Мемлекеттік қарызды басқару.

Мемлекетгік борышты басқарудың нақтылы процесі мыналарды қамтиды:

1. Мемлекеттік және мемлекет кепіддендірген қарыз алу мен борыштың жай-күйін бағалау және алдағы он жыддық кезеңге арналған болжамды жыл сайын дайындап отыру, онда өтеу және қызмет көрсету көлемдері, үкіметтік борыштың, жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы мен борышының мемлекет кепідцендірген лимитгері соларға сәйкес белгіленетін көрсеткіііггерді анықтау.

Бұл құжатты дайындауды Қаржы министрлігі Ұлттық банкпен жөне Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын әзірлеуге уәкілетті органмен бірлесе отырып, елдің экономикалық дамуының ұзақ мерзімді болжамы, жинақталған мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген борыштың көлемі мен құрылымы, несие капиталы рыногіндегі өзгерістер болжамы негізінде жүзеге асырады;

2. Қаржы министрлігі жүзеге асыратын, тиісті жылға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерде бекітілген үкіметтің қарыз алу көлемін, нысандары мен талаптарын, үкіметтік борыштың лимиттерін және өтеу мен қызмет көрсету көлемін, жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы мен борышынын лимиттерін анықтау. Ұлттық банктің қарыздары бойынша бұл рәсімдерді Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүзеге асырады;

3. Ұлттық банктің Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын Қаржы министрлігінің тіркеуі және үкіметтік қарыздар мен жергілікті атқарушы органдар қарыздары талаптарының бақылауы мен мониторингі және оларды өзгерту;

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын алуды, өтеуді және оған қызмет көрсетуді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышын Қаржы министрлігі жүзеге асыратын бақылауы мен мониторингі;

5. Борыштың құрылымын оңтайландыру жөніңдегі, соның ішіңде мемлекеттік бағалы қағаздар женіндегі, мемлекеттік борышты қайта құрылымдау, мемлекеттік қарыз алу тәуекелдерін басқару жөніндегі іс-шараларды дайындау мен іске асыру.

Мемлекеттік емес қарыз алуды Қазақстан Республикасының резвденттері Қазақстан Республикасының заңдарыңда белгіленген шектеулерді ескере отырып, кез келген мөлшерде, кез келген валютамен және кез келген нысанда дербес жүзеге асырады.

Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік емес қарыз алуды жүзеге асыруға құқығы жоқ.

Мемлекеттік емес қарыздарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерімен занды тұлғалар тартуы мүмкін. Мемлекеттік кепілдіктермен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар қарыз туралы шартгың нысанында болуға тиіс.

Мемлекеттік кепілдіктер несиегерлерге Қазақстан Республикасы резиденттерінің өздері алған мемлекеттік емес қарыздар бойынша міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде беріледі.

Қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының атынан кепілдіктер беруге Үкіметтің айрықша құқығы бар.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің, жергілікті атқарушы органдарының қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының атынан кепілдіктер беруге қүқығы жоқ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсыруымен мемлекеттік кепілдіктер беруді Қаржы министрлігі жүзеге асырады.

Мемлекеттік кепілдіктерді беру жоғарыда аталған Заңда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Мемлекеттік борышқа қызмет көрсету деп қарыз алудың шарттарынан туындайтын сыйақы (мүдде), комиссиялық және өзге төлемдердің жиынтық төлемақыларын айтады.

Борышты өтеу - қарызгердің қарыздың алынған сомасын несиегерлермен (қарыз берушілермен) шарттармен белгілеген тәртіппен қайтаруы (амортизация), борыштың басқа құрамды бөлігінің белгіленген тәртібі мен міндеттемелердің орындауы.

Мемлекеттік борышты басқару сонымен бірге мынадай әдістерді қамтиды: қайта қаржыландыру, айырбасталу (конверсия), мерзімді ұзарту (консолидация), сәйкестендіру (унификация), кемімелі (регрессиялық) ара салмақ бойынша облигацияларды айырбастау, қарызды өтеудің мерзімін үзарту, мемлекетгік борыштан бас тарту (күшін жою).

 

 









Дата добавления: 2015-09-28; просмотров: 2666;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.