Активтер портфелін басқару.
1.Қаржы активтер портфелін басқарудың міндеттері мен мақсаты.
2.Инвестициялық портфелге салынатын қаржылық активтердің ерекшеліктерінің сипаты.
3.Эмиссияланған бағалы қағаздардың табыстылығын және құнын бағалау әдістері.
4.Инвестициялық стратегия және бағалы қағаздар портфелінің типтері.
5.Кәсіпорындардың (корпорациялардың) инвестициялық портфелін басқару технологиясы.
6.Қор портфелінің табыстылығын бағалау.
7.Қор портфелінің тәуекелдігін азайту әдістері және түрлері.
Қаржылық активтерді басқарудың басты мақсаты– қаржылық рыноктағы кәсіпорын немесе корпорацияның инвестициялық стратегиясын орындалуы үшін ең ұтымды жолдарды қамтамасыз ету. Сонымен бірге эмитенттер және инвесторлардың рыноктағы мақсаттары бірдей емес.
Кәсіпорынның (корпорацияның) – эмитенттің инвестициялық стратегиясы – қосымша капитал тарту мақсатымен потенциалды инвесторлар арасында корпоративтік инвестор ролін атқарушы кәсіпорындар (корпорациялар) инвестициялық стратегиясының мақсаты әртүрлі және көп жоспарлы. Айталық, тікелей стратегиялық инвестор қаржылық салымдардың көмегімен өзіне инвестициялайтын объектілерді тікелей басқаруды қамтамасыз етуге тырысады.
Портфелдік инвесторқаржылық салымдар көмегімен бағалы қағаздардың курстық құнын арттыру нәтижесінде (дивиденд немесе %)табыс табу мақсатымен қор портфелін қалыптастыруды іске асырады.
Бағалы қағаздар рыногында акционерлік кәсіпорындардың инвестициялық жұмысының көлемін анықтаушы факторлар, келесілер:
- Кәсіпорын (корпорацияның) өмірлік кезеңінің сатысы.
- Қор рыногының сиымдылығы.
- Сол рыноктағы қаржылық саясат.
- Портфелдік немесе тура инвестициялауға инвестициялық ресурстардың жеткіліктілігі
- Қазір, қолма-қол табыс әкелмейтін, жоғары табыстылықты болашақта алуға есептелген, барынша инвестициялық шығындарды салуға дайындық.
- Потенциалды инвесторлар үшін, бағалы қағаздар рыногындағы тәуекелдік деңгейі.
Портфелдік инвесторлар өз алдына келесі міндеттер мен мақсаттарды қоя алады:
- Салымдардың сақталуы, мысалы, жоғарғы инфляция салдарынан. Қауіпсіздік түсінігі – бұл қор рыногында портфелдік инвестицияның кезеңдік ауытқуынан қорғаным және тұрақты табыс алудың тұрақтылығы.
- Қарқынды операцияның тәуекелдігін азайту және қаржы тұрақтылығын азайту және қаржы тұрақтылығын арттыру, инвестордың табыстылық базасын әртараптандыру және кеңейту.
- Капиталдың жоғарғы қарқынмен өсуін қамтамасыз ету, ұзақ мерзімді болашақта тиімді инвестициялық жұмыстарды қалыптастыра алады.
- Табыстылықтың қарқынды өсуіне жету, портфелге жоғары табыстылықты қаржылық активтерді тартуды (қосуды) талап етеді. Ағымдағы табыстың бір бөлігі оңтайлы қор портфелінің құрылымын қолдау үшін капитализациаланады.
- Инвестициялық тәуекелді минимизациялауды қамтамасыз ету. Жекелген жоғары табыстылықты қаржы активтерді ең жоғарғы тәуекелдікке ие. Бірақта инвестициялық шеңберде бұл тәуекелдік минималданады. Ең жоғарғы тәуекелдік корпоративтік бағалы қағаздар және олардың жекелеген түрлеріне тән. Мысалы, “ Көк фишкаларға” әлбетте Ресейдің мұнайгаз кешені компанияларының акцияларын жатқызады.
- Портфельге салуға өтімділікті қалдық бағалы қағаздарды алу,. Бұл мақсатқа жету үшін портфелде белгілі жоғарғы табысты бағалы қағаздар бөлігі болуы керек, 10% кем болмауы керек, оларды керек кезде тез ақша қаражатына айналдыруға болады.
Қаржылық активтердің портфелін басқару процессі келесі міндеттерді шешеді:
- Кәсіпорынның тиімді инвестициялық жұмыстары есебінен зкономикалық дамудың жоғарғы қарқынын қамтамасыз етеді. Бұл жұмыстың тиімділігі және қарқынды экономикалық дамудың арасында тура байланыс бар. Практикада, сату көлемі және пайда неғұрлым көп болса, соғұрлым инвестициялауға қаражат көп қалады.
