Лшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі

Өлшем құралдары метрологиялық аттестаттаувға МҒМОға мынадай құжаттар жинағымен ұсынылады:

- өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізуге өтініш;

- өлшем құралдарын әзірлеуге техникалық тапсырма немесе оны алмастыратын өлшем құралына талаптары бар құжат және техникалық шарттар (егер оларды әзірлеу құрастырылған болса);

- пайдалану құжаттары (техникалық тапсырмамен қарастырылған көлемде);

- өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау бағдарламасынын жобасы;

- өлшем құралдарын (салыстырып тексеру әдістемесінің пайдалану құжатттарында жоқ кезінде);

- әзірлеушімен алдын-ала жүргізілген зерттеулердің (сынаулардың) хаттамасы, егер олар техникалық тапсырмамен қарастырылған болса.

Автоматты басқару және басқа да жүйелерге (кешендер) кіретін өлшеуіш каналдар үшін қосымша ұсынылады;

- жүйеге техникалық құжаттар (кешендер);

- метрологиялық аттестаттауға жататын өлшеуіш каналдардың тізімі, метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттау немесе өлшеуіш каналдың құрауыш элементтері болып табылатын өлшем құралдарын с алыстырыптексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар ұсынылады.

Эталондар метрологиялық аттестаттау жүргізуге арналған құжаттар жинағында қосымша ҚР СТ 2.3 талаптары есебімен құжаттар болуы тиіс. Мемлекеттік эталондар үшін салыстырып тексеру әдістемелерінің орнына салыстырулар әдістемесі ұсынылады.

Жеке дана енгізілген өлшем құралдарына құжаттар метрологиялық аттестаттауға мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен ұсынылады.

Метрологиялық аттестаттау бағдарламасы және салыстырып тексеру әдістемесі өлшем құралдарын әзірлеушімен немесе оны тұтынушымен (жабдықтаушымен) әзірленеді және МҒМОмен бекітіледі. Метрологиялық аттестаттау бағдарламасын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесін келісім-шарт негізінде МҒМОның әзірленуіне, өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесі жобасының орнына аттестаттауға ұсынылған өлшем құралдары үшін шет елдермен әзірленген салыстырып тексеру әдістемесін ұсынуға болады.

Эксперименттік зерттеулер кезінде қолданылатын жұмыс эталондары, өлшем құралдары, стандарттық үлгілер (эталондық ерітінделір) және аттестатталған үлгілер Қазақстан Республикасында қолданысқа жіберілуі тиіс, қолданыстағы сертификатты және (немесе) оларды салыстырып тексеруді (аттестаттауды) растайтын таңбалар оттискілері болуы тиіс.

Метрологиялық аттестаттаудың оң нәтижесінде МҒМО метрологиялық аттестаттау туралы сертификатты ресімдейді және өлшем құралын және салыстырып тексеру әдістемесін Қазақстан республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде (ҚР МӘЖ тізілімі) тіркеуді іске асырады.

Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттаудың теріс нәтижелерінде МҒМО өлшем құралдарын қолдануға жарамсыздығы туралы хабарламаны ресімдейді.

Метрологиялық аттестаттау нәтижелерін тану үшін өтінуші мынадай құжаттар жинағаын ұсынуы тиіс:

- метрологиялық аттестаттау нәтижелерін тану процедурасын жүргізуге өтінім;

- метрологиялық аттестаттау туралы сертификат немесе куәлік түпнұсқасы;

- өлшем құралынапайдалану құжаттары;

- өлшем құралын салыстырып тексеру әдістемесі;

- метрологиялық аттестаттау хаттамалары.

Метрологиялық аттестаттау нәтижелерін тану кезінде техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган өлшем құралын және салыстырып тексеру әдістемесін ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеуді іске асырады. Өтінім берушіге ҚР МӨЖ тізіліміне өлшем құралын енгізу туралы белгімен метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттаң (куәліктің) түпнұсқасы қайтарылады.

 

 

Бақылау сұрақтары:

Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі

Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттауғаға ұсынылатын құжаттар

 








Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 1847;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.