Лекция. Өнім өндіруді және оны шығаруды технологиялық дайындау сатысында МҚЕ талдау

Дәріс жоспары:

1. Талдауды жүргізу қажеттілігі

2. Талдауды жүргізу бағыттары

 

Өлшем жағдайларын талдау жұмыстары халық шаруашылығының әртүрлі саласында пайдаланатын өлшем құралдары мен өлшем әдістерінің қазіргі өндірістің метрологиялық қамтамасыз етілуін жетілдіру мақсатында жүргізіледі.

Талдау жұмыстары кемшіліктері үшін кәсіпорындарға жазалау шараларын қолдану мақсатын көздемейді, талдау нәтижесінде метрологиялық қамтамасыз етудің жолдары белгіленіп, оларды іске асырудың нақты мезгілдері тағайындалады. Талдау жұмыстарының жүргізілуін бақылайтын органдар салалық метрологиялық ұйымдар болып табылады.

Салалық кәсіпорындарды метрологиялық қамтамасыз етуді талдауды министрлікте тағайындалған арнайы комиссия жүргізеді. Комиссияның құрамына министрліктің, метрология және стандарттау мекемелерінің, талданатын кәсіпорынның және мемлекеттік қадағалаудың метрологиялық институттары мен аумақтық органдарының өкілдері кіреді.

Комиссия талдау жұмыстарын мына бағыттарда жүргізеді:

1. Өндірілетін өнімнің нормативтік техникалық құжаттарын, өнімді сынау, тексеру әдістерін талдау;

2. Өндірістің технологиялық процеске қажетті өлшем құралдарымен, өлшем әдістемелерімен қамтамасыз етілуін талдау : ведомствалық метрологиялық қызметтің жұмыстарының ұйымдастырылуы мен тиімділігін, өнеркәсіпте қолданылуын өлшем құралдарының метрологиялық қамтамасыз етілуін талдау.

Өлшем жағдайын талдауың нәтижелері бойынша түсінік хаттар дайындалады. Онда өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету жұмыстарын жақсарту туралы ұсыныстар беріледі.

Түсінік хаттың бес данасы дайындалып өндіріс саласының жоғарғы метрологиялық ұйымына, мемлекеттік стандарттаудың метрологиялық ұйымына, талдау жүргізілген кәсіпорынға тапсырылады. Сөйтіп халық шаруашылығы салаларындағы өлшем жұмыстарының жағдайын талдау нәтижесінде мемлекеттік стандарттың метрологиялық институттары министрліктердің базалық ұйымдарымен біріге отырып өлшеу жұмыстарын метрологиялық қамтамасыз етудің кешенді бағдарламасын жасайды.

Өлшеу жағдайын талдау кезінде, кәсіпорынның салаларында орнатылады:

Кәсіпорын салаларындағы негізгі көрсеткіш қызметтеріне өлшеу

жағдайына әсер етуі - сапа, есеп және шығарылатын өнімнің мерзімі, еңбек өнімділігі, қауіпсіздік ережесін сақтау, шикізатты және материалдарды үнемдеу;

Кәсіпорын саласында негізгі ережелеріне мемлекеттік стандарттармен регламенттелген өлшеу бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін енгізу;

Кәсіпорын саласын өлшеу құралдарымен жабдықтау, сынау және бақылау, технологиялық процестерді қажетті оптималды қамтамасыздандыру, шикізат және материал сапасын обьективті бақылау, бұйым комплектін және дайын бұйымды, бағалы материалдардың есебі, техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау;

Автоматтандырылған саладағы технологиялық процестердің басқару жүйесіне енгізілген метрологиялық қамтамасыз ету жағдайы;

Кәсіпорын салаларында нормативті-техникалық құжаттардың, жабдықтарға регламенттелген талаптар және өндіру процесінде шығарылатын өнімнің өлшеу параметрлерінің әдістері, дәлдік нормаларына құжаттық талаптардың көріну ережесі және өнімнің негізгі параметрлеріне өлшеулердің орындалу әдістерінің (немесе технологиялық процестердің) нақтылығы;

Жобалық-құрылымдық немесе технологиялық құжаттарға метрологиялық сараптама жүргізу кезіндегі жұмыстың пайдалылығы;

Ұйым іс-әрекеттерінің ведомствалық метрологиялық қызметі, және оның шығарылып жатқан өнім сапасының қызметіндегі ролі.

 

Бақылау сұрақтары:

Талдауды жүргізу қажеттілігі

Талдауды жүргізу бағыттары

 

 








Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 2172;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.