Лшемдерді орындау әдістемесін әзірлеу тәртібі
Өлшемдерді орындау әдістемесімемлекеттік метрологиялық қызметпен, мемлекеттік басқарма органдарымен, жеке және заңды тұлғалармен әзірленеді.
Өлшемдерді орындау әдістемесінәзірлеу кезінде мынадай кезеңдер қарастырылады:
- Өлшемдерді орындау әдістемесі үшін бастапқы деректерді құрастыру;
- өлшем құралдарын және әдістерді (соның ішінде заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін, аттестатталған қоспаларды), көмекші жабдықты таңдау;
- өлшем қателігінің сипаттамаларын анықтау бойынша бағдарламаны әзірлеу және теориялық және эксперименттік метрологиялық зерттеуді жүргізу, есеп беруді құру;
- өлшем қателігінің тіркелген сипаттамаларын анықтау;
- өлшем нәтижелері дәлдігін бақылау нормативтерін белгілеу және процедуралар әзірлеу;
- Өлшемдерді орындау әдістемесінжобасын әзірлеу;
- Өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттау;
- Өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу.
Бастапқы деректерді техникалық тапсырмада, өлшемдерді орындау әдістемесін әзірлеудің келісіміне қосымшада немесе басқа құжаттарда баяндайды.
Өлшем құралдарын және әдістерді таңдау осы түрдің өлшем құралдарын және әдістерін таңдау бойынша қолданыстағы құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Өлшем құралдарын таңдау кезінде (егер өлшемдерді орындау әдістемесі мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыру аясында пайдалануға арналған болса) мынадай шарттар сақталуы қажет:
- таңдап алынған өлшем құралдарының типтері ҚР СТ 2.21 талаптарына сәйкес бекітілуі қажет немесе жеке данада дайындалған немесе әкелінген өлшем құралдары ҚР СТ 2.30 талаптарына сәйкес метрологиялық аттестатталған болуы қажет;
- заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілері ГОСТ 8.315 сәйкес бекітілген болуы, және республикада ҚР СТ 2.79 сәйкес қолданысқа жіберілуі немесе мемлекетаралық стандартты үлгілердің тізіліміне енгізілуі қажет;
- аттестатталған қоспалар ҚР СТ 2.10 сәйкес болуы қажет.
Өлшемдерді орындау әдістемесіэксперименталдық метрологиялық зерттеулер өлшем қателігін эксперименталдық немесе есептеу тәсілмен бағалайды және өлшемдерді орындау әдістемесін аттестаттау рәсімінің бір бөлігі болып табылады. Зерттеулер нәтижесінде метрологиялық сипаттамаларды, ал аттестаттау кезінде метрологиялық зерттеулер нәтижесінің негізінде өлшемдерді орындау әдістемесіне берілген метрологиялық талаптарға немесе тіркелген сипаттамаларға сәйкестігі жөнінде қорытынды жасалады.
Өлшемдерді орындау әдістемесі эксперименталдық метрологиялық зерттеулер кезінде бақылаулар нәтижелерінің түрлену алгоритмінің қателігі өлшенетін шаманың мәндерінде ГОСТ ИСО 5725 талаптарының ескерілуімен анықтала алады. Эксперименталдық метрологиялық зерттеулер нәтижесі бойынша есеп беру құрастырылады.
Өлшем қателігінің сипаттамаларын бағалау ГОСТ ИСО 5725 сәйкес орындала алады.
Өлшем нәтижелері дәлдігін оперативтік бақылауды өлшемдерді орындау әдістемесі қателігі жіберілетін мән шегінен көре тұра шығып кететін өлшем нәтижелерін шығару үшін қосады. Мұндай бақылау өлшем орындалғаннан соң тікелей жүзеге асырылады. Егер оперативтік бақылау нәтижесінде қателік жіберілетін мән шегінен шығып кететін болса, мұндай өлшем нәтижелерін дәлдік бойынша үлкен ықтималдықпен жарамсыз деп санауға болады.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 1716;