- Инвестициялық жұмыстан пайданы (табысты) максимизацияға (барынша көбейтуге) жету. Кәсіпорынның экономикасының дамуына приоритеттілікті – бухгалтерия емес, таза пайда. Сондықтан, портфелді қалыптастырғанда, бірнеше вариант ішінен ең көп таза пайда әкелетін вариант таңдалады.
- Инвестициялық тәуекел деңгейін азайтуды қамтамасыз ету. Олар барлық инвестициялық .... түрінде кездеседі.
- Инвестициялық процессінде кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету. Ол қаржылық ресурстардың біршама бөлігін ұзақ мерзімге бөлумен байланысты, кәсіпорынның ағымдағы операцияларының төлем қабілеттілігін төмендетуге әкеп соқтыруы мүмкін. Бұдан басқа, ақша қаражаттарын ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға аудару, кәсіпорынның болашақта қаржылық тұрақтылығынан айырылуына әсер етеді. Сондықтан, инвестициялауға қаржы көздерін қалыптастырғанда, алдын ала болжамдау, инвестордың қаржылық жағдайына қандай әсер ететіндігін білу қажет.
Соныменен, кәсіпорынның қор портфелін қалыптастырудың міндеті инвестицияланған ақша қаражаттарын қаржы активтердің арасында тарату арқылы портфелдің өмір сүру мерзімінде барынша табыстылықты қамтамасыз ету.
Аталған міндеттерді есепке ала отырып, инвестициялық портфелді оперативті басқару және қалыптастыру үшін бағдарламаны анықтайды. Келесі бағдарламаны ұсынуға болады:
- Бағалы қағаздар рыногын талдау.
- Инвестициялық саясатты талдау.
- Қаржы ресурстарының құрамын қалыптастыру.
- Қор портфелін қалыптастыру.
- Қор портфелінің тиімділігін бағалау.
- Қор портфелін қайта қарау.
Бұл бағдарламалы өзгерту және толықтыру келесідей болады:
1.Қаржы рыногын іскерлік жағдайларды болжамдау және сыртқы инвестициялық ортаны зерттеу.
2.Инвестициялық әрекеттің стратегиялық бағыттарын әзірлеу.
3.Таңдалған инвестициялық стратегияны іске асыру үшін инвестициялық ресурстар стратегиясын қалыптастыруды әзірлеу.
4.Қор портфеліне қосу үшін жекелеген бағалы қағаздардың инвестициялық тартымдылығын бағалау және іздену.
5.инвестициялық портфелді қалыптастыру және оны өтімділігі және табыстылық критерилері арқылы арқылы бағалау.
6.Қор портфелін ағымдағы басқаруды ұйымдастыру (оның мониторингі)
Практикада қор портфелін басқарудың екі әдісі қолданылады:
а) қарқынды
б) енжарлық (пассивный)
Қарқынды оперативті басқарудың базалық сипаттамасы болып:
1.қор портфеліне қосатын бағалы қағаздарды таңдау.
2.қаржы активтерін сату немесе сатып алу мезімдерін анықтау.
Қарқынды басқарудың негізгі міндетіинвестицияланған қаражаттан алынатын мүмкінді табыстар мөлшерін болжау. Қарқынды инвестордың ойынша,
Енжарлық басқарудың ойынша – бағалы қағаздарды таңдауда табыстылыққа жетуге және тиімді. Бұл мақсат үшін әртараптандырылған портфелді қалыптастыру. Ол негізінен, мемлекеттік бағалы қағаздардан тұрады, тәуекелдік деңгейі төмен. Шетел инвесторлары енжарлық қор портфелін сирек қолданады, өйткені ол жоғарғы табыс әкелмейді.
1.Жекелеген қаржылық активтерді сату туралы шешім қабылдау. Егер бағалы қағаздардың нақтылы табыстылығы күткен табыстылығы кем болса, онда қаржы активтерін туралы шешім қабылданады. Соңынан қор портфеліне корректировка жасалынады, яғни басқа бағалы қағаздарды сатып алу арқылы.
Бақылау сұрақтары:
1.Бағалы қағаздар портфелін басқарудағы эмитенттер және инвесторлар өз алдына қойған мақсаттарының мағынасын ашыңыз.
2.Инвестициялық портфелді басқарудан міндеттерін дәлелдеңіз.
3.Қаржылық активтер портфелін оперативті басқару және қалыптастыруда инвесторлар әрекетінің бағдарламасы неден тұрады?
Тақырып.
Дата добавления: 2015-11-20; просмотров: 5664;