сол қаржымен толық қанағаттандырылса да, молықтырылған тұтыну, негізінен, жетіспеушілік болып қалатыны анық болды. Мынадай салыстырмалы тұтынудың шектеулі игілігі жетіспеушілік игілік категориясын құрайды.
Көп жақты тұтынуды шектеулі қаржыда қанағат ету мүмкін, шындығында барлығын толық қанағаттандыру мүмкін болмайды. Демек, әрбір экономикалық қимыл нақты жағдайды анықтайды. Қанағаттандыру үшін:
- мүмкіншіліктің бір, не бірнеше болу жағдайына байланысты одан шығатын қорытынды: экономикалық проблеманы шешу кезінде, экономикалық тұрғыдан тиімді баламалы вариантты таңдау керек. Мұндай жағдай, егер нақты экономикалық субъектілер бар болса, сол уақытта мүмкін болады, баламалы варианттардың арасындағы мүмкіншілікті таңдау үшін тұтыну тоқталмайды, сондықтан өндірістік айырбас, бөлу, тұтыну әр уақытта қайталанып, олардың бірлігі мен өзара байланысы ұдайы өндірісті құрайды. Осымен байланысты экономика іргелі даму жағдайында экономиканың айналыс сипатын алады. Әрбір экономикалық әрекет тұтынуды тануы тиіс;
- тұтынуды салыстырмалы және уақытша қанағаттандыру шеңберінде болмай қалмайтын қайта бастау, ұлғаю, күрделену, тереңдеу жағдайлары әр уақытта тұрақты жағдайға айналады. Басқа жағынан, біздің қаржы тұтынуымызды толық қамтамасыз етуге (ресурстар мен технология) практикалық тұрғыдан шектелген. Шектеу әр түрлі жағдайда болуы мүмкін.
Ең алдымен игіліктің сан жағынан ара-қатынасы әртүрлі болады, табиғи жағдайға байланысты, аз не көп кездеседі. Осыдан кейін адамдар жасайтын материалдық игіліктер шектеулі болады. Ол қайта өңдеу мүмкіншілігіне, сол жағдайдағы материалдық игіліктің қосалқы қордың шектеулі болуына және оны сол кездегі қайта өңдеу мүмкіндігіне байланысты болады.
Түйін
1. Экономика – материалдық және материалдық емес игіліктерді өндірумен байланысты ілім.
2. Экономикалық теорияның пәні – ол адамдар қажеттілігін қанағаттандыру үшін материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру кезінде шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі қатынастар.
3. Макроэкономика табыстың өсуін, бағаның өзгермейтіндігін және жұмыссыздықтың деңгейін зерттейді. Макроэкономистер болып жатқан оқиғаны түсіндіруге ғана тырысып қоймайды, сонымен бірге экономиканың жұмыс істеуінің жақсаруына бағытталған экономикалық саясатты жасауға да күш салады.
4. Микроэкономика – үй шаруашылықтары мен фирмалардың шешімдерді қалай қабылдаулары туралы, сондай-ақ осы экономикалық агенттердің өзара әрекеттері туралы ғылым.
5. Экономикалық теория ғылыми категориялар әдісі – іске қатысы жоқ экономикалық және экономикадан тыс фактілерді экономикалық талдаудан шығарып тастау.
6. Талдау – біртұтас бүтіннің бөлшектерін жекелеп қарау.
7. Синтез – қаралатын біртұтас бүтін құбылыстың жеке бөлшектерден құралуы.
8. Индукция – фактілерден бастап жинақтауға дейін жеткізетін қозғалысты тұжырымдау.
9. Дедукция – жалпыдан нақтылы экономикалық фактіге жеткізетін қозғалысты тұжырымдау.
10. Салыстыру – қаралатын құбылыстардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.
11. Аналогия (үйлестік) – бір немесе бірнеше қасиеттерді белгілі құбылыстан белгісіз құбылысқа өткеру.
12. «Әртүрлі тең жағдайдағы» долбар дегеніміз – зерттелудегіден өзге барша факторлар долбармен келісім тауып тұрса, олар тұрақты деп қабылданады.
13. Экономикалық-математикалық үлгілеу - әртүрлі экономикалық құбылыстарды математикалық әдістермен формальды сипаттау болып табылады.
Қайталауға арналған сұрақтар
1. Экономикалық теория нені зерттейді?
2. Экономикалық зерттеу не үшін керек?
3. Экономикалық теорияда қандай зерттеу әдістері қолданылады?
4. Микроэкономика мен макроэкономиканың айырмашылығын түсіндіріңіз. Олар қалай өзара байланысқан?
4. Экономистер неге үлгі (модель) құрады?
5. Соңғы кезде қандай макроэкономикалық проблемалар талқылануда?
Дата добавления: 2015-09-14; просмотров: 2184;