азақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялау
Лекция
1. Қазақстан «қайта құру» жылдарында.
2. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялау. Даму жолын анықтау.
3. Конституциялық реформалар.
4. Мемлекеттік шекараны анықтаудың тарихи маңызы.
1. Қазақстан қайта құру жылдарында.1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды.
Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғашқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді.
Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы.
1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері:
1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады.
2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды.
1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда товар-ақша қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді.
Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғамның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады.
1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Бүкілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қабылдады:
1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау.
2. Демократияландыру мен жариялылық.
3. Төрешілдікке қарсы күрес.
4. Халықтық реформа жүргізу.
5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру.
Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды.
80-жылдарға қарай халық шаруашылығын жоспарлауындағы және өндіргіш күштерді орналастырудағы әміршіл-әкімшіл жүйенің жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының нәтижесі тоқырау құбылыстарын туғызды. Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани идеологиялық өмірде отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы сақталды. Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуық мектеп жабылды. Аса маңызды мәселелердің барлығы тек Москвада ғана шешіліп отырды. Республикалар егемендегі сөз жүзінде ғана болды.
2. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялау. Даму жолын анықтау.
Қазақстан соңғы кезге дейін Кеңестер Одағын сақтап калу үшін күресті. Бірақ республиканың бұл ниетіне Одақта болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және қоғамдык-саяси өзгерістер карсы тұрды. Сондықтан Қазақстанда өзінің тәуелсіздігін жариялау шараларына кірісті. Атап айтқанда, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 25 қазанда республикамыздың мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады.
Декларация 17 баптан тұрды. Қазақ КСР-і егемен мемлекет, ол басқа республикалар мен егеменді Республикалар Одағына ерікті түрде бірігеді және өзара қатынастарын шарттық негізде құрады. Одақтан еркін шығу құқығын сақтайды. Декларацияда алғаш рет ҚазКСР-і ұлттық мемлекеттігін сақтау, қорғау және нығайту жөнінде шаралар қолданады деп жазылды. Бұрын бұл қызметтер Одақтық органдарға тиесілі еді. ҚазКСР-нің территориясының өзгермейтіндігі бекітілді. Республиканың барлық ұлт азаматтары Қазақстан халқын құрайды, әрі ҚазКСР егемендігінің бірден-бір иесі және мемлекеттік өкімет билігінің негізі болып табылады. Республика халқы атынан ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің іс-қимыл жасауға құқығы бар. Азаматтардың теңдігі атап өтілді. Қоғамдық, саяси, діни ұйымдарға мемлекет пен қоғам өміріне қатысуы үшін кепілдіктер берілді. Мұндай нормалар ол кезең үшін демократиялық өзгерістер қатарына жатты.
Мемлекеттік өкімет билігі заң шығару, атқару және сот билігіне болу принципі бойынша жүзеге асырылды.
Заң шығару Жоғарғы Кеңеске берілді. Президент республиканың басшысы болды және ең жоғары әкімшілік-аткарушы билік болып есептелді. Сот билігін Жоғарғы сот жүргізді. ҚазКСР Бас прокурорының кандидатурасын Республика Президенті КСРО Бас прокурорымен келісе отырып ұсынады және оны ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі бекітеді.
Алғаш рет ҚазКСР территориясында, оның өз еркімен одаққа берген мәселелерін қоспағанда, ҚазКСР Конституциясы мен заңдарының үстемдігі орнатылады деп жазылды. Бұл егемендіктің өзекті қағидаларының бірі еді. Осыған орай ҚазКСР-і өз егемендігіне қайшы келетін одақ зандарын тоқтата алды. Меншіктің алуан түрлілігі және олардың теңдігі қамтамасыз етілді. Республика өз бюджетін дербес қалыптастырады.
Республикада ядролық каруды сынауға, ол үшін полигондар салуға тиым салынды. ҚазКСР-нің өз ішкі әскерлерін, мсмлекет қауіпсіздігі және ішкі істер органдарын ұстауға құқылы болды. ҚазКСР-і халыкаралық қатынастардың дербес субъектісі ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына дейінгі ұйымдарға қатысуға құқылы болды.
Қазақстанның егемендік құқықтарын ҚазКСР-і мен Одақ жүзеге асырды. Бірақ оның ажырағысыз егемендігін ешкім бұза алмады. Декларация Одақтық шарт жасау, ҚазКСР-нің жаңа Конституциясын, егемендік мәртебесін жүзеге асыратын заң актілерін жасауға негіз болып табылды.
