Лекция. Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі

Дәріс жоспары:

1. Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі

2. Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттауғаға ұсынылатын құжаттар

Метрологиялық аттестаттауға республика аймағында жеке данада енгізілетін немесе әзірленетін (бір жыл ішінде бір өтінушімен үш өлшем құралынан көп емес) және мемлекеттік метрологиялық қадағалауды іске асыру саласында қолданылатын өлшем құралдары жатады, оның ішінде:

- автоматтандырылған бақылау, басқару жүйелеріне және басқа жүйелерге (кешендер) кіретін өлшеуіш каналдар;

- республикада жеке данада әзірленетін және жабдықталатын эталондар;

- осы шарт пен режимнен айырмашылығы бар олар үш метрологиялық және техникалық сипаттары нормаланған немесе осы сипаттарға әсер етуші олардың конструкциясына өзгерістер енгізілген, шарттар мен режимде қолданылатын сериялап шығарылған өлшем құралдарының жекке даналары;

- сериялап шығарылатын өлшем құралдарының жеке даналары, олар үшін жеке метрологиялық сипаттамалар белгіленеді.

Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттауға мемлекеттік басқару органдары, өлшем құралдарын өндіретін, пайдаланатын, жабдықтайтын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - өтінушілер) ұсынады.

Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттауды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық ( МҒМО) іске асырады.

Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау мынадай сатылардан тұрады:

- метрологиялық аттестаттауға ұсынылатын техникалық құжаттарды қарау;

- өлшем құралдарын эксперименттік зерттеу;

- өлшем құралдарының салыстырып тексеру әдістемелерін байқау;

- өлшем құралдарының метрологиялық аттестатау нәтижелерін рәсімдеу.

Қажет болған жағдайда эксперименттік деректер бірнеше сатыларда жүргізілуі мүмкін.

Қажет болған жағдайда өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау басқа заңды тұлғалардың базасында олардың мамандарымен жүргізілуі мүмкін.

Метрологиялық аттестаттау нәтижелерін тану Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық келісімдерге (шарттарға) және олардың дамуына нормативтік құжаттарға сәйкс іске асырылады. өлшем құралдарының нәтижелерін тану жөніндегі шешімді техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) қабылдайды.

Метрологиялық аттестаттаудан өткен өлшем құралдары пайдалану процесінде және өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификатта көрсетілген салыстырып тексеру әдістемесіне сәйкес жөндеуден кейін салыстырып тексеруге жатады.

Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау жөніндегі жұмыстар немесе оның жеке сатылары кетісім-шарт негізінде іске асырылады.

Метрологиялық аттестаттаудың оң нәтижелері бойынша эталаондар, өлшем құралдары, салыстырып тексеру әдістемелері Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесі тізілімінің сәйкес тарауларында тіркеледі.

 








Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 3085;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.