Лекция. Метрологиялық қамтамасыз етудің техникалық және нормативті-құқықтық негіздері
Дәріс жоспары:
1. Метрологиялық қамтамасыз етудің техникалық және нормативті-құқықтық негіздері
2. Метрологиялық қамтамасыз етудің нормативті-құқықтық негіздері
МҚЕ техникалық негізін мыналар құрайды:
- құрылуын және ұстауын мемлекет жүзеге асыратын шамалар бірліктерінің мемлекеттік эталондарының жиынтығы;
- республика аумағында қолданылатын шамалар бірліктерінің эталондарының, өлшем құралдарының, сондай-ақ заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерінің жиынтығы;
- заттар мен материалдардың физикалық константалары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалы деректерінің жиынтығы.
ҚР МӨЖ нормативтік негізі Қазақстан Республикасында өлшемдердің бірлігін және талап етілетін дәлдігін қамтамасыз ету және бағалау бойынша жұмыстарға қойылатын талаптарды және жүргізу тәртібін анықтайтын, бірыңғай ережелер мен нормаларды белгілейтін нормативтік құқықтық актілердің және нормативтік құжаттардың кешенінен тұрады.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарға мыналар жатады:
1) халықаралық стандарттар;
2) метрология бойынша аймақтық стандарттар, ережелер мен нұсқаулар;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары;
4) мекемелер стандарттары;
5) Қазақстан Республикасының метрология бойынша нұсқаулары;
6) басқа елдердің метрология бойынша ержелері, нормалары және нұсқаулары, мекеме стандарттары.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттар мыналарды регламенттейді:
- шамалар бірліктері;
- шамалар бірліктерінің мемлекеттік эталондары және мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары;
- өлешм құралдарын салыстырып тексерудің және калибрлеудің әдістері мен құралдары;
- өлшем құралдарына және нормаланатын метрологилық сипаттамаларға қойылатын талаптар;
- өлшемдердің дәлдік нормалары;
- өлшемдер нәтижелерінің және өлшемдердің дәлдігін көрсеткішиердің баяндалу тәсілдері және ұсыну нысандары;
- өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері, өлшемдерді орындау әдістемелері;
- заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілеріне, заттар мен материалдардың физикалық константалары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалы деректеріне қойылатын талаптар;
- өлшем құралдарын сынауды, метрологилық аттестаттауды, салыстырып тексеруді және калибрлеуді және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы басқа да жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі;
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы терминдер мен анықтамалар.
МҚЕ нормативтік құжаттары:
- негізг, жалпы талаптарды, ережелерді, нормаларды белгілейтін және ҚР МӨЖ ұйымдастырушылық-әдістемелік ережелері;
- өнімді, қызмет көрсетулерді, процесстерді бақылау талаптарын және әдістерін белгілейтін болып бөлінеді.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құжаттар қолданылады.
Бақылау сұрақтары:
МҚЕ техникалық негізі
МҚЕ нормативтік құжаттары
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттар
Лекция. Өндірістің метрологиялық жұмыстарының нормативті құжаттары өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің заңды негізі
Дәріс жоспары:
1. Өндірістің метрологиялық жұмыстарының нормативті құжаттары
2. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің заңды негізі
Елдегі министрліктер, мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдардың деңгейінде метрологиялық қамтамасыз етуді басқарудың бірден-бір үлгісі ережелерді, принциптерді, нормаларды тәртіпке келтіру және де нақты өлшегіш ақпараттардың талабының сәйкестігін қамтамасыз етуді толық және сапалы орындау. Сондықтан, ережелер, принциптер мен нормалар, яғни, тапсырманаң ұйымдық және әдістемелік негізін анықтайтын өлшем бірлігін қамтамасыз ету жалпы сипаттамаға ие және МӨЖ мемлекеттік стандарттарымен салааралық деңгейде тәртіпке келтіріледі. Метрологиялық қамтамасыз етудің қосымша топтарының ұйымдық-әдістемелік принциптерінің шешімі-объектте,ғылыми технологиялық, өнірістік немесе әлеуметтік тапсырмаларды шешу санаттарына, мекемелік бағыттарына, іс жүргізу әдістеріне тәуелді болды. Сонымен бірге, ұйымға қойылған талаптар мен жұмысты орындау тәртібі метрологиялық қамтамасыз етудің тапсырмалық топтарына бағытталған шешімі-салалық нормативтік құжаттармен регламенттелуі тиіс.
