Ндірістің метрологиялық қамтамасыз ету жүйесі
Метрологиялық қамтамасыз ету жүйесі деп өндірістің қажетті бұйымдармен, материалдармен, шикізаттар және құрал жабдықтармен, технологиялық процесті ұйымдастыру-технологиялық шаралардың кешенімен қамтамасыз етілуін айтады.
Мұндай қамтамасыз етудің нормативтік негізі болып мемлекеттік және салалық стандарттар, кәсіпорындардың ғылыми техникалық, ұйымдастыру әдістемелік және жеке жағдайларға арналған нұсқау өндірістік құжаттар саналады.
Метрологиялық қамтамасыз ету жүйесі өндiрiстi метрологиялық қамтамасыз етуi бойынша жұмыстың негiзгi бағыттарын, ұйымдастыру құрылымын, метрологиялық қызметтiң кадрлық құрамының бiлiктiлік деңгейі мен санын, сонымен бірге нормативті және материалды—техникалық базасын анықтайды.
Қазақстанда метрологиялық қамтамасыз ету жүйесі ғылыми зерттеулердiң өткiзілуiне мүмкiндiк туғызатын мынадай негізгі алғышарттарды қарастырады:
-біріншіден, технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйелерін ендіру және өндірістік процестерді автоматтандыру бойынша жұмыс масштабтарының кеңейтілуі, сонымен қатар кәсіпорынды басқарудың автоматтандырылған жүйесі, технологиялық процестердің күшейтілуі, өлшеу дәлдігіне қойылатын талаптардың жоғарылауы өндірісті басқару процесінде техника—экономикалық көрсеткіштердің ықшамды есептерімен байланысты.
-екіншіден, шикізат массасының дәлдігінің есепке алынуна жоғары талаптар қойылуы, жартылай дайын өнімдер, дайын өнімдер және көмекші материалдар, сонымен бірге ішкі цехта тұтынылатын энергия мөлшері мен отын санының өлшеу дәлдігі, жалпы өндірістік масштаб, тағы сол сияқты салалар көлемнің өсуін және материалды ағынды ресурстарды қамтиды. Маманданудың және жеке меншік өндірістердің дамуы өнеркәсіпте өлшеу нәтижелерін объективтілігіне салыстырмалы түрде қатаң талаптарды қояды, яғни өлшем бірліктері және өлшеу құралдарының бірыңғайлығын орнатуға қатысты мәселелерді шешу;
-үшіншіден, өнімнің жақсаруына қойылатын талаптардың өсуі. Жоғары сапаға жету бәрінен бұрын дайын өнімнің сипаттамасы және технологиялық параметрлердің белгілерінің қалыпты болуы ауытқу мәндерінің азаюына мүмкіндік береді.
-төртіншіден, бастапқы деректер нәтижесінде ғылыми зерттеулерде физикалық тұрақтылардың жоғары дәлдігін анықтау, көлемнің номенклатурасының кеңеюі тәжірибелік жағдайларда жоғары дәлдікті қамтамасыз етеді.
-бесіншіден, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың орындалуы, технологиялық процестердің сипаттамасында ақпараттардың дұрыстығы, жабдықтармен қоршаған ортаға байланысты және онда еңбек үрдісі жүзеге асады. Қоршаған орта мен табиғатты қорғауға байланысты мәселелердің өсуі сарқынды су қалдықтарының құрамындағы бағалы компоненттерді өңдеу,өндірістерде ауаны тазалаудың тиімді әдісін табу және өндірістерде суды пайдаланудың экономикалық әдісін табу болып есептеледі.
Мұндай түрде ғылыми зерттеулер мен өндірістің тиімділігінің өсуі, өнім сапасының жоғарылауы, шикізатты есепке алуды қатаң қамтамасыз ету, жартылай дайындалған өнім, дайын өнімдер және отын-энергетикалық ресурстар қоршаған орта мен табиғатты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиімділікті жоғарылату шаралары өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің тиімділігін немесе өлшеудің ғылыми—техникалық және халықаралық экономикалық кеңеюіне алып келеді.
5 сурет. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету жүйесі
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 3094;