Лекция. Сынау жабдығын аттестаттау
Дәріс жоспары:
1. Сынау жабдығына аттестаттауды ұйымдастыру
2. Сынау жабдығын аттестаттау түрлері
Сыртқы ықпал ететін факторларды және (немесе) жүктемені жаңғыртатын сынау жабдығы аттестаттауға жатады.
Сынау жабдығын аттестаттау сынау жабдығының нормаланған дәлдік сипаттамаларын және олардың нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігін, сынау жабдығын оның мақсатына сәйкес пайдалануға жарамдылығын анықтау, мүмкіндік ауытқулар шектерінде сынау шарттарын жаңғырту мүмкіндігін растауды анықтау мақсатында жүргізіледі.
Аттестаттауға жататын пайдаланудағы тәжірибелі үлгілер, сериялық өндіруге және модернизациялауға арналған сынау жабдықтары, жабдықтар, жеке дара дайындалған сынау жабдықтары, сонымен қатар республика аумағында әкелугеарналған сынау жабдықтары.
Сынау жабдығын аттестаттауғамемлекеттік басқарма органдары, жеке және заңды тұлғалар (әрі қарай өтінім беруші) ұсынады.
Сынау жабдығы алғашқы, мерзімдік және кезектен тыс аттестаттауға жатады.
Өнімді міндетті сертификаттауға, өнімдінормативтіқұжаттардың міндетті талаптарына сәйкестігіне сынау, түрін бекіту мақсатында өлшем құралдарын сынау және салыстырып тексеру кезінде пайдаланылатын сынау жабдығын аттестаттауды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық (әрі қарай-МҒМО) немесе сынау жабдығының құрамына кіретін өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына аккредиттелген заңды тұлғалар жүргізеді.
Сынау жабдықтарының аттестациясы нормативті құжаттардың сараптамасында қорытындыланады, эксплуатациялы және жобалық құжаттар, монтаж және сынау жабдығын орналастыру негізінде, техникалық сипаттаманың эксперименталды зерттеулері және сынау жабдығының қолдануға болатыны туралы мәлімет.
Сынау жабдығын аттестаттауға өлшем шамаларының жұмысшы эталондары пайдаланылуы керек, ҚР СТ 2.4 сәйкес немесе ҚР СТ 2.30-ға сәйкес метрологилық аттестациядан өткен республика территориясында бекітілген және қолдануға жіберілген, бекітілген өлшем құралдары.
Сынау жабдығына кіретін өлшем құралдарын салыстырып тексеру калибрлеу немесе сынау әрекеттегі нормативтік құжаттарға, өлшем құралдарын салыстырып тексеру (калибрлеу) сәйкес іске асырылады.
Сынау жабдықтарына аттестацияның дұрыс өткізілуі үшін бірқалыпты функциялау үшін, көмекші техникалық құралдар мен және техникалық құжаттар мен жіберіледі:
- нормативті құжаттар (техникалық шарттар, өндіру кезіндегі техникалық талаптар)
- ГОСТ 2.601 эксплуатациялық құжаттар бойынша;
- жобалық құжаттар (бар болған жағдайда)
- сынау жабдығын аттестаттау бағдарламасы.
Шет елден әкелінген сынау жабдықтары аттестацияға мемлекеттік тілге немесе орыс тіліне аударылған құжаттарымен болуы тиіс.
Сынау жабдығының нәтижелерімен А қосымшасы бойынша ақпар тізім жасалады.
Сынау жабдығының нәтижелерінен кейінгі бекітулер жағымды болған жағдайда сынау жабдықтарын Б қосымшасы бойынша уақытылы сапа туралы куәлік жасалады, егер алдын-ала қаралса ГОСТ 2.601-ге сәйкес пайдаланылып отырған құжаттар бойынша баянхат жазылады.
Сынау жабдығының нәтижелерінен кейінгі бекітулер жағымсыз болған жағдайда пайдалануға жіберілмейді, сынау жабдығының аттестациясының ақпартізімінеде дәлелдер бойынша баянхат жазылады.
Сапа туралы куәлік бекітілген нысана бойынша журналға тіркеледі.
