Кіріспе
Қазіргі заманғы маман-электр энергетиктерді даярлау үшін өндірістік электроника ең маңызды курстар санатына жатады. Бұл курсты оқу барысында болашақ мамандар электрондық құрылғылар мен микропроцессорлық техника құрылысымен және жұмыс істеу принциптерімен танысып, күштік түрлендіргіш құрылғыларда қолданылатын сұлбалардың негізгі түрлерін, түзеткіштер, инверторлар және тағы да басқа электр энергиясы түрлендіргіштерінің жұмыс принциптерін және ерекшеліктерін оқып біледі.
Электрондық құрылғылар мен микропроцессорлық техника өнеркәсіп, көлік және энергетиканың көптеген салалары дамуының негізі болып табылады. Елімізде электрондық құрылғылар мен микропроцессорлық техниканы қолдану және осы салада әлемдегі жетекші мемлекеттер қатарына қосылу үшін мол мүмкіндіктер бар.
Электроника – ғылым және техниканың бір саласы болып, ол электровакуумды және жартылай өткізгішті құрылғылардағы физикалық құбылыстарды, олардың электр сипаттамалары мен параметрлерін зерттейді, сонымен қатар электровакуумды және жартылай өткізгішті құрылғыларда қолданатын жүйелер мен аспаптардың қасиеттерін үйретеді.
Қазіргі заманғы өндірістік электрониканың элементтік негізін құрайтын жартылай өткізгіштік аспаптар бойынша (диодтар, тиристорлар және күштік транзисторлар) материал күштік түрлендіргіш құрылғылардың жұмысына олардың параметрлері ықпалын ескеру қажеттілігі тұрғысынан беріледі.
Бұл курстан болашақ мамандар электрондық құрылғылар мен микропроцессорлық техниканың, түзеткіштердің, инверторлардың және басқа түрлендіргіштердің құрылымын, жұмыс істеу принциптерін, физикалық процестерін, сипаттамалары мен ерекшеліктерін оқып біледі.
Бұл курстың басты мақсаты – студенттерді электрондық құрылғыларының және микропроцессорлық техниканың, күштік түрлендіргіш құрылғыларының жұмыс істеу принциптерін түсініп, оларды сауатты қолдана білуге үйрету.
Оқу-әдістемелік кешен кредиттік технология бойынша 050718- «Электрэнергетика» мамандығында оқитын студенттерге қажет мағлұматтарды қамтиды. Дайындау бағыты - «Электрмен жабдықтау (сала бойынша)».
Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 2511;