Меншіктің экономикалық және құқықтық негізі
Кез келген өндіріс сипаты, көлемінен тәуелсіз бола отырып, меншіксіз әрекет ете алмайды. Меншік - ол иелену, билеу, басқару, пайдалану, меншіктену құқығы, яғни мүліктік құқық. Меншік бұрынғы, қазіргі және болашақтағы кез келген экономикалық жүйенің қызмет етуінің негізі болып табылады.
Меншік, маңайындағы барлық тұрақты қоғамдық қатынастарды қалыптастырып және дамытып отыратын қоғамдық ұмтылыс болып табылады. Меншік формасынан көбінесе шаруашылық өмірдің құбылыстарын ғана емес, сонымен қатар қоғамдық тетік, мемлекеттік институттар, қоғам өмірінің әлеуметтік және мәдени деңгейі тәуелді болып келеді.
Меншік қатынасының сыртқы көрінісіне дәстүр мен әдет-ғұрып, адамгершілік, мәжбүр ету, құқық жатады. Дәл осы құқықтар (заңдық) меншік құқығын заңды түрде реттеп, өзгерістерді есепке алуға (пайда болу, шеттеу, тоқтатылу және меншік құқығын қайта қалпына келтіру) мүмкіндік береді.
Меншік қатынастарының мазмұны өндіріс, оны бөлу (қайта бөлу), өнімдерді айырбастау және тұтыну бойынша адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды құрау. Бұл экономикалық теория пәнінің меншіктік қатынастарды реттеп, оған анықтама беріп, жасаған негізгі түсінігі.
Экономикалық теория меншіктік қатынастарда барлық өндірістің өсу ауқымдарын, олардың қайталану-шылық, ұдайы өндірушілік негізі екенін көрсетеді.
Сонымен, меншіктік қатынастар - бұл өндіріс құралдары, олардың күшімен өндірілетін тұтыну заттары ретіндегі иелену, бөлу, басқару, пайдалану және осылардан туатын меншіктену құқықтарымен тығыз байланысты, адамдар арасындағы жүйелі түрде қайталанатын, ұдайы өндірістік қатынастар.
Меншіктің заңдық қатынастары - бұл иелену құқығы, яғни мен иеленемін дегенді білдіреді. Иелену меншіктің бірінші және басты себебі. Бірақ өзінен-өзі иелену меншіктің экономикалық мазмұнын сипаттамайды. Меншік субъектісін белгілеп, пассивті түрде де иеленуге болады. Заңды түрде оны қолданбауы әбден мүмкін, яғни өндірістік қатынастар пайда болғанша. Меншік иесі өз меншігін толық билеуі мүмкін босату, сыйға тарту, мұрагерлікке беру және т.б., бірақ барлық осы қатынастардан экономикалық қатынастар туындамайды.
Экономика ретінде өндірістік қатынастар меншік иесі өз мүлкін пайдаланған кезде ғана пайда болады, яғни ол жұмыс күшін жалдайды, оны өндірістік мақсаттарда өз меншігімен біріктіріп, басқарады, сонан соң өндіріс нәтижелерін иеленеді. Бұл меншіктік қатынастарды экономикалық жүзеге асыру болып табылады.
Сонымен, меншіктік қатынастардың экономикалық мазмұны, бұл:
- өндіріс құралдарын жұмыс күшімен біріктіру, яғни өндіріс процесін ұйымдастыру;
- өндірістің қоғамдық қаражаттары мен жұмыс күшінің пайда болуы;
- қоғамдық маңызды материалдық игіліктерді (тауар) сату, жеке қызмет көрсету.
Дата добавления: 2015-09-14; просмотров: 1988;