Сынау жабдығын алғашқы аттестаттау
Сынау жабдығын алғашқы аттестаттауға негіздемесінде сынау жабдығын қондыру орындалатын пайдалану және жобалық құжаттаманы сараптау, оның техникалық сипаттамаларын экспкрименталды анықтау және (немесе) сынау жабдығын пайдаланудың жарамдылығын растау жатады.
Сынау жабдығын алғашқы аттестаттауды сыртқы факторлар және (немес) жүктемелердің әсеріндегі сынау жабдығының нақты бірінші аттестациясының обьектісі болып табылады.
Сынау жабдығының аттестациясының бағдарламасы орындаушы мен мәлімдеуші мен өңделуі мүмкін, аттестацияны орындаушымен бекітіледі және В қосымшасы бойынша рәсімделеді.
Алғашқы аттестаттау кезінде анықтауға немесе бақылауға жататын сынау жабдығының техникалық сипаттамаларын белгіленген уақыт аралығының ішінде мүмкіндік ауытқулармен берілген ауқымдарда сынау шарттарын жаңғырту мүмкіндігін анықтайтын және техникалық құжаттамада белгіленген нормаларнған техникалық сипаттамалар санынан таңдап алады.
Сынау жабдығы алғашқы аттестаттауға эксперименталды зерттеулер мен сараптамаларды анықтау мақсатында жүргізеді:
- нормаланған мәннің дәлдік сипаттамасы және қондырғылардың техникалық немесе нормалық құжаттарға сәйкестілігі;
- ішкі факторлардың әсер етуі және (немесе) әрекеттегі нормативті құжаттамада бекітілгендей нақты өінмнің түріне жүргізілетін сынау обьектілернің функциялау тәртібі;
- өлшеу мен тіркеу параметрлерінің сынау тәртібінің қателігі;
- эксплуатация кезіндегі салыстыруға жататын нормативті сипаттаманың тізімі;
- келесі аттестацияларды жүргізетін құралдар мен әдістер;
- аттестациялық кезең;
- қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау талаптарын орындау.
Сынау жабдығын аттестаттаудың мерзімділігі
Мерзімді аттестаттауға пайдаланымдағы немесе сынау жабдығының пайдалану құжаттамасында немесе оны алғашқы аттестаттау кезінде белгіленген аралық арқылы сақтауда тұрған сынау жабдығы жатады.
Мерзімі мерзімдік аттестаттау аралығында асатын, ұзақ сақтауда тұратын сынау жабдығын оны консервациялау және сақтау талаптарын орындаған жағдайда мерзімдік аттестаттауға жатқызбауға болады.
Сынау жабдығын ұзақ сақтауға беру актпен рәсімделуі қажет, онда соңғы аттестаттаудың уақыты, оны сақтау шарттары, консервациялау және орау түрі көрсетілуі қажет.
Мұндай сынау жабдығын мерзімді аттестаттау оны пайдалануға беруден алдын жүргізіледі.
Сынау жабдығын мерзімді аттестаттау оның нормаланған дәлдәік сипаттамаларының жабдықтың нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігіне тексеруге қажетті көлемде немесеосы өнімді сынау үшін жабдықтың қолдануға жарамдылығын белгілеу үішін5.4 тармаға бойынша жүргізіледі.
Тексеріліп отырған сынау жабдығының сипаттамалық дәлдігін немесе операциялардың көлемін анықтамалы бойынша қысқарту немесе толықтыру, әдістерді өзгерті және бірінші аттестациямен саоыстырып жүргізіп жаңа бағдарлама өндіру және бекіту.
Сынау жабдығын кезектен тыс аттестаттау
Кезектен тыс аттестаттауды мына жағдайларда жүргізеді:
- сынау жабдығын пайдалануға енгізу кезінде тасымалданған және ұзақ сақтағаннан кейін;
- жөндеуден, жаңалаудан, фун,даментті капиталды қайта жасағаннан кейін, стационарлы қондырылатын сынау жабдығының орнын ауыстырғаннан кейін, егер атап өтілген операциялар нормаланған дәлдік сипаттамаларының өзгеруіне әкелсе;
- шығарылатын өнім сапасының нашарлауы кезінде
- периодты аттестацияның уақыт интервалын анықтау кезінде.
Бақылау сұрақтары:
Сынау жабдығын алғашқы аттестаттау
Сынау жабдығын кезектен тыс аттестаттау
Сынау жабдығын аттестаттаудың мерзімділігі
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 2980;