Егемендік Декларациясын қабылдау шын мәнінде үлкен тарихи оқиға болып, тәуелсіздікке жету жолындағы соңғы саты болып табылды.
1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Беларусь басшылары Минск қаласында кездесті (Беловеж келісімі). Талқыланған негізгі мәселелер -1922 жылғы КСРО құру туралы келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады.
Беловеж келісімі - 1991 ж. 8 желтоқсанында Ресей, Украина, Беларусь республикалары басшылары арасында жасалынған келісім шарт. 1991 жылғы тамыз бүлігінен кейін КСРО-ның ыдырау процесі бұрынғыдан да үдей түсті. Бүлікті ұйымдастырушылар тұтқынға алынып, коммунистік партия таратылды. Өз тәуелсіздіктерін жариялаған бұрынғы одақтас республикалардың кейбіреулері (Литва, Латвия, Эстония, Грузия) өздерінің КСРО құрамынан шығатындықтарын мәлімдеді. Орталықтың билігі күннен күнге әлсіреп, елде саяси толқулар күшейді. Осындай жағдайда үш республика басшылары (Ресейден - Б.Ельцин, Украинадан - Л.Кравчук, Беларусьтан - С.Шушкевич) Минскінің маңайындағы Беловеж орманында келіссөз өткізді. Келіссөзде Кеңес Одағын сақтап қалудың бұдан былай мүмкін еместігіне байланысты олар өз республикаларының одақтан шығатынын және өзара одақтастық (саяси, экономикалық, әскери) жөнінде жаңа шартқа қол қоятындықтарын мәлімдеді. Сөйтіп, КСРО таратылды.
1991 ж. 12 желтоқсанда Ашхабад қаласында Орталық Азия республикалары президенттері (Қазақстаннан - Н.Назарбаев, Қырғызстаннан - А.Ақаев, Өзбекстаннан - И.Каримов, Тәжікстаннан - Т.Махкамов, Түркіменстаннан - С.Ниязов) кездесу өткізді. Кездесуде олар өзара одақтастық жөніндегі шартқа қол қойды және өздерінің Беловеж келісімімен толық келісетіндіктерін мәлімдеді. Бұған коса олар Беловеж келісіміне қатысушы елдерге және басқа да бұрынғы одақтас республикаларға жаңа одақтық шарт жасасу жөнінде үндеу жолдады. Көп ұзамай 1991 ж. 21 желтоқсанда Алматы қаласында бүрынғы КСРО құрамында болған 11 республика (Армения, Әзербайжан, Белорус, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Украина) басшылары жаңа келісімшартқа қол қойды. Сөйтіп б9рынғы КСРО аумағында жаңа одақ - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) құрылды.
1990 жылғы желтоқсанда Ресей, Украина, Белоруссия, Қазақстан республикаларының жетекшілері өзара төрт жақты шарт жасау жөніндегі келісімге қол қойды. Бұл келісім бойынша олар өздерінің Одақтық шартқа қарсы қоятын талаптарының бар екендігін ашып айтты. Республикалар бұрынғы федерацияның орнына, енді конфедерация түріндегі одаққа бірігу жөнінде талап қойды. Ол бойынша Орталықтың шешуіне сыртқы саясат, халықаралық мәселелер, сыртқы сауда, мемлекеттік банк және финанс, елдегі корғаныс мәселелерін шешуді калдырып, калған мәселелердің барлығын жергілікті жерлерде шешу дұрыс деп есептелінді.
Алайда, бұл талаптар негізінде жаңа Одақтық шартка қол қояр алдында 1991 жылы 19 тамызда Янаев, Павлов, Крючков, Пуго, Язов, т.б. қатынасқан мемлекеттік төңкерістің болуымен және орталықтың ешқандай ымыраға келмеуімен байланысты одактас республикалардың жетекшілері бұған дейін жүргізіп келген келіссөз талаптарынан бас тартты. Украина мен Белоруссия өздерінің тәуелсіздігін жариялады, Ал Қазақстанның атынан Н.Ә.Назарбаев КСРО Жоғары Кеңесінің кезектен тыс сессиясында жаңарған Одақ енді федерация түрінде болуы мүмкін емес, тек конфедеративтік шарт негізінде болуы керек деп ашып айтты, ягни бұл тек тең құқықты республикалардың достық одағы болуы мүмкін деп көрсетті. Республикалардың бұл ұсынысы 1991 жылғы 19 тамыздан кейінгі окиғаның артынша тәжірибе жүзінде іске асырыла бастады, бұрынгы бірынғай одақтың орнына тәуелсіз мемлекеттер достастығы калыптасты. Олар көптеген саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді өздері шешетін болды. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы бойынша әскери, сыртқы және т.б. аса маңызды халықаралық мәселелерді бірігіп шешу міндеті ғана қалды. Тамыз оқиғасынан кейін Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы, оның кұрамдас бөлігі Қазақстан Компартиясы (1991 ж. қыркүйек) тарихи аренадан кетті.