Практика жүзінде көрсетілгендей, өндірістің метрологиялық жұмыстарының нормативті құжаттарының негізгі объектілері мыналар:
- Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету. Бұл стандарт метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстың мазмұнын, мақсатын, міндетін және де олардың бөлімшелермен қызметтерге таралуы, метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстың бақылануын, сұрақтардың жоспарлануын, өндірістің өзіндік объектілерін тәртәпке келтіруі тиіс.
- Саларарлық стандарт жобалары немесе кәсіпорын, техникалық тапсырмалар, конструктоорлық және технологиялық құжаттардың ұйымдастырылуымен метрологиялық экспертизаның жүргізілу реті. Бұл стандарт метрологиялық экспертизаға жататын құжаттардың номенклатурасын, әр құжаттың экспертизаасының мазмұнын, метрологиялық экспертиза бойынша жұмыстрдың ұйымдастырылуын және оның нәтижелерінің өңделуін, мемлекеттік және салааралық стандарттардың тізбесін тәртіпке келтіруі тиіс.
- Стандартталмаған өлшеу құралдарын өңдеу, жасаау және метрологиялық аттестаттау. Бұл стандарт ұйымдағы барлық этаптардың өңделуінің жасалу ережелерін, мазмұнын, бірізділігін және де кәсіпорында қолданылатын стандартталмаған өлшеу құралдарын дайындау және аттестатталуын тәртіпке келтіруі тиіс.
- Өлшеуді орындаудағы типтік әдістер. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету бойынша нормативтік- техникалық құжаттардың жиыны-өндірістің технологиялық дайындық жүйесі немесе өнімнің сапасын басқару жүйесінің стандарттық жиынының құрылымдық бөлігі ретінде өңделуі мүмкін.
Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің заңды негізі болып ҚР
Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңы табылады. Заң Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді, мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың арасындағы метрологиялық қызмет саласындағы қатынастарын реттейді және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін, әрі Қазақстан Республикасының экономикасын өлшемнің теріс нәтижелері салдарынан қорғауға бағытталған.
Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заң Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Заңның күшi Қазақстан Республикасының аумағында өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етуге байланысты қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк басқару органдарына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Бақылау сұрақтары:
Өндірістің метрологиялық жұмыстарының нормативті құжаттары
Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің заңды негізі
Лекция. Метрологиялық қызметтер. Кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және РМК „Метрология“ метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары
Дәріс жоспары:
1. Мемлекеттік басқарма органдары метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары
2. Заңды тұлғалардың немесе олардың ішкі бөлімшелерінің метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары
Мемлекеттік басқарма органдары метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары болып табылатындар:
- біркелкі техникалық саясат жүргізу және өлшемнің талап етілетін дәлдігін және бірлігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың жалпы басшылығын іске асыру;
- метрологиялық тексеруді іске асыру;
- метрологиялық қамтамасыз етуді жетілдіру негізінде өндірістің, жұмыс және қызмет көрсетудің тиімділігін көтеру;
- өлшем бірліктерін қаматамсыз ету сұрақтары бойынша ведомствалық ішкі бөлімшелер мен уәкілетті мемлекеттік органның өзара әрекетін іске асыру;
- ведомстваның метрологиялық қамтамасыз етуін дамытудың негізгі бағыттарын анықтау;
- өлшем жағдайын, тексеруді және зерттеулерді талдау бойынша жұмыстарды координациялау және ұйымдастыру;
- ведомствалық ішкі бөлімшелер және ведомстваны метрологиялық қамтамасыз ету бағдарламаларының орындалуы және қалыптасуы бойынша жұмыстарды басшылыққа алу;
