Мемлекеттік несиенің мәні және маңызы.

Мемлекет пен муниципалдық қүрылымдардың (жергілікті ат-қарушы органдардың) қарамағына заңцы және жеке тұлғалардың бос ақша қаражаттары несие капиталы ретінде уақытша пайдала-нуға шоғырландыру үшін және бюджет тапшылығы проблемала-рын шешу үшін тартылуы мүмкін. Оны алудың басты әдісі мемлекетгік несие болып табылады.

Мемлекеттік несие - жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және несие қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда тараптардың бірі мемлекет, занды және жеке түлға-лар несиегерлер (несиеорлар) немесе қарызгер болып табылады. Халықаралық экономикалық қатынастар саласында мемлекет қарызгердің де, қарыз алушының да, несиегердің де рөлівде көрінеді.

Мемлекеттік несиетің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мезгілдігінде және ақылығында. Алайда бүл қатынастарды банк несиесімен шатастыруға болмайды. Не-сие қоры үлғаймалы үдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорындар мен үйымдарды несиелендіру және оның тиімділігін арттыру үшін пайдаланылады; несиелерді жеке адамдар да ала алады. Шаруашылық жүргізуші субъектілерді банктік несиелендіру несие қорын өнімді пайдалану болып табылады.

Мемлекетгік несиетің көмегімен жүмыддырылған қаражат-тар көбінесе экономиканы қаржыландыруға бағытталатындықтан оның өндірістік сипаты болуы тиіс. Мемлекеттік несие жөніндегі қатынастар мына негіздерде қаржы қатынастарына кіреді:

1) мемлекетгік несие жолымен жүмылдырылатын қаражатгар әр түрлі қажеттіліктерді - өндірістік, өндірістік емес, сол сияқты стратегиялық, оперативтік қажетгіліктерді де қаржыландыруға ба-ғытталатын мемлекетгік қаржы ресурстары ретінде қаралады;

2) алынған және берілген несиетер үшін есеп айырысулар, олар үшін пайыздар төлеу бюджеттердің қаражаттары есебінен жүргізіледі. Бюджет кірістерінің негізгі және түрақты бөлігін салықтық түсімдер құрайтындықтан қарыздар арқылы жүмыддырылатын қаражаттар «антиципацияландырылған салықтар», яғни мерзімінен бұрын өндіріп алынған салықтар деп саналады.

Қаржының бөлгіштік функциясы шеңберінде мемлекетгік несие ақша қаражаттарын (оларды кейін қайтару шартында) қайта бөлудің қосалқы функциясын орындайды. Бүл халықтың, квсіп-орындар мен үйымдардың уақытша бос ақша қаражаттарын шо-ғырландырумен байланысты. Бүл функцияда мемлекеттік несие жинақ ақшаны үйымдастыру нысандарының бірі болып табылады. Бүл функция іс-әрекетінің объективті нәгижелері үлғаймалы үдайы өндірістің ауқымын арттыру және оның қарқынын тездету болып табылады.

Мемлекеттік несиетің екінші қосалқы функциясы - реттеу функциясы. Бірінші кезекте мемлекет несиелік пайыздың мөлшеріне ықпал жасай отырып, ақша ағындарын ретгейді: несие капиталы-ның рыногінде қаржыгер бола отырып, ол бүл капиталға деген сүранымды артгырады, мүның нәтижесінде несие капиталының нормасы артады. Сөйтіп, мемлекет бүл рыноктегі бәсекеге араласады, одан жеке инвесторларды ығыстырады ("ығыстыру әсері"). Бүл олардың бизнестің белгілі бір түрлерін инвестициялауын шектеуді тудырады. Бір мезгілде мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу кезінде айналыстағы ақшаның (қолма-қол ақшаның және қолма-қолсыз ақшаның) қысқаруына жеткізеді, мүның өзі ақша эмиссияның зардаптарын жою үшін тиімді болуы мүмкін.

Сөйтіп, егер несиегің қайта бөлгіішік функциясының көмегімен мемлекет қаржы ресурстарын тікелей белгілі бір салаларға (немесе қажетгі өндірістің дамуьша) бағытгайтын болса, ретгеуші функ-ция арқылы мемлекеттік несие жөніндегі қатынастарға қатыспай-тьш шаруашылық қатынастарының субъектілеріне қосымша жанама ықпал етуге жетеді.

Мемлекеттік несиетің рөлі халықтың, кәсіпорындардың, үйымдардың уақытша бос қаражаттарын жүмылдырудағы мүмкіндіктеріне және оларды мемлекеттің кезек күттірмейтін қажетгерін қаржыландыруға бағытгауға саяды.

Мемлекеттік несие түрлері бойынша ішкі, сыртқы (халықаралық), шартты болып ажыратылады.

Ішкі несиете мемлекеттік несие қатынастары жан-жақты түрғыда: қарызгер кезінде де, несиегер ретінде де елдегі үкіметтің, биліктің жергілікті оргаңцарының, көсіпорындардың, үйымдардың және халықтың арасында пайда болады.

 








Дата добавления: 2015-09-28; просмотров: 2345;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.