Егемендік алу Қазақстанда жалпы демократиялық процестердің барысын шапшаңдатты, осындай күрделі жағдайда Қазақ Мемлекетті шеңберінде жоғары аткарушы және мемлекет басшысы ретінде Қазак КСР-нің Президенті өкілеттігін бекіту қажеттілігі туындады.. Бұл 1991 жылы 20 қарашада қабылдаған «Қазақ КСР-да мемлекеттік өкімет билігі мен басқару құрылымын жетілдіру және Қазак КСР Конституциясына өзгерістер мен косымшалар енгізу туралы» Заңы бойынша бекітілді. Заң негізінде Республиканың мемлекеттік баскару оргаңдарында өзгерістер жасалды. Прокуратура, Мемлекеттік кауіпсіздік, Ішкі істер, Әділет, Сот органдары қайта құрылды. Қазақстанның мемлекеттік Қорғаныс комитеті жаңадан ұйымдастырылып кызметіне кірісті. 1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республикада жалпы халықтың қатынасуымен Президент сайлауы өткізілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша Н.Ә.Назарбаев Президент болып сайланды. Осы кезде Президенттің Жарлығымен бұрын Одақка бағынған кәсіпорындар мен ұйымдарды республика үкіметінің қарамағына беру, мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметінің дербестігін қамтамасыз ету, елімізде алтын қорын жасау туралы және т.б. заңдар шығарылды. Сол жылғы 10 желтоқсанда Елбасы жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң кабылдады. Заңның бірінші бабында Қазакстан Республикасы тәуелсіз демократиялық, унитарлық және құқықтық мемлекет деп жарияланды. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толық жүзеге асырады, ішкі және сыртқы саясатын дербес жүргізеді, басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынасын халықаралық құқық қағидалары негізінде құрады. Қазақстан аумағы біртұтас, бөлінбейтін және қол сұғылмайтын болып табылды.
Заңның 2-бабында республика азаматтары ұлтына, діни сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстығына, шыққан тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, кәсібіне, тұрған жеріне қарамастан барлық құқықтар мен міндеттерді, бостандықтарды пайдалана алатыны атап көрсетілді. Егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттіліктің қайнар көзі республика азаматтары болып табылады. Республика аумағынан кетуге мәжбүр болған және басқа мемлекеттерде тұратын қазақтарға өздері азаматтары болған мемлекеттің заңдарына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының азаматтығын да қоса алу құқығы берілді. Республика аумағынан жаппай қуғын-сүргін, күштеп ұжымдастыру, басқа да адамгершілікке қайшы акциялар барысында қашып шыққандар мен олардың ұрпақтарының елге оралуына қолайлы жағдайлар жасалды.
Мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі қазақ ұлты және Қазақстанда тұратын басқа ұлттар мен ұлт өкілдері мәдениетінің қайта өрлеуі мен дамуына қамқорлық жасау болып табылады. 3-бапта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өкімет органдарының құрылымы анықталды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінің басшысы - Президент болып табылады. Республика мемлекеттік тәуелсіздігінің экономикалық негіздері анықталған 4-баптa республиканың тәуелсіз мемлекет мәртебесіне сәйкес келетін және меншіктің барлық түрлерінің көпқырлылығы мен теңдігіне негізделген дербес экономикалық жүйесінің болатыны атап көрсетілді. Жер мен оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи байланыстар, ғылыми-техникалық және экономикалык мүмкіндіктер Қазақстан Республикасының меншігіне жатады.
Қазақстан Республикасы дүниежүзілік қауымдастықтың тең құқықты мүшесі, ол өзінің тәуелсіздігін қорғау мен ұлттық мемлекеттілігін нығайту шараларын қабылдайды. Республиканың ажырамас құқығын құрайтын мәселелерді шешуге кез келген сырттан қол сұғушылық оның мемлекеттік тәуелсіздігіне нұқсан келтіру ретінде бағаланады. Қазақстан Республикасының өз мемлекеттік рәміздері - Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң тарихи маңызды құжат және егеменді, демократиялық қоғам қалыптастырудың негізі болып табылады.
Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде дүние жүзінің жетекші елдері таныды. 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүшелікке қабылданды. Республика өзіне Ұйымның Жарғысын бұлжытпай орындау міндеттемесін алды. Қазақстан адам құқығының БҰҰ ортақ декларациясымен бекітілген құкықтары мен бостандықтарының басымдығын мойындай отырып, дүниежүзілік қауымдастыққа лайықты түрде қосылуға ұмтылатынын, алған міндеттемесін мүлтіксіз орындайтынын нық мәлімдеді.
Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен 1992 жылғы қаңтарда Ішкі істер әскері құрылды. Армия қатарына шақырылған жастар Қазақстан аумағында әскери борышын өтеу мүмкіндігіне ие болды. Бұрын, ұзақ жылдар бойы «эксаумақтық» қағида бойынша әскерге шақырылғандар туған жерінен неғұрлым алыс аумақтарда қызмет етуге тиіс болатын. 1992 жылы тамызда Республика Президенті әскери қызметшілер үшін әскери анттың жаңа мәтінін бекітті.
Мемлекеттік рәміздер. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы
Конституция ұғымы ежелгi Грецияда қалыптасты. Ол кезде Конституция деген сөз саяси құрылыс ұғымын бiлдiретiн. Сонымен бiрге Конституция сөзi латынның constitutio орнату, бекiту деген сөздерiнен шыққан
Конституция үш негiзгi қызметтердi атқарады: заңдық, құқықтың басты қайнар көзi; саяси, мемлекеттiң құрылысын айқындау; идеологиялық, адам мен адамның өмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын қорғау.
Қазақ мемлекеттiгiнiң жарты мың жылдық қалыптасу тарихы бар. Өз Ата Заңымыздың болуы- мемлекеттiгiмiздiң негiзгi белгiсi болып табылады. Тарихи даму жолында Қазақстанның барлық Конституциялары (олар бесеу) ХХ ғасыр шегiнде қабылданған. Олардың үшеуi кеңестiк дәуiр Конституциялары: лениндiк (1926ж.), сталиндiк (1937ж.), брежневтiк (1978ж.). Қалған екеуi (1993ж. және 1995ж.) мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгi алғаннан бергi кезде қабылданған.
Қазақстанның алғашқы Конституциясын 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдады. Алғашқы Конституциясы 4 бөлімнен, 21 тараудан тұрды.
Қазақстан Республикасының екінші Конституциясы 1995 жылы30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
Мемлекеттік шекара - мемлекеттік территорияны белгілейтін шектер. Политологиялық тұрғыда шекараны ұлттық егемендік таралатын кеңістіктің шектері ретінде түсіндіреді. Мемлекеттік шекара – белгілі бір елдің құрлықтағы немесе судағы аумағының шегін көрсететін меже.
Меже ішіне енетін әуе кеңістігі мен жер қойнауы және су түбі сол мемлекеттің аумағы болып табылады. Көршілес мемлекеттердің шекара межелері өзара келісімдер мен шарттарда белгіленеді.
Мемлекеттер арасындағы шекараны белгілеу делимитация деп аталады.
Жер бетінің құрамына қарай (тау жоталарымен, өзен арналарымен, т.б.) жүргізілген шекара сызығы орография деп аталады.
Жер бетіндегі екі белгі арасында тікелей тартылған шекара сызығы геометрия деп аталады.
Әдетте шекараны делимитациялау туралы шарттар шекара жөніндегі арнаулы келісімдерде, бітім шарттарында, мемлекеттік аумақтың белгілі бір бөлшегін екінші бір мемлекетке беру туралы, т.б. келісімдерде белгіленіп, шекара сызығын сол белгіленген жерлер бойынша нақтылы жүргізу демаркациялау деп аталады.