- ведомствалық ішкі бөлімшелер дайындаған нормативті құжаттарды метрологиялық сараптау;
- өлшем орындалуы әдістемелерін дайындау бойынша жұмыстар ұйымдастыру;
- өлшем құралдарына арналған салыстырып тексеру сұлбасын енгізу және дайындау бойынша жұмыстар ұйымдастыру;
- өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеуге құқықты салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларының аккредиттеуге қатысуы;
- ҚР Ұ 50.2.2 сәйкес аналитикалық, сынақтық және өлшеуіш зертханалардағы өлшем жағдайын бағалауғақатысу және жұмыстарды ұйымдастыру;
- метрология саласында кадрлердің мамандығын көтеруді және дайындауды, қайта дайындауды ұйымдастыру және ұсыныс енгізу;
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша ведомствалық ішкі бөлімшелермен уәкілетті мемлекеттік органның өзара әрекетін іске асыру; уәкілетті мемлекеттік органның метрологилық қадағалауы бойынша аумақтық ішкі бөлімшелерінің мемлекеттік метрологиялық қадағалауын іске асыруына көмек көрсету;
- метрология саоасында халықаралық жұмыс бойынша жұмыстарға қатысу;
- ведомстваны метрологиялық қамтамасыз ету сұрақтары бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, көрмелер ұйымдастыру;
- метрологиялық қамтамасыз етусұрақтары бойынша салааралық, аймақтық, және халықаралық кеңестерге, семинарларға, конференцияларға, және көрмелерге қатысу болып табылады.
Заңды тұлғалардың немесе олардың ішкі бөлімшелерінің метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары болып табылатындар:
- метрологилық қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында дайында укезеңінде және өнімдердің, жұмыстар мен қызмет етудің барлық түрін өндіруде өлшем жағдайын талдауды өткізу;
- метрологиялық қамтамасыз етуді жетілдіру негізінде өндірістің, жұмыстар мен қызмет етудің тиімділігін әрі қарай көтеру бойынша ісшаралар жоспарын дайындау;
- өлшенетін параметрлер, өлшемдердің дәлдік нормалары, өлшемдердің орындалу әдістемелері, қолданылатын өлшем қүұралдарын, шама бірлігі эталондары атау тізімдерінің дайын өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетудің, шикізаттардың, материалдардың сапа көрсеткіштерінің өлшемдерінің дәлдік нормаларына және талаптарына сәйкес болуын және технологиялық жабдықтың дәлдігі және өнімділігінің сипаттамалары бақылауының минималды еңбек сыйымдылығы және тапсырылған ақиқаттығы сәйкес болуын белгілеу бойынша жұмыстар өткізу;
- өнімдердің, қызмет етудің және жүйелердің сапасын сертификаттауды дайындауға қатысу;
- өнімдердің, жұмыстардың, қызмет етудің және технологиялық процестердің жаңа түрлерін дайындауға технологиялық жабдықтардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруге қатысу;
- метрологиялық қызметтің және оның әрекетінің жағдайын сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің есебі;
- метрологилық қамтамасыз ету саласында жұмыстардың экономикалық тиімділігін бағалау;
- өлшем және сынақ құралдарына, шама бірлі эталондарына, заттар мен материалдардың қасиеттерінің және құрамының стандартты үлгілеріне сұранысты зерттеу; оларды дайындау және алу бойынша ұсыныстарды дайындау; өлшем құралдарын және басқа жабдықтарды алуға өтінімдерді келістіру және қалыптастыру;
- техникалық шарттарды дайындау, оларды енгізуге және тіркеуге қатысу;
- уәкілетті мемлекеттік органбелгілеген тәртіп бойынша өлшем құралдарын және әдістерән дайындауға және оларды енгізуге қатысу;
- өлшем құралдарын дайындаудың техникалық тапсырмаларын анықтауға, өлшем құралдарына сынақ өткізуге, өлшем құралдарының салыстырып тексеру аралық ауқымын анықтау бойынша жұмыстар жүргізуге қатысу;
- шама бірлігі эталондарын және жасалып және шығарылып жатқан өлшем құралдарын жасауға, оларды қызығушылық танытушы мемлекеттік басқарма органдарысен, жеке және заңды тұлғалармен дайындау және шығару бойынша ұсыныстарды келістіруге қатысу;
- өлшем құралдары типін бекіту мақсатында өлшем құралдарын сынауға өз уақытында ұсынуды бақылау;
- өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттауға ұсынуды бақылау;
- бастапқы және бағынышты эталондардың өлшем құралдарының салыстырып тексеруін және какалиьрлеуін ұйымдастыру кезіндегі анықтау;
- өлшем құралдарын импортқа шығаруға өтінімдерді келістіруге қатысу және материалдарды дайындау;
- өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу, өлшем құралдарын салыстырып тексеруге өз уақытында ұсынуды қамтамасыз ету;
- өлшем құралдарын салыстыруды және салыстырып тексеру және калибрлеу сапасын ішкі бақылауды ұйымдастыру және өткізу;
- пайдалануда болған өлшем құралдарын жөндеуді ұйымдастыру және өткізу;
- шама бірлігі эталондарының, өлшем құраладарының есебін жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу графиктерін сақтау, белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өлшем құралдарын өз уақытында есептен шығару;
- нормативті және техникалық құжаттар талаптарына сәйкес келетін өлшем құралдарын пайдаланудың шарттарын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізу;
- заттар мен материалдардың қасиеттері және құрамының стандартты үлгілерін дайындауды ұйымдастыру және дайындау (дайындауға қатысу), зертханааралық зерттеулерге қатысу;
- өлшемдерді орындау әдістемелерін аттестаттау және дайындау бойынша жұмыстар жүргізу;
- өлшенетін параметрлердің, өнімдердің жұмыстардың және қызмет етудің сапасының көрсеткіштерін талдау кезінде өлшемдердің дәлдігінің оптималды нормасының рационалды атау тізімін белгілеуге қатысу;
- өндірісті, жұмыстарды және қызмет етуді дайындауды метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізу;
- өлшемдер процесстерін автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізу;
- сынақтарды метрологиялық қамтамасыз ету және өнімдерді сертификаттау бойынша жұмыстар жүргізу;
- өлшем құралдарын салыстырып тексеруге және калибрлеуге құқықты салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларын аккредиттеуге және өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аккредиттегу қатысу;
- сертификатталған сынақтар жүргізу бойынша сынақтық, аналитикалық зертханалардың аккредиттеуге қатысуы;
- аналитикалық, сынақтық және өлщеуіш зертханаларында өлшем жағдайын бағалау үшін жұмыстар ұйымдастыру және қатысу;
- жергіліктенген салыстырып тексеру сұлбасын дайындау және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықпен келістіру;
- салыстырып тексеру және калибрлеу құралдарын, шама бірлігі эталондарын қажетті деңгейде сақтау және ұстау;
- метрологиялық қамтамасыз ету сұрақтарын регламенттейтін нормативті құжаттарды дайындау және енгізу, өлшем құралдарын қамтамасыз ету саласында нормативті негізді жетілдіру бойынша жұмыстарға қатысу;
- техникалық тапсырмаларды, жобалық, конструкторлық және технологиялық құжаттарды, нормативті құжаттар жобаларын метрологиялық сараптауды ұйымдастыру және өткізу;
- метрологиялық бақылауды іске асыру;
- метрологиялық қызмет арқылы белгіленген өлшем бірлігін қамтамасыз етудегі кемшіліктерді жоюды бақылауды іске асыру;
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша ведомстволық ішкі бөлімшелермен уәкілетті мемлекеттік органның өзара әрекетін уске асыру; уәкілетті мемлекеттік қадағалауы бойынша аумақтық ішкі бөлімшелердің мемлекеттік метрологиялық қадағалауын іске асыруына көмек көрсету;
- метрологиялық салада халықаралық жұмыстар бойынша жұмыстарға қатысу;
- метролоигялық салада кадрлерді дайындауды, қайта дайындауды, мамандығын жоғарылатуды және аттестаттауды ұйымдастыру;
- метрологиялық қамтамасыз етудегі кемшіліктер көзқарасы бойынша өнімнің сапасына қойылатын наразылық талдауын өткізуге қатысулар жатады.
Бақылау сұрақтары:
Мемлекеттік басқарма органдары метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары
Заңды тұлғалардың немесе олардың ішкі бөлімшелерінің метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 4244;