Лекция. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалау түрлерi

Дәріс жоспары:

1. Өлшем құралдарының шығарылуын, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң қолданылуын, шама бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын мемлекеттiк метрологиялық қадағалау

2. Сауда операцияларын жасау кезiнде иелiктен шығарылатын тауарлардың санын мемлекеттiк метрологиялық қадағалау

3. Кез келген түрдегi бума тауарларды ашу, сатужәне импорттан алу кезiнде олардың санын мемлекеттiк метрологиялық қадағалау

 

Мемлекеттiк метрологиялық қадағалау түрлері келесідегідей:

1) Өлшем құралдарының шығарылуын, олардың жай-күйiн және қолданылуын, Өлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң қолданылуын, шамалар бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын қадағалауды;
2) сауда операцияларын жасау кезiнде иелiктен шығарылатын тауарлардың санын қадағалауды;

3) бума тауарларды ашқан, сатқан және импорттан алған кезде олардың санын қадағалауды қамтиды.

Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк бақылау жылына бiр реттен жиi болмайтын жоспарлы тексеру;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша, сондай-ақ бұрын анықталған бұзушылықтарды жою нысанасындағы жоспардан тыс тексеру түрiнде жүзеге асырылады.
Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк бақылау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарсы, рейдтiк тексерулер түрiнде де жүзеге асырылады.

Өлшем құралдарының шығарылуын, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң қолданылуын, шама бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын мемлекеттiк метрологиялық қадағалау

Өлшем құралдарының (соның iшiнде заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiнiң) шығарылуын, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң қолданылуын, шамалар бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын мемлекеттiк метрологиялық қадағалау белгiленген метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тексеру мақсатында жүзеге асырылады.

Сауда операцияларын жасау кезiнде иелiктен шығарылатын тауарлардың санын мемлекеттiк метрологиялық қадағалау

Сауда операцияларын жасау кезiнде иеліктен шығарылатын тауарлар санын мемлекеттік метрологиялық қағидалау осы тауарлардың санын сипаттайтын салмақты, көлемді, шығысты немесе басқа шамаларды анықтаудың дұрыстығын тексеру мақсатында жүзеге асырылады.

Кез келген түрдегi бума тауарларды ашу, сатужәне импорттан алу кезiнде олардың санын мемлекеттiк метрологиялық қадағалау

Кез келген түрдегi бума тауарларды ашу, сату және импорттан алу кезiнде олардың санын мемлекеттiк метрологиялық қадағалау бума iшiндегi тауар санының буманың бетiнде белгiленген шамаға сәйкестiгiн тексеру мақсатында жүзеге асырылады.

 

Бақылау сұрақтары:

Өлшем құралдарының шығарылуын, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң қолданылуын, шама бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын мемлекеттiк метрологиялық қадағалау

Сауда операцияларын жасау кезiнде иелiктен шығарылатын тауарлардың санын мемлекеттiк метрологиялық қадағалау

Кез келген түрдегi бума тауарларды ашу, сатужәне импорттан алу кезiнде олардың санын мемлекеттiк метрологиялық қадағалау

 








Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 2611;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.