Ресми түрде белгіленген және бекітілген сызығын мемлекеттердің бір жақты бұзуы немесе қайта қарауы халықараралық құқыққа қайшы келеді. Мемлекеттік шекараны бойлай шекаралық белгілер орнатылады. Мемлекеттік шекараның күзетін шекаралық әскер (шекарадағы күзеттер, шекаралық қара-уылдар) жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасынан керекті құжаттарсыз және тиісті рұқсатсыз өту немесе шекаралық белгілерді заңсыз алу, жылжыту не жою қылмыстық жауапкершілікке тартылады (Қазақстан Республикасы Қазақстан Конституциясынің 330, 331-бабы). Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы бері көршілес мемлекеттер – Қырғыз Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Өзбекстан Республикасымен мемлекеттік шекараны делимитациялау туралы меморандумға қол қойды. [2]HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B5%D0%BC%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D1%82%D1%82%D1%96%D0%BA_%D1%88%D0%B5%D0%BA%D0%B0%D1%80%D0%B0"[3]HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B5%D0%BC%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D1%82%D1%82%D1%96%D0%BA_%D1%88%D0%B5%D0%BA%D0%B0%D1%80%D0%B0"[4] ҚР Мемлекттік шекарасы ҚР Мемлекттік шекарасы – Қазақстан территориясындағы құрлықтың, судың, жер қойнауының және әуе кеңістігінің шегін анықтайтын түзу сызық, сол сызық арқылы өтетеін жазықтық. ҚР Мемлекттік шекарасын белгілеу ҚР-ң мемлекттік шекарасы жергілікті аймақтарда нақты көрінетін шекаралық белгілермен белгіленеді.
Шекаралық белгілердің түрлері,өлшемдері,олардың сипттамасы мен құру тәртібі ҚР Министрлер кабинеті мен халықаралық шарттар арқылы анықталады. ("Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы" ҚР Заңы 1993 жыл 13 қаңтар )
1. ҚР-ң мемлекеттік шекараға байланысты қабылдаған халықаралық шарттар: 1. "Достастыққа мүше мемлекеттердің, олардың сыртқы шекарасында тұрақтылық жағдайды қамтамасыз етуіне байланысты ынтымақтастық туралы келісім" Бішкек, 1992ж. 9 қазан
2. " Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше- мемлекеттердің егемендік, территорияның мызғымастығы мен қол сұқпаушылығын сақтау жөнінде Декларация " Мәскеу, 1994ж. 15 сәір.
3. "Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекаралары жөніндегі ҚР мен ҚХР арасындағы келісім". Алматы, 1994ж. 21 қазан.
4. "ҚР мен РФ арасындағы сыртқы шекараны қорғаудағы ынтымақтастық туралы шарт" Мәскеу, 1994ж. 21 қазан.
5. "ҚР мен РФ арасындағы сыртқы шеараны БІРЛЕСІП ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРТ". 1995Ж. 30 шілде
6. "ҚР мен Өзбекстан Республикасы арасындағы " Қазақстан- Өзбекстан " шекарасы ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРТ". 2001 жыл.
Тәуелсіздік – бір ұлттың, мемлекеттің, діннің екінші бір ұлтқа мемлекетке, империяға, дінге бағынышты емес, дербес территориялық, экономикалық, саяси, діни дербестігін алған жаңа құрылған мемлекетке қолданылатын саяси түсінік. Ол дербес әлеуметтік-саяси, экономикалық қимыл жүргізетін, егеменділіктің белгісі болып табылады. Саяси тұрғыдан қарағанда тәуелсіздік конституциялық құқыққа негізделген мынадай түрлі принциптер мен институттардың сипаттамалық көрсеткіші саналады: егемендік, билік бөлінісі, тұлғаның құқықтық мәртебесі, соттар мәртебесі және т.б.
Бұл ұғым 1776 жылы 4 маусымда ағылшын отарлары өкілдігінің екінші конгресінде қабылданған. Осы «Тәуелсіздік декларациясынан» соң халықаралық саяси термин ретінде қалыптасты. Демек, әр мемлекеттің тәуелсіздік жариялауы осы декларацияны қабылдаумен тығыз байланысты.
Егемендік (француздың souveraineté - жоғарғы билік, үстемдік) – ұғымы кез келген мемлекеттің жалпы сипаттамалық белгілерінің көрсеткіші болып табылады. Ғылыми терминологияда ұлттық және халықтық егемендік түсінігі де бар. Демек, мемлекеттік құрылымның қалыптасуында ұлттың немесе халықтың үстемдігі болуы тиіс. Ал қазіргі саяси ғылымдарда тұлға немесе азамат егемендігі деген термин де кең қолданысқа ие.
<== предыдущая лекция | | | следующая лекция ==> |
Марченко | | | ВВЕДЕНИЕ. 1. Навроцкий А.Г. Художественная ковка |
Